"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1228 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216  Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 31 қазандағы N 1216
Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 42, 439-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған Жарлыққа қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті