"Алтынсарин-Хромтау" темір жол желісі құрылысын қаржыландыруға қосымша қаражат тарту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 тамыздағы N 781 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Республикалық қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдетіп оқытатын мектеп-интернаты" және "О.Жәутiков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты" және "О.Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .
 

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі