Қазақстан Республикасының Yкiметi заң жобалау жұмыстарының 2004 жылға арналған жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 73 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1.  алынып тасталды
      1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
      1-2. Григорий Александрович Марченко Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын. 
       Ескерту. 1-тармақ алынып тасталып, 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.07.30. N 811  қаулысымен .

      2. Александр Сергеевич Павлов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 ақпандағы N 165  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі