"Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 70 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 485-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiнде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жазбаша келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне осы Ережеге қосымшаға сәйкес сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
№ 70 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар алуға
үмiткер шетелдіктердің және
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасында болу
кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау
қабiлеттігін растау ережесiне
қосымша

      __________________________________

      (банк мекемесінің атауы)

      __________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, паспорттық деректерін

      көрсету)

      20__ж. "___" ____________ шығыс № ___________________ хатпен берілген

      шетелдіктің (азаматтығы жоқ адамның) банк шотының бар-жоғын растайтын

      құжаттың түпнұсқалығы туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын.

      Ақпарат сұраған:

      _____________________________

      _____________________________

      (ішкі істер органы басшысының

      лауазымы, тегі, аты-жөні) ___________________________

      (лауазымды адамның қолы)

      _________________________________________________ ішкі істер органына

      (шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның тегі, аты,

      әкесінің аты)

      ақпарат беруге келісемін.

      ___________________ _____________________

      (қолы) (күні)