Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 851 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27.  N 1301  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылғы егіннің астығын сатып алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 301  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 14, 146-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-ші тармақта "1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) тоннаға дейінгі" деген сөздер "2 000 000 (екі миллион) тоннаға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі