Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 452 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 452 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 314-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) "ЦЕНА-ИНФОРМ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ақпараттық-баспа фирмасының (Ресей Федерациясы) "Ценовая информация" ақпараттық бюллетені;
      2) Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер одағының "Тамақ өнімдері бағаларының ақпараттық анықтамалығы" (Қазақстан Республикасы);
      3) Қазақстандық сауда компаниялары мен тұрмыстық электр, компьютерлiк техниканың және күрделi техникалық жүйелердiң тауар өндiрушiлері қауымдастығы (ҚСЭКЖҚ) заңды тұлғалар бiрлестiгінiң "Қазақстан Республикасына импортталатын тұрмыстық электр тауарларының бағалары бойынша ақпараттық анықтамалық; 
      4) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Еуропа елдерiнiң аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Superschwacke" каталогы "Eurotaxschwacke GmbH, Германия);
      5) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Америка Құрама Штаттарының аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Kelley Blue Book" каталогы (Kelley Blue Book Co, АҚШ) тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар ретінде белгіленсін.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.04.09. N  399 , өзгерту енгізілді - 2005.05.25. N  506 , 2006.04.17. N  290 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі