Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1327 қаулысымен бекiтілген
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "өртке қарсы қызмет органдары", "Өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды
хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту
ЕРЕЖЕСI
Ескерту. Мәтіндегі "Мемлекеттік" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.
1. Осы Ереже Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту тәртiбiн белгiлейдi.
2. Ұйымдар қызметiнiң өрттердiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi қауiпсiздiкке, салдарларға, шараларға қажеттi өрт қаупiнiң дәрежесi мен ықтимал дәрежесi туралы ақпарат ашық, жариялық болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
3. Халыққа қауiп төндiретiн өрт туындаған кезде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары 24 сағаттың iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын хабардар етедi, соңғысы болған оқиға туралы ресми хабарды жариялайды не эфирге шығарады.
4. Өрт ошағына жақын аудандарға қауiп төнген жағдайда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, өрт туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады және бұл туралы 10 сағаттан кешiктiрмей халыққа хабардар етедi.
5. Ұйымдар қызметкерлердi өрттiң туындау қаупi немесе туындағаны туралы хабарландырады, сондай-ақ өрттiң туындау қаупі немесе туындау сәтiнен бастап тез арада мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң аумақтық бөлiмшелерiне фактi туралы белгiленген тәртiппен хабарлайды.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
6. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдi насихаттауды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық бөлiмшелерi, қоғамдық өрт бiрлестiктерi жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662 қаулысымен.
7. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша жыл сайын өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөнінде жоспарлар әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi.
8. Өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөніндегі материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға байланысты шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде жүргізіледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.10.2013 N 1048 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Жергiлiктi атқарушы органдар шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң және елдi мекендердiң өрт қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдаған кезде мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерi бұқаралық ақпарат құралдары, кәсiпорындардағы, оқу орындарындағы, МПК және басқа да ұйымдардағы өрт қауiпсiздiгi бұрыштары арқылы халықты хабардар ету жөнiндегi тиiстi жұмысты жүргізедi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
10. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жыл сайын жылыту маусымы басталар алдында аймақтар халқымен өрт қауiпсiздiгi жөнiнде айлық өткізедi.
11. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес өрт-техникалық орталықтардың базасында өрт саласындағы бiлiмдi және мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң жетiстiктерiн насихаттау үшiн экскурсиялар, конкурстар өткiзедi, мектепке дейiнгi, жалпы орта, бастауыш, орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарын, халықты, журналистерді, жазушыларды, суретшiлердi тарта отырып, көпшiлiк іс-шараларын ұйымдастырады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
12. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызмет көрсетулер, оның iшiнде халықты оқыту мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк ұйымдарды қоспағанда, шарттық негiзiнде орындалады және көрсетіледi.
13. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қоғамдық өрт бiрлестiктерiне өртке қарсы плакаттар, альбомдар, открыткалар, буклеттер әзiрлеуде және шығаруда, өртке қарсы экспозицияларды, стендтерді, витриналарды, және кабинеттердi (бұрыштарды) жабдықтауда әдiстемелiк көмек көрсетедi, қаржыландыру сол бiрлестiктердiң есебiнен жүргiзiледi.
14. Жоғары, орта, бастауыш кәсiптiк, жалпы орта және мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында өрт қауiпсiздiгi шараларына мiндеттi оқыту арнайы бағдарламалар бойынша оқу жоспарында сағаттардың сараланған санымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
15. Ұйымдардың қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту және өртке қарсы насихат жүргiзу заңнамамен ұйымдардың бiрiншi басшыларына жүктелген.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
16. Объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiне жауап беретiн мамандарды (инженерлік-техникалық қызметкердi), кәсіпкерлер мен азаматтарды өрт қауiпсiздiгi саласында оқыту:
кәсiптiк даярлау мектептерi мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының оқу орталықтарында;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы бiлiктiлiктi арттыру курстарында жүргiзiледi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.
17. Халықты тұрғылықты жерi бойынша өрт қауiпсiздiгi ережелерiне оқытуды қажеттілiгiне қарай және жедел жағдайды ескере отырып, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жиналыстарда, тұрғындардың жиындарында жүргiзедi. Мемлекеттiк инспекторлар қызмет көрсетiлетiн аумақта халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына өтеусіз негiзде оқытуға (лекциялар, семинарлар, сұхбаттар, викториналар, тақырыптық кештер және т.б. өткiзуге) қатысады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.