Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 557 қаулысы.

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 958 қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 479 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2020 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 557 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      2. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат):

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 435-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      бүкіл мәтін бойынша "Бәйтерек девелопмент" акционерлік қоғамы", "Бәйтерек девелопмент" АҚ" деген сөздер тиістік септіктегі "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы", "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ" деген сөздермен тиісінше ауыстырылсын.