Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 желтоқсандағы N 1826 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қараша N 1532

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/6 түзеу мекемесi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi штат санының лимитi шегiнде мекеменiң штат санының лимитi 20 бiрлiк мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      3. Мекеменi ұстау шығындары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару

жүйесi комитетi заңнамамен белгiленген тәртiппен:
     1) мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында 
тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
     2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
     5. 
<*>

     Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755  
              қаулысымен.  

P011755_

 
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.