Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 тамыз N 964. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.03. N 326 қаулысымен. ~P010326

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      7-тармақтың екiншi абзацы мына редакцияда жазылсын:
      "Басқарма төрағасының бес орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын ұстауға".
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi