"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Комитет Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
___________________________
20__ жылғы "___" ___________
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 12 наурыздағы № 17/қе бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 123/қе бұйрығы.
2. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын асханалық-асүйлік жабдықпен және ыдыспен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 16 қазандағы № 95/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 106/қе бұйрығы.
3. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 52/қе бұйрығы.
4. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 24/қе бұйрығы.