Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шiлдеде № 33059 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 265) және 271) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу қағидалары;

      2) Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 472 Бұйрығымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 265) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

      1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және осы актілер туралы басқа да ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алудың бірыңғай жүйесі;

      2) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi (бұдан әрі – Эталондық бақылау банкі) – олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі;

      3) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылары арасындағы қатынастар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      3. Мемлекеттік тізілім және Эталондық бақылау банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бірыңғай мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      4. Мемлекеттік тізілімді және Эталондық бақылау банкін жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ЗҚАИ) жүзеге асырады.

      5. Эталондық бақылау банкіне енгізілген нормативтік құқықтық актілер хронологиялық тәртіппен есепке алуға жатады.

      6. Эталондық бақылау банкіне енгізілген нормативтік құқықтық актілер үшін сақтау мерзімі тұрақты.

      7. Заңның 22-бабының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларына сәйкес "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жариялаусыз", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде Эталондық бақылау банкіне деректемелер түрінде орналасады.

      "Аса маңызды", "өте құпия", "құпия" деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімге және Эталондық бақылау банкіне енгізілуге жатпайды.

2-тарау. Мемлекеттік тізілімді және Эталондық бақылау банкін жүргізу тәртібі

      8. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көшірмелерін қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде ЗҚАИ-ға жібереді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері ЗҚАИ-ға Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана жіберіледі.

      9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (бұдан әрі – Әділет министрлігі) немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын әділет органдары ЗҚАИ-ға олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде автоматты түрде қазақ және орыс тілдерінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖКАЖ) арқылы жібереді.

      ЖКАЖ-қа қолжетімділік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде ЗҚАИ-ға жібереді.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, ""Қызмет пайдалану үшін", "Баспасөзде жариялаусыз", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып, электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ЗҚАИ-ға деректемелер түрінде жібереді.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар ЗҚАИ-ға оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жібереді.

      11. Осы Қағидалардың 8-тармағында, 9-тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 10-тармағында көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді ЗҚАИ-ға жіберу электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүргізіледі.

      Бірлескен нормативтік құқықтық актілерге электрондық цифрлық қолтаңбаның қойылуын нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты болып белгіленген уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

      12. Эталондық бақылау банкіне келіп түскен нормативтік құқықтық актіні тіркеу ол қағаз және электрондық түрде болған кезде жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 10-тармағында көрсетілген, келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу олар қағаз түрінде болмаса да жүзеге асырылады.

      13. Электрондық түрде келіп түскен нормативтік құқықтық актілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен расталған электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалылығын тексеру рәсімінен өтеді. Нормативтік құқықтық актілердің деректемелері мен мәтіні бір нормативтік құқықтық актіге тиесілігі тұрғысынан тексеріледі.

      Тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда, нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде алынбаған деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге құжаттың алынбау себептері көрсетіле отырып, Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінен электрондық құжат айналымы жүйесіне хабарлама жіберіледі.

      Мемлекеттік органдар құжаттың алынбауы туралы хабарлама алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЗҚАИ-ға нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде қайта жібереді.

      14. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс нормативтік құқықтық актілер, Эталондық бақылау банкіне енгізу мерзімі ЗҚАИ-ға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын Қазақстан Республикасы Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын қоспағанда, ЗҚАИ-ға келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде енгізіледі және оларға тіркеу нөмірі беріледі.

      15. Келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді, Эталондық бақылау банкіне енгізу мерзімі ЗҚАИ-ға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын Қазақстан Республикасы Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын қоспағанда, Эталондық бақылау банкіне енгізу ЗҚАИ-ға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      16. Эталондық бақылау банкіне енгізілген нормативтік құқықтық актілер оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, нормативтiк құқықтық актілердің жекелеген бөлiктерiнiң күшi жойылды деп тану не олардың қолданылуын тоқтата тұру арқылы бақыланатын жағдайда ұсталады.

      Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілердің жекелеген бөліктерінің күші жойылды деп танылған не олардың қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде олардың мәтініне енгізілетін нормалардың тұжырымын, сондай-ақ актінің нысаны, қабылданған күні мен нөмірі туралы ақпарат нақты көрсетілетін белгілер енгізіледі.

      17. Нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылған не оның қолданылуы белгiлі бiр мерзiмге тоқтатыла тұрған кезде Мемлекеттiк тiзiлiмге тиiстi жазбалар және Эталондық бақылау банкіне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актінің қағаз және (немесе) электрондық мәтініне тиiстi нормативтiк құқықтық актіге сiлтеме жасай отырып, оның күшi жойылды деп тану не қолданылуын тоқтата тұру туралы белгi жасалады.

      18. Эталондық бақылау банкiн қалыптастыру кезiнде нормативтiк құқықтық актілердің қазақ және орыс тiлдеріндегi мәтiндерi салыстырылып тексерілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 472 Бұйрығымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы Ереженің 14-тармағының 271) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыруды, сондай-ақ оған мәліметтер енгізілуді нақтылайды.

      2. Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін (бұдан әрі – Эталондық бақылау банкі) жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ЗҚАИ) жүзеге асырады.

      3. Осы Нұсқаулықты қолдану үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) автоматтандырылған басқару жүйесі - әкімші мен оператордың автоматты жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған Эталондық бақылау банкінің электрондық түрдегі ақпараттық жүйесінің кіші жүйесі;

      2) автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы, әкімшісі – Эталондық бақылау банкін электрондық түрде жүргізу жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ЗҚАИ қызметкері;

      3) ақпараттық жүйе - белгілі бір технологиялық әрекеттерді ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      4) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дәйектілігін растайтын заңды тұлға;

      5) нормативтік құқықтық актінің электрондық көшірмесі - түпнұсқа құжатқа ұқсас және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;

      6) цифрлық код - ақпаратты беретін шартты белгілер, сигналдар жүйесі;

      4. Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкіне енгізілуге жатады.

      5. Нормативтік құқықтық актілерге қол қою Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген) Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (тіркеу куәлігінің "Кілтті пайдалану" (KeyUsage) орнының мәнін тексеру кезінде "Цифрлық қолтаңба" және "Бастартпаушылық" мәндері қамтылады) үшін пайдаланылатын куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігімен жүзеге асырылуға тиіс.

      6. Мемлекеттік органдар жіберетін нормативтік құқықтық актілерге электрондық құжат айналымының жүйесінде, сондай-ақ ЖКАЖ-та нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және нормативтік құқықтық акт туралы анықтамалық-ақпараттық деректерді қамтитын карточка (бұдан әрі – карточка) толтырылады.

      Нормативтік құқықтық актілердің DOCX форматындағы мәтіндеріне тақырыпты қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің деректемелері және нормативтік құқықтық актілер туралы анықтамалық-ақпараттық деректер енгізілмейді.

      Нормативтік құқықтық акт карточкаларының мәліметтерін құрастыру жөніндегі талаптар осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген.

2-тарау. Қағаз және электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкін қалыптастыру

      7. Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актіні жинақтауды, тіркеуді және нормативтік құқықтық актілердің нысаны бойынша хронологиялық тәртіппен орналастыруды қамтитын есепке алынуға және жүйеленуге жатады.

      Нормативтік құқықтық актілерді қағаз түрінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналында ЗҚАИ тіркейді. Нормативтік құқықтық акт туралы жазбаға нормативтік құқықтық актінің электрондық көшірмесінің болуы туралы белгі соғылады.

      Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелеу толық көлемде және уақтылы жүргізіледі.

      8. Эталондық бақылау банкін электрондық түрде қалыптастыру барысында Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы қажеттілігіне қарай нормативтік құқықтық актіні қағаз түрінде пайдаланады.

      Нормативтік құқықтық актілерді қағаз түрінде беруді және қайтаруды ЗҚАИ осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерді беру және қайтару журналында тіркейді.

      9. Эталондық бақылау банкін электрондық түрде қалыптастыру ақпараттық жүйе (бұдан әрі - жүйе) арқылы жүзеге асырылады, бұл жүйе үш кіші жүйеден тұрады:

      автоматтандырылған басқару жүйесі - нормативтік құқықтық актілерді дайындауға арналған;

      қойма - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрде сақтауға арналған бірыңғай орталықтандырылған депозитарийдің міндетін атқарады және оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты сақтауға арналған құралдарды ұсынады (бұдан әрі- қойма);

      веб-портал - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрде аптасына 7 күн тәулігіне 24 сағат режімінде қарауға, сондай-ақ қосымша функционалдық мүмкіндіктерге қол жеткізуге арналған (бұдан әрі - веб-портал).

      10. Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің "веб-портал" кіші жүйесі Интернет ортадағы барлық мүдделі адамдар үшін, соның ішінде заманауи мобильді құрылғылар (смартфондар, планшеттер және т.с.с.) арқылы жүйеге кірудің бірыңғай нүктесі болып табылады.

      11. Енгізілетін нормативтік құқықтық актіде жүйе:

      куәландырушы орталыққа электрондық цифрлық қолтаңбаның жарамдылығы мәніне сұрау салуды жіберу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның легитимділігін (қайтарып алынған, жарамды, мерзімі өткен) тексеруді;

      цифрлық кодтың тұтастығы, оқылатындығы мәніне форматтық-логикалық бақылауды жүргізеді.

      Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, нормативтік құқықтық акт электрондық түрде түскен деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге нормативтік құқықтық актінің Эталондық бақылау банкіне жеткізілгені туралы белгілеме жіберіледі.

      Сондай-ақ Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы нормативтік құқықтық акт келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның деректемелерін және мәтіннің бір нормативтік құқықтық актіге тиесілілігін де тексереді.

      Тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда, нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде алынбаған деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге құжаттың алынбау себептері көрсетіле отырып, Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінен электрондық құжат айналымы жүйесіне хабарлама жіберіледі.

      Электрондық цифрлық қолтаңбаның легитимділігіне тексеруден немесе форматтық-логикалық бақылаудан өтпеген нормативтік құқықтық акт жүйе қоймасының "Қабылданбаған файлдар" бөлімінде сақталуға тиіс.

      Мемлекеттік органдар құжаттың алынбағандығы туралы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЗҚАИ-ға нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде қайта жібереді.

      12. Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесіне қабылданған нормативтік құқықтық актіге нормативтік құқықтық акт туралы деректемелерді және ақпараттық-анықтамалық деректерді қамтитын тіркеу карточкасы толтырылады.

      Нормативтік құқықтық акт деректемелері туралы мәліметтер Заңның 22-бабына сәйкес көрсетіледі.

      Анықтамалық-ақпараттық деректер Мемлекеттік тізілім нөмірін, күшіне ену, құжаттың өзгертілген күнін, қолданылу өңірін, ресми жариялануын, құқықтық қатынастар саласы туралы мәліметтерді қамтиды.

      13. Жүйе келіп түскен нормативтік құқықтық актілерге автоматты режимде Мемлекеттік тізілімнің нөмірін береді және тіркеу карточкасында сақтайды.

  Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің Эталондық бақылау
банкін қалыптастыру,
сондай-ақ оған мәліметтер
енгізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Электрондық құжат айналымы жүйесінде және ЖКАЖ мемлекеттік органдар толтыратын нормативтік құқықтық актілер карточкасының мәліметтерін құрастыру бойынша қойылатын талаптар

      1. Нормативтік құқықтық актінің карточкасында нормативтік құқықтық акт туралы мынадай есепке алу мәліметтері көрсетілуі тиіс:

      1-деректемеде - нормативтік құқықтық актінің қазақ тіліндегі атауы (толтырылуы міндетті);

      2-деректемеде - нормативтік құқықтық актінің орыс тіліндегі атауы (толтырылуы міндетті);

      3-деректемеде - мәселенің сипаты; "Мәселенің сипаты" анықтамалығынан "Эталондық бақылау банкіне нормативтік құқықтық акт" мәні таңдалады (толтырылуы міндетті);

      4-деректемеде - акт нысаны; Заңның 22-бабы 2) тармақшасына сәйкес "Құжаттың түрі" анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті);

      5-деректемеде - құжат тілі; тілдер тізімінен таңдалады (толтырылуы міндетті);

      6-деректемеде - әзірлеуші мемлекеттік орган; "Корреспонденттер" анықтамалығынан таңдалады;

      7-деректемеде - актіні қабылдаған орган; "Корреспонденттер" анықтамалығынан таңдалады (егер бұл мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісі болған жағдайда, бірнеше мағына енгізілуі мүмкін) (толтырылуы міндетті);

      8-деректемеде - нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі; мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау нөмірі көрсетіледі (егер бірлескен нормативтік құқықтық акт болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні Эталондық бақылау банкіне жіберген мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау нөмірі көрсетіледі) (толтырылуы міндетті);

      9-деректемеде - қабылдау күні; мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау күні көрсетіледі (егер бірлескен нормативтік құқықтық акт болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні Эталондық бақылау банкіне жіберген мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау күні көрсетіледі) (толтырылуы міндетті);

      10-деректемеде - қабылдау орыны; "Аймақтар" анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті);

      11-деректемеде - мемлекеттік тіркеу нөмірі; Қазақстан Республикасы әділет органдарында берілген мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі (Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері үшін толтырылуы міндетті);

      12-деректемеде - мемлекеттік тіркеу күні; Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні көрсетіледі (Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері үшін толтырылуы міндетті);

      13-деректемеде - мемлекеттік тіркеу органы; "Корреспонденттер" анықтамалығынан таңдалады (Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері үшін толтырылуы міндетті);

      14-деректемеде - қолдану аймағы; "Аймақтар" анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті);

      15-деректемеде - жарияланым дереккөзі; болған кезде "Жарияланым дереккөздері" анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті емес);

      15.1-деректемеде - жарияланым басылымының нөмірі; болған кезде басылым нөмірі көрсетіледі (толтырылуы міндетті емес);

      15.2-деректемеде - жариялану күні; болған кезде басылымда жариялану күні көрсетіледі (толтырылуы міндетті емес);

      16-деректемеде - нормативтік құқықтық актіге қол қойған мемлекеттік орган(дар) басшысының(ларының) Т.А.Ә.; нормативтік құқықтық актіге қол қойған уәкілетті адамның(дардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі (толтырылуы міндетті);

      17-деректемеде – файлдарды бекіту; DOCX форматындағы файлдарды салу (толтырылуы міндетті);

      18-деректемеде - парақтар/қосымшалар; нормативтік құқықтық акті (негізгі, туынды) парақтарының және қосымша (егер қосымша болмаса "0" цифрі көрсетіледі) парақтарының саны көрсетіледі (толтырылуы міндетті);

      19-деректемеде - басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы; нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен нормативтік құқықтық актіге қол қою (толтырылуы міндетті);

      20-деректемеде - кеңсенің электрондық цифрлық қолтаңбасы; жіберілетін деректерге кеңсе қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою (толтырылуы міндетті);

      21-деректемеде - жеткізгіш түрі; мынадай мағыналарды: = 1 (электрондық құжаттың төлнұсқасы), = 3 (қағаз құжаттың электрондық көшірмесі) қабылдайтын жеткізгіштің түрі көрсетіледі (толтырылуы міндетті).

      2. Электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актіге мынадай талаптар қойылады:

      1) электрондық құжат қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актінің түрін және ақпаратын толығымен көрсетуге тиіс (болған жағдайда);

      2) нормативтік құқықтық акт әрбір салынымды қоса алғанда, (нормативтік құқықтық актінің негізгі түрі, нормативтік құқықтық актінің туынды түрі, қосымшалар) тек Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының немесе Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады;

      3) нормативтік құқықтық актілер қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады, олардың жалпы көлемі 60 Мб аспауы тиіс. Көлемі 60 Мб асқан жағдайда, нормативтік құқықтық актілер RAR, ZIP мұрағатталған пішімде ұсынылуы мүмкін.

      4) нормативтік құқықтық актінің мәтінінде бір фотосуреттің көлемі 200 Кб- дан аспауы тиіс;

      5) нормативтік құқықтық актілер (негізгі, туынды (лар) және оған қосымша (лар) Microsoft Word форматында (кеңейтілімі DOCX) ұсынылады;

      6) екі тілде ұсынылатын файлдардың жалпы саны - алтыдан аспайды. Файл саны асқан жағдайда, бір тілдегі нормативтік құқықтық актінің электрондық көшірмесін бір электрондық файлда қалыптастыруды сақтай отырып, олардың ішіндегісін бір файлға біріктіру рұқсат етіледі;

      7) қағаз төлнұсқадағы нормативтік құқықтық актінің мәтініне сай файлдар салынымдары тәртібінің сәйкестігі:

      нормативтік құқықтық актінің негізгі түрі;

      нормативтік құқықтық актінің туынды түр (лер)і;

      қосымшалар нөмірлеудің өсу тәртібімен (1, 2, 3, және т.б.);

      8) нормативтік құқықтық актінің электрондық құжаттарында нөмірленген тізімдерді, Microsoft Word ішіне салынған функциясы - автонөмірлеуді пайдаланбастан, қолмен ресімдеу;

      9) ішіне салынымдары бар файлдарды бекіту қағаз түріндегі нормативтік құқықтық акті мәтінінің жазылу тәртібін сақтай отырып, әрбір тілде кезекпен жүзеге асырылады, соңғысына сәйкес қағаз түпнұсқасы болған кезде.

      3. Кестелерді ресімдеу MicrosoftWord (кесте) функционалын міндетті түрде қолдана отырып, қағаз түпнұсқасына дәл сәйкес жүргізілуі керек.

  Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің Эталондық бақылау
банкін қалыптастыру,
сондай-ақ оған мәліметтер
енгізу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

      Нысан

Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналы

№ р/б

Келіп түскен күні

Нормативтік құқықтық актінің нысаны, нөмірі және қабылданған күні

Электрондық көшірме туралы белгі

1

2

3

4





  Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің Эталондық бақылау
банкін қалыптастыру,
сондай-ақ оған мәліметтер
енгізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

      Нысан

Нормативтік құқықтық актілерді беру және қайтару журналы

№ р/б

Берілген күні

Нормативтік құқықтық актінің нысаны, нөмірі және қабылданған күні

Нормативтік құқықтық актіні алған тұлғаның Т.А.Ә. (болған кезде)

Алғандығы туралы қолы

Қайтару күні және қолы

1

2

3

4

5

6







  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 472 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14270 болып тіркелді).

      2. "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 330 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 маусымда № 18886 болып тіркелді);

      3. "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 510 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қазанда № 19486 болып тіркелді);

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 500 бұйрығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 маусымда № 23026 болып тіркелді).