БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11500 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.";
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормалары";
"
Р/с | Заттардың атауы | Бір қызметкерге арналған заттар саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Р/с | Заттардың атауы | Бір қызметкерге арналған заттар саны | Беру кезеңі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
";
9-бөлім 2-кіші бөлімінің 255-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"
255 | Төсек-орын жиынтығы (жастықтың тысы, ақжайма, көрпенің тысы) | 3 жиынтық | 1 жыл |
";
9-бөлім 3-кіші бөлімінің 261 және 262-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"
261 | Металл құты | 1 дана | 10 жыл | |
262 | Металл қолбақыр | 1 дана | 10 жыл |
";
10-бөлімнің
"
Р/с | Заттардың атауы | Бір кереуетке (науқасқа) арналған заттар саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескерту № |
"
деген жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Р/с | Заттардың атауы | Бір кереуетке (науқасқа) арналған заттар саны | Беру кезеңі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескерту № |
";
11-бөлімнің
"
Р/с № | Заттардың атауы | Өлшем бірлігі | Адам саны төмендегідей барлық бөлімшелерге (адам) | Кию/пайдалану мерзімі (жыл) | ||||
50-ге дейін | 100-ге дейін | 250-ге дейін | 500-ге дейін | 500-ден жоғары (қосымша) |
"
деген жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Р/с № | Заттардың атауы | Өлшем бірлігі | Адам саны төмендегідей барлық бөлімшелерге (адам) | Беру кезеңі/пайдалану мерзімі (жыл) | ||||
50-ге дейін | 100-ге дейін | 250-ге дейін | 500-ге дейін | 500-ден жоғары (қосымша) |
".
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жібергеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
К. Мәсімов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі