Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 263 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Әкімшілік жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Қ. Бозымбаев

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрлігінің
2016 жылғы 22 маусымдағы
№ 263 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушының
күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9954 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №398 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11679 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы жылғы 30 шілдедегі № 507 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11988 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).