"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 507 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 қыркүйекте № 11988 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 263 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2016 № 263 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9954 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентінде:
      52-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі – МО ИП) электрондық құжаттар нысанында келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада министрліктің немесе оның басшысының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. «Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 413 Жарлығына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актіні (бұдан әрі - жоба) Министрлік келіскен және пысықтаған жағдайда, осы Жарлықта көрсетілген мерзімдер қолданылады.»;
      62-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне заң сараптамасын жүргізуге жіберген кезде олардың көшірмелері мен қосымшаларын Заң қызметі департаментінің басшысы дәйектейді.»;
      66-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілетін Министрліктің бұйрықтарына (бірлескен бұйрықтарына) Заң қызметі департаменті осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісу парағын Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына бергеннен кейін құжатқа шығыс нөмірі беріледі.»;
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «68. Министрліктің лауазымды тұлғаларының заң жобаларын қарау жөніндегі Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының отырыстарына қатысуы, сондай-ақ Министрлік әзірлеген заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің немесе Сенат отырысында ұсынатын уәкілетті тұлғаны алмастыру Үкімет Регламенті белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.»;
      78-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер Министрлік жинақтаушы мемлекеттік орган болса, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізген кезде бірге орындаушы мемлекеттік органдардың ілеспе хаттарын қоса беру, ал олар болмаған жағдайда, тиісті ақпаратты ұсынбаған мемлекеттік органдардың тізбесін көрсету қажет.»;
      79-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орындау мерзімі бес күннен он күнтізбелік күнге дейінгі шұғыл бақылаудағы құжаттарды орындау үшін әзірленген құжаттар орындау мерзімі аяқталуға дейін бір күннен кешіктірмей міндеттерді бөлісуге сәйкес Министрлік басшылығына қол қоюға беріледі.»;
      80-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «80. Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің орындалуы екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға және жаңаларын іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған кешенді және ведомствоаралық сипатта болатын актілерін немесе тапсырмаларын орындау тұжырымдамасын алған соң он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында көзделген нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының (жол картасының) жоспарын әзірлейді.»;
      83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «83. Егер Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің (тапсырмаларының) тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, онда тиісті актіні (тапсырманы) орындауға жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің (тапсырмасының) орындалу барысы туралы ақпаратты және орындау мерзімін ұзарту қажеттілігіне дәлел келтірілген негіздемені ұсына отырып, Министрліктің жауапты хатшысының немесе Қазақстан Республикасы Президентінің осы актісінің (тапсырмасының) орындалуына жетекшілік ететін вице-министрдің атына белгіленген мерзімге дейін төрт жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтік жазбаны енгізеді.»;
      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «93. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің атына құжаттарды бақылаудан алу немесе оларды орындау мерзімдерін ұзарту өтінішімен жазылған хатқа Министр немесе оның міндетін атқарушы адам, өз өкілеттігі шегінде жауапты хатшы қол қояды.»;
      1-қосымшада:
      Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және бағалау барысында ішкі өзара іс-қимылында:
      «Мемлекеттің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасы» бөлімінде:
      «

Мониторингтеу және бағалау

Жауапты құрылымдық бөлімшелер ақпаратты Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті ұсынады.
Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Министріктің құзыреті шегінде ақпаратты қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға жолдайды.

                                                                   »
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Мониторингтеу және бағалау

Жауапты құрылымдық бөлімшелер ақпаратты Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне ұсынады.
Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Министрліктің құзыреті шегінде ақпаратты қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.

                                                                  »;
      «Министрліктің 5 жылға арналған стратегиялық жоспары» бөлімінде:
      «

Әзірлеу

Министрліктің Стратегиялық жоспары әр үш жыл сайын бес жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленеді.
Министрліктің стратегиялық жоспары мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, жұмыс қорытындыларының көрсеткіштерін анықтайды, қаржыландыру көлемдерімен қоса бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.
Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде Министрліктің бес жылға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрық жобасын әзірлейді.
Стратегиялық жоспар жобасының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімін Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті әзірлейді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келіседі. Бюджет және қаржылық ресімдер департаменті - «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасы Парламентінде пысықтайды.
Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрық жобасын мүдделі мемлкеттік органдармен келісуге және Министрліктің стратегиялық жоспар жобасының бектітілуіне қатысады.
Стратегиялық жоспар заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркелегеннен кейін 10 күн ішінде Министрліктің веб-сайтында орналастырылады.

                                                                 »
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Әзірлеу

Министрліктің Стратегиялық жоспары әр үш жыл сайын бес жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленеді.
Министрліктің стратегиялық жоспары мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, жұмыс қорытындыларының көрсеткіштерін анықтайды, қаржыландыру көлемдерімен қоса бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.
Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде Министрліктің бес жылға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрық жобасын әзірлейді.
Стратегиялық жоспар жобасының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімін Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті әзірлейді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келіседі. Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті - «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасы Парламентінде пысықтайды.
Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрық жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге және Министрліктің стратегиялық жоспар жобасының бекітілуіне қатысады.
Стратегиялық жоспар заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркелгеннен кейін 10 күн ішінде Министрліктің веб-сайтында орналастырылады.

                                                              »;
      «Министрліктің операциялық жоспары» бөлімінде:
      «

Мониторингтеу

Құрылымдық бөлімшелер ай сайын келесі есепті кезеңнен кейін 5 күннен кешіктірмей Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне Операциялық жоспарының іс-шараларының іске асырылуын және көрсектіштерге қол жектізу бойынша ақпаратты қалыптастырады және ұсынады.
Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті құрылымдық бөлімшелер ұсынған ақпаратқа сәйкес есепті дайындайды және есепті айдан кейінгі айдың 15-іне Жауапты хатшыға ұсынады.

                                                               »
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Мониторингтеу

Құрылымдық бөлімшелер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне Операциялық жоспар іс-шараларының іске асырылуы және көрсеткіштерге қол жеткізу барысы туралы ақпаратты қалыптастырады және ұсынады.
Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті құрылымдық бөлімшелер ұсынған ақпаратқа сәйкес есепті қалыптастырады және есепті айдан кейінгі айдың 15-іне Жауапты хатшыға ұсынады.

                                                            »;
      2-қосымшада:
      «(жобаны ізерлеуші – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшесі)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «(жобаны әзірлеуші – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшесі)».
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Әкімшілік жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2)3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрінің
      міндетін атқарушы                          Ұ. Қарабалин