"Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 398 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 шілдеде № 11679 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 263 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2016 № 263 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9954 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 18 ақпанда жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің регламентінде:
      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «54. Министрлікке келісуге түскен жобаларды қараудың жалпы мерзімі Үкімет Регламентімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларымен айқындалады.
      Бұл ретте Министрлікте қаулылардың (өкімдердің) жобаларын қарау және келісу уақыты олар түскен күннен бастап мына мерзімнен аспауы тиіс:
      1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күні;
      2) Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 5 (бес) жұмыс күні;
      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ қайырымдылық көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдер жобасы - 3 (үш) жұмыс күні.
      4) Кодекс жобалары алғаш түскен жағдайда – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, қайта түскенде – 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.
      5) ресми іссапарға қатысты Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 1 (бір) жұмыс күні.
      Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы құрылымдық бөлімшелердегі, оның ішінде жобаның қарауына жауапты басшылар мен орындаушылар басшылыққа алатын жобаларды қараудың ішкі бақылау мерзімін белгілейді.»;
      69-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1 бабымен толықтырылсын:
      «7-1. Құқықтық мониторинг жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі
      69-1. Министрліктің өзі қабылдаған және (немесе) өзі әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізуі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
      69-2. Министрліктің барлық құрылымдық бөлімшелері, оның ведомстволары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау үшін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді.
      Нормативтік құқықтық актілерге Министрдің бұйрығымен бекітілген жүргізу кестесіне сәйкес құқықтық мониторинг жүргізіледі.
      Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг нәтижелері ай сайын Заң қызметі департаментіне жіберіледі.
      69-3. Заң қызметі департаменті алынған мәліметтерді қорытады және талдайды және Министрге, сондай-ақ Министрліктің жауапты хатшысына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне қарай тұжырымдары мен ұсынымдары бар жиынтық ақпарат дайындайды.
      69-4. Мониторинг қорытындылары Әділет министрлігінің корпоративтік порталында «Құқықтық мониторинг» кіші жүйесінде орналастырылады. Заң қызметі департаменті көрсетілген кіші жүйенің уақтылы толтырылуына тұрақты негізде бақылау жүргізеді.
      69-5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасының 16-тармағына сәйкес Заң қызметі департаменті Әкімшілік жұмысы департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасымен бірлесіп тоқсан сайын Министр қабылдаған бұйрықтардың тізбесін Әділет министрлігіне ұсынады.»;
      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «73. Бұйрықтардың жобалары лингвистикалық сараптама басқармасында сараптамадан өтеді, бұдан кейін Заң қызметі департаментімен, жауапты хатшымен, жетекшілік ететін вице-министрмен келісіледі. Қаржылық мәселелерді қамтитын бұйрық жобалары міндетті тәртіпте Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментімен келісіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 73-1-тармақпен толықтырылсын:
      «73-1. Бұйрықтардың жобаларына жобаны енгізген бөлімшенің орындаушысы мен басшысының, жобада міндеттер мен тапсырмалар көзделетін бөлімшелердің басшыларының, сондай-ақ Заң қызметі департаменті мен лингвистикалық сараптама басқармасы басшыларының, жауапты хатшының, жетекшілік ететін вице-министрдің бұрыштамасы қойылады.
      Нормативтік құқықтық бұйрықтың жобасына бұрыштама қою бұйрықтың жобасына қоса берілетін келісу парағында жүргізіледі.
      Құқықтық бұйрықтың жобасына бұрыштама қою бұйрық жобасының теріс жағында жүргізіледі.»;
      74-тармақта:
      бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «74. Жедел, ұйымдастыру және кадр мәселелері бойынша бұйрық жобаларын келісу мерзімі екі жұмыс күнінен аспайды. Қайта енгізілген көрсетілген жобаларды келісу мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.»;
      тоғызыншы бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер нормативтік құқықтық бұйрық Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде аталған бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді қамтамасыз етеді.»;
      мынадай мазмұндағы оныншы бөліммен толықтырылсын:
      «Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер нормативтік құқықтық бұйрықтың көшірмесін алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына аталған бұйрықтын көшірмесін жіберуді қамтамасыз етеді»;
      мынадай мазмұндағы 74-1, 74-2-тармақтарымен толықтырылсын:
      «74-1. Әзірлеуші құрылымдық бөлімшілер заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде, баспасөз хабарламасын орналастырады. Баспасөз хабарламасы заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
      Әзірлеуші құрылымдық бөлімшілер көрсетілген мерзімде осы баспасөз хабарламасының көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жолдайды.
      74-2. Әзірлеуші құрылымдық бөлімшілер Үкімет қаулыларының куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап, кадрлық және ұйымдастырушылық сипатындағыларды қоспағанда, жеті жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында және мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын Үкімет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылатын Үкімет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде, баспасөз хабарламасын орналастырады.
      Әзірлеуші құрылымдық бөлімшілер көрсетілген мерзімде осы баспасөз хабарламасының көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді»;
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Әкімшілік жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                        В. Школьник