Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 277 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 182 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9405 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 270 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11016 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Қ.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                      Б. Сұлтанов