"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 182 бұйрығына өзгерістер е

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11016 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 277 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 07.07.2015 № 05 шешімімен.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 16 хаттамасы негізінде, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 наурыздағы "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 02 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Тізіліміне № 3079 санды болып тіркелген, аудандық "Шет шұғыласы" газетіне 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13 (10 529) жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Қарағанды облысы Шет ауданының Ақадыр, Мойынты кенттерінде, Ортау ауылдық округінің Босаға ауылында, Талды ауылдық округінің Талды ауылында және Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Ақсу-Аюлы, Қайрақты ауылдарында, Сәкен Сейфуллин атындағы кентінде, Жарылғап батыр ауылында, Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылы, Өспен ауылдық округінің Еркіндік ауылында, Нұраталды, Краснаяполяна және Көктіңкөлі ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын".
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шет ауданының әкімі
Р. Әбдікеров