Жарқайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылғандығын тану туралы

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № А-4/119 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, Жарқайың ауданы әкімдігі қаулыларының күштері жойылған болып танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "11" 04
№ А-4/119
қаулысына қосымша

Жарқайың ауданы әкімдігінің күштері жойылған болып танылған қаулыларының тізімі

      1. "Жарқайың ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі № А-7/344 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тіркелімінде № 1-12-174 болып тіркелді, аудандық "Целинное знамя газетінде" 2012 жылдың 10 тамызында басылып шықты);
      2. "Жарқайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі №А-7/344 "Жарқайың ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № А-2/20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тіркелімінде № 4661 болып тіркелді, аудандық "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" газеттерінде 2015 жылдың 06 наурызында басылып шықты);
      3. "Жарқайың ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № А-12/340 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тіркелімінде № 5200 болып тіркелді, аудандық "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" газеттерінде 2016 жылдың 22 қаңтарында басылып шықты);
      4. "2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № А-1/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тіркелімінде № 5246 болып тіркелді, аудандық "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" газеттерінде 2016 жылдың 19 ақпанында басылып шықты).