2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № А-1/8 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 5246 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № А-4/119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 11.04.2016 № А-4/119 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) мигранттар;
      3) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілері;
      4) ауырғаннан кейін емделу курсынан өткен, туберкулезбен ауыратын тұлғалар;
      5) 50 жастан жоғары тұлғалар;
      6) есірткі тәуелділігінен оңалту және емдеу курстарынан өткен тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап колданысқа енгізіледі.
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев