Жарқайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі № А-7/344 "Жарқайың ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдар

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № А-2/20 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 4661 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № А-4/119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 11.04.2016 № А-4/119 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзу басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Жарқайың ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 02 шілдедегі № А-7/344 "Жарқайың ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы", қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-174 болып тіркелген, аудандық "Целинное знамя" газетінде 2012 жылдың 10 тамызында басылып шықты) келесі өзгеріс енгізілсін:
     1 тармақтағы "бір пайыз" сөздері "үш пайыз" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Жарқайың ауданының әкімі

А.Үйсімбаев