РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № а-4/174 қаулысына (№ 4165 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырдағы "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы ережемен бекітілген, Ақмола облысы Ерейментау ауданының "Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ережесінің 19 тармағының 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ауылдық округі аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалауға құқылы;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің басшысы З.Б. Жүсіповаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау ауданының әкімі | Е.Нұғыманов |