Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 120 қаулысы

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуір № 120 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр күшi жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1647 болып тіркелген және 2007 жылғы 4 шілде "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      2. "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 104 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1672 болып тіркелген және 2008 жылғы 14 мамыр "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      3. "Облыстық бюджет қаражаты есебiнен қалалық жағдайда қызметтiң осы түрiмен айналысатын азаматтық қызметкерлердiң жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тiзбесiн айқындау туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 14 сәуiрдегi № 104 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 19 ақпандағы N 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1702 болып тіркелген және 2009 жылғы 11 наурыз "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      4. "Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 123 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1756 болып тіркелген және 2010 жылғы 16 қазан "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      5. "Жеке қосалқы шаруашылықтарда iрi қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөнiндегi шығындарды 100 %-ға дейiн өтеуге арналған субсидиялар нормативiн, сондай-ақ қолдан ұрықтандыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекiту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 216 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2893 болып тіркелген және 2014 жылғы 09 қыркүйек "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).
      6. "Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 239 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2908 болып тіркелген және 2014 жылғы 16 қыркүйек "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған).