Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, сондай-ақ қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы N 216 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 тамызда N 2893 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі N 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 9.04.2015 N 120 қаулысымен.
      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі;
      2-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Солтүстік Қазақстан облысының



әкімі

Е. Сұлтанов

"КЕЛІСІЛДІ"



Қазақстан Республикасы



Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

   


Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 216 қаулысына
1-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі


 

Субсидиялау бағыты
 

Өлшем бірлігі
 

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
 


1
 

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
 

бас
 

3 200
 


Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 216 қаулысына
2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

Р/с№
 

Субсидиялау бағыты
 

Өлшемдер мен талаптар
 

1
 

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
 

1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінде табынның өсімін молайту жөніндегі қызметті көрсету бойынша техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаның болуы.
2. Қолдан ұрықтандыруға арналған қажетті құралдардың болуы:
1) ауыл шаруашылығы малдарының ұрығын сұйық азотта ұзақ мерзімде сақтауға арналған Дьюар ыдысы;
2) пайетті ыдыстан шығару үшін пайдаланылатын пинцет;
3) пайеттердегі ұрықты жібітуге арналған пайеттер жібіткіші;
4) пайеттерді сүртуге пайдаланылатын майлықтар;
5) пайеттер немесе қайшыларға арналған кескіш, олармен пайеттердің ұшы кесіледі;
6) ұрықты пайетке құюға және ұрықты жатырдың қуысына енгізуге арналған шприц-катетер;
7) сиырдың жыныстық жүйесін металл шприц-катетермен шырышты қабығын жарақаттаудан қорғау үшін пайдаланылатын қаптар;
8) малды ұрықтандырған кезде гигиеналық қорғағыш құрал ретінде бір рет пайдаланылатын қолғаптар;
9) бір рет пайдаланылатын қолғаптарды майлауға арналған гель-май.