"Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі N 239 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 тамызда N 2908 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі N 120 қаулысымен

      Қазақстан Республикасында электрондық сот өндірісін жүргізуді дамыту мақсатында жалпы отырыс

қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Төлем тапсырмалары, чектер, түбіртектер және «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237-І Заңының талаптарын сақтай отырып, соның ішінде «электрондық үкімет» төлем шлюзі, электрондық терминалдар, банкоматтар арқылы, өзге де электрондық құрылғылардың көмегімен төлемдерді жүзеге асыру кезінде берілетін басқа да қағаз және электрондық құжаттар бюджетке мемлекеттік бажды төлеу фактісін растайды.
      Сот жоғарыда көрсетілген құжаттардың растайтын көшірмелерін қабылдамауға тиіс. Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайлардан басқа, төлемқұжаттың түпнұсқасын төлеушінің өтініші бойынша азаматтық істен алып беруге болмайды».
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                    Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                        Қ. Шаухаров