Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1227 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) "2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағанындағы "1720151,0" деген сандар "1434671,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жолда:
      2-бағандағы "бағдарламалық өнімдерді" деген сөздерден кейін ", автокөлік құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-бағандағы "519333,0" деген сандар "804813,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысында :
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша:
      осы қаулыға 384-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Облыстық департаменттер құрамындағы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың статистика бөлімдері үшін автокөлік құралдарын сатып алу".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

К. Мәсімов