2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналардың:
       411-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына        
411-ҚОСЫМША           

690 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
        Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Сайлау өткізуді ұйымдастыру"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 842265 мың теңге (сегіз жүз қырық екі миллион екі жүз алпыс бес мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық  заңы ; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының штат саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қазандағы N 1108 қаулысы.
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Парламент Сенаты депутаттарының, маслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуді ұйымдастыру.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : Парламент депутаттарының, маслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді іске асыру, сайлау өткізу кезінде аумақтық, округтік және учаскелік комиссияларына басшылық жасауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Сайлау өткізуді ұйымдас-
тыру

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Республика аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету. Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасау. Сайлау комиссияларына басшылық жасауды жүзеге асыру, олардың арасында сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатын бөлу.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Орталық
сайлау
комис-
сиясы.

3

  

007

Мемле-
кеттік
қызмет-
шілердің
білік-
тілігін
арттыру

Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Орталық
сайлау
комис-
сиясы.

4

  

009

Мемле-
кеттік
орган-
дарды
мате-
риалдық-
техни-
калық
жарақ-
тандыру

Конференц-залдарға
плазмалық үлкен
форматты теледидарлар
- 2 дана, 1 - жиынтық
және халықаралық
ұйымдардың, шет
мемлекеттермен
шетелдік бұқаралық
ақпарат құралдарының
өкілдерімен жұмыс
жағдайларын қамтамасыз
ету үшін синхрондық
аударма жабдықтарын
сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Орталық
сайлау
комис-
сиясы.

5

  

017

Ақпарат-
тық жү-
йелердің
жұмыс
істеуін
қамтама-
сыз ету
және
мемле-
кеттік
орган-
дарды
ақпарат-
тық-тех-
никалық
қамтама-
сыз ету

Мамандандырылған
жабдықтарға, есептеу
техникасы құралдарына
техникалық қызмет
көрсету және
жетілдіру. "Сайлау"
ААЖ, "Қазақстан
Республикасы өкілді
органдарының
депутаттары мен
сайлау
ұйымдастырушылары
туралы мәліметтер"
ААЖ, "1С бухгалтерия",
"Қаржыландыру
жоспары", "Бюджеттік
процесс мониторингі"
ақпараттық жүйелерін
техникалық және
технологиялық
қамтамасыз ету.
Желілерді әкімшіліктендіру
жөніндегі қызметтерді,
"Сайлау" ААЖ
деректерін беру
желісіне және орталық
аппараттың Интернет
желісіне қол жеткізу
қызметтерін және
"Сайлау" ААЖ жұмысын
толық қамтамасыз ету
үшін қызметтерді
сатып алу. Шығыс
материалдары мен
жиынтықтаушы қосалқы
бөлшектерді;
техникалық құралдарды
(серверлерді)
лицензиялық
бағдарламалық
қамтамасыз етуді
сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Орталық
сайлау
комис-
сиясы.

6

  

100

Сайлау өткізу

Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенаты
депутаттарының
кезекті сайлауын,
шығып қалғандардың
орнына мәслихаттар
депутаттарының
сайлауын әзірлеу мен
өткізуді ұйымдастыру,
оның ішінде: сайлау
комиссияларын
ұйымдастыру мен
олардың қызметі,
үй-жайларды жалға
алу, іссапар
шығыстары,
консультанттарға,
сарапшыларға еңбекақы
төлеу; кандидаттар
туралы ақпараттық
плакаттар дайындау;
кандидаттардың
бұқаралық ақпарат
құралдарына шығуы;
кандидаттардың сайлау
алдындағы көпшілік
іс-шараларын өткізу
және үгіттік
материалдарын шығару;
кандидаттардың
көліктік шығыстарына
ақы төлеу. Сайлау
комиссияларының
мүшелерімен сайлауды
әзірлеу мен өткізу
жөніндегі семинар
және оқу өткізу.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Орталық
сайлау
комис-
сиясы.

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтижелер:
Қазақстан Республикасында сайлау туралы заңнаманың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;
Парламент Сенатының депутаттығына 8 кандидаттан, облыстық маслихаттардың депутаттығына 8 кандидаттан, қалалық және аудандық маслихаттарға - 5 кандидаттан бәсекелестік кезінде сайлау қорытындыларын шығару;
сайлау комиссиялары мүшелерінің және Орталық сайлау комиссиясы аппараты қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
Орталық сайлау комиссиясы аппаратының 20 қызметкеріне - мемлекеттік тілді және 15 қызметкеріне ағылшын тілін оқыту.
Түптілікті нәтижелер:
сайлауды сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткізу;
мемлекеттік тілді оқытудағы қажеттілікті - 50 пайызға, ағылшын тілін оқытудан қажеттілікті - 50 пайызға қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижелер:
бюджет қаражатын сайлауды өткізу жөніндегі іс-шараларға пайдалану;
бюджет қаражатын уақтылы және толық игеру.
Уақтылылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес іске асыру.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық сайлау және сайлану құқығын іске асыруын қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес сайлау комиссиялары мүшелерінің, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.