Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2023 жылғы 29 наурыздағы № 9-VIII ПМ қаулысы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      157-тармақта:

      бірінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Саяси партия фракциясының ең аз саны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген кедергіні еңсерген саяси партиялар үшін бөлініп берілген депутаттық мандаттардың ең аз санына сәйкес келуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат:

      сайлауға саяси партия ұсынған жағдайда – өзін ұсынған саяси партияның фракциясында;

      өзін-өзі ұсынған жағдайда – өзі мүшесі болып табылатын саяси партияның фракциясында бола алады.".

      2. Осы Қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
Е. ҚОШАНОВ