Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына (бұдан әрі - қосымша) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (А. Искакбеков) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
      3. 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін қосымшадағы 1), 5), 7), 8) және 12) тармақшаларды қоспағанда, осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы                      Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникация
министрінің м.а.   
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 403 бұйрығына қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының тізбесі

      1) «Азаматтық әуе кемелерінің техникалық пайдалануын бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 17 шілдедегі № 339 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2450-нөмірмен тіркелген);
      2) «Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19  желтоқсандағы № 588 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2673-нөмірмен тіркелген);
      3) «Әуе кемелері күзету мен Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдары объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникциялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 мамырдағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2947-нөмірмен тіркелген);
      4) «Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алуға және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификатына өзгерістер енгізуге өтініш беруші ұсынатын құжаттардың тізбесін және Аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 10 тамыздағы № 146 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3043-нөмірмен тіркелген);
      5) «Кеме кітабын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 59-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3050-нөмірмен тіркелген);
      6) «Әуе кемелерін ұшар алдында және арнайы тексеру нұсқаулығын бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиациялық комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 177-ҚБПҮ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3165-нөмірмен тіркелген);
      7) «Тіркелген авиациялық электр байланысы желісіндегі жұмыс жөнінде; нұсқаулықты бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 22 қыркүйектегі № 180 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3168-нөмірмен тіркелген);
      8) «Мемлекеттік кеме тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 8 қазандағы № 71-п бұйрығы (Нормативтік кұқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3198-нөмірмен тіркелген);
      9) «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының субъектілерін күзгі- қысқы (көктемгі-жазғы) кезеңдегі жұмысқа даярлау ережесін бекіту) туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы № 234 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3285-нөмірментіркелген);
      10) «Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы № 236 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3276-нөмірмен тіркелген);
      11) «Әуе кемелерін есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3930-нөмірмен тіркелген);
      12) «Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 62-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3842-нөмірмен тіркелген);
      13) «Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4706-нөмірмен тіркелген);
      14) «Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 227 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5244-нөмірмен тіркелген);
      15) «Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5673-нөмірмен тіркелген).