"Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген өсімдіктерді қорғау құралдарын тіркеулік сынауларын жүргізудің, мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсанд

Бұйрық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2000 жылғы 11 шілде N 182 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 тамызда N 1209 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 222 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143  қаулысына  мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын беру ережесінде:
      10-тармақта:
      төртінші абзацтағы "есірткі заттар және психотроптық құралдар" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "есірткі заттар, психотроптық құралдар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігіне;
      прекурсорлар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі