Об утверждении Правил предоставления национальным компаниям права на учреждение охранных организаций

Приказ и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 октября 2024 года № 863. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2024 года № 35303.

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ішкі істер министрдің
міндетін атқарушысы
И. Лепеха

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2024 жылғы 29 қазандағы
№ 863 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық компанияларға күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.05.2026 № 373 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ұлттық компанияларға күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Күзет ұйымын "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесіне енгізілген жағдайда Ұлттық компания құрады.

      3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымын құру келесі шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) күзет ұйымы күзет қызметінен өзге де қызметті жүзеге асыратын ұлттық компанияның еншілес ұйымы бола алады;

      2) күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) ұлттық компанияның құрылтайшылары не лауазымды адамдары болып табылады, оларға қатысты құрылатын ұйым күзет қызметтерін көрсететін болады;

      3) құрылатын ұйым өзіне қатысты күзет қызметтерін көрсететін ұлттық компания және онымен үлестес заңды тұлғалар күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылады.

      4. Күзет ұйымын құру үшін ұлттық компания "Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген) бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес күзет қызметімен айналысу құқығына тиісті лицензия алуға тиіс.