ЗҚАИ-ның ескертпесі!
"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 № 99 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
2. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Қуандықов Ә.Ә.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілді |
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 29 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы ереже) 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібі айқындалады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 12.07.2026 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакциясы қолданыста болады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба турал" Қазақстан Республикасының Заңында және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) көрсетілген мағынасында қолданылады.
Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар да пайдаланылады:
1) бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздары – базалық активі бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының және (немесе) эмитент елінің заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар болып танылатын қаржы құралдары;
2) есептік нөмірлердің тізілімі – олардың негізінде және (немесе) орындалуы үшін капитал қозғалысының операциялары және оларға теңестірілген операциялар жүргізілетін валюталық шарттарға (бұдан әрі – капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар) және шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) берген қолданыстағы есептік нөмірлердің, сондай-ақ тіркеу куәліктерінің, хабарлау туралы куәліктердің қолданыстағы нөмірлерінің тізбесі;
3) инвестициялау объектісі – акциялары, қатысу үлесі, пайлары сатып алынатын (сатып алынған) заңды тұлға, инвестициялық пай қоры, сондай-ақ мүлкіне мүліктік жарналар енгізілетін (енгізілген) заңды тұлға, жай серіктестік, консорциум. Депозитарлық қолхаттармен операциялар жүргізілген жағдайда олардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаз эмитенті инвестициялау объектісі болып табылады;
4) инвестор – инвестициялау объектiсiне меншік құқығы өтетін (өткен) жеке немесе заңды тұлға;
5) капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт – олардың негізінде және (немесе) орындалуы үшін капитал қозғалысы операциялары мен оларға теңестірілген операциялар жүзеге асырылатын келісімдер, құрылтай құжаттары, оларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар, сондай-ақ өзге де құжаттар;
6) меншікті операциялар – валюталық шарт тарапы болып табылатын резиденттің өз атынан жүзеге асыратын операциясы;
7) резидент-эмитенттердің бағалы қағаздары – базалық активі резидент-эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар болып танылатын қаржы құралдары;
8) тіркеу куәлігі – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін валюталық шартты тіркеу кезінде Ұлттық Банк берген және күші жойылмаған құжат;
9) хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа Ұлттық Банк берген және күші жойылмаған құжат.
3. Капитал қозғалысы және оларға теңестірілген операциялар бойынша валюталық шарттарға, резиденттердің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына есептік нөмірлер беру Ұлттық Банк тарапынан қандай да бір міндеттемелерсіз жүзеге асырылады. Есептік нөмірдің болуы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықтан босатуға негіз бола алмайды.
4. Қағидалардың 15-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында және 22-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген мән-жайлардың туындағанын растайтын құжат сот шешімі не шет мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органының жеке тұлға-бейрезиденттің қайтыс болуын тіркеу, қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаны тарату туралы құжаты болып табылады. Егер бұл құжаттар шет тілінде жасалған болса, онда олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса ұсынылады.
5. Егер Қағидаларда белгіленген мәліметтерді, есептерді және (немесе) өзге де құжаттарды ұсыну мерзімі жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, онда тиісті мерзім келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
6. Қағидаларда өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаларға қатысты (банктерді, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын бейрезидент банктердің филиалдарын қоспағанда) белгіленген Қағидалардың ережелері олардың филиалдары мен өкілдіктеріне де қолданылады.
7. Есептік нөмірлердің тізілімі Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
2-тарау. Валюталық операцияларды мониторингтеу тәртібі
1-параграф. Капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттарға есептік нөмірлер беру
8. Капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беріледі, және оның аясында:
1) баламасы 500 000 (бес жүз мың) Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларынан асатын сомада (сыйақы, комиссия, айыппұл және өзге де төлемдерді есептемегенде) Қазақстан Республикасына мүліктің (ақшаның) түсуі және (немесе) резиденттің бейрезидентке мүлікті (ақшаны) қайтару міндеттемесінің туындауы;
2) баламасы 500 000 (бес жүз мың) АҚШ долларынан асатын сомада (сыйақы, комиссия, айыппұл және өзге де төлемдерді есептемегенде) Қазақстан Республикасынан мүлікті беру (ақша аудару) және (немесе) резиденттің бейрезидентке мүлікті (ақшаны) қайтаруы жөнінде талаптардың туындауы көзделеді.
9. Егер капитал қозғалысы бойынша валюталық шартта оған қол қойылған күні (ондай күн болмаған жағдайда – күшіне енген күні) шарттың сомасы көрсетілмеген болса, мұндай валюталық шарт есептік нөмір берілетін шарт ретінде қарастырылады.
Шарттың сомасы АҚШ долларынан өзге валютада көрсетілген және АҚШ долларына айырбастау бағамы көрсетілмеген капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беруді айқындау мақсаты үшін АҚШ долларында валюталық шарт сомасының баламасын есептеу валюталық шартқа қол қойылған күні (ондай күн болмаған жағдайда – валюталық шарт күшіне енген күні) валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа оның сомасын ұлғайтатын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, новация шартын жасау арқылы валюталық операция сомасы ұлғайтылған кезде, шарт сомасының ұлғаюының АҚШ долларындағы баламасы қосымша келісімге, новация шартына қол қойылған күні (ондай күн болмаған жағдайда – қосымша келісім, новация шарты күшіне енген күні) нарықтық айырбастау бағамы бойынша есептеледі.
Сомасы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген шекті мәннен аспайтын капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт бойынша, шартқа тиісті өзгерістер енгізілмей шарт сомасы нақты ұлғайтылған жағдайда, валюталық шарт бойынша нақты орындалған міндеттемелер сомасының АҚШ долларындағы баламасын есептеу тиісті операциялар жасалған күні валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Талапты басқаға беру немесе борышты ауыстыру нәтижесінде резиденттің бейрезидентке талап ету құқығын немесе бейрезидент алдындағы борышты қабылдауы кезінде валюталық шарттың сомасы ретінде сыйақыны, комиссияны, айыппұлды және өзге де төлемдерді қоса алғанда, берілетін (қабылданатын) талап немесе борыш сомасы танылады.
10. Капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың резидент-қатысушысы есептік нөмір алу үшін өзінің тұрақты тұратын жері (жеке тұлға үшін) немесе орналасқан жері (заңды тұлға үшін) бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын резидент жеке тұлға есептік нөмір алу үшін тіркелген (тұрғылықты) жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасайды.
11. Резидент-қатысушы капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың кез келгені орындай бастағанға дейін есептік нөмір алуға өтініш жасайды. Егер міндеттемелерді орындауды бірінші болып бейрезидент-қатысушы бастаса және бұл орындау мүлікті резиденттің пайдасына берумен (ақша түсуімен) байланысты болса, онда капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың резидент-қатысушысы мүлікті (ақшаны) алғанға дейін осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасайды.
Сомасы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген шекті мәннен аспайтын валюталық шарт бойынша, тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы шарт сомасының нақты түрде шекті мәннен асып кетуіне әкеп соғатын болса, резидент-қатысушы осындай орындау басталғанға дейін есептік нөмір алуға өтініш жасайды.
Талапты басқаға беру, борышты ауыстыру, өтеусіз беру, мұрагерлік, кепілдік жағдайдың басталуы немесе сот шешімі нәтижесінде резидент бейрезиденттен талап ету құқығын немесе борышты қабылдаған жағдайда, ол мұндай талаптың (борыштың) туындаған күнінен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, бірақ міндеттемелерді орындау басталғанға дейін есептік нөмір алуға өтініш жасайды.
Резидентке шетелдегі жылжымайтын мүлікке меншік құқығы (жеке тұлға-резиденттерді қоспағанда) немесе бейрезидент заңды тұлғаның капиталындағы үлес резиденттен сатып алу, өтеусіз беру, мұрагерлік немесе сот шешімі нәтижесінде ауысқан жағдайда, резидент меншік құқығы ауысқан күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, бірақ оны иеліктен шығарғанға дейін есептік нөмір алуға өтініш жасайды.
Резидент (экспорттаушы немесе импорттаушы) мен бейрезидент арасында болған бастапқы міндеттемені міндеттемені орындаудың өзге нысанасын немесе тәсілін көздейтін және капитал қозғалысының операцияларына жататын сол тұлғалар арасындағы басқа міндеттемемен ауыстырған кезде резидент ауыстырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, бірақ оның кез келген тарапының міндеттемелерін орындау басталғанға дейін капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасайды.
Қағидалардың 14-тармағында көзделген негіздер бойынша жаңа есептік нөмір алу қажет болған жағдайда, резидент-қатысушы көрсетілген өзгерістер басталған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей өтініш жасайды.
12. Капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір алу үшін резидент-қатысушы Ұлттық Банкке:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжаттың көшірмесін (шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың және оған енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін ұсынады. Егер капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт шет тілінде жасалса, онда оның қазақ немесе орыс тіліне аудармасы ұсынылады.
Егер капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелер осындай валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш бергенге дейін орындалған болса, резидент-қатысушы Ұлттық Банктің аумақтық филиалына міндеттемелердің туындағанын, орындалғанын және тоқтатылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа есептік нөмір беру үшін Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында және екінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылады, егер олар Ұлттық Банкке соңғы ұсынылғаннан кейін өзгермеген болса, қайта ұсынылмайды.
13. Ұлттық Банктің аумақтық филиалы резидент Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді толық көлемде ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір береді және есептік нөмірлердің тізіліміне енгізіледі.
Есептік нөмір және оның берілген күні капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың көшірмесінің бірінші бетінде көрсетіледі және Ұлттық Банктің аумақтық филиалының уәкілетті қызметкерінің қолымен және мөрімен расталады.
Ұлттық Банктің аумақтық филиалы капитал қозғалысы операциясын және оған теңестірілген операцияны жіктейді және есептік нөмір берілген капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың резидент-қатысушысына осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарына сәйкес есепті ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды.
14. Есептік нөмір берілген капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа жаңа есептік нөмір беру мына мәліметтер өзгерген кезде талап етіледі:
1) капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың валютасы;
2) капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың қатысушылары, егер мұндай өзгеріс капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың резидент-қатысушысының талаптары немесе міндеттемелері бойынша тұлғалардың ауысуына әкеп соқса;
3) валюталық шарттың нысаны, егер мұндай өзгеріс капитал қозғалысы операцияларын, оларға теңестірілген операцияларды қайта жіктеуге және (немесе) есеп нысанының өзгеруіне әкеп соқса;
4) валюталық шартқа қатысушы бейрезиденттердің сәйкестендіру деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрақты тұратын елі, оның ішінде азаматтығы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құқығы негізінде, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның филиалының (өкілдігінің) атауы, тіркелген елі);
5) заңды тұлға болып табылатын, валюталық шарттың резидент-қатысушысының сәйкестендіру деректері, оның бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы нәтижесінде өзгерген жағдайда.
Есептік нөмір берілген капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа төмендегі мәліметтер өзгерген кезде жаңа есептік нөмір беру талап етілмейді:
1) банк-агент сақталған жағдайда, резидент тартатын синдикатталған қарыз шарттарындағы кредиторлар өзгерген кезде;
2) капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың резидент-қатысушысының сәйкестендіру деректері: заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген кезде. Бұл ретте резидент сәйкестендіру деректерінің өзгергені туралы өзінің тұрақты тұратын немесе тіркелген жері (жеке тұлға үшін) не орналасқан жері (заңды тұлға үшін) бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына хабарлайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтердің өзгеруін көздемейтін капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың жаңа редакцияда баяндалуы жаңа есептік нөмір беруді талап етпейді.
15. Капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа берілген есептік нөмір мынадай жағдайларда:
1) Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа есептік нөмір берілген кезде;
2) капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың талаптары немесе өзге де мәліметтері өзгеріп, соның нәтижесінде валюталық шарттың сомасы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген шекті мәннен төмен белгіленген немесе Қағидалардың 16-тармағына сәйкес валюталық шартқа есептік нөмір берілмейтін кезде;
3) есептік нөмір берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін валюталық шарт бойынша тараптар міндеттемелерді орындалмаған және (немесе) қолданылу мерзімі немесе міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған валюталық шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда;
4) тараптар арасындағы міндеттемелер толық тоқтатылған және (немесе) нақты алынған (берілген) қаражат бойынша міндеттемелер толық орындалып, одан кейінгі үш жыл ішінде валюталық шарт бойынша операциялар болмаған жағдайда;
5) активке иелік ету аяқталған кезде;
6) капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт тарапының резиденттігі өзгеріп, соның салдарынан шарт бойынша операциялар капитал қозғалысы операциялары болып табылмайтын жағдайда;
7) Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлері тізіліміне резидент заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізілген кезде;
8) резидент жеке тұлға қайтыс болған, қайтыс болды деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және құқықтық мирасқор болмаған жағдайда;
9) капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың тарапы болып табылатын бейрезидент жеке тұлға қайтыс болған, қайтыс болды деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлға таратылған жағдайда;
10) капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт жеке есепке алынған күннен бастап үш жыл өткен соң валюталық шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда Ұлттық Банктің аумақтық филиалында есептік нөмірлер тізілімінен алып тасталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы резидент инвестициялау объектісі болып табылатын, инвестициялау объектісінің капиталына қатысатын немесе есептік нөмір берілген капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт шеңберінде шетелдегі жылжымайтын мүлікке меншік құқығын алған жағдайларға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда резидент есептік нөмірді есептік нөмірлер тізілімінен алып тастау үшін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда резидент өтінішпен бірге өтініште көрсетілген мән-жайлардың басталғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Есептік нөмір берілген капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт резиденттің тұрақты тұратын, тіркелген немесе орналасқан жері болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің аумақтық филиалында жеке есепке алынады. Ұлттық Банктің аумақтық филиалы өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп резиденттің орналасқан жерін анықтау жөніндегі жұмысты жыл сайын жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті резидент көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей ұсынады.
Ұлттық Банктің аумақтық филиалы капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың есептік нөмірін резидент Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді толық көлемде ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде есептік нөмірлер тізілімінен алып тастайды.
16. Мынадай капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттарға есептік нөмір берілмейді:
1) қатысушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылатын капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттар;
2) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы (қатысушылары) жалғыз резидент-қатысушысы (жалғыз резидент-қатысушылары) болып табылатын капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы қарыздары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес сыртқы қарыздар туралы келісімдер.
Капитал қозғалысының мынадай операциялары және оларға теңестірілген операциялар көзделген валюталық шарттарға есептік нөмір берілмейді:
1) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерімен, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың филиалдарымен (өкілдіктерімен) жүргізілетін операциялар;
2) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, басқарушы компаниялардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары мен бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарының өз капитал қозғалысы операциялары;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялауға байланысты операциялар;
4) мыналарды орналастыру, өтеу, сатып алу, сату:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес және оның аумағында шығарылған резидент эмитенттің бағалы қағаздары (оның ішінде базалық активі резидент эмитенттің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған бейрезидент эмитенттің бағалы қағаздары (оның ішінде қазақстандық депозитарлық қолхаттар);
5) қайталама нарықта сатып алу:
резиденттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған резидент эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын бейрезиденттен сатып алуы;
бейрезиденттің басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес және оның аумағында шығарылған бейрезидент эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын резиденттен сатып алуы;
6) резидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету шарты немесе резидент инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған инвестициялық портфельді басқару шарты негізінде жүзеге асырылатын резиденттердің операциялары;
7) зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесіне толық айрықша құқықты сатып алу;
8) резидент жеке тұлғалардың операциялары:
бейрезидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету шарты негізінде жүзеге асырылатын;
бейрезидент инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған инвестициялық портфельді басқару шарты негізінде жүзеге асырылатын;
жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беруге байланысты;
ақшаны, өзге де валюталық құндылықтарды және жылжымайтын мүлікті өтеусіз беруге байланысты;
9) резидент заңды тұлғалардың қызметкерлері үшін бейрезидент эмитенттердің бағалы қағаздарына арналған опциондық бағдарламалар шеңберіндегі резиденттердің операциялары;
10) егер экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт осындай талаптың немесе міндеттеменің негізі болып табылса, талап ету құқығын басқаға беру, борышты, цессияны аудару жөніндегі операциялар.
Есептік нөмір:
1) егер өтеусіз беру нәтижесінде бұрын есептік нөмір берілген капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт шеңберінде валюталық құндылықтарға немесе шетелдегі жылжымайтын мүлікке меншік құқығы бойынша міндеттемелердің орындалуы, тоқтатылуы немесе иеліктен шығарылуы жүзеге асырылса, резиденттің бейрезидентке (бейрезиденттің резидентке) ақшаны, өзге де валюталық құндылықтарды немесе шетелдегі жылжымайтын мүлікке меншік құқығын өтеусіз беру туралы шартқа;
2) егер бұрын резиденттің бейрезидент инвестициялау объектісінің капиталына қатысуы (акцияларды, қатысу үлестерін сатып алуы) немесе шетелдегі жылжымайтын мүлікті меншікке алуы бойынша капитал қозғалысы туралы валюталық шартқа есептік нөмір берілген болса, резиденттің бейрезидентке инвестициялау объектісі-бейрезиденттің акцияларын, капиталына қатысу үлестерін немесе шетелдегі жылжымайтын мүлікті сату шартына;
3) егер бұрын бейрезиденттің резидент инвестициялау объектісінің капиталына қатысуы бойынша капитал қозғалысы туралы валюталық шартқа есептік нөмір берілген болса, резидент инвестициялау объектісінің бейрезиденттен өз акцияларын, капиталына қатысу үлестерін сатып алу шартына;
4) кепіл мүлкіне – бағалы қағаздарға, капиталға қатысу құралдарына, жылжымайтын мүлікке қатысты сауда-саттыққа қатысу үшін төленетін аванстарға берілмейді.
2-параграф. Резидент заңды тұлғалардың шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттарына есептік нөмірлер беру
17. Жеке тұлға, банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның филиалы (өкілдігі) және "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ашқан шоттарды қоспағанда, шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы банктік, аллокцияланбаған металл шоттарына есептік нөмірлер беріледі.
18. Шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында өзі немесе оның филиалы (өкілдігі) ашқан шотқа есептік нөмір алу үшін резидент заңды тұлға осындай шотты пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру басталғанға дейін өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасайды.
19. Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру үшін резидент заңды тұлға Ұлттық Банктің аумақтық филиалына мынадай құжаттарды:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) шетелдік банктің, халықаралық қаржы ұйымының шот ашылғаны туралы, шоттың деректемелері көрсетілген құжатының көшірмесін ұсынады. Құжат шет тілінде жасалған жағдайда, оның қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылады.
Қағидалардың 21-тармағында көзделген жағдайларда жаңа есептік нөмір беру үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар, егер олар Ұлттық Банкке соңғы рет ұсынылған кезден бастап өзгермеген болса, қайта ұсынылмайды.
20. Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір резидент заңды тұлға Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді толық көлемде ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің аумақтық филиалымен беріледі және есептік нөмірлер тізіліміне енгізіледі.
Есептік нөмір және оның берілген күні шетелдік банктің, халықаралық қаржы ұйымының шот ашылғаны туралы құжатының бірінші бетінде уәкілетті қызметкердің қолымен және Ұлттық Банктің аумақтық филиалының мөрімен куәландырылады.
Ұлттық Банктің аумақтық филиалы есептік нөмір берілген шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот бойынша Қағидалардың 23 және 25-тармақтарына сәйкес есепті ұсыну қажеттілігі туралы резидент заңды тұлғаны хабардар етеді.
21. Есептік нөмір берілген шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа мына мәліметтер өзгерген кезде жаңа есептік нөмір беру талап етіледі:
1) шетелдік банктің, халықаралық қаржы ұйымының атауы;
2) резидент-заңды тұлғаның бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы нәтижесінде оның сәйкестендіру деректері өзгерген жағдайда.
22. Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа берілген есептік нөмір мынадай жағдайларда:
1) Қағидалардың 21-тармағында көзделген жағдайларда жаңа есептік нөмір берілген кезде;
2) шот жабылған кезде;
3) Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлері тізіліміне резидент заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылғаны туралы жазба енгізілген кезде;
4) шетелдік банк, халықаралық қаржы ұйымы таратылған кезде;
5) шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот жеке есепке алынған күннен бастап үш жыл өткен соң және ол бойынша ақша қозғалысы болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің аумақтық филиалында есептік нөмірлер тізілімінен алып тасталынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда резидент-заңды тұлға шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа берілген есептік нөмірді есептік нөмірлер тізілімінен алып тастау үшін көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда резидент-заңды тұлға өтінішпен бірге өтініште көрсетілген мән-жайлардың басталғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Есептік нөмір берілген шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот резидент-заңды тұлғаның тұрақты орналасқан жері болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің аумақтық филиалында жеке есепке алынады. Ұлттық Банктің аумақтық филиалы өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп резидент заңды тұлғаның орналасқан жерін анықтау жөніндегі жұмысты жыл сайын жүргізеді.
Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа берілген есептік нөмірді резидент-заңды тұлға осы тармақта көзделген құжаттар мен мәліметтерді толық көлемде ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің аумақтық филиалы есептік нөмірлер тізілімінен алып тастайды.
3-параграф. Капитал қозғалысына байланысты валюталық шарттар және шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар бойынша ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеу
23. Резидент есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ына (оны қоса алғанда) дейін тоқсан сайын жеке тұлға үшін – тұрақты тұратын жері бойынша, заңды тұлға үшін – орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына Қағидалардың 24 және 25-тармақтарына сәйкес нысандар бойынша есептерді ұсынады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын резидент жеке тұлға көрсетілген есептерді тіркелген жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ұсынады.
Есептерді ұсыну есептік нөмір берілген күнді қамтитын кезең үшін есептен басталады және капитал қозғалысына байланысты валюталық шарт немесе шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот есептік нөмірлер тізілімінен алып тасталған кезең үшін есеппен аяқталады.
24. Есептік нөмір берілген капитал қозғалысына байланысты валюталық шарттың резидент-қатысушысы мынадай есептерді ұсынады:
1) қаржылық қарыздар бойынша – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылық қарызды игеру және оған қызмет көрсету туралы есеп;
2) резиденттің бейрезидент инвестициялау объектісінің капиталына қатысуы, резиденттің бейрезиденттің акцияларын, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуы бойынша – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп;
3) бейрезиденттің резидент инвестициялау объектісінің капиталына қатысуы, резиденттің бейрезиденттен резиденттің акцияларын, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуы (немесе резиденттің бейрезидентке сатуы) бойынша – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп;
4) бағалы қағаздармен (капиталға қатысуды қоспағанда), туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша – Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
5) жылжымайтын мүлікке меншік құқығын алуымен, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарына толық айрықша құқықты алумен, бірлескен қызметке қатысушының міндеттемелерін орындау үшін ақша мен өзге де мүлікті берумен, сенімгерлік басқару, трастпен байланысты операциялар бойынша – Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
6) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына клиенттердің тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыру үшін клиенттерге тиесілі ақша және (немесе) қаржы құралдарын есепке алу және сақтау шоттарына ақша мен қаржы құралдарын беруімен байланысты операциялар бойынша – Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
7) ақшаны, өзге де валюталық құндылықтарды және жылжымайтын мүлікті өтеусіз беру бойынша – Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп.
25. Есептік нөмір берілген шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот бойынша резидент-заңды тұлға мынадай есептерді ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан оның филиалы (өкілдігі) ашқан шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот бойынша – Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілмеген жағдайларда – Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп.
26. Қағидалардың 23-тармағына сәйкес есеп ұсынған резидент Ұлттық Банктің сұратуы бойынша сұратуда көрсетілген мерзімдерде:
1) капитал қозғалысына байланысты валюталық шарт бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) қаржылық қарыздар бойынша қаражатты игеру және берешекті өтеу жөніндегі болжамдық деректер туралы ақпаратты;
3) капиталға қатысу бойынша инвестициялау объектісінің қаржылық есептілігін;
4) шетелдік банктің, халықаралық қаржы ұйымының жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ шоттағы ақша сомасы туралы үзінді көшірмесін ұсынады.
27. Капитал қозғалысына байланысты валюталық шарт немесе есептік нөмірі бар шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот бойынша резидент мына жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жазбаша түрде хабарлайды:
1) капитал қозғалысына байланысты валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген, өзге валюталық шарт жасалған немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген, капитал қозғалысы операциясын және оларға теңестірілген операцияны жүзеге асыруға қатысты құжаттарға қол қойылған немесе олар күшіне енген күннен бастап – жеке тұлға үшін тұрақты тұратын жері немесе тіркелген жері бойынша, заңды тұлға үшін орналасқан жері бойынша, осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса отырып;
2) капитал қозғалысына байланысты валюталық шартқа қатысушы резиденттердің және (немесе) қатысушы бейрезиденттердің сәйкестендіру деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрақты тұратын елі, оның ішінде азаматтығы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құқық негізінде, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның филиалының (өкілдігінің) атауы, тіркелген елі) өзгерген күннен бастап – жеке тұлға үшін тұрақты тұратын жері немесе тіркелген жері бойынша, заңды тұлға үшін орналасқан жері бойынша, осындай өзгерістер туралы;
3) шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттың деректемелері өзгерген күннен бастап – резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, осындай өзгерістер туралы;
4) резидент заңды тұлғаның атауы өзгерген күннен бастап – резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, осындай өзгеріс туралы.
28. Капитал қозғалысына байланысты валюталық шарттың резидент-қатысушысы Ұлттық Банктің сұратуы бойынша капитал қозғалысы операциясын, оларға теңестірілген операцияны жүзеге асыруға қатысты және (немесе) бұрын ұсынылған құжаттарда сілтемелер бар құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынады.
29. Резидентте мына құжаттар болған жағдайда есептік нөмірі бар капитал қозғалысына байланысты валюталық шарт немесе шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот бойынша есептерді ұсыну талап етілмейді:
борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау арқылы оны тарату туралы сот шешімі;
респонденттің салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің шешімі.
Аталған шешімдердің көшірмелері Ұлттық Банкке ұсынылады.
Есептерді ұсыну соттың банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарымы шығарылған, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім қабылданған немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі жойылған жағдайда, сондай-ақ салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімде көрсетілген мерзім өткеннен кейін, респондент көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қызметін қайта бастаған кезде немесе мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімді жойған жағдайда қайта басталады.
30. Уәкілетті банк капитал қозғалысына байланысты валюталық шарттар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ резиденттердің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы өз шоттарынан (өз шоттарына) ақша аударымдары туралы мәліметтерді "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынады.
4-параграф. Банктердің, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары жүргізген валюталық операциялар туралы хабарламасы және (немесе) олар туралы мәліметтер ұсынуы
31. Банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онынан) (қоса алғанда) кешіктірмей, тоқсан сайын Ұлттық Банктің орталық аппаратына банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы бейрезиденттерден тартқан, есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар қаржылық қарыздарды, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді игеру және қызмет көрсету туралы есепті Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Есеп шеңберінде банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Ұлттық Банктің сұрау салуы бойынша қаражатты игеру және берешекті өтеу жөніндегі болжамдық деректер туралы ақпаратты ұсынады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!32-тармағының қолданысы 12.07.2026 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакциясы қолданыста болады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
32. Банктер, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары Ұлттық Банкке Қағидаларға сәйкес талап етілетін ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді, есептерді) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру рәсімдерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық тәсілмен ұсынады.
5-параграф. Жекелеген жағдайлар
33. Егер капитал қозғалысына байланысты валюталық шартқа есептік нөмір беру туралы өтініш Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) болып табылатын валюталық шарттың қатысушысы тарапынан берілсе, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беру туралы өтініште капитал қозғалысына байланысты валюталық шарттың қатысушысы ретінде резидент заңды тұлға көрсетіледі және валюталық операцияның осы резидент заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арқылы жүзеге асырылатыны туралы белгі қойылады. Мәліметтерді, есептерді және құжаттарды ұсыну резидент заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арқылы жүзеге асырылады. Резидент заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) өз орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасайды.
34. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан резидент заңды тұлғаның филиалының (өкілдігінің) капитал қозғалысына байланысты валюталық шартына немесе шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотына есептік нөмір беру үшін резидент заңды тұлға өтініш жасайды. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру туралы өтініште валюталық операцияның жүзеге асырылатыны немесе шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында шоттың осы резидент заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арқылы ашылғаны туралы белгімен резидент заңды тұлға көрсетіледі. Мәліметтерді, есептерді және құжаттарды ұсыну резидент заңды тұлға арқылы жүзеге асырылады.
35. Бірнеше резиденттер (бейрезиденттер) қатысатын капитал қозғалысына байланысты валюталық шартқа Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген шекті мәннен асқан жағдайда, осындай валюталық шарт шеңберінде резиденттер мен бейрезиденттер арасында Қазақстан Республикасына мүліктің (ақшаның) жалпы түсімінің (Қазақстан Республикасынан берудің) және (немесе) міндеттемелердің (талаптардың) туындауы бойынша есептік нөмір беріледі.
36. Тараптарының арасында резидент жоқ капитал қозғалысына байланысты валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін мүліктің (ақшаның) алушысы (жөнелтушісі) болып табылатын не бейрезидент алдында міндеттемелері немесе бейрезидентке талаптары туындайтын резидент өтініш жасайды.
37. Бірнеше резидент-қатысушылары бар капитал қозғалысына байланысты валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін осындай валюталық шарт сомасының басым бөлігі тиесілі резидент-тарап өтініш жасайды, ал мұндай тарап болмаған жағдайда – бейрезидент алдындағы міндеттемелерді бірінші болып орындауды бастаған (бастаған) резидент-тарап өтініш жасайды. Өзге жағдайларда капитал қозғалысына байланысты валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін валюталық шарт тараптарының бірі болып табылатын резиденттердің бірі өтініш жасайды.
Есептік нөмір беру үшін жүгінген резидент капитал қозғалысына байланысты валюталық шарттың басқа резидент-тараптарының есептік нөмір беру үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жүгінуге берген жазбаша келісімдерін ұсынады. Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беру туралы өтініште капитал қозғалысына байланысты валюталық шарттың барлық резидент-қатысушылары көрсетіледі.
Капитал қозғалысына байланысты валюталық шарттың басқа резидент-қатысушылары бейрезиденттің пайдасына төлем және (немесе) ақша аудару кезінде және (немесе) бейрезиденттен ақша алған кезде уәкілетті банкке есептік нөмір берілгені туралы белгісі бар капитал қозғалысына байланысты валюталық шарттың көшірмесін ұсынады.
Қағидалардың осы тарауының 3-параграфында көзделген мәліметтерді, есептерді және құжаттарды ұсынуды есептік нөмір беруге өтініш білдірген резидент жүзеге асырады.
Валюталық шартқа қатысушы басқа резиденттің (жеке тұлғаның) тұрақты тұратын немесе тіркелген жері бойынша не осындай резиденттің жазбаша келісімі болған кезде есептік нөмір беруге өтініш жасаған резиденттің (заңды тұлғаның) орналасқан жері бойынша айқындалатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына оның жазбаша өтініші негізінде мәліметтерді, есептерді және құжаттарды ұсынуына жол беріледі.
Есептік нөмірді алған резиденттің жазбаша келісімі болған жағдайда, есептік нөмір алған резиденттің тұрақты тұратын немесе тіркелген жері (жеке тұлға үшін) не орналасқан жері (заңды тұлға үшін) бойынша айқындалатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына валюталық шарттың резидент-қатысушылары бейрезиденттің (бейрезиденттердің) алдындағы өз міндеттемелерін орындау бөлігінде мәліметтерді, есептерді және құжаттарды өз бетінше тапсыруына, осындай резиденттердің жазбаша өтініші негізінде жол беріледі.
Мәліметтер, есептер және құжаттар есептік нөмір алған резиденттің тұрақты тұратын немесе тіркелген жері (жеке тұлға үшін) не орналасқан жері (заңды тұлға үшін) бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ұсынылады.
38. Бірнеше резидент-қатысушылары бар капитал қозғалысына байланысты валюталық шарт резидент-қатысушылардың барлығынан міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін, есептік нөмір алған резиденттің тұрақты тұратын немесе тіркелген жері (жеке тұлға үшін) не орналасқан жері (заңды тұлға үшін) бойынша айқындалатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы арқылы есептік нөмірлер тізілімінен шығарылады.
39. Шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында "эскроу-шот" режимінде шот ашылған жағдайда есептік нөмір беру үшін шот өз атына ашылған резидент заңды тұлға өтініш жасайды. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру туралы өтініште шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында шот ашқан тұлға да көрсетіледі.
40. Егер есептік нөмір аралас шартқа беріліп, валюталық шарт шеңберінде капитал қозғалысына байланысты әрбір валюталық операция бойынша әртүрлі нысандарда есептер ұсыну көзделсе, аралас шарт шеңберінде капитал қозғалысына байланысты әрбір валюталық операция бойынша жеке есеп ұсынылады.
41. Негізгі активті қолдану немесе іске асыру мақсатында сатып алынатын және негізгі активтен бөлек берілмейтін (сатылмайтын) туынды қаржы құралына байланысты валюталық операциялар негізгі активпен жасалатын валюталық операциялар ретінде қарастырылады.
3-тарау. Өтпелі ережелер
42. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік алынған валюталық шарт немесе шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот, Қағидалардың 43-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, есептік нөмірлер тізіліміне енгізілген болып саналады. Тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің нөмірі капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың, шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттың есептік нөмірі ретінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде және Ұлттық Банкке есептерді ұсыну барысында көрсетіледі. Осындай валюталық шарттар, шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар бойынша есептерді ұсыну, жаңа есептік нөмір беру, есептік нөмірлер тізілімінен шығару Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
43. Бейрезиденттен алынған қаржылық қарыз бойынша банкке берілген хабарлама туралы куәлік капитал қозғалысы бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады және Қағидалардың 15-тармағында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ Қағидалардың 14-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде өз күшін жойды деп танылады.
44. Қағидалар қолданысқа енгізілген күнге тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлігі қолданыста болып қалған капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру резиденттің Ұлттық Банктің аумақтық филиалына еркін нысанда жүгінуі арқылы жүзеге асырылады: жеке тұлға үшін – тұрақты тұратын немесе тіркелген жері бойынша, заңды тұлға үшін – орналасқан жері бойынша. Бұл ретте бұрын рәсімделген тіркеу куәлігінің немесе хабарлама туралы куәліктің нөмірі мен күні Қағидалардың 13-тармағының екінші бөлігіне және 20-тармағының екінші бөлігіне сәйкес валюталық шарттың көшірмесіне көшіріледі.
45. Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап есептік нөмір беру талабы қолданылатын капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттар, шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттар Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін міндеттемелерді алғаш орындағанға, шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотты пайдалана отырып ақша аударғанға дейін Ұлттық Банктің аумақтық филиалында есепке алуға жатады.
Өтініш
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________________________________________ мекенжайы __________________________________________________________ ____________________________________________________________________ телефоны ___________________________________________________________ электрондық поштасы _________________________________________________
_____ капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа, шетел банкіндегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беруді; _____ есептік нөмірлердің тізілімінен есептік нөмірді алып тастауды сұраймын. (қажеттісін белгілеу керек) ___ жылғы "__" ________ №______________________ валюталық шарт Осы валюталық шарт, шетел банкіндегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік нөмірі (тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің нөмірі)_____________________________
Өтініш берушінің уәкілетті адамы: _______________ ___________ ___________________________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Орындаушы ___________ ____________________________________ телефоны __________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20___ жылғы "____" ___________
1-бөлім. Қаржылай қарыздар
1. Операция түрі (белгіленсін): 1) _____ резиденттің бейрезидентке берген қаржылай қарызы; 2) _____ бейрезиденттің резидентке берген қаржылай қарызы.
2. Валюталық шарттың резидент басқа қатысушылары: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның атауы, БСН ___________________________________________________________ ____________________________________________________________________
3. Валюталық шарттың бейрезидент қатысушылары: жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрақты тұратын елі (елдері)___________________________________________________________ ___________________________________________________________________ азаматтығы – елі (елдері) (егер тұрақты тұратын елімен сәйкес келмейтін болса, толтырылады) ______________________________________________________ заңды тұлға үшін: атауы, тіркелген елі, тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _________________________________________________________ ___________________________________________________________________ __________________________________________________________________
4. Валюталық шарттың сомасы ________________________________________ (валюталық шарттың валютасында)
5. Шарт валютасы __________________________________________________
6. Бейрезиденттiң резидентке қатысы (белгiленсiн): 1) _____ бейрезиденттің резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары дауыстарының 10 (он) пайызын және одан астамын тікелей иелік етуі; 2) _____ бейрезиденттің резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары дауыстарының 10 (он) пайызын және одан астамын жанама иелік етуі; 3) _____ резиденттің бейрезиденттің дауыс беруші акцияларының, қатысушылары дауыстарының 10 (он) пайызын және одан астамын тікелей иелік етуі; 4) _____ резиденттің бейрезиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары дауыстарының 10 (он) пайызын және одан астамын жанама иелік етуі; 5) _____ резидент және бейрезидент бір-біріне ешқандай бақылау жасай алмайды және әсер ете алмайды, бірақ резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары дауыстарының кемінде 10 (он) пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін бір инвестордың бақылауында немесе ықпалында болады; 6) _____ өтініштің осы тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілмеген жағдайлар.
7. Операцияның қысқаша сипаттамасы (ақы төлеу бойынша нұсқау, қаражат қозғалысының схемасы және басқасы) ___________________________________ ____________________________________________________________________
8. Агент (оператор, ұйымдастырушы) туралы мәлiметтер (бар болса): резидент ___
бейрезидент ___ (белгiленсiн) атауы
_______________________________________________________________ резиденттің
БСН _____________________________________________________ бейрезиденттің
тіркелген елі, тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9. Қаражаттың түсу және берешектi өтеу графигі
шарт валютасының мың бiрлiгi
Қарыз алушының кредитке қызмет көрсетуi бойынша төлемдер | ||||
сомасы | күні | негізгі борышты өтеу | сыйақыны төлеу | |
1 | Б | 2 | 3 | |
ЖИЫНЫ | ||||
оның iшiнде өтiнiш беру күнi | ||||
10. Ескертпе _________________________________________________________
____________________________________________________________________
2-бөлім. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен, қатысу үлестерімен және туынды қаржы құралдарымен операциялар
1. Операция түрі (белгіленсін):
1) _____ бейрезиденттің капиталына қатысу;
2) _____ резиденттің капиталына қатысу;
3) _____ бейрезидент эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарымен операциялар;
4) _____ резидент эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарымен операциялар;
5) _____ депозитарлық қолхаттармен операциялар;
6) _____ туынды қаржы құралдарымен операциялар;
7) _____ бейрезидент үшінші тұлғаның капиталына қатысуды сатып алу-сату операциялары;
8) _____ резидент үшінші тұлғаның капиталына қатысуды сатып алу-сату операциялары.
2. Валюталық шарттың резидент басқа қатысушылары:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның атауы,
БСН __________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Валюталық шарттың бейрезидент қатысушылары:
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрақты тұратын елі (елдері)
__________________________________________________________
____________________________________________________________________
азаматтығы – елі (елдері) (егер тұрақты тұратын елімен сәйкес келмейтін болса, толтырылады)
______________________________________________________
заңды тұлға үшін: атауы, тіркелген елі, тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
_________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Валюталық шарттың сомасы ________________________________________
(валюталық шарттың валютасында)
5. Шарт валютасы ___________________________________________________
6. Бейрезиденттің резидентке қатысы (3), 4) операция түрлері үшін толтырылады):
1) _____ бейрезиденттің резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары дауыстарының 10 (он) пайызын және одан астамын тікелей иелік етуі;
2) _____ бейрезиденттің резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары дауыстарының 10 (он) пайызын және одан астамын жанама иелік етуі;
3) _____ резиденттің бейрезиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары дауыстарының 10 (он) пайызын және одан астамын тікелей иелік етуі;
4) _____ резиденттің бейрезиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары дауыстарының 10 (он) пайызын және одан астамын жанама иелік етуі;
5) _____ резидент және бейрезидент бір-біріне ешқандай бақылау жасай алмайды және әсер ете алмайды, бірақ резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары дауыстарының кемінде 10 (он) пайызын тікелей немесе жанама иелік ететін бір инвестордың бақылауында немесе ықпалында болады;
6) _____ өтініштің осы тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілмеген жағдайлар.
7. Өтініш берілген күні валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау:
Бенефициар | Күні | Міндеттемелерді орындау түрі | Сомасы, мың бірлік | Валютасы | |
8. Инвестор туралы мәлiметтер (егер өтiнiш берушi инвестор болып табылса, толтырылмайды):
резидент _____ бейрезидент _____ (белгiленсiн)
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), резиденттің ЖСН, бейрезиденттің тұрақты тұратын елі (елдері)
______________________________
____________________________________________________________________
бейрезиденттің азаматтығы – елі (елдері) (егер тұрақты тұратын елімен сәйкес келмейтін болса, толтырылады)
_________________________________________
____________________________________________________________________
заңды тұлға үшін: атауы, резиденттің БСН, бейрезиденттің тіркелген елі, бейрезиденттің тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Сатушы туралы мәлiметтер (егер өтiнiш берушi сатушы болып табылса, толтырылмайды):
резидент _____ бейрезидент _____ (белгiленсiн)
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), резиденттің ЖСН, бейрезиденттің тұрақты тұратын елі (елдері)
_____________________________
____________________________________________________________________
бейрезиденттің азаматтығы – елі (елдері) (егер тұрақты тұратын елімен сәйкес келмейтін болса, толтырылады)
________________________________________
____________________________________________________________________
заңды тұлға үшін: резиденттің атауы, БСН, бейрезиденттің тіркелген елі, бейрезиденттің тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
10. Инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер (егер өтiнiш берушi инвестициялау объектiсi болып табылса, толтырылмайды):
резидент _____ бейрезидент _____ (белгiленсiн)
резиденттің атауы, БСН, бейрезиденттің тіркелген елі, бейрезиденттің тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Инвестициялау объектiсiнiң капиталы (капиталға қатысу операциялары бойынша толтырылады):
Валюталық шарт бойынша операция жүргiзілгенге дейiн | Валюталық шарт бойынша операция жүргiзілгеннен кейiн | ||||
сомасы | валютасы | сомасы | валютасы | ||
Инвестициялау объектiсiнiң жарғылық капиталы, құрылтай құжаттары бойынша валютаның мың бiрлiгi | |||||
оның iшiнде инвесторлар бойынша | |||||
Инвестициялау объектiсiнiң капиталы (жарғылықтан өзгеше), құн бойынша көрсетудегі пайлар, валютаның мың бiрлiгi | |||||
оның iшiнде инвесторлар бойынша | |||||
Инвестордың (инвесторлардың) инвестициялау объектiсi капиталындағы үлесi, %-бен | |||||
оның iшiнде инвесторлар бойынша | |||||
12. Инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат (акциялармен операцияларды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):
13. Борыштық бағалы қағаздар туралы мәліметтер:
ISIN ________________________________________________________________
бағалы қағаздардың саны __________________________________________ дана
бір бағалы қағаздың номиналдық құны ______________________ валюта бірлігі
шығарылым валютасы ________________________________________________
14. Инвестициялық қорлардың пайлары туралы мәліметтер:
қор түрі (акционерлік, пайлық, ашық, жабық, аралық, өзге (көрсетілсін)
___________________________________________________________________
басқарушы компания _________________________________________________
____________________________________________________________________
(атауы, бейрезиденттің тіркелген елі, бейрезиденттің тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
15. Туынды қаржы құралдары туралы мәліметтер:
туынды қаржы құралының түрі (белгіленсін):
_____ опцион, _____ форвард, _____ фьючерс, _____ өзге
(ашып жазу)
____________________________________________________________________
туынды қаржы құралының базалық активінің атауы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бағалы қағаздың ISIN _________________________________________________
16. Ескертпе _________________________________________________________
____________________________________________________________________
3-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа операциялары және оған теңестірілген операциялар
1. Операция түрі (белгіленсін):
1) _____ жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алу;
2) _____ зияткерлiк меншiк объектiлерiне айрықша құқықты толық сатып алу;
3) _____ бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау;
4) _____ ақша мен өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға, трастқа беру;
5) _____ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына клиенттерге тиесілі ақшаны және (немесе) қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін арналған шоттарға ақша мен қаржы құралдарын аудару;
6) _____ ақшаны, жылжымайтын мүлікті және өзге валюталық құндылықтарды өтеусіз беру.
2. Валюталық шарттың резидент басқа қатысушылары:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның атауы,
БСН__________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Валюталық шарттың бейрезидент қатысушылары:
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрақты тұратын елі (елдері)
__________________________________________________________
____________________________________________________________________
азаматтығы – елі (елдері) (егер тұрақты тұратын елімен сәйкес келмейтін болса, толтырылады)
_______________________________________________________
заңды тұлға үшін: атауы, тіркелген елі, тіркелген елінің сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
__________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Валюталық шарттың сомасы _________________________________________
(валюталық шарттың валютасында)
5. Шарт валютасы ____________________________________________________
6. Өтiнiш берiлген күнi валюталық шарт бойынша ұсынылған ақша және өзге мүлік:
Бенефициар | Күні | Міндеттемелерді орындау түрі | Сомасы, мың бiрлiк | Валютасы | |
7. Ескертпе __________________________________________________________
____________________________________________________________________
4-бөлім. Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот
1. Шот түрі (белгіленсін):
1) _____ резиденттің, Қазақстан Республикасында орналасу орнымен резидент филиалдың (өкілдіктің) ағымдағы шоты;
2) _____ Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасу орнымен резидент филиалдың (өкілдіктің) ағымдағы шоты;
3) _____ резидент салымы;
4) _____ резиденттің аллокирленбеген металл шоты;
5) _____ өзгелері (ашып жазылсын) _____________________________________
2. Шот ашқан резиденттің филиалы (өкілдігі) _____________________________
____________________________________________________________________ (атауы, елі, мекенжайы)
3. Шетелдік банк, халықаралық қаржы ұйымы ____________________________
____________________________________________________________________
(атауы, мекенжайы, ақпаратты аудару және төлемдерді жасау халықаралық
банкаралық жүйедегі нөмірі (SWIFT) және өзге банктік деректемелері)
4. Шот нөмірі ________________________________________________________
Шот валютасы _______________________________________________________
5. Шот талаптары (бар болса):
Шот бойынша сыйақы (мүдделік) мөлшерлемесі (жылдық %)
_________________________________________________________________
(өзгермелі пайыздық мөлшерлеме жағдайында, оны есептеу негізі мен маржа мөлшері көрсетіледі)
_____ овердрафт рұқсат етіле ме (осы шот шеңберінде шетелдік банктің, халықаралық қаржы ұйымының кредиттеуі)
_____ басқалары (ашып жазылсын) _____________________________________
____________________________________________________________________
6. Ескерте ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
| "Өтініш" нысанына қосымша |
"Өтініш" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. 1, 2, 3 және 4-бөлімдер капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа, шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шотқа есептік нөмір беру туралы өтініш берілген кезде толтырылады. Толтырылмаған бөлімдер ұсынылмайды.
Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде қарапайым серіктестік (консорциум) құрылған жағдайда, осы операцияның резидент-заңды тұлға тарапынан бухгалтерлік баланста танылуына сәйкес 2-бөлім немесе 3-бөлім толтырылады.
2. Бейрезидент жеке тұлғаның тұрақты тұратын елі оның азаматтығына немесе шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес берілген құқық негізінде көрсетіледі.
3. "Ескертпе" жолында өтініш беруші көрсету қажет деп санайтын шарт талаптары, оның ішінде валюталық шарт сомасы бекітілмеген жағдайда, оның қалыптасу тәсілі (тәртібі) көрсетіледі.
4. 1-бөлімнің 9-тармағында резидентке қаражаттың түсуі және оның валюталық шарт бойынша берешекті өтеуі туралы (резиденттерге бейрезиденттер берген қаржылық қарыздар бойынша), сондай-ақ бейрезидентке қаражаттың түсуі және оның берешекті өтеуі туралы (бейрезиденттерге резиденттер берген қаржылық қарыздар бойынша) ақпарат шарт валютасының мың бірлігінде көрсетіледі. Егер қарыз мультивалюталық болса, сома Америка Құрама Штаттарының мың долларында көрсетіледі.
А бағанында қаражаттың ақшалай нысанда да, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар, қызметтер түрінде де нақты және (немесе) болжамды (болашақтағы) түсу күні, ал 1-бағанда – нақты және (немесе) болжамды (болашақтағы) түсім сомасы көрсетіледі. Егер шарт сомасы айқындалмаған болса, 1-бағанда тек қаражаттың нақты түсуі туралы ақпарат көрсетіледі.
Берешекке қызмет көрсету бойынша төлемдер (ақшалай және өзге нысандарда) туралы ақпарат Б, 2 және 3-бағандарда көрсетіледі. Б бағанында төлемді жүзеге асырудың нақты және (немесе) болжамды (болашақтағы) күні көрсетіледі. 2 және 3-бағандарда тиісінше негізгі қарызды өтеу және сыйақыны төлеу көрсетіледі. Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда, сыйақыны төлеудің болжамды сомасы, егер валюталық шартта өзгеше белгіленбесе, өтініш (хабарлама) берілген күнгі базалық мәніне сүйене отырып есептеледі.
Резидент немесе бейрезидент аванстық төлемдерді жүзеге асырған жағдайда, Б және 2-бағандарда тиісті төлемді жүзеге асыру күні мен сомасы көрсетіледі.
1 және 2-бағандардағы қорытынды сома бір-біріне тең болады және шарт сомасына немесе шарт сомасы айқындалмаған жағдайда, өтініш берілген күнгі қаражаттың нақты түсу сомасына тең болады.
Ұзарту опционы болған жағдайда, Б бағанында негізгі шартта белгіленген өтеу мерзімі көрсетіледі.
Есептік нөмірді беруге жүгінгенге дейін жүзеге асырылған валюталық операциялардың жалпы сомасы "оның ішінде өтініш берілген күнге" жолының тиісті бағандарында көрсетіледі.
"Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 14-тармағына сәйкес жаңа есептік нөмір берілген жағдайда, шарт бойынша міндеттемелердің нақты орындалуын "оның iшiнде өтiнiш беру күнi" жолы бойынша ғана көрсетуге жол беріледі.
5. 2-бөлімнің 1-тармағында көрсетілген операция түрлері бойынша 2-бөлімнің мынадай тармақтары толтырылады:
капиталға қатысу операциялары бойынша – 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 14-тармақтар;
борыштық бағалы қағаздармен операциялар бойынша – 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 13-тармақтар;
туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша – 2, 3, 4, 5, 7 және 15-тармақтар, ал егер базалық актив бағалы қағаз болса – қосымша 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар.
6. 2-бөлімнің 7-тармағындағы және 3-бөлімнің 6-тармағындағы "Міндеттемені орындау түрі" бағанында валюталық шарт бойынша міндеттемені орындау түрі көрсетіледі:
1) төлемдер және (немесе) ақша аударымдары түрінде;
2) тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) түрінде;
3) активті беру түрінде (бағалы қағаздар, қатысу үлестері, инвестициялық қорлардың пайлары, жылжымайтын мүлік, зияткерлік меншік объектісіне құқық, ашып жазуды талап ететін өзге де актив түрлері);
4) өзге де (ашып жазуды талап етеді).
7. 4-бөлімнің 1-тармағында шоттың түрі көрсетіледі. Егер шот Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан резиденттің филиалына (өкілдігіне) шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында ашылған болса, осындай филиалдың (өкілдіктің) деректемелері көрсетіледі.
4-бөлімнің 3-тармағында шот ашылған шетелдік банктің немесе халықаралық қаржы ұйымының деректемелері көрсетіледі. 4-бөлімнің 4 және 5-тармақтарында шоттың деректемелері (нөмірі, валютасы) және оның талаптары көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: есептік нөмірін алған резиденттің тұрақты тұрғылықты жері немесе тіркелген жері (жеке тұлға үшін) немесе орналасқан жері (заңды тұлға үшін) бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ПР-К/Э-2
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: _____ жылғы _____ тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: резидент
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онына) (қоса алғанда) дейін
БСН/ЖСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік нөмірі _______________
Шарттың валютасы ______________________________________________
валюталық шарт валютасының мың бірлігі
Ескертпе ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Резидент ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы _________________________________________________________
____________________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
____________________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
____________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
Қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп (индексі – ПР-К/Э-2, кезеңділігі – тоқсан сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды Қазақстан Республикасының резиденттері есептік нөмір берілген қаржылай қарыздың валюталық шарттары бойынша тоқсан сайын ұсынады.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам (заңды тұлғалар үшін) және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. 1-бағанда төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, тауарлар жеткізу (жұмысты орындау, қызмет көрсету), активтерді беру, міндеттемелерді өзгеше орындау түрінде қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету, 2-бағанда – төлемдер және (немесе) ақша аударымдары түрінде ғана көрсетіледі.
5. Коды 10-жолда есепті кезеңде орташа алынған таза (салықтарды есептемегендегі) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық %) көрсетіледі. Сыйақы мөлшерлемесі жүз бір үлеске дейін дөңгелектей отырып, сан түрінде көрсетіледі. Егер кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болса, онда мөлшерлеменің есепті кезеңдегі базалық мәнін пайдалану керек. Егер сыйақы мөлшерлемесі нөлдік болса, нөлдік мәндері қойылады.
Егер Нысан нөлдік мәнмен ұсынылса, онда коды 10-жол толтырылмайды.
6. 1, 2, 3 және 4-бөлімдерде сома валюталық шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі. Егер қарыз мультивалюталық болса, сома мың Америка Құрама Штаттарының долларымен көрсетіледі. Пайда болған бағамдық айырма басқа да өзгерістерде көрсетіледі (кодтары 14, 31, 44, 61, 75 және 85-жолдар).
1-бөлімде негізгі борышты игеру мен өтеу бойынша ақпарат, 2-бөлімде – сыйақы (егер сыйақы валюталық шартта көзделсе) есептеу мен төлеу бойынша ақпарат, 3, 4-бөлімдерде – 1, 2-бөлімдерде көрсетілмеген өзге операциялар бойынша (бар болса): 3-бөлімде – қарыз алушының өзінің операциялары бойынша, 4-бөлімде – қарыз алушының пайдасына операциялар бойынша ақпарат көрсетіледі.
Сыйақыға салық бойынша ақпарат 2-бөлімде, басқа салықтар (бар болса) бойынша 3, 4-бөлімдерде көрсетіледі.
1, 2-бөлімдер қарыз алушының кредиторға талаптарын (бар болса) (1-бөлік) және қарыз алушының кредитордың алдындағы міндеттемесін (2-бөлік) қамтиды.
Қарыз алушының кредиторға негізгі борыш (сыйақы) бойынша берілген аванстары (алдын ала ақылар) бар болса (1-бөлік), қарыз алушының кредитор алдындағы міндеттемелер туралы ақпарат (2-бөлік) аванстар толық өтелгеннен кейін толтырылады.
7. Есепті кезеңнің басындағы берешек (кодтары 11, 16, 17, 41, 46, 47, 69 және 79-жолдар) өткен есепті кезеңнің соңындағы берешекке (тиісінше кодтары 15, 33, 34, 45, 62, 63, 76 және 86-жолдар) тең. Салық бойынша берешекті қоса алғанда, берешек көрсетіледі.
8. Борышты өтеу (коды 22-жол) ақша, тауарлар, жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрінде өтеуді қамтиды.
Қаражатты (борыш, сыйақы, комиссиялар, айыппұлдар және басқа төлемдер – кодтары 24, 54, 71 және 81-жолдар) кешіру ретінде қарыз алушы өтемеген борыштық міндеттеменің кредитор мен қарыз алушының уағдаластығы негізінде ішінара немесе толық ерікті түрде азаюы танылады.
Қаражатты (борыш, сыйақы, комиссиялар, айыппұлдар және басқа төлемдер – кодтары 30, 60, 72 және 82-жолдар) есептен шығару мыналарды:
1) резиденттің бейрезидент жойылған (қайтыс болған) жағдайда қаражатты (баланстан тыс) біржақты тәртіппен есептен шығаруды;
2) резидент заңды тұлғаның банкроттығы кезінде қаражатты өтелген деп тануды (таратылған резиденттің мүлігінің жетіспеушілігінен қанағаттандырылмаған, тарату балансы бекітілгенге дейін мәлімделмеген кредитор бойынша, тарату комиссиясы танымаған кредитордың талаптары) білдіреді.
Қарыз алушының (кредитордың) резиденттігі өзгерген кезде қарыз алушы мен кредитор арасындағы міндеттемелер есепте есептен шығарылғандар ретінде (кодтары 30, 60, 72 және 82-жолдар) көрсетіледі.
Кредиттің игерілмеген бөлігін жою (коды 32-жол) дегеніміз қарыз алушының алмаған (игерілмеген) валюталық шартта көзделген кредиттік қаражатының бір бөлігінің азаюын білдіреді.
9. Кодтары 18, 19, 27, 28, 48, 49, 57 және 58-жолдар шартқа қатысушылар өзгерген кезде, оның ішінде бұрын Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес берілгеннің орнына жаңа есептік нөмір берілген кезінде:
кодтары 18, 27, 48 және 57-жолдар – талап ету құқығын басқаға беру (борышты аудару) немесе өзге де келісімдер нәтижесінде бастапқы кредитор және жаңа кредитор (бастапқы борышкер және жаңа борышкер) бірмезгілде резиденттер болып табылса немесе бірмезгілде бейрезиденттер болып табылса;
кодтары 19, 28, 49 және 58-жолдар – талап ету құқығын басқаға беру (борышты аудару) немесе өзге де келісімдер нәтижесінде бастапқы кредитор және жаңа кредитор (бастапқы борышкер және жаңа борышкер) резидент (бейрезидент) және бейрезидент (резидент) болып табылса толтырылады.
Кодтары 29, 59-жолдар бұрын Қағидалардың 14-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша берілген есептік нөмірдің орнына жаңа есептік нөмір берілгенде толтырылады.
10. Коды 50-жол бойынша осы сыйақыдан салықты қоса алғанда, есепті кезеңде есептелген сыйақы көрсетіледі. Есепті кезеңде нақты төленген салық есепті кезеңде нақты төленген сыйақымен бірге коды 52-жол бойынша көрсетіледі. Бұл ретте есепті кезеңде төленген салық есепті кезеңнен бұрын есептелген сыйақыға жатқызылуы мүмкін.
2-бағанда ақша түріндегі сыйақы мен салықтың нақты төлемі көрсетіледі.
Есепті кезеңде тек сыйақыны төлемей салықты төлеу кезінде салықты төлеу 1-бағанда және 2-бағанда көрсетілуі тиіс.
11. Ақшаны қайтару (төлемді орындамай қайтару) басқа да өзгерістерде (кодтары 31, 61, 74 және 84-жолдарда) көрсетіледі.
12. Кодтары 25, 26, 31, 55, 56, 61, 74, 75, 84 және 85-жолдар Нысанға ескертпеде, оның ішінде активтің және (немесе) қарыз алушының борыштық міндеттемелерінің сипаттамасына ашып жазуды қажет етеді.
13. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен беріледі.
14. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Қағидалардың 23-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.
| Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: есептік нөмірін алған резиденттің тұрақты тұрғылықты жері немесе тіркелген жері (жеке тұлға үшін) немесе орналасқан жері (заңды тұлға үшін) бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ПР-И/Г-3
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: ______ жылғы _____ тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: резидент
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онына) (қоса алғанда) дейін
БСН/ЖСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік нөмірі _______________
мың Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) доллары
Ескертпе ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Резидент ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы _________________________________________________________
____________________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
____________________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
____________________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп (индексі - ПР-И/Г-3, кезеңділігі - тоқсан сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды Қазақстан Республикасының резиденттері есептін нөмірі берілген инвестициялау объектісінің капиталына қатысудың валюталық шарттары бойынша тоқсан сайын ұсынады.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам (заңды тұлғалар үшін) және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. Нысанды толтыру мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестициялау объектісі - акциялары, қатысу үлестері, пайлары сатып алынатын (сатып алынған) заңды тұлға, инвестициялық пай қоры, сондай-ақ мүлігіне мүліктік жарна енгізілетін (енгізілген) заңды тұлға, жай серіктестік, консорциум. Депозитарлық қолхаттармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда инвестициялау объектісі олардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаз эмитенті болып табылады;
2) инвестор - инвестициялау объектісіне меншік құқығы өтетін (өткен) жеке немесе заңды тұлға.
5. Нысан жарғылық капиталға (акцияларымен, қатысу үлестерімен, пайлармен), жарғылық капиталға қарағанда өзге капиталға қатысу операциялары бойынша ұсынылады.
Резиденттің инвестициялаудың бір объектісінің капиталына қатысу операциялары бойынша берілген бірнеше есептік нөмірлер бойынша 1-бөлікті толтыруына рұқсат етіледі. Бұл жағдайда Нысан ұсынылатын барлық есептік нөмірлердің нөмірлері көрсетіледі.
6. Егер резидент заңды тұлға оның капиталына қатысу операциялары бойынша берілген есептік нөмірлерді алса, онда 1, 2-бағандарда және одан әрі 1-бөлікте жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), әрбір бейрезидент заңды тұлғаның атауы және оның резиденттің капиталына қатысуы туралы ақпарат жеке көрсетіледі.
Егер резидент берілген есептік нөмірлерді бейрезиденттің капиталына қатысу операциялары бойынша басқа резиденттермен бірлесе отырып алса, онда 1, 2-бағандарда және одан әрі 1-бөлікте жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), әрбір резидент заңды тұлғаның атауы және оның бейрезиденттің капиталына қатысуы туралы ақпарат жеке көрсетіледі.
Инвестициялық объектіні сатып алушы мен сатушы арасындағы операциялар бойынша резиденттің бейрезидентке талабы болған жағдайда 1 және 2-бөліктер, резиденттің бейрезидентке міндеттемесі болған жағдайда 1 және 3-бөліктер толтырылады. Егер резидент берілген есептік нөмірлерді бейрезиденттен резидент үшінші тұлғаның акцияларын, капиталындағы қатысу үлестерін сатып алу (бейрезидентке сату) операциялары бойынша алған болса, онда 1-бөлік толтырылмайды.
7. Сома мың АҚШ долларымен көрсетіледі.
Есепті кезеңдегі операциялар олардың нақты құны бойынша көрсетіледі. Өзге валютамен көрсетілген сома операция жүзеге асырылған күндегі немесе есепті кезеңнің соңындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып АҚШ долларына аударылады. Туындаған бағамдық айырма кодтары 32, 63 және 73-жолдар бойынша көрсетіледі.
Есепті кезеңнің басындағы қалдық (кодтары 10, 60 және 70-жолдар) әрбір баған бойынша есепті кезеңнің алдындағы кезеңнің соңындағы қалдыққа (тиісінше кодтары 39, 64 және 74-жолдар) тең.
8. Есепті кезеңдегі инвестициялау объектісінің капиталы құнының ұлғаюы (+) белгісімен, капитал құнының азаюы (-) белгісімен көрсетіледі.
Коды 31-жол Қағидалардың 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұрын берілген есептік нөмірдің орнына есептік нөмір берілген кезде толтырылады.
Кодтары 36 және 37-жолдар бойынша үшінші тұлғалардан (үшінші тұлғаларға) инвестициялау объектісін, оның ішінде бөліп төлеп сатып алған (сатқан), сыйға тартқан жағдайда инвесторға (инвестордың) инвестициялау объектісіне меншік құқығын нақты бергені көрсетіледі.
Ақшаны қайтару (төлемді орындаусыз қайтару) коды 38-жолда көрсетіледі.
9. Коды 41-жол бойынша төлем көзінен осы дивидендтерден ұсталатын салықты қоса алғанда, есепті кезеңде жарияланған дивидендтер көрсетіледі.
Кодтары 51, 52 және 53-жолдар бойынша есепті кезеңде инвесторларға нақты төленген дивидендтер төлем көзінен ұсталатын және есепті кезеңде төленген салық сомасымен бірге көрсетіледі. Бұл ретте есепті кезеңде төленген салық есепті кезеңнен бұрын жарияланған дивидендтердің салығы болуы мүмкін.
Есепті кезеңде дивидендтер төлемей тек салық төлеген кезде салық төлемі тиісінше кодтары 51, 52 және 53-жолдарда көрсетілуі керек.
Салық бойынша берешек коды 54-жол бойынша көрсетіледі.
10. Кодтары 60, 61, 61.1, 61.2, 62, 62.1, 62.2, 63, 64, 70, 71, 71.1, 71.2, 72, 72.1, 72.2, 73 және 74-жолдар инвестор алдын ала төлем немесе төлемді кейінге қалдырумен үшінші тұлғадан акцияларды, инвестициялау объектісінің қатысу үлестерін сатып алған (үшінші тұлғаға сатқан) кезде толтырылады. Резиденттің бейрезидентке талаптары туындаған кезде 2-бөлік толтырылады. Резиденттің бейрезидент алдында міндеттемелері туындаған кезде 3-бөлік толтырылады.
Тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету), өзге де ақшалай емес орындау түріндегі төлем Нысанға ескертпеде толық ашып жазуды талап етеді.
11. Кодтары 38, 63 және 73-жолдарды толтыру Нысанға ескертпеде толық ашып жазуды талап етеді.
12. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
13. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Қағидалардың 23-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.
| Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: есептік нөмірін алған резиденттің тұрақты тұрғылықты жері немесе тіркелген жері (жеке тұлға үшін) немесе орналасқан жері (заңды тұлға үшін) бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: міндеттемелердің орындалуы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ПР-Д-4
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы _________ тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: резидент
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онына) (қоса алғанда) дейін
БСН/ЖСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік нөмірі ____________
1-бөлім. Міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер
Міндеттемелерді орындау түрі | Төлем белгілеу коды | Активтің атауы | Жөнелтуші | Бенефициар | Күні | Валютасы | Сомасы, валютаның мың бірлігі | Ескертпе | |||
Резиденттік белгісі |
Атауы, тегі, аты, әкесінің аты | Резиденттік белгісі |
Атауы, тегі, аты, әкесінің аты | ||||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |
2-бөлім. Жинақталған құн және кіріс туралы мәліметтер
мың Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) доллары
Көрсеткіштердің атауы | Барлығы | |
Б | 1 | |
Есепті кезеңнің соңындағы жинақталған құн, | ||
ақша | ||
бағалы қағаздар, қатысу үлестері, оның ішінде: | ||
акциялар, инвестициялық қорлардың пайлары, ақша нарығының қорлары | ||
жылжымайтын мүлік | ||
басқасы (толық жазылсын) | ||
Резиденттің есепті кезеңдегі кірісі | ||
Бейрезиденттің есепті кезеңдегі кірісі |
Ескертпе
__________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Резидент______________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы _________________________________________________________
____________________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
_________________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
_________________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Міндеттемелердің орындалуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Міндеттемелердің орындалуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
Міндеттемелердің орындалуы туралы есеп (индексі - ПР-Д-4, кезеңділігі - тоқсан сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Міндеттемелердің орындалуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды Қазақстан Республикасының резиденттері бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен, жылжымайтын мүліктің меншік құқығымен, зияткерлік меншік объектілері, бірлескен қызмет құқығымен операцияларға есептік нөмірі берілген валюталық шарттар, сенімгерлік басқару, траст, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына ақша мен қаржы құралдарын беру, ақшаны, өзге де валюталық құндылықтарды және жылжымайтын мүлікті өтеусіз беру, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан резидент филиалдарының (өкілдігінің) шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттары бойынша тоқсан сайын ұсынады.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам (заңды тұлғалар үшін) және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. Нысанды толтыру мақсатында мына ұғымдар пайдаланылады:
бейрезидент эмитенттердің бағалы қағаздары - Қазақстан Республикасының және (немесе) эмитент елінің заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар деп танылатын қаржы құралдары, оның ішінде бейрезидент эмитенттердің бағалы қағаздары базалық активтері болып табылатын депозиторлық қолхаттар.
5. 1-бөлімде есепті кезеңде валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
2-бағанда валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау түрі көрсетіледі:
1) төлемдер және (немесе) ақша аударымдары түрінде;
2) тауар жеткізу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) түрінде;
3) активті (бағалы қағаздар, қатысу үлестері, инвестициялық қорлардың пайлары, жылжымайтын мүлік, зияткерлік меншік объектісіне арналған құқық, толық жазуды қажет ететін активтің өзге де түрлері) беру түрінде;
4) өзге (толық жазылсын).
Егер міндеттемені орындау ақша түрінде жүзеге асырылатын болса, онда 3-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі, 4-баған толтырылмайды, ал 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарда ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжаты негізінде ақша жөнелтуші, ақша бенефициары, төлем күні, төлем валютасы, төлем сомасы төлем валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.
Нысанда төлемдер және (немесе) ақша аударымдары салықпен бірге көрсетіледі. Нысанда ақшаны қайтару (төлемді орындамай қайтару) көрсетіледі.
Егер міндеттемелерді орындау активті беру түрінде жүзеге асырылатын болса, онда 4-бағанда активтің атауы көрсетіледі, 3-баған толтырылмайды, ал 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарда активті беруші тұлға, активті қабылдаушы тұлға, активті беру күні, актив құнының валютасы, актив құнының сомасы шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.
Егер міндеттемелерді орындау жұмысты орындау, қызмет көрсету немесе өзге тәсілмен жүзеге асырылатын болса, онда 3, 4-бағандар толтырылмайды, ал 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарда міндеттемені орындайтын тұлға, міндеттемелердің орындалуын қабылдайтын тұлға, міндеттемелерді орындау күні, орындалған міндеттемелердің валютасы мен сомасы шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.
3, 5, 7-бағандар "Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларына сәйкес толтырылады. 10-баған "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес толтырылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот бойынша Нысанды берген кезде: Нысанда заңды тұлға осы филиалға (өкілдікке) осы шотқа жіберген, заңды тұлға осы филиалдан (өкілдіктен) осы шоттан жіберген ақшаны ішкі корпоративтік аудару көрсетіледі.
6. 2-бөлімде есепті кезеңнің соңындағы жинақталған құн және есепті кезеңдегі кіріс туралы мәліметтер көрсетіледі.
2-бөлім мына жағдайларда толтырылады:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан заңды тұлғаның филиалына (өкілдігіне) ашылған шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот бойынша Нысанды ұсынған кезде: есепті кезеңнің соңында осы шотта ақша сомасының қалдығы, шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шот резидентке есепті кезеңде осы шот бойынша есептеген сыйақы, оның ішінде салым (салымдар) қоса көрсетіледі;
2) шетелде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алумен байланысты операциялар бойынша Нысанды ұсынған кезде: жылжымайтын мүліктің есепті кезеңнің соңындағы құны, резиденттің есепті кезеңдегі жылжымайтын мүліктен кірісі көрсетіледі;
3) ақша мен өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға, трастқа берген кезде берілген мүліктің есепті кезеңнің соңындағы құны, резиденттің (бейрезиденттің) есепті кезеңдегі кірісі, оның ішінде мүлікті басқарғаны үшін кірісі көрсетіледі;
4) клиенттердің атынан валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына ақша мен қаржы құралдарын аударуға байланысты операциялар үшін есепті кезеңнің соңындағы берілген мүліктің құны және есепті кезеңдегі резиденттің (бейрезиденттің) табысы клиенттерге тиесілі ақшаны және (немесе) қаржы құралдарын есепке алу және сақтау шоттарында көрсетіледі.
7. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
8. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Қағидалардың 23-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.
| Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: есептік нөмірін алған резиденттің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ПР-Ф-5
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы _________ тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: резидент заңды тұлға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онына) (қоса алғанда) дейін
БСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік нөмірі _______________
Шетелдік банктің, халықаралық қаржы ұйымының атауы, елі
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Шот валютасы __________________________________________________
шот валютасының мың бірлігі
Көрсеткіштердің атауы | Ағымдағы шот | Салым, осы ағымдағы шот шеңберінде ашылған салым | ||
Б | 1 | 2 | … | |
Есепті кезеңде шот бойынша сыйақы есептелетін мөлшерлеме (жылдық %) | ||||
Есепті кезеңнің басындағы қалдық | ||||
Кезең ішінде түскен барлық қаражат ((21) + (31) + (32)) | ||||
оның ішінде: | ||||
бейрезиденттерден ((22) + (23) + (24) + (25) + (26) + (27) + (28) + (29) + (30)): | ||||
тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан түсiм | ||||
тартылған қаржылай қарыздар бойынша | ||||
берілген қаржылай қарыздарды өтеуден | ||||
капиталға қатысу (акциялар, инвестициялық қорлардың пайлары) бойынша, оның ішінде бейрезидент-брокер арқылы | ||||
бағалы қағаздармен (акциялар мен пайлардан басқа) және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде бейрезидент-брокер арқылы | ||||
жылжымайтын мүлікті сатудан | ||||
бірлескен қызметтен | ||||
сыйақы және дивидендтер | ||||
оның ішінде осы шот бойынша сыйақы | ||||
өзге (толық жазылсын) | ||||
резиденттерден | ||||
Валюта конвертациясын қоса алғанда, басқа меншiктi банк шоттарынан аудару тәртiбiмен ((33)+(34)+(35)): | ||||
уәкiлеттi резидент-банктердегi банк шоттарынан | ||||
салымдар бойынша сыйақыны қоса алғанда, шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдардағы салымдардан | ||||
шоттар бойынша сыйақыны қоса алғанда, шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдардағы басқа да шоттардан | ||||
Кезең ішінде жұмсалған барлық ақша ((41) + (42) + (52) + (53)) | ||||
оның ішінде: | ||||
өз филиалдары мен өкілдіктерін күтіп ұстауға | ||||
бейрезиденттерге жұмсалған өзге шығыс ((43)+(44) +(45) + (46) + (47) + (48) + (49) + (50) + (51)): | ||||
тауар (жұмыс, қызмет) импортына | ||||
тартылған қаржылай қарыздарды өтеуге | ||||
қаржылай қарыздарды беруге | ||||
капиталға қатысу бойынша (акцияларды, инвестициялық қорлардың пайларын қоса алғанда), оның ішінде бейрезидент-брокер арқылы | ||||
бағалы қағаздармен (акциялар мен пайлардан басқа) және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде бейрезидент-брокер арқылы | ||||
жылжымайтын мүлiкті сатып алуға | ||||
бiрлескен қызметке | ||||
сыйақы және дивиденд төлеуге | ||||
өзге (толық жазылсын) | ||||
оның ішінде: | ||||
шетелдік банктің, халықаралық қаржы ұйымының комиссиясы | ||||
резиденттерге жұмсалған өзге шығыс | ||||
валюта конвертациясын қоса алғанда, басқа меншiктi банк шоттарына аудару тәртiбiмен ((54) + (55)+(55а)): | ||||
уәкiлеттi резидент-банктердегi банк шоттарына | ||||
шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдардағы салымдарға | ||||
шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдардағы басқа да шоттарға | ||||
Бағам айырмасына байланысты өзгерістер (+)/(-) | ||||
Есептi кезеңнiң соңындағы қалдық ((11) + (20) - (40)+ (56)) | ||||
Осы банктік шот бойынша шетелдік банктің, халықаралық қаржы ұйымының есепті кезеңде есептеген сыйақысы | ||||
Есепті кезеңде овердрафт үшін сыйақы есептелетін мөлшерлеме (жылдық %) | ||||
Есептi кезеңнiң басындағы қалдық | ||||
оның ішінде овердрафт үшін сыйақы бойынша қалдық | ||||
Шетелдік банктің, халықаралық қаржы ұйымының овердрафты ұсынуы (84) + (85) + (86) + (87) | ||||
оның ішінде: | ||||
өз филиалдары мен өкілдіктерін күтіп ұстауға | ||||
бейрезиденттерге жұмсалған өзге шығыс | ||||
резиденттерге жұмсалған өзге шығыс | ||||
валюта конвертациясын қоса алғанда, басқа меншікті банктік шоттарға аудару тәртібімен | ||||
Шетелдік банк, халықаралық қаржы ұйымы овердрафт үшін есепті кезеңде есептеген сыйақы | ||||
Шетелдік банкке, халықаралық қаржы ұйымына овердрафты өтеу | ||||
Шетелдік банкке, халықаралық қаржы ұйымына овердрафт үшін сыйақы төлеу | ||||
Есепті кезеңдегі овердрафт бойынша өзге де өзгерістер (толық жазылсын) | ||||
Есепті кезеңдегі сыйақы бойынша өзге де өзгерістер (толық жазылсын) | ||||
Есепті кезеңнің соңындағы қалдық ((81) + (83) + (88) - (89) - (90) + (91) + (92)) | ||||
оның ішінде овердрафт сыйақысы бойынша қалдық ((82) + (88) - (90) + (92)) | ||||
Ескертпе_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Резидент_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы__________________________________________________________
____________________________________________________________________
Телефоны____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
____________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
| "Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша |
Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп (индексі - ПР-Ф-5, кезеңділігі - тоқсан сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы шетелдік банктегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттың есептік нөмірі бойынша тоқсан сайын ұсынады.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. 1-бағанда шетелдік банкте, халықаралық қаржы ұйымында ашылған ағымдағы шот, салым, аллокирленбеген металл шот туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер ағымдағы шот шеңберінде салым ашылатын болса, онда мұндай салым туралы ақпарат 2-бағанда көрсетіледі. Егер ағымдағы шот шеңберінде бірнеше салым ашылатын болса, онда мұндай салымдар туралы ақпарат әрбір салым бойынша жеке көрсетіледі.
5. Коды 10-жолда таза (салықтарды есепке алмағанда) есепті кезеңдегі ағымдағы шот, салым бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі (жылдық %), коды 80-жолда овердрафт бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі көрсетіледі. Сыйақы мөлшерлемесі жүздік үлеске дейін дөңгелектеніп сан түрінде көрсетіледі. Егер сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болса, онда есепті кезеңдегі мөлшерлеменің базалық мәні пайдаланылады. Егер сыйақы мөлшерлемесі нөл болса, онда нөлдік мән қойылады.
Егер Нысан нөлдік мәндермен берілсе, онда кодтары 10, 80-жолдар толтырылмайды.
6. Сома шот (салым) валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.
Мультивалюталық шоттар (салымдар), сондай-ақ аллокирленбеген металл шоттар бойынша сома мың теңгемен көрсетіледі. Өзге валюталармен көрсетілген сома тиісінше операция жүзеге асырылған күнгі немесе есепті кезеңнің соңындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, теңгеге аударылады. Туындайтын бағамдық айырма коды 56-жолда көрсетіледі.
7. Кодтары 34, 35, 55, 55а-жолдар толтырылған жағдайда ескертпеде одан (оған) ақша аударылатын шетел банкіндегі, халықаралық қаржы ұйымындағы шоттың есептік нөмірі көрсетілуі тиіс.
8. Овердрафт туралы ақпарат шетелдік банк, халықаралық қаржы ұйымы осындай овердрафт бойынша берілген есептік нөмірі болмаған жағдайда, шотты ашу талаптарына сәйкес осы шот бойынша резидент заңды тұлғаға овердрафт ұсынған кезде толтырылады.
Шетелдік банк, халықаралық қаржы ұйымы клиенттің шотында ақша жеткіліксіз болған немесе болмаған жағдайда оның есеп айырысу құжаттарын төлеуі үшін клиенттің шотын кредиттеуі овердрафтты білдіреді. Овердрафт кезінде банк, халықаралық қаржы ұйымы клиенттің шотындағы барлық ақшаны есептен шығарады және бір мезгілде клиентке клиенттің шотындағы ақшамен өтелмеген ақының бір бөлігіне қаржылай қарыз береді.
Пайда болған бағамдық айырмасы өзге де өзгерістерде көрсетіледі (кодтары 91, 92-жолдар).
9. Есепті кезеңнің басындағы қалдық (кодтары 11, 81, және 82-жолдар) алдыңғы есепті кезеңнің соңындағы қалдыққа (тиісінше кодтары 60, 93 және 94-жолдар) тең келеді.
10. Коды 29а, 70-жолдары бойынша осы сыйақыға салықтарды қоспағанда, есепті кезеңде есептелген сыйақы көрсетіледі.
11. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
12. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Қағидалардың 23-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.
| Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 6-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы бейрезиденттерден тартқан есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар қаржылай қарыздарды, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді игеру және оларға қызмет көрсету туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 11-ОБ
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: ____ жылғы __________ тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онына) (қоса алғанда) дейін
БСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Кесте. Қаржылық қарыздарды игеру және оған қызмет көрсету
Алдыңғы кезеңдегі есептен алынған реттік нөмірі | Кредитордың атауы | Кредитор елінің атауы | |
Б | В | Г | |
кестенің жалғасы
Валюталық шарттың сомасы (валюталық шарттың валютасында) | Кредит валютасының атауы | Жарамдылық мерзімі | ||
Игерудің басталған күні | Өтеудің соңғы мерзімінің күні | |||
Е | Ж | З | И | |
кестенің жалғасы
Есепті кезеңдегі операция, | Есепті кезең соңындағы қалдық | ||||||
Ұлғаюы | Азаюы | Сомасы, шарт валютасының мың бірлігі | Баланстық шоттың нөмірі | ||||
Барлығы | Олардың ішінде мыналар есебінен | Барлығы | олардың ішінде қайта ұйымдастыру есебінен | ||||
қайта ұйымдастыру | капиталдандырылған сыйақы | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
Қарыз алушының кредитке қызмет көрсетуi бойынша төлемдер графигі | ||||||||
жыл | ||||||||
тоқсан | тоқсан | тоқсан | тоқсан | тоқсан | тоқсан | есепті кезеңнен кейінгі 8-тоқсан | кейін... | |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | |
кестенің жалғасы
Қарыз алушының кредитке қызмет көрсетуi бойынша төлемдер графигі | ||||||||
жыл | ||||||||
тоқсан | тоқсан | тоқсан | тоқсан | тоқсан | тоқсан | есепті кезеңнен кейінгі 8-тоқсан | кейін... | |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | |
Банктің, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банкі филиалының атауы
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
____________________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы __________________________________________________
________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
___________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы бейрезиденттерден тартқан есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар қаржылай қарыздарды, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді игеру және оларға қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы бейрезиденттерден тартқан есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар қаржылай қарыздарды, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді игеру және оларға қызмет көрсету туралы есеп (индексі - 11-ОБ, кезеңділігі - тоқсан сайын)
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы бейрезиденттерден тартқан есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар қаржылай қарыздарды, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді игеру және оларға қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы Нысанды бейрезиденттерден олар тартқан қаржылай қарыздар, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша тоқсан сайын ұсынады.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. Нысанда қаржылай қарыздарды игеру, өтеу және қызмет көрсету, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша міндеттемелер бойынша ақпарат көрсетіледі. Ақпарат есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында бейрезиденттер алдындағы өтелмеген міндеттемелері бар әрбір валюталық шарт бойынша жеке-жеке, банк жүйесі бойынша жалпы және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктің филиалы бойынша жалпы түрде көрсетіледі.
5. Сома шарт валютасының мың бірлігінде көрсетіледі.
6. Кестеде
А бағанында – реттік нөмір көрсетіледі;
Б бағанында – алдыңғы кезең үшін ұсынылған Нысаннан алынған қаржылық қарыздың реттік нөмірі көрсетіледі;
1-кестенің Г бағаны Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіші НК РК ISO 3166-1 "Елдер атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Ел кодтары" талаптарына сәйкес толтырылады;
1-кестенің Ж бағаны және Кестенің 5-коды бар жолы Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіші НК РК 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар" талаптарына сәйкес толтырылады;
1-бағанда есепті кезеңнің басындағы өтелмеген негізгі борыш, оның ішінде мерзімі өткен борыш көрсетіледі;
2-бағанда есепті кезеңде кредит қаражатын алу, борышты қайта ұйымдастыру және сыйақыны капиталдандыру есебінен негізгі борыштың ұлғаюы көрсетіледі;
3-бағанда талапты басқаға беру (борышты аудару) кезінде қайта ұйымдастыру есебінен борыштың ұлғаюы көрсетіледі;
4-бағанда сыйақыны капиталдандыру (сыйақыны негізгі борышқа жатқызу) көрсетіледі;
5-бағанда есепті кезеңде өтеу және қайта ұйымдастыру есебінен негізгі борыштың, оның ішінде мерзімі өткен борыштың азаюы көрсетіледі;
6-бағанда қайта ұйымдастыру есебінен борыштың азаюы көрсетіледі. Қайта ұйымдастырудың негізгі түрлеріне мерзімінен бұрын өтеу, кешіру, талапты басқаға беру (борышты аудару), борышты капиталға қатысу құралдарына (қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың) айырбастау, жылжымайтын мүлікке және қарыз алушының өзге де активтеріне, қарыз алушының борыштық бағалы қағаздарына, тауар жеткізіліміне және қарыз алушының өзге де борыштық міндеттемелеріне айырбастау жатады;
7 және 8-бағандарда есепті кезеңнің соңындағы өтелмеген негізгі борыш, оның ішінде мерзімі өткен борыш, сондай-ақ борыш қалдығы есепке алынатын баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі;
9-бағанда есепті кезеңнің басындағы сыйақы бойынша берешек, оның ішінде мерзімі өткен берешек көрсетіледі;
10-бағанда есепті кезеңде есептелген сыйақылар көрсетіледі;
11-бағанда есепті кезең ішінде төлеу, қайта ұйымдастыру және сыйақыны капиталдандыру есебінен сыйақының, оның ішінде мерзімі өткен сыйақының азаюы көрсетіледі;
12 және 13-бағандарда есепті кезеңнің соңындағы сыйақы бойынша берешек, оның ішінде мерзімі өткен берешек, сондай-ақ осы берешек есепке алынатын баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі;
14-бағанда есепті кезеңнің соңындағы кредиттік келісімнің жай-күйі мынадай тізбеден көрсетіледі: "қолданыстағы", "тараптардың міндеттемелерін толық орындауы". Кредиттік келісім тараптар барлық міндеттемелерді, оның ішінде сыйақы немесе мерзімі өткен төлемдер бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданыста болып есептеледі;
15-бағанда (болған жағдайда) басқа да төлемдер көрсетіледі;
16-бағанда (болған жағдайда) қамтамасыз ету түрі және қамтамасыз ету сомасы валютасын көрсете отырып, валютаның мың бірлігінде көрсетіледі. Бірнеше қамтамасыз ету түрі болған кезде барлық қамтамасыз ету түрлері және қамтамасыз етудің жалпы нарықтық құны мың теңгемен көрсетіледі.
7. Қарыз алушының кредитке қызмет көрсетуі бойынша төлемдер графигінің 17-ден 38-ге дейінгі бағандарында есепті кезеңнен кейінгі екі жылға арналған тоқсандар бойынша болжамды сома көрсетіледі.
8. Кестедегі арифметикалық-логикалық бақылау:
1-баған = алдыңғы тоқсан үшін ұсынылған Нысанның 7-бағаны;
2-баған ≥ 3-баған + 4-баған;
5-баған ≥ 6-баған;
7-баған = 1-баған + 2-баған − 5-баған;
9-баған = алдыңғы тоқсан үшін ұсынылған Нысанның 12-бағаны;
12-баған = 9-баған + 10-баған − 11-баған.
9. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан ұсынылмайды.
10. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Қағидалардың 31-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.