Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағы 2-3 тармақшаларына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
2. "Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешімінің (2012 жылғы 6 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1824, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 37 "Қызылжар нұры", 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 37 "Проспект СК" газеттерінде жарияланған), "Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешімінің (2013 жылғы 11 қаңтардағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2053, 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 "Қызылжар нұры", 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 "Проспект СК" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
|
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
С. Хамзин |
|
Петропавл қалалық мәслихат хатшысы |
Л. Жалмұқанова |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің м.а. |
А. Сапаров |
| Петропавл қалалық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешімімен бекітілді |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 08.12.2016 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленген және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Петропавл қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Петропавл қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) әлеуметтік бейімдеу шаралары – "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабымен белгіленген, әлеуметтік ортаның жағдайына қалыптасу үшін ұсынылатын, арнаулы әлеуметтік қызметтер, мүгедектерді оңалту құралдары, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамалар тәртібімен қарастырылған мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысының статистикалық органдарымен есептелетін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Петропавл қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы аумағында тұрақты тұратын адамдарға таралады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігімен "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
5. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Алушылардың жекеленген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 11.07.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 23.04.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бекітілген ереже негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, зілзала апаттары немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдіру мерзімдері Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы әкімдігімен белгіленеді және осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес бекітіледі.
9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің және адамның (отбасының) материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеруді өткізудің соңғы тізбесі Осы Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес бекітіледі.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
10. Әлеуметтік төлемдер 451-007-000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
11. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген негіздемелер бойынша әлеуметтік көмек, зілзала апаттары немесе өрт салдарынан зардап шеккен, бір тұрғын үй (тұрғын құрылысы) иесіне табыс есебінсіз беріледі.
12. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 1)-13) -тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша әлеуметтік көмек, азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша белгіленген, бір реттік ең төмен күнкөріс мөлшері шегінен аспайтын тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы есебімен, жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш көлемінде беріледі.
13. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 15)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, 3 жылда бір рет тіс протезінің құны көлемінде, медициналық мекемемен берілген шот-фактураға сай, табыс есебінсіз көрсетіледі.
14. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, бір жылда бір рет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекеменің ұсыныстарына сәйкес санаторлық-курорттық картадан үзінді және өтініш берушінің санаторий-курорттық мекемеде нақты тұрғандығын растайтын құжаттар (түбіртектер, чектер, шот-фактуралар) ұсынылған жағдайда табыс есебінсіз, санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде көрсетіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 23.04.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.15. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 17)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, жылына бір рет табыс есебінсіз беріледі.
16. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.17. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 19)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, бір реттік ең төмен күнкөріс мөлшері шегінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы есебімен әр оқу семестріне бөлек оқу құны мөлшерінде беріледі.
18. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістерді есептеусіз Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығының тізімдері негізінде жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
Аталған тұлғаларға әлеуметтік көмек, егер олар мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болмаса, көрсетіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.19. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 21) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, ай сайын табыс есебінсіз және азаматтардан өтініштер мен қоса берілетін құжаттар талап етілмей "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұсынатын тізім бойынша 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 23.04.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.19-1. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде кірістер есебінсіз ай сайын 2 (екі) еселенген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде көрсетіледі
Көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек, егер олар мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болмаса, көрсетіледі.
Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.20. Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы және үш айға есептеп шығарылады.
Сонымен бірге жиынтық табыс "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептеледі (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізімінде № 5757 болып тіркелген).
20-1. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 22) тармақшасында көрсетілген негіздегі әлеуметтік көмек, өтініш берушіге бір жолғы төлем ретінде жеке тұрғын үй салуға арналған сүрек түбірі құнының елу пайызы төленеді.
Ескерту. Қағида 20-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 26.01.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
21. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігімен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.
22. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса келесідей құжаттарды береді:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.23. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.24. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
25. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 5, 6 -қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
26. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
27. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
28. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
29. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
30. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 26-және 27-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
31 Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
32. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей беріледі, осы Қағидалардың 2-қосымшасында және 3 қосымшасының 1), 2), 5), 13) тармақшаларында көрсетілген туындаған өмірлік қиын жағдайларды есептемегенде.
33. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады;
34. Әлеуметтік көмекті беру үшін шығындарды қаржыландыру, Петропавл қаласының бюджетімен қарастырылған, ағымдағы қаржыландыру жылына арналған қаражат шегінде іске асырылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы сомаларды өтініш білдірушілердің жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
35. Әлеуметтік көмек:
1) Алушы қайтыс болған;
2) Алушы Петропавл қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) Алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
36. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
6. Қорытынды ереже
37. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
| Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі шешімімен.
р/с № | Атаулы күндер мен мереке күндерінің және әлеуметтік көмекті алушылар санаттарының атауы | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері |
15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні | ||
1 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда); оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
2 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
3 | Басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлер | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
4 | Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
5 | 1979 жылғы 1 желтоқсан - 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
6 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
7 | Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
8 | Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
9 | Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні | ||
1 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар | Жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері |
2 | Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні | ||
1 | 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
2 | Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
3 | Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
4 | Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
5 | 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркiмен кеткен) адамдар | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
7 мамыр – Отан қорғаушы күні | ||
1 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттiлер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
2 | Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
9 мамыр – Жеңіс күні | ||
1 | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері | Жылына 1 (бір) рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштері |
2 | Майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерiне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшiн белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептелiп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
3 | Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдары | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
4 | Ұлы Отан соғысы кезеңiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлері) және юнгалар ретiнде болған адамдар | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
5 | Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
6 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекараларыi, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
7 | Ленинград қаласындағы қоршау кезеңiнде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
8 | Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлнрдегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
9 | Қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
10 | 1944 жылғы 1 қаңтар - 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
11 | Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлік және авариялық командаларының өзін-өзі қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінің отбасылары | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
12 | Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
13 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар | Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері |
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні | ||
1 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
2 |
Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады: | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
3 | Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар | Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері |
4 | Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары | Жылына 1 (бір) рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштері |
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні | ||
1 | Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары | Жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері |
2 | Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері | Жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері |
3 | "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар | Жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштері |
| Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 26.01.2018 № 2 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 23.04.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
№ р/р | Алушы санаттардың тізімі | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері | Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру | 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш | Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей |
| Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына 3 қосымша |
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің соңғы тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі шешімімен.
1) жетiмдiк;
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) туғаннан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық даму мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
5) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;
7) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
11) пробация қызметінің есебінде болу;
12) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
13) төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар толық емес көп балалы отбасылардың мұқтаждығы;
14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;
15) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдардың және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдардың тіс протездеуге 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын мұқтаждығы, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа;
16) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдардың және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген адамдардың, жалпы аурудан 1, 2, 3 топтағы мүгедектердің және мүгедек балалардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
17) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдардың, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен басқа да адамдардың, жалпы аурудан 1, 2, 3-топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сондай-ақ, мүгедек балаларды алып жүретін азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бір түрін жөнелту станциясынан емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қарай жүруіне мұқтаждығы;
18) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасы мүшелерінің Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанының құнын төлеуге мұқтаждығы;
19) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын және Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығында амбулаториялық емделуде жүрген азаматтардың қосымша тамақтануға мұқтаждығы;
20) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 4-бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға шығындарды өтеуге мұқтаждығы;
21) адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың үнемі күтімге және қосымша күшейтілген тамақтануға мұқтаждығы.
| Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына 4 қосымша |
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
| Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына 5 қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 16.10.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі шешімімен.
Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20__ жылғы " __ "____________ ____________________ (елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ _________________________________________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы _______________________________________________________ _________________________________________________________________________________
3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________.___________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірдегі қиын жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________.
5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет): ________________________________________________________________________________.
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________.
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ___________________________________________ _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________. қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________.
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________.
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): __________________________ _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________.
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: _________________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: _________________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: _______________________________________________________________
Комиссия мүшелері: _______________________________________________________________ ___________________________ ______________________________________________________ ___________________________ ______________________________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)
Жасалған актімен таныстым: ________________________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _________________________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартқан _____________________________________________________ Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _________________________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______
| Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына 6 қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ жылғы___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)_______________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде_____________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: ___________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________, лауазымы, қолы __________