Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің "Жеті жарғы" республикалық заң әдебиеті баспасы туралы"
1996 жылғы 19 қарашадағы N 1403
P961403_
қаулысының күші жойылған деп
танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1348 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық заң әдебиеті баспасы мен апталық заң газетін құру туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 107 P940107_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 5, 51-құжат):
2-9-тармақтардың күші жойылған деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық "Жеті жарғы" заң әдебиеті баспасының заң газетінің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы және республикалық ғылыми-көпшілік журнал шығару туралы" 1995 жылғы 21 қыркүйектегі N 1276 P951276_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 31, 383-құжат):
1-тармақтағы "республикалық заң әдебиеті баспасы" деген сөздер "жабық
акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
P960790_
қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, N 29, 256-құжат):
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Жеті жарғы"
республикалық заң әдебиеті баспасы" деген сөздер алынып тасталсын.
4.
<*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433
қаулысымен.
P991433_
5.
<*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшін жойды - ҚРҮ-нің 1999.04.29. N 499 қаулысымен.
P990499_
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Кобдалиева Н.М.