Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеті жарғы" республикалық заң әдебиеті баспасы туралы" 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1403 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1348 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық заң әдебиеті баспасы мен апталық заң газетін құру туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 5, 51-құжат):
2-9-тармақтардың күші жойылған деп танылсын.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.22. N 378 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, N 29, 256-құжат):
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Жеті жарғы" республикалық заң әдебиеті баспасы" деген сөздер алынып тасталсын.
4.<*>
Ескерту. 4-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен.
5.<*>
Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.29. N 499 қаулысымен.