О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и от 13 января 2012 года № 45 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан, Правил и условий выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям на привлечение иностранной рабочей силы и о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2013 года № 1188

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсіби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетеді және табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберуді жүзеге асырады.";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат бөлу аумақтарды дамыту бағдарламаларының және салалық бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.";

      5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.

      6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және олар жергілікті бюджеттердің және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.

      7. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы шешімдер қабылдайды.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі алынып тасталсын.

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2017 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.01.2017 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов