Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 және "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1188 қаулысы

Қолданыстағы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі;»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсіби бағдар беруде ақысыз қызметтер көрсетеді және табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберуді жүзеге асырады.»;
      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат бөлу аумақтарды дамыту бағдарламаларының және салалық бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.»;
      567-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.
      6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және олар жергілікті бюджеттердің және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
      7. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы шешімдер қабылдайды.»;
      11-тармақтың бірінші бөлігі алынып тасталсын.
      2) «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында:
      5-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) дамуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің индустриялық-инновациялық даму саласындағы құжаттарында көзделген жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс істейтін;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов