О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 декабря 2006 года N 220

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2006 года N 1247.

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген сөздермен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" холдингі" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 13.03.2009 N 297 Қаулысымен.

      "Агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "ҚазАгро" холдингі" АҚ) құрылсын.

      2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарды тиiмдi басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуды ынталандыру болып белгiленсiн.

      3. Қоса берiлiп отырған:
      1) "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум;
      2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп:
      1) "ҚазАгро" холдингі" АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
      2) "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның ережелерiн ескере отырып, "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарғысын бекiтудi;
      3) "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн бағалауды жүргiзсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп:
      1) бiр ай мерзiмде "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
      2) бiр жарым ай мерзiмде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-81-жолмен толықтырылсын:
      "21-81. "ҚазАгро" холдингі" АҚ";

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-14-жолмен толықтырылсын:
      "205-14. "ҚазАгро" холдингі" АҚ".

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.

      10. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 4-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң       
2006 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1247 қаулысымен   
бекiтiлген      

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

1. Құру мақсаты

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ны (бұдан әрі - "ҚазАгро" холдингі" АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      Ескерту. 1-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2007 N 921 қаулысымен.

2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның мақсатына қол жеткiзу қызметтiң мынадай негiзгi қағидаттарына негiзделедi:
      қоғамдар қызметiнiң мемлекеттiк аграрлық саясат басымдықтарына сәйкес келуi;
      корпоративтiк басқару саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибенi пайдалану;
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ және қоғамдар қызметінің
ашықтығы.
      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.10.2007 N 921 қаулысымен.

3. "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның мiндеттерi

      Қойылған мақсат шеңберінде "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның міндеттері мынадай болады:
      инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау;
      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру;
      аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту;
      агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу;
      агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту;
      ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру;
      корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру.
      Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Ескерту. 3-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.10.2007 N 921 қаулысымен.

4. "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың Директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның негiзгi функциялары мыналар болады:
      әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi жоспарларын, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларын есепке ала отырып, қоғамдар үшiн мақсаттар қою;
      қоғамдардың стратегиялық даму жоспарларын және қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзiмдi жоспарларын, инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді бекiту;
      мақсаттарға қол жеткiзудi, оның iшiнде қаржылық нәтижелердi барынша арттыруды қамтамасыз ету;
      қоғамдардың жобаларын iске асыруда қаржылық және басқару менеджментiн жүзеге асыруға қатысу;
      сыртқы және iшкi инвестицияларды тарту;
      қоғамдар қызметiнiң тиiмдiлiк индикаторларын әзiрлеу және оның мониторингi;
      қоғамдар алға қойылған мақсаттар мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiн орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ету;
      қоғамдардың қызметiне корпоративтiк басқарудың алдыңғы қатарлы халықаралық қағидаттарын енгiзу;
      қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу;
      қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
функциялар.
      Ескерту. 4-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.05.2007 N 363; 09.10.2007 N 921; 25.03.2009 N 399 қаулыларымен.

5. "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны басқару мәселелерi

      Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жалғыз акционерi болып табылады. Қоғамдардың акцияларын сату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаулысын қабылдау жолымен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жалғыз акционерi қабылдайды.
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесiнiң дербес құрамын Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейдi.
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар), сондай-ақ, тәуелсіз директорлар мен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді.
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын анықтау;
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның бюджетiн бекiту;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiреді.
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру жарғылық капиталдың қаражаты, қоғамдардан түсетiн дивидендтер есебiнен қалыптастырылатын кiрiстер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің
24.09.2007 N 829; 07.11.2008 N 1024; 14.07.2009 N 1068; 20.12.2010 N 1378; 10.01.2012 № 10; 07.03.2012 N 302; 22.02.2013 N 167 қаулыларымен.

       5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "ҚазАгро"
        холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар

      Ескерту. 5-1-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.03.2009 N 399 қаулысымен.

6. "ҚазАгро" холдингі" АҚ мен қоғамдар
арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "ҚазАгро" холдингі" АҚ мен қоғамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның қоғамдардың қызметiне ықпал етуi акционер функцияларын жүзеге асыруы және қоғамдардың тиiстi Директорлар кеңестерiндегi өкiлдiгi арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
      Қоғамдардың Директорлар кеңестерiнiң құрамына "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның өкiлдерi, қоғамдар басқармаларының төрағалары және тәуелсiз директорлар кiредi. Қоғамдар Директорлар кеңестерiнiң төрағалары болып "ҚазАгро" холдингі" АҚ өкiлдерi сайланады.

                                     Қазақстан Республикасы   
                                           Үкiметiнiң         
                                   2006 жылғы 23 желтоқсандағы
                                        N 1247 қаулысымен     
                                          бекiтiлген         

    Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" ұлттық
  басқарушы холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын
    төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.03.2009 N 297; 27.05.2011 N 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

р/с N

Атауы

Акциялардың мемлекеттiк пакетi

1

"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамы

100%

2

"Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы

100%

3

"ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамы

100%

4

"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлiк қоғамы

100%

5

«ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы

100%

6

"Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамы

99,09%

7

"Қазагромаркетинг" акционерлiк қоғамы

100%