Осы Заң Қазақстан Республикасындағы ең төмен күнкөрiс деңгейiн анықтау және пайдалану үшiн құқықтық негiз белгiлейдi.
1-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейi
1. Ең төмен күнкөрiс деңгейi - мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс.
2. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiн статистика жөнiндегi
уәкiлеттi орган
мен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган
ең қажеттi азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесi қосылған ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнын негiзге ала отырып есептеп шығарады.
V053980
3. Ең төмен күнкөрiс деңгейi республика бойынша және аймақ бойынша орта есеппен:
1) жан басына;
2) халықтың жыныстық-жас топтары бойынша тоқсан сайын есептеп шығарылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.15. N
101
(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
1. Ең төмен тұтыну себеті адамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып табылады.
2. Ең төмен тұтыну себетi:
1) азық-түлiк себетiнен;
2) азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың тіркелген үлесінен тұрады.
3. Азық-түлiк себетiн статистика жөнiндегi уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тамақ өнiмдерiн тұтынудың ғылыми негiзделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады.
4. Азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнына арақатынасы арқылы белгiлеп отырады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.15. N
101
(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
3-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң белгiленуi
Ең төмен күнкөрiс деңгейi жыл сайын:
1) тұрмыс деңгейiн бағалау мен кедейлiк шегiн анықтауға;
2) әлеуметтiк саясаттың бағыттарын анықтау мен халықты әлеуметтiк қолдау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
3) айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының ең төмен мөлшерін және базалық әлеуметтiк төлемдердiң белгiленетiн ең төмен мөлшерiн негiздеуге арналады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.15. N
101
(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
1. Кедейлiк шегi - республикада экономикалық мүмкiндiктерге қарай белгiленетiн, адамның ең төмен қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн қажеттi кiрiс шегi.
2. Кедейлік шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің негізінде айқындалады. Ол республика бойынша, сондай-ақ өңірлер деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейтін
тәртіппен тоқсан сайын есептеледі.
3. Кедейлiк шегi табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшiн өлшем болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.15. N
101
(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
5-бап. Айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының
ең төмен мөлшерін және базалық әлеуметтік
төлемдерді белгілеген кезде ең төмен күнкөріс
деңгейінің шамасын қолдану
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы бойынша айқындалатын және жыл сайын инфляцияны ескере отырып тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңмен
белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының ең төмен мөлшерін және базалық әлеуметтік төлемдерді белгілеу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.15. N
101
(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
6-бап. Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы
мәліметтерді жариялау
Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы және халықтың негізгі жыныстық-жас топтары, кедейлік шегі, азық-түлік себетінің құны және халықтың осы өлшемдерден төмен тұратын жігі жөніндегі күнкөріс деңгейі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында статистика жөніндегі уәкілетті орган ресми жариялап отыруға тиіс.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.15. N
101
(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
7-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті