1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен
терминдер
Осы Заң мақсатында мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент ресми шығарып тұратын мерзімдік басылым;
2) патенттелген өнеркәсіптік меншік объектілері - қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері;
3) ерекше құқық - өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға патент иеленушінің мүліктік құқығы;
4) лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты;
5) интеллектуалдық меншік объектілері - интеллектуалдық қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді дараландыру құралдары;
6) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіп үлгілері;
7) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берілген алдын ала патенттер мен өнертабыс пен өнеркәсіп үлгілеріне патенттер, пайдалы модельдерге патенттер;
8) Париж конвенциясы - кейінгі өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса алғанда, 1893 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж конвенциясы;
9) патенттiк сенiмдi өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкiлдiгiне заңдарға сәйкес құқық берiлген азаматтар;
10) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;
11) қызметтiк өнертабыс - қызметкердiң өз қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi;
12) патентке қабiлеттiлiк жағдайлары - өнеркәсiптік меншiк объектiлерiне құқықтық қорғауды берудiң осы Заңда көзделген жағдайлары.
2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар
1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi.
2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын Қазпатент берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган
Мемлекеттік патент ұйымы (бұдан әрi - Қазпатент) уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады, ол осы Заңға сәйкес өнеркәсiптiк меншiк объектілерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк монополияны қамтамасыз етедi, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне жасалатын өтiнiмдердi қарауға қабылдайды, олар бойынша сараптама өткiзедi, қорғау құжаттарын бередi, бюллетеньде өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi туралы мәлiметтер жариялайды және патенттiк ведомствоның өзiне жүктелген өзге де мiндеттерiн жүзеге асырады.
5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау
1. Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге құқық алдын ала берiлетiн патентпен және патентпен, ал пайдалы модельге патентпен куәландырылады.
2. Өнертабыс және өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент, пайдалы модельге патент өтiнiмге үстiрт сараптама өткiзiлгеннен кейiн берiледi.
Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтінiмге мәнi бойынша сараптама өткiзiлгеннен кейiн берiледi.
Алдын ала патент және патент өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады.
3. Өнертабысқа алдын ала патент Қазпатентке өтiнiм келiп түскен күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент оның қолданылуын ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек.
Өнертабысқа патент Қазпатентке өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды.
Заңдарға сәйкес пайдаланылуы үшiн құзыретті органның рұқсаты талап етiлетiн өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмiн патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.
Пайдалы модельге патент Қазпатентке өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент оның қолданылу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент Қазпатентке өтiнiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды.
Өнеркәсiптiк үлгiге патент Қазпатентке өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент оның қолданылу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.
4. Өнертабыс пен пайдалы модельге қорғау құжатымен берiлетiн құқық қорғау көлемi олардың формуласымен, ал өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатымен берiлетiн құқық қорғау көлемi бұйымның (макеттiң) кескiндерiнде ұсынылған оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен анықталады. Өнертабыс формуласына, пайдалы модельге түсiнiк беру үшiн сипаттамалар мен сызбалар ұсынылуы мүмкiн.
Өнiмдер алу әдiсiне берiлген қорғау құжатының күшi тiкелей осы әдiспен алынған өнiмге де қолданылады.
Егер өзгеше дәлелденбесе, бұл орайда жаңа өнiм қорғау әдiсiмен алынған болып есептеледi.
5. Қорғау құжатын алу құқығы, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, қорғау құжатын иелену құқығы және қорғау құжатынан туындайтын құқықтар тұтас немесе iшiнара басқа адамға берiлуi мүмкiн.
6. Осы Заңға сәйкес мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн пайдалану тәртiбi заңдармен реттеледi.
2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке
қабілеттілігінің талаптары
6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары
1. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi.
Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып табылады.
Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады.
Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды.
Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы мәлiметтерге бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен пайдалы модельдерге (қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан Республикасында басқа адамдардың берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi.
Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады.
2. Құрылғы, әдiс, зат, микроорганизмдердiң, өсiмдiктер мен хайуанаттар клеткаларының тегi, сондай-ақ бұрыннан белгiлi құрылғыны, әдiстi, затты, тектi жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектiлерi бола алады.
3. Мыналар:
1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;
2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;
3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер;
4) ақыл-ой операцияларын орындау ережелерi мен әдiстерi;
5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;
6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;
7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;
8) Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды.
4. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнертабыстың экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, өнертабысқа қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi, өнертабысқа өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.
7-бап. Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттiлiк
талаптары
1. Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады.
Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау берiледi.
Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады.
Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi қамтиды.
Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады.
2. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса пайдалы модельдiң жаңалығына әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.
3. Осы Заңның 6-бабының 3-тармағында аталған объектiлерге қатысты шешiмдер пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайды.
8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк
талаптары
1. Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей және өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi.
Егер бұйымның елеулi белгiлерiнiң өнеркәсiптiк үлгiге көрiнiстерiне берiлген және елеулi белгiлер тiзбесiнде келтірiлген жиынтығы өнеркәсiптiк үлгiге басымдық берiлген күнге дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, өнеркәсiптiк үлгi жаңа деп танылады.
Өнеркәсiптiк үлгiнiң жаңалығын анықтаған кезде Қазақстан Республикасында өнеркәсiптік үлгiлерге бұрын басқа адамдар өтінiм берген (қайтарып алынғандарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсiптiк үлгiлердiң неғұрлым ертеректегi басымдығы да ескерiледi.
Егер елеулi белгiлерi бұйым ерекшелiктерiнiң шығармашылық сипатын анықтайтын болса, өнеркәсiптiк үлгi бiрегей деп танылады.
Егер тиiстi бұйымды дайындау жолымен оның көп рет ұдайы өндiрiлуi мүмкiн болса, өнеркәсiптiк үлгi өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп танылады.
2. Мынадай шешiмдер:
1) бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе;
2) сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда), өнеркәсiптiк, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың;
3) баспа өнiмнiң өзi;
4) сұйық, газ түрiндегi, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын тұрақсыз нысандағы объектілердiң;
5) қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн бұйымдардың шешiмдерi өнеркәсiптiк үлгiлер болып танылмайды.
Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттер аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнеркәсiптiк үлгiнiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, өнеркәсiптiк үлгiге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе осы ақпаратты алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса, өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiгiне әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.
3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер
9-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторы
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.
2. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi.
Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.
Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзінің шығармашылық үлесін қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды.
3. Авторлық құқық айыруға болмайтын жеке құқық болып табылады және мерзiмсiз қорғалады.
4. Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшiншi адамның құқықтары бұзылмаса, автордың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өз атын немесе арнаулы атау беруге құқығы бар.
1. Қорғау құжаты:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторына (авторларына);
2) осы баптың 2-тармағында көзделген реттерде, жұмыс берушiге;
3) олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына), оның iшiнде тиiстi құқықты беру тәртiбiмен алған адамға (адамдарға);
4) бiр-бiрiмен келiсiмдерi болған жағдайда осы тармақта көзделген адамдарға бiрге берiледi.
2. Егер жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтiк өнертабысқа қорғау құжаттарының құқықтары жұмыс берушiге тиесiлi болады.
3. Егер жұмыс берушi жасалған өнеркәсiп меншiгi объектiсi туралы автор өзiн хабардар еткен күннен бастап төрт ай iшiнде Қазпатентке өтiнiм бермесе, өтiнiм беру құқығын басқа адамға бермесе және тиiстi объектiнi құпия сақтау туралы авторға хабарламаса, қорғау құжатын алу құқығы авторға көшедi. Бұл жағдайда жұмыс берушiнiң патент иеленушiмен шарт бойынша тиiстi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз өндiрiсiнде пайдалануға басым құқығы болады.
4. Қызметтік өнертабыс үшiн авторға сыйақы төлеудiң мөлшерi, талаптары және тәртiбi автор мен жұмыс берушi арасындағы келiсiммен белгiленедi. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда шешiмдi сот қабылдайды. Егер қызметтік өнертабысты жасаудағы автор мен жұмыс берушiнiң үлестерiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, жұмыс берушi алған немесе алуға тиiстi пайданың жартысына автор құқылы деп танылады.
4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға
ерекше құқық
11-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерi
1. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады.
2. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану, жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалану болып танылады.
Егер өнiмде оны пайдалану күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстар, пайдалы модельдердiң әрбiр белгiсi немесе соларға теңдес белгiлер пайдалану әдiсi болса, өнiм қорғалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолданылған деп табылады.
Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу не осы мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп танылады.
Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi болса, қорғалатын өнеркәсiптік үлгiсi бар болып танылады.
3. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi, Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда олардың әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ.
Патент иеленушi қолданылып жүрген өнеркәсiптiк меншiк объектiсi патенттелгендiгiн көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады.
4. Егер өнертабысқа қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғаш рет жарияланғаннан кейiн өнертабыс сондай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген төрт жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаса, патент иеленушi өнертабысты пайдаланбаған және тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан ретте, кез келген адам өзiне күштеп ерекше емес лицензия алып беру туралы сотқа өтiнiш жасауға құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауын дәлелдi себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот аталған лицензияны пайдалану шегiн, төлем мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеп, табыс етедi. Төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс.
Кез келген күштеп лицензия алып беру бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы iшкi рыногының қажеттерiн қамтамасыз етуге тиiс.
Күштеу лицензиясы берiлген адам аталған өнертабысты пайдалану құқығын басқа адамға тек осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен бiрге беруi мүмкiн.
Күштеу лицензиясы оны беруге себеп болып табылатын мән-жай әрекетi доғарылған реттерде сот арқылы тоқтатылуға тиiс.
5. Егер патент иеленушi тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қорғау құжатының басқа иеленушiсiнiң құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын болса, Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға ерекше емес күштеу лицензиясын беру туралы сотқа арыз беруге құқылы.
Аталған лицензияны беру кезінде қорғау құжаты басқа адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану шектерiн, төлем мөлшерiн, мерзiмiн және тәртiбiн сот белгiлеп беруге тиiс. Төлем мөлшерi бұл орайда қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс.
Осы тармақ негiзiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығы бұл құқық берiлген осы өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлген кезде ғана берiлуi мүмкiн.
6. Патент иеленушi алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады. Беру туралы шарт Қазпатентте мiндетті түрде тiркелуге тиiс.
7. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты және (немесе) оны алу құқығы мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi.
8. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.
12-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық
болып танылмайтын әрекеттер
Мыналар патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу деп танылмайды:
1) конструкциясында қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды немесе басқа елдердiң көлiк (теңiз, өзен, әуе, жер бетiндегi және ғарыштағы) құралдарын пайдаланған кезде, аталған құралдар Қазақстан Республикасының аумағында уақытша немесе кездейсоқ тұрған және көлiк құралдарының мұқтаждары үшiн пайдаланылып отырған жағдайда қолдану. Егер көлiк құралдары Қазақстан Республикасы көлiк құралдарының иелерiне осындай құқық беретiн елдердiң жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi болса, мұндай әрекеттер патент иеленушінiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайды;
2) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар құралға ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргiзу;
3) төтенше жағдайлар (табиғи зiлзалалар, апаттар, iрi авариялар) кезiнде мұндай құралдарды кейiннен патент иеленушiге дереу хабарлай отырып және патент иеленушiге мөлшерлес өтемнiң ақысын төлей отырып қолдану;
4) мұндай құралдарды табыс таппай жеке мақсатына қолдану;
5) қиын-қыстау жағдайларда дәрiгердiң рецептi бойынша дәрiханада бiр жолғы дәрi дайындау;
6) егер бұл құралдар Қазақстан Республикасында заңды жолмен азаматтық айналымға енгiзiлсе, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды қолдану.
13-бап. Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық
қорғау
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басымдық берiлген күнге дейiн оның авторына тәуелсiз Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ұқсас шешiм жасап, пайдаланған немесе оған қажеттi әзiрлiк жасаған кез келген адам оның көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын (бұрын пайдалану құқығы) сақтап қалады.
Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын алған немесе оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
2. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен бастап, бiрақ өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге алдын ала патент беру туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған адамдар патент иеленушiнiң талап етуi бойынша одан әрi пайдалануын тоқтатуға тиiс. Алайда мұндай адам патент иеленушiнiң осындай пайдалану нәтижесiнде тартқан шығынын орнына келтiруге мiндетті емес.
3. Ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмеге экспонат ретiнде қойылған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне оны көрмеге қойған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей Қазпатентке осы объектiге өтiнiм берiлген жағдайда, көрмеге қойылған күннен бастап қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердiң алғашқы жариялануына дейiн уақытша құқықтық қорғау берiледi.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдаланушы адам патент иеленушiге қорғау құжаты берiлген соң ақшалай өтемақы төлейдi. Өтемақы мөлшерi тараптардың келiсiмдерiмен белгiленедi.
14-бап. Өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалануға
құқық беру
1. Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген адам қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде пайдалануға құқылы.
2. Лицензиялық шарт лицензиатқа:
1) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн және басқа адамдарға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтай отырып, оны пайдалану құқығын;
2) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ оны пайдалану құқығын басқа адамдарға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз;
3) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және басқа адамдарға лицензия (толық лицензия) беру құқығынсыз пайдалану құқығын берудi көздеуi мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта лицензия түрi көзделмесе, ол ерекше емес, қарапайым болып табылады.
3. Лицензиаттың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану ерекше емес лицензияны (қосалқы лицензиялық шарт) басқа адамға (қосалқы лицензиатқа) беру туралы шарт лицензиялық шартта қарастырылған жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн лицензиар алдында лицензиат жауапты болады.
4. Өнеркәсiптiк үлгiнi, өнертабысты, пайдалы модельдi пайдалануға арналған лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және ол Қазпатентте тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанды немесе тiркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
5. Патент иеленушi Қазпатентке кез келген адамға өнеркәсiптiк меншік объектiлерiн пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы арыз бере алады.
Көрсетiлген лицензияны сатып алуға тiлек бiлдiрушi адам патент иеленушiмен төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде Қазпатентте тiркетуге тиiс. Шарт талаптары бойынша даулар сотта қаралады.
Ашық лицензия құқығын беру туралы патент иеленушiнiң өтiнiшi ашық лицензиялар туралы бюллетеньде мәлiметтер жарияланған күннен бастап үш жыл бойына күшiн сақтайды. Көрсетілген мерзiм шегiнде қорғау құжаттарын күшiнде ұстағаны үшiн төлем ашық лицензиялар туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiнгi жылдан бастап 50 процентке азаяды.
6. Елде төтенше жағдайлар болғанда немесе басқа да өте қажеттi мән-жайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға құқығы бар, бiрақ оған дереу хабарлап және тиiсiнше өтем төлейдi. Өтем мөлшерi туралы дауларды сот шешедi.
15-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу
1. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн осы Заңға қайшы пайдаланушы кез келген адам патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушы (қорғау құжатын бұзушы) болып есептеледi.
Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана отырып жасалған өнiмдi рұқсатсыз дайындау, қолдану, жеткiзу, сақтау, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзгеше енгiзу, сондай-ақ тiкелей қорғау әдiсiмен дайындалған өнiмдi қолдану немесе азаматтық айналымға енгiзу патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу (қорғау құжатын бұзу) болып танылады. Бұл орайда жаңа өнiм өзге де дәлелдемелер болмаған жағдайда қорғалатын әдiспен алынған деп есептеледi.
2. Патент иеленушi:
1) қорғау құжатын бұзуды тоқтатуды;
2) бұзушының келтiрген шығындардың орнын толтыруын және моральдық залалын өтеуiн;
3) қорғау құжатын бұзушы алған пайданы шығындардың орнын толтырудың орнына өндiрiп алуды;
4) қорғау құжатын бұзушының заңдарда белгiленген оннан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтемақы төлеуiн талап етуге. Шығындардың орнын толтыру немесе пайданы алып қою орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
5) азаматтық айналымға енгiзiлген немесе осы мақсатта сақталған және қорғау құжатын бұзушы деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы арналған қаржыларды өз пайдасына алып қоюға;
6) кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтер енгiзiлген құқық бұзушылықты мiндеттi түрде жариялауға құқылы.
3. Егер бұл лицензиялық шартта көзделсе, қорғау құжатын бұзушыға талаптарды лицензиаттың да қоюы мүмкiн.
5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі
16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау
1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi Қазпатентке осы Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi - өтiнiм берушi) бередi.
2. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлiнде берiледi. Өтінiмнiң өзге құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде берiледi. Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары өзге тiлде берiлсе, өтiнiмге олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтiнiм берушi Қазпатентке басқа тiлдегi құжаттары бар өтiнiм түскеннен кейiн екi ай iшiнде тапсыруға мiндеттi. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайларда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
Белгiленген мерзiмде аударма табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
17-бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінiм
1. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм) бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).
2. Өнертабысқа өтiнiмге:
1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм;
2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;
3) өнертабыстың мәнiн бiлдiретiн және сипаттамаға толық негiзделген формуласы;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат;
7) өнертабысқа патент сұралған кезде осы Заңның 22-бабының 7-тармағында көзделген өтiнiш болуға тиiс.
Өнертабысқа өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту негiздемесiн растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтінімге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлем жасалған жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
3. Өнертабысқа өтiнiм берiлген күн Қазпатентке өнертабысқа қорғау құжатын беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда өтiнiм берушiнiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол бар болса) көрсетілуi немесе толық атауы, сипаттамасы, формуласы және егер сипаттамада оған сiлтеме жасалса, сызбалары болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетiлiп белгiленедi.
4. Өнертабысқа өтiнiмдердi жасау мен ресiмдеуге қойылатын талаптарды Қазпатент белгiлейдi.
18-бап. Пайдалы модельге қорғау құжатын беруге өтiнiм
1. Пайдалы модельге қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - пайдалы модельге өтiнiм) бiр пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты болуға тиiс.
2. Пайдалы модельге өтiнiмде:
1) пайдалы модель авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiш;
2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын сипаттамасы;
3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң формуласы;
4) сызбалар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
Пайдалы модельге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат пен оның мөлшерiн азайтуға негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауға тиiс.
Белгiленген мерзiмде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
3. Пайдалы модельге өтінiм берiлген күн Қазпатентке пайдалы модельге қорғау құжатын беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, формуласы және сызбасы болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi көрсетiлiп белгiленедi.
4. Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау мен ресiмдеу талаптарын Қазпатент белгiлейдi.
19-бап. Өнеркәсiп үлгiсiне қорғау құжатын беруге өтiнiм
1. Өнеркәсiп үлгiсiне қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм) бiр өнеркәсiп үлгiсiне немесе өзара байланыстылығы өнеркәсiп үлгiсiнiң бiрлiгi талабын қанағаттандыратын өнеркәсiп үлгiлерi тобына қатысты болуға тиiс.
2. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмде:
1) өнеркәсiп үлгiсi авторлары және атына қорға құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiш;
2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы;
3) егер өнеркәсiп үлгiсiнiң мәнiн ашу үшiн қажет болса, бұйымның жалпы түрiнiң сызбасы, эргономикалық тәсiмi, конфекциялық картасы;
4) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;
5) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерi кемiтiлуiне арналған негiздеменi растайтын құжат қоса тіркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.
Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
3. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм берiлген күн болып Қазпатентке өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатын беру туралы арызда келтiрiлген, тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, бұйымның кескiнi (макетi) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетілiп белгiленедi.
4. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасау мен ресiмдеу талаптарын Қазпатент белгiлейдi.
20-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы осы Заңның 17-бабының 3-тармағына, 18-бабының 3-тармағына және 19-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленген, өнеркәсiптiк меншiктiң тиiстi объектiсiне өтінiм берiлген күн бойынша белгiленедi.
2. Басымдық, егер өтiнiм өнертабысқа, пайдалы модельге Қазпатентке аталған күннен бастап он екi айдың iшiнде, ал өнеркәсiп үлгiсiне алты айдың iшiнде берiлсе, Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай-ақ онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымдарда (конвенциялық басымдық) берiлген бiрiншi өтiнiм күнi бойынша белгiленуi мүмкiн. Егер өтiнiм берушiге байланысты емес мән-жаймен конвенциялық басымдық сұраған өтiнiм аталған мерзiмде берiле алмай қалса, соңғысы ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.
Конвенциялық басымдықтың құқығын пайдаланғысы келетiн өтініш берушi өтiнiм берген кезде немесе Қазпатентке өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде мұны көрсетуге және бiрiншi өтiнiмнiң көшiрмесiн қоса беруге немесе оны Қазпатентке өтiнiм түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрмей табыс етуге тиiс. Көрсетiлген құжатты тапсырмаған жағдайда өтiнiм берушi конвенциялық басымдыққа құқығын жоғалтады. Бұл жағдайда басымдық өтiнiмнiң Қазпатентке келiп түскен күнiмен белгiленедi.
3. Егер өтiнiш берушiге қосымша материалдар шешiмнiң мәнiн өзгертедi деп танылуына байланысты оларды назарға алу мүмкiн еместiгi туралы Қазпатенттiң хабарламасы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм өткенге дейiн өтiніш берушi дербес өтiнiм ретінде ресiмдеген болса, басымдық қосымша материалдар түскен күн бойынша белгiленуi мүмкiн.
4. Егер мұндай басымдық сұралып отырған өтiнiм неғұрлым бұрын берiлген өнертабысқа өтiнiм берiлген күннен бастап кем дегенде он екi айда және неғұрлым бұрын берiлген пайдалы модельге, өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм - алты айда түссе, басымдық осы өтінім берушінің бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн ашып көрсететiн неғұрлым бұрынғы өтiнiмi Қазпатентке берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Бұл орайда неғұрлым бұрын берiлген өтiнiм қайтарып алынды деп есептеледi.
Басымдықты оған дейiн басымдық сұралған өтiнiмнiң берiлген күнiнен белгiлеуге болмайды.
5. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң белгiленген өтiнiм бойынша басымдығы осы өтiнiш берушiнiң оның мәнiн ашатын Қазпатентке берiлген бастапқы өтiнiмiнiң күнi бойынша, ал бастапқы өтiнiм бойынша бұрынырақтағы басымдығын белгiлеу құқығы болған жағдайда - оның басымдығы күнiнен бастап белгiленедi, егер белгiленген өтiнiм шағым жасау мүмкiндiгi таусылған бастапқы өтiнiм бойынша қорғау құқығын беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейiн берiлсе, оның басымдық күнi бойынша, ал аталған өтiнiм бойынша қорғау құжатын беру туралы шешiм қабылданған жағдайда - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттік тiзiлiмiне тiркеген күнге дейiн белгiленедi.
6. Басымдық бұрын берiлген бірнеше өтінiмдердiң немесе оларға қосымша материалдардың негiзiнде, тиiсiнше осы баптың 2-5 тармақтарында аталған жағдайлар сақтала отырып белгiленуi мүмкiн.
7. Егер ұқсас өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бiр күнде басымдыққа ие болғаны анықталса, қорғау құжаты өтiнiмнiң Қазпатентке неғұрлым ертерек жiберiлген күнiн дәлелденген өтiнiм бойынша, ал бұл күндер сәйкес келгенде - Қазпатентте неғұрлым бұрынырақ тiркеу нөмiрiне ие болған өтiнiм бойынша берiледi.
21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм
құжаттарын түзету
1. Өтiнiм түскен күннен бастап екi айдың iшiнде өтiнiм берушiнiң өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң мәнiн өзгертпей оның материалдарына түзетулер мен нақтылаулар енгiзуге құқығы бар.
2. Өтiнiмдер бойынша мұндай түзетулер мен нақтылаулар осы баптың 1-тармағында аталған және сол мерзiм өткен соң да өнеркәсiптік меншік объектiсiне берiлген өтiнiм бойынша шешiм шығарылған күнге дейiн тиiстi төлемдерi енгiзiлген жағдайда табыс етiлуi мүмкiн.
22-бап. Өнертабысқа өтінімге жасалатын сараптама
1. Өтiнiм түскен күннен бастап екi ай өткен соң Қазпатент ол бойынша ресми сараптама өткiзедi. Өтiнiм берушiнiң жазбаша өтініші бойынша ресми сараптама аталған мерзiм бiткенге дейiн басталуы мүмкiн. Бұл жағдайда өтiнiм берушi өтiнiш берген кезден бастап осы Заңның 21-бабының тармағында көзделген құқықтан айырылады.
Өнертабысқа өтiнiмнiң ресми сараптамасын еткiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiмнiң берiлген күнi, ұсынылған өтiнiмдi өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ өнертабыстың бiрлiгi тексерiледi. Өтiнiм берiлген өнертабыстың осы Заңның 6-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiгi талаптарына сәйкестiгiне тексеру жүзеге асырылмайды. Алдын ала патент өтiнiм берушiнің тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдарды табыс еткен болса, сараптама процесiнде олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiні тексерiледi.
Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс формуласына енгiзуге жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.
3. Ресiмдеу талаптарын бұза отырып берiлген өтiнiм жөнiнде өтiнiш берушiге оны жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылған сауал жiберiледi.
Егер өтiнiм берушi аталған мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алған болып есептеледi.
4. Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушіге оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда өтiнiм құжаттарына нақтылау енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар дербес өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.
Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген, сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады.
5. Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жататындығы анықталса және құжаттары белгiленген талаптарға сай келсе, өтiнiм берушiмен келiсiлген формуламен алдын ала патент беру туралы шешiм қабылданады.
Өтiнiм берушiге алдын ала патент беру туралы шешiм жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм берушi Қазпатентке тиiстi төлемдерiн төлегенiн растайтын құжат тапсырады. Аталған құжат тапсырылмаған жағдайда өтiнiм қайтарып алынған болып есептелiп, өнертабысты тiркеу және алдын ала патент беру жүргiзiлмейдi.
6. Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiм қорғалмайтын өнертабыс объектiлерiне жататыны анықталса, алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлердiң жүргенi туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiге жатпайтын сипаты болса немесе соған қатысты өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе де, алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады.
Өтiнiш берушi алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде Қазпатентке қарсылық бере алады. Қарсылықты ол түскен кезден бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.
7. Алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн өтiнiм берушiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өтiнiшi бойынша, бiрақ өтiнiм берiлген күннен бастап үш жылдан немесе осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алдын ала патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзартуға өтiнiм берiлген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей Қазпатент өтiнiмнiң мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Мәнi бойынша өтiнiмге сараптама техника деңгейiн анықтау үшiн өтiнiм жасалған өнертабысқа қатысты ақпараттық iзденiс жүргiзудi, өтiнiм жасалған шешiмнiң осы Заңның 6-бабында белгiленген патенттiк қабiлет жағдайына сәйкес келетiнiн тексерудi қамтиды және мәнi бойынша өтiнiм сараптамасына ақы төленгенiн растайтын құжат, сондай-ақ өтiнiм берушi өтiнiш жасаған болса, алдын ала патенттiң қолданылуын күшiнде сақтайтын ақы төленгенiн растайтын құжат табыс етiлген жағдайда жүзеге асырылады. Егер өтiнiм берушi дәлелдi себептерсiз сараптама өткiзу туралы өтiнiштi аталған мерзiмде табыс етпесе, өнертабысты құқықтық қорғау алдын ала патенттiң қолданылу мерзiмi бiткен соң тоқтатылады.
8. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде Қазпатент өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.
Сараптаманың сұрау салуы бойынша қосымша материалдар сұрау салу жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде және өнертабыстың мәнi өзгертiлмей табыс етiлуге тиiс.
Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.
9. Егер мәнi бойынша өтінiм сараптамасы нәтижесiнде Қазпатент өтiнiм берiлген ұсыныс өтiнiм берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде осы Заңның 6-бабында белгiленген өнертабыстың патент қабiлеттiгi талаптарына сәйкес келетінін анықтаса, өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен патент беру туралы шешiм шығарылады.
Патент беру туралы шешiм өтiнiм берушiге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм берушi Қазпатентке тиiстi төлем төленгенiн растайтын құжатты табыс етедi. Аталған құжат тапсырылмаған жағдайда өтiнiм қайтарып алған болып есептелiп, өнертабысты тiркеу мен патент беру жүргiзiлмейді.
10. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады.
Патент беруден бас тарту туралы шешiм осы баптың 6-тармағында көздеген жағдайларда да қабылданады.
Өтiнiм берушi патент беруден бас тарту туралы шешiм жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде Қазпатентке қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
11. Өтiнiм берушi өтiнiм қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi және үшiнші тұлғалар алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн салыстыру арқылы өнертабыстың патент қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын анықтау үшiн ақпараттық iздестiру өткiзу туралы өтiнiш жасай алады. Осы Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар болып танылмайтын объектiлерге қатысты Қазпатент ақпараттық iздестіру жүргiзбеуге құқылы, бұл туралы ақпараттық iздестiру жөнiнде өтiнiм берушi адам хабарланады. Мұндай iздестiру жүргiзу тәртiбiн Қазпатент белгiлейдi.
12. Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды Қазпатент оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.
13. Осы баптың 3, 5-10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептерiнiң болғаны және өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру ақысының төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда Қазпатент қалпына келтiруi мүмкiн.
Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш Қазпатентке сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады.
23-бап. Пайдалы модель өтініміне сараптама
1. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша ресми сараптама жүргiзiледi, оның барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiм берiлген күн белгiленедi, өтiнiм жасалған ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi анықталады, сондай-ақ пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледi.
Өтінiм берiлген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң ресми сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 2-4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, патент беру туралы шешiм қабылданады.
Патент беру туралы шешiм жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде өтiнiм берушi Қазпатентке тиiстi төлем жасалғанын растайтын құжат тапсырады. Көрсетiлген құжат тапсырылмаған жағдайда өтiнiм қайтарып алынған болып есептелiп, пайдалы модельдi тіркеу және патент беру жүргiзiлмейдi.
3. Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады.
Өтiнiм берушi патент беруден бас тарту туралы шешiм жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде Қазпатентке қарсылық бере алады. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.
4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi қолданылады.
24-бап. Өнеркәсiп үлгiсi өтiнiмiне сараптама
1. Өнеркәсiп үлгiсi өтiнiмi бойынша Қазпатент ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.
Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмге ресми сараптама жүргiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 1-6 және 13-тармақтарында келтiрiлген ережелер қолданылады.
2. Мәнi бойынша өтiнiмге сараптама жүргiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 7-10, 12 және 13-тармақтарында келтiрiлген ережелер қолданылады.
25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және
қорғау құжатын беру
1. Қазпатент Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттiк тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.
2. Қазпатент патенттi беру туралы мәлiметтердi ресми бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.
Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау құжаты берiледi.
3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына Қазпатент оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.
4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер құрамын Қазпатент белгiлейдi.
26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi
жариялау
1. Қазпатент өнертабысқа алдын ала патент немесе пайдалы модельге патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап - он сегiз ай, ал өнеркәсiп үлгiсiне - он екi ай өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент мәлiметтердi аталған мерзiмнен ерте жариялауы мүмкiн.
2. Қазпатент өнеркәсiптiк меншiк объектiсi Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркелген күннен бастап екi ай iшiнде өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне патент беру туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды.
3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде аталынудан бас тартуға құқығы бар.
4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын Қазпатент белгiлейдi.
5. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтінiмнiң материалдарымен танысуға құқылы.
6. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағына сәйкес Қазпатент бюллетеньде қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер жариялайды.
Өтінiм берушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне берген өтiнiмiн Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркелгенге дейiн қайтарып алуға құқылы.
28-бап. Өтiнiмдердi қайта өзгерту
1. Өнертабысқа өтiнiм бойынша шешiм шыққанға дейiн өтiнiм берушi оны тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтiнiм етiп өзгертуге құқылы.
Өнертабысқа қорғау құжатын беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, өтiнiм берушi бас тарту туралы шешiмге шағым жасау мүмкiндiгi бiткенге дейiн тиiстi өтiнiмдi пайдалы модельге өтiнiм етiп өзгерте алады.
2. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтінiмдi өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертуге болады.
3. Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген күнi сақталады.
6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және
қалпына келтіру
29-бап. Қорғау құжатына дау айту
1. Қорғау құжатына бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде оны беруге қарсы қарсылық бойынша мынадай жағдайларда:
1) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi осы Заңда белгiленген патент қабiлеттілiгi талаптарына сәйкес келмесе;
2) өнертабыстың, пайдалы модельдiң формуласында немесе өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерi жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер болса;
3) қорғау құжаты өтiнiм берушiнiң осы Заңның 37-бабының ережелерiн бұзуы жағдайында берiлсе;
4) қорғау құжатында авторы (авторлары) немесе патент иеленуші дұрыс көрсетiлмесе дау айтылуы және толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қорғау құжатын беруге қарсылық Қазпатентке берiледi. Қарсылық оның түскен күнiнен бастап алты ай мерзiмде шағым кеңесiнде қаралуға тиiс. Қарсылық берген тұлға патент иеленушiнi қарсылықпен таныстыруға мiндеттi.
30-бап. Қорғау құжатының күшi жоқ деп танылуы және
оның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Шағым кеңесi шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
2. Қорғау құжатының қолданылуы:
1) бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап Қазпатентке патент иеленушi берген арыз негiзiнде;
2) белгiленген төлем мерзiмiнiң өткен күнiнен бастап қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн белгiленген мерзiмде төлем төленбеген жағдайда мерзiмнен бұрын тоқтатылады.
3. Қазпатент бюллетеньде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылған, сондай-ақ қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған қорғау құжаттары туралы мәлiметтер жариялайды.
31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру.
Соңынан пайдалану құқығы
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша патенттi күшiнде сақтау үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi бiткен күннен бастап үш жыл iшiнде, дәлелдi себептер болған жағдайда және патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге төлем туралы құжат берiлген жағдайда, қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Қазпатент бюллетеньде патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтер жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады.
2. Патенттiң қолданылуы тоқтатылған күн мен қалпына келтiрiлген күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында патентпен қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана бастаған немесе оған қажеттi дайындық жасаған кез келген адам оны одан әрi көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын сақтап қалады (соңынан пайдалану құқығы).
Соңынан пайдалану құқығы басқа адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану орын алған немесе оған қажеттi дайындық жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және
патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
1. Шағым кеңесi осы Заңның 22-бабының 6, 10-тармақтары, 23-бабының 3-тармағы және 29-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi Қазпатенттiң мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Шағым кеңесi туралы ереженi, шағым кеңесiне қарсылықтардың берiлу және қаралу тәртiбiн Қазпатент бекiтедi.
2. Берiлген қарсылық шағым кеңесiнiң алқа отырысында осы Заңда белгiленген мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылықтарды қарау мерзiмi қарсылық берген адамның, сондай-ақ патент иеленушiнiң өтінішi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауы керек.
3. Шағым кеңесiнiң шешiмiне қарсылық берген адам немесе патент иеленушi өздерi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде оған сотқа шағымдануы мүмкiн.
33-бап. Дауларды сот тәртiбiмен қарау
1. Мынадай даулар:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне авторлық туралы;
2) қорғау құжатының дұрыс берiлуi туралы;
3) патент иеленушiнi анықтау туралы;
4) күштеп лицензия беру туралы;
5) патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы;
6) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензиялық шарттардың жасалуы мен орындалуы туралы;
7) алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы;
8) жұмыс берушiнiң осы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес авторға сыйақы төлеуi туралы;
9) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы;
10) құқық қорғауға байланысты қорғау құжатынан туындайтын басқа да даулар сот тәртібiмен қаралуға тиiс.
2. Сот шешiмi негiзiнде Қазпатент қорғау құжаттарына қатысты өзгерiстер туралы мәлiметтердiң жарияланымын жүргiзедi.
34-бап. Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент
иеленушiлердiң құқықтарын бұзғандық үшiн
жауапкершiлiк
Авторлықты иемдену, қосалқы автор болуға мәжбүрлеу, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң мәнiн ол туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн автордың немесе өтiнiм берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн заңсыз пайдалану, шет елдерде өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патенттеу тәртiбiн бұзу заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
35-бап. Қазпатенттiң әрекеттерiне ақы төлеу
Қазпатенттiң осы Заңда көзделген әрекеттердi жүзеге асырғаны, оның iшiнде қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдер қабылдағаны, оларды тiркегенi, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне сараптама жүргiзгенi, қорғау құжаттарын бергенi және оларға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн туғызатын өзге де әрекеттер жасағаны үшiн Қазпатент заңдарға сәйкес ақы алады.
36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл
1. Бiлiктiлiк деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азамат патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiл бола алады. Сенiмдi бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды аттестациялау және тiркеу тәртiбiн Қазпатент белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке адамдар немесе шетелдiк заңды тұлғалар қорғау құжаттарын алу, оларды күшiнде ұстау жөнiндегi iстердi жүргiзудi, шағым кеңесiне қарсылық берудi және олардың қаралуына қатысуды Қазпатентте тiркелген патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлдерi арқылы жүргiзедi.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке адамдар қорғау құжаттарына байланысты iстердi Қазақстан Республикасы шегiнде хат жазысу үшiн мекен-жайын көрсете отырып, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз жүргiзе алады.
3. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттігi оған өтiнiм берушi немесе патент иеленушi берген сенiмхатпен куәландырылады.
37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шет елдерде
патенттеу
1. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне шет елдерге өтiнiм беру Қазпатентке өтiнiм берiлген күннен бастап үш ай өткен соң немесе мемлекеттiк құпия болып саналатын мәлiметтердiң болуы белгiленген заңды тәртiппен жүргiзiлетiн тексеру аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының өз аумағында тұратын азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiмдi халықаралық патент ұйымына, егер бұл тиiстi халықаралық шартқа қайшы келмесе, Қазпатент арқылы бередi.
3. Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өтiнiм шет елдерге немесе халықаралық патент ұйымына осы бап тәртiбiн бұза отырып берiлген жағдайда Қазақстан Республикасында бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлмейдi.
38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен
азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
1. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға орай немесе өзара түсіністік принциптері негізінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауға жататын өзге де актілерде көзделген құқықтарды, егер осы заңнан және басқа да заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті