Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы транзиттің бірыңғай шарттары туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 11 желтоқсан N 313-I

Қолданыстағы


     Мәскеуде 1998 жылғы 22 қаңтарда қол қойылған Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы транзиттің бірыңғай шарттары туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының
     Президенті



                  Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумақтары
                  арқылы транзиттің бірыңғай шарттары туралы
                              Келісім
 
     Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Үкiметi, бұдан әрі Тараптар деп аталатын,
     Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң 1995 жылғы 10 ақпандағы Кедендiк заңдары негiздерiн назарға ала отырып,
     өздерiнiң транзит еркiндiгi қағидаларын ұстанатындығын растай отырып,
     барлық көлiк түрлерiмен халықаралық тасымалдарды, осы Келiсiмге қатысушы әрбiр мемлекеттiң ұлттық мүдделерiне залалсыз, кедендiк рәсiмдердi үйлесiмдi қылу және бiрдейлендiру жолымен жеңiлдетудің қажеттiгiн мойындап,
     тасымалдар жағдайының жақсаруы ынтымақтастықты дамытудың маңызды факторларының бiрi болып табылады деп есептей отырып,
     1995 жылғы Кеден одағы туралы келiсiмдерде бекiтiлген қағидаларды растай отырып,
     төмендегi жөнiнде келiстi:
 
                                  1-бап

     Осы Келiсiмде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 1995 жылғы 10 ақпандағы Кедендiк заңдары негiздерiне сәйкес анықталатын атаулар пайдаланылады.
 
                                  2-бап
 
     Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердің аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарлар: 
      - табиғи тозу не болмаса тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында кему салдарынан басқада, бiр күйде қалуы;
      - транзиттен басқа ешқандай мақсаттарға пайдаланылмауы;
      - жеткiзiлетiн кеден органына көлiк құралының мүмкiншiлiктерiнен, белгiленген маршруттан және тасымалдың басқа жағдайларынан шыға отырып, жiберетiн кеден органымен белгiленген, бiрақ бiр айда екi мың шақырым есеппен анықталатын шектi мерзiмнен аспайтын, мерзiмдерде жеткiзiлуi тиiс. 
 
                                  3-бап 
 
      Тауарлар, сондай-ақ осы Бапта көрсетiлген тауарларды (бұдан әрi - транзиттiк тауарлар) тасымалдайтын көлiк құралдары:
      үшiншi мемлекеттерден осы Келiсiмге қатысушы екiншi мемлекеттің тiптi болмағанда бiрiнiң аумағы арқылы осы Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттің аумағына;
      осы Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттiң аумағынан осы Келiсiмге қатысушы екiншi мемлекеттiң тiптi болмағанда бiрiнiң аумағы арқылы үшiншi мемлекеттерге;
      осы Келiсiмге қатысушы бiр мемлекеттен осы Келiсiмге қатысушы өзге мемлекеттiң тiптi болмағанда бiрiнің аумағы арқылы осы Келiсiмге қатысушы екiншi мемлекетке;
      ауысуы кезiнде осы Келiсiмге қатысушы болып табылатын транзит мемлекеттерiнде кеден баждарын, салықтарды және кедендiк ресiмдеу үшiн алымдарды төлеуден, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шараларын қолданудан босатылады.
 
                                  4-бап 
 
      Тараптардың Кеден органдары осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттің тiптi болмағанда бiрiнiң аумағы арқылы осы Келiсiмге қатыспайтын мемлекеттер арасында орын ауыстыратын транзиттiк тауарларға ұлттық заңдарды сақтауды қамтамасыз ету шараларын қолдануға құқықты.
 
                                  5-бап 
 
      Осы Келiсiмнің 1 қосымшасында көрсетiлген тауарларды кез келген Тараптың аумағы арқылы өткiзуге тыйым салынады.
      Осы Келiсiмнiң 2 қосымшасында көрсетiлген тауарлар, тасымалдау маршруты өтетiн осы Келiсiмге қатысушы барлық мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен берiлген транзитке рұқсаттары бар шартымен, осы Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттің аумағы арқылы транзитке жiберiледi.
      Тараптардың Кеден органдары тауарлар олардың мемлекеттерiнiң аумағы арқылы транзитi кезiнде ұлттық кеден заңдарын қамтамасыз ету шараларын қолдануға құқықты.
 
                                  6-бап 
 
      Транзиттi қамтамасыз етуге қажеттi құралдар мен қызмет көрсетулер тасымалдаушыларға транзит мемлекеттерiнде өздерiнiң экспортшыларына, импортшыларына немесе тасымалдаушыларына ұсынылатын құралдар мен қызмет көрсетулерден кем емес жағдайларда ұсынылады.
 
                                  7-бап 
 
      Транзиттiк тауарлар мен оларды тасымалдайтын көлiк құралдарының Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан өтуi, осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң көлiк саласындағы құзырлы органдарымен келiсiлiп, осы мемлекеттердiң кеден органдарымен анықталатын орындарда рұқсат етiледi.
      Тараптар кеден органдарына осы Келiсiмге қол қойылған уақыттан бастап үш айлық мерзiмде транзиттiк тауарлар мен оларды тасымалдайтын көлiк құралдарының Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан белгiленген өту орындарының тiзбесiмен алмасуды тапсырады.
      Осы Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттiң аумағымен тауарлардың транзитi, егер өзгесi осы мемлекеттің ұлттық заңдарымен белгiленбесе, кез келген маршруттармен және бағыттармен жүзеге асырылуы мүмкiн.
 
                                  8-бап 
 
      Транзиттiк тауарларды басқа көлiк құралдарына қайта тиеу, соның iшiнде партияларды бөлшектеумен, осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң кеден органдарымен әр жағдайда анықталатын орындарда жүргiзiледi.
      Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң кеден органдары транзиттiк тауарларды ажыратып бiлу құралдарын, сондай-ақ транзиттiк тауарлар мен көлiк құралдарын бақылауға қажеттi құжаттарды өзара мойындайды. Тараптар өз мемлекеттерiнің кеден органдарына үш айлық мерзiмде транзиттiк тауарларды ажыратып бiлу құралдарының, сондай-ақ транзиттiк тауарлар мен көлiк құралдарын бақылауға қажеттi құжаттар үлгiлерiмен алмасуды тапсырады.
 
                                  9-бап 
 
      Жойқын күш жағдайының болу себебiнен транзиттің тоқтатылуы жағдайларында транзит тоқтатылған осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттiң ұлттық заңдарының нормаларымен белгiленген тәртiп қолданылады.
 
                                  10-бап 

      Тараптар өздерiнiң орталық кеден органдарына осы Келiсiмге қол қойғаннан кейiн үш айдың iшiнде төменде аталған төртжақтық құжаттарды әзiрлеудi және қабылдауды тапсырады:
      Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы кедендiк бақылаумен тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбi туралы ереже;
      Кеден одағының кедендiк тасымалдаушылары туралы ереже;
      Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағында кедендiк iлеспе туралы ереже.
      Осы Баппен қарастырылған жұмыстарды үйлестiру Бiрiгу Комитетiне жүктеледi.
 
                                  11-бап
 
      Тараптар өзара келiсiп осы Келiсiмге толықтырулар мен өзгертулер енгiзуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалар мен қосымшалар түрiнде ресiмделетiн болады.
 
                                  12-бап 
 
      Осы Келiсiмдi түсiндiру және қолдану кезiндегi дау-дамайлар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында келiссөздер жүргiзу және кеңесулер жолымен, қажет етсе, оларды Бiрiгу Комитетiнде, ал келiсiмдi шешiмге қол жетпесе, Мемлекетаралық Кеңестің жанындағы Үкiмет басшыларының кеңесiнде қараумен, шешiлетiн болады. Барлық Тараптарға Үкiмет басшылары кеңесiнің шешiмi қолдану үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болады.
 
                                  13-бап
 
     Осы Келiсiм Кеден одағы туралы келiсiмге қосылған, қосылуы кезiндегi осы Келiсiмнің пәрмендi қағидаларын мойындайтын және оларды толық көлемде орындауға әзiрлiгiн бiлдiретiн кез келген мемлекетке оған қосылуы үшiн ашық.
 
                                  14-бап
 
     Осы Келiсiм қол қойған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптар барлық қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындауы туралы соңғы мәлiмдеменi депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
 
                                  15-бап
 
     Кез келген Тараптың, осы Келісімге сәйкес қабылдаған өз міндеттемелерін алдын ала реттеп, шығуына дейін кемінде он екі ай бұрын өзінің ниеті туралы жазбаша мәлімдемені депозитарийге жолдап, осы Келісімнен шығуға құқығы бар.

     1998 жылғы 22 қаңтарда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқалық данада жасалды.

     Түпнұсқалық дана осы Келісімге қатысушы әрбір мемлекетке оның сендірілген көшірмесін жолдайтын Бірігу Комитетінде сақталады.


     Беларусь         Қазақстан        Қырғыз           Ресей

     Республикасының  Республикасының  Республикасының  Федерациясының

     Үкіметі үшін     Үкіметі үшін     Үкіметі үшін     Үкіметі үшін