1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына Z942000_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж, N 8, 131-құжат):
12-баптағы "санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi бұзғаны үшiн салынатын айыппұл сомасының кемiнде 20 процент мөлшерiндегi қосымша қаржысынан, Қазақстан Республикасының заң құжаттарына қайшы келмейтiн басқа да көздерден" деген сөздер алып тасталсын;
31-бап "Сараптау жүргiзу үшiн" деген сөздердiң алдынан "Сараптау" деген сөздiң бастапқы әрпi кiшiрейтiлiп, "Осы Заңның 29-30-баптарында көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
51-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi азатжолы "Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар" деген сөздерден кейiн "өз қаражатының есебiнен:" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне K941000_ (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 жылғы 11 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) және "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 30 сәуiрде "Егемен Қазақстан" "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы):
10-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) атқарушы бақылау және қадағалау органдарына кәсiпкерлiк субъектiлермен осы органдардың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға кiруге тыйым салу арқылы;".
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына Z952200_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22 333-құжат):
3-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "жеке кәсiпкерлерге" деген сөз "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы "мерзiмiне шек қойылмай;" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мемлекеттiк органдарға (лицензиарларға) лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiктерiн тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттiк емес ұйымдарға, соның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн
мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары заңдарда белгiленгендей жауапты болады."; 9-баптың 1-тармағында: 3) және 9) тармақшалар алып тасталсын; 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "20) жолаушыларды және жүктердi темiр жол, өзен, теңiз, әуе көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау; қауiптi жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; авиациялық жұмыстар;"; 21) тармақша алып тасталсын; 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "31) өлшем құралдарын тексеру"; 39), 40) және 41) тармақшалар алып тасталсын; 10-бапта: 9) тармақша алып тасталсын;
17-бап "бiр ай мерзiмнен" деген сөздерден кейiн "ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын;
18-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Кәсiпкерлiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысатын бүкiл кезеңге лицензия беру лицензия берген кезде лицензиялық алымды бiр жолғы төлеумен қоса жүзеге асырылады.";
24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Лицензиялық тәртiп белгiленген қызметтi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған табыс мынадай жағдайларды қоспағанда, тиiстi бюджетке алынуға тиiс:
1) қызмет осы жарлықтың 17-бабында көзделген мерзiмдер өтiп кеткен соң жүзеге асырылғанда;
2) тиiстi лицензиясыз лотерея өткiзуден алынған табыстар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен алынуға және "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорына есептелуге тиiс.".
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 2376 U952376_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 14, 94-құжат):
28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да көздерден қаржыландырылады.".
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 U952707_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат):
10-баптың 1-тармағының 22) тармақшасындағы "меншiк иелерiмен шарт жасасу негiзiнде оларға тиесiлi мүлiктi күзетудi жүзеге асыруға" деген сөздер алып тасталсын;
11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39-тармақшамен толықтырылсын:
"39) меншiк иелерiмен шарт жасасу негiзiнде оларға тиесiлi мүлiктi күзетудi жүзеге асыруға құқығы бар.";
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 189-құжат; N 13-14, 209-құжат):
8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi және үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiнiң кооперативтерi;".
7. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына Z970067_ (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат):
9-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
8. "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына Z970131_ (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат):
16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Адам саны 10-нан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, салық органдарын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттiк бақылаушы органдар тарапынан ең жиi дегенде үш жылда бiр рет тексерiлуi мүмкiн.".
9. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне K970167_ (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат):
310-бапта:
"Лауазымды" деген сөздiң алдынан "1." цифрымен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының лицензия беру
жөнiндегi өкiлеттiктердi мемлекеттiк емес ұйымдарға, соның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге беруге әкеп соқтырған әрекеттер жасауы - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салумен, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.". Қазақстан Республикасының Президентi Мамандар: Багарова Ж. Икебаева А.