Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) және "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 2 наурыз N 211

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжат; 1997 жылғы 9 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; 1997 жылғы 17 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) 3-баптың 1,2,3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң қаулыларынан (заң актiлерiнен), сондай-ақ осы Кодекстiң 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады. 
      2. Осы Кодекстiң 1-бабының 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қамтылған нормалары осы Кодекстiң ережелерiне қайшы келген жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады, Қазақстан Республикасының заңдарында қамтылған және осы Кодекстiң нормаларына қайшы келетiн азаматтық құқық нормалары Кодекске тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады. 
      3. Банктердi құруға, қайта ұйымдастыруға, олардың банкроттығына және таратылуына, банк қызметiн бақылауға және оны аудиторлық тексеруге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн лицензиялауға байланысты қатынастар банк қызметiн реттейтiн заң актiлерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде осы Кодекспен реттеледi. 
      Банктер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, сондай-ақ клиенттер арасындағы банк арқылы қатынастар азаматтық заңдармен осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп бойынша реттеледi."; 
      "5. Министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, осы Кодексте және өзге де азаматтық заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтiн актiлер шығара алады."; 
      2) 21-баптың 4-тармағында: 
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2) екiншi кезекте қамтамасыз ету сомасы шегiнде, жеке кәсiпкерге тиесiлi мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылады;"; 
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4) төртiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жүрген тұлғалардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi есеп айырысулар жүргiзiледi;"; 
      3) 34-баптың 2-тармағы "нысандарында" деген сөзден кейiн "ғана" деген сөзбен толықтырылсын. 
      4) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн. 
      Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн. 
      Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады."; 
      5) 37-бапта: 
      1-тармақ "арқылы" деген сөзден кейiн "ғана" деген сөзбен толықтырылсын; 
      2-тармақ алып тасталсын; 
      3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн; 
      6) 38-баптың 2-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi."; 
      7) 39-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: 
      "3. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы,"; 
      8) 41-бапта: 
      1-тармақтағы "тек құрылтай шарты" деген сөздер алып тасталсын; 
      3-тармақтың екiншi абзацы мына редакцияда жазылсын: 
      "Шаруашылық серiктестiгi мен өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн."; 
      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын: 
      "6. Бiр заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда: 
      1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 
      2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс. 
      7. Барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы."; 
      9) 42-баптың 4-тармағында "және оларды құрған заңды тұлғаның жарғысында көрсетiлуге тиiс" деген сөздер алып тасталсын; 
      10) 44-бапта: 
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "меншiк иесi қаржыландырылатын" деген сөздер алып тасталсын; 
      2,3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал заңды тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы Кодексте, өзге заң актiлерiнде не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлар қосылмайды. 
      3. Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады. 
      4. Заңды тұлға үшiншi тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгiленген өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланып қабылдаған мiндеттемелерi бойынша жауап бередi, бұған осы Кодекстiң 159-бабының 11-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды."; 
      11) 48-баптың 3-тармағы "пайда болған заңды тұлғалар" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлiнiп шыққан заңды тұлға" деген сөздермен толықтырылсын; 
      12) 49-бапта: 
      3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "заң" деген сөз "заң актiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: 
      "5. Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi мемлекет уәкiлдiк берген тиiстi органның шешiмiмен заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша таратылуы мүмкiн."; 
      13) 50-баптың 1-тармағында "заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне заңды тұлғалардың таратылып жатқаны туралы мәлiметтер енгiзедi" деген сөздер алып тасталсын; 
      14) 51-баптың 6-тармағының бiрiншi абзацының қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн; 
      15) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "56-бап. Дәрменсiз борышқорды борыштардан босату 

      1. Мүлiктi сатқаннан кейiн және сатудан түскен ақшаны несие берушiлердiң арасында бөлгеннен кейiн дәрменсiз борышқор қалған мiндеттемелер мен орындауға ұсынылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде есепке алынған өзге де талаптарды орындаудан босатылады. 
      2. Дәрменсiз борышқор, егер өзiнiң мүлкiнiң бiр бөлiгiн тарату iс басталғанға дейiнгi бiр жыл iшiнде жасырса немесе жасыру мақсатымен басқа адамға берiп жiберсе, бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажеттi есеп-қисап ақпаратын жасырса немесе қолдан жасаса мiндеттемелерiн орындаудан босатылмайды."; 
      16) 58-бапта:
      1-тармақтың екiншi абзацында "осы Кодексте көзделген реттерде" деген сөздер алып тасталсын.
      3-тармақтың екiншi абзацы және 7-тармақ алып тасталсын;
      17) 59-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "меншiк" деген сөз "қызмет" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс."; 
      мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: 
      "Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi. 
      Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады. 
      Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi."; 
      2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады."; 
      3-тармақ "заң құжаттарында" деген сөздерден кейiн "және (немесе) құрылтай құжаттарында" деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 
      "4. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн орындауын және оның зиянды өтеуiн талап етуге құқылы. 
      Осы тармақта белгiленген тәртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен серiктестiктi таратуға негiз болып табылады,"; 
      18) 60-бапта: 
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына тиесiлi болады."; 
      2-тармақтың екiншi абзацы мен 1) -5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде: 
      1) басқарма (дирекция); 
      2) байқаушы кеңес; 
      3) заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының жалпы жиналысының (өкiлдерi жиналысының) шешiмiнде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы мүмкiн."; 
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 
      "4. Шаруашылық серiктестiгi қаржы есептерiнiң дұрыстығын тексеру және растату үшiн серiктестiкпен немесе оның қатысушыларымен мүлiктiк мүдделер жөнiнен байланысы жоқ кәсiпқой аудиторды тарта алады (сыртқы аудит). 
      Шаруашылық серiктестiгiн аудиторлық тексеру серiктестiк бiр немесе бiрнеше қатысушысының талап етуi бойынша соның (солардың) есебiнен кез келген уақытта жүргiзiлуге тиiс. 
      Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметiне аудиторлық тексерудi жүргiзу тәртiбi заңдармен және серiктестiктiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi."; 
      19) 61-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын; 
      20) 64-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 
      21) 70-баптың 6-тармағының қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн; 
      22) 72-баптың 1-тармағындағы "жауапкершiлiгi толық" деген сөздер алып тасталсын; 
      23) 73-бапта: 
      2-тармақта: 
      2) тармақшадағы "жылдық есебiмен және баланстарымен" деген сөздер "қаржылық есеппен" деген сөздермен ауыстырылсын, "олардың" деген сөз "оның" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен серiктестiктен шығуға.";
      24) 74-баптың 2-тармағының екiншi сөйлемi алып тасталсын; 
      25) 77-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының саны елуден аспауға тиiс. Бұлай болмаған жағдайда ол жыл iшiнде акционерлiк қоғам не өндiрiстiк кооператив етiп қайта құрылуға, ал бұл мерзiм бiткеннен кейiн, егер қатысушылар саны елуге дейiн кемiтiлмесе, сот тәртiбiмен таратылуға тиiс."; 
      4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "бiрауыздан" деген сөз алып тасталсын; 
      5-тармақ алып тасталсын;
      26) 78-баптағы 1-тармақ "құрылтайшылары" деген сөзден кейiн "(қатысушылары)" деген сөзбен толықтырылсын. 
      2-тармақ алып тасталсын. 
      27) 79-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3) серiктестiктiң қаржылық есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу."; 
      28) 80-бапта: 
      1-тармақ "бiр бөлiгiн" деген сөздерден кейiн "өз қалауынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (оның бiр бөлiгiн) үшiншi адамдарға беруiне болады. 
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар үшiншi тұлғалар алдында үлестi немесе оның бiр бөлiгiн сатып алуға артықшылық берiлген құқықты пайдаланады. Егер құрылтай құжаттарында немесе серiктестiк қатысушыларының келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, үлестi (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға артықшылық берiлген құқықты қатысушылар серiктестiктiң жарғылық капиталындағы өз үлестерiнiң мөлшерiне барабар жүзеге асырады. 
      Үлес (оның бiр бөлiгi) сатып алуға артықшылық берiлген құқық бұзыла отырып сатылған кезде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң кез келген қатысушысы сатылған күннен бастап үш ай iшiнде өзiне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерiн аударуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы."; 
      3-тармақта "жарғысына" деген сөз "құрылтай құжаттарына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Заң актiлерiнде үлестiң заңды тұлғалардың құқықтық мұрагерлерiне ауысу ерекшелiктерi көзделуi мүмкiн."; 
      29) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "82-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң 
               қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу 
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiң қатысушысы заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында белгiленген серiктестiк алдындағы өз мiндеттерiн бұзған жағдайда серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сәйкес сот бойынша осындай қатысушының үлесiн серiктестiктiң қатысушымен келiсiмiнде белгiленген бағамен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестiң бағасын сот белгiлейдi.";        30) 83-бапта бiрiншi сөйлем алып тасталсын;
      31) 85-баптың 3-тармағы "жауапты болады және" деген сөздерден кейiн "егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе" деген сөздермен толықтырылсын; 
      32) 86-бапта: 
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Акционерлiк қоғам акционерлерге жыл сайын қаржылық есептi хабарлап отыруға мiндеттi."; 
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Жабық акционерлiк қоғамда құрылтайшылар (акционерлер) арасында акцияларды бөлу акцияларды шығару (эмиссия) болып табылмайды және тiркеуге жатпайды."; 
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жабық акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында өз әрекетiмен қоғамның мүдделерiн елеулi түрде бұзған қатысушының акцияларын қоғамның сот тәртiбiмен мәжбүрлеп сатып алу мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн."; 
      7-тармақ алып тасталсын; 
      33) 87-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын; 
      34) 90-бапта: 
      1-тармақта "акциялардың жалпы санын қысқарту" деген сөздер 
"акцияларды жою деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2,3 және 4-тармақтар алып тасталсын; 
      35) 91-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Акционерлiк қоғам өзiнiң жарғылық капиталын толық төлегеннен кейiн және жылдық қаржылық есептерi тиiсiнше бекiтiлген жағдайда өзi өмiр сүре бастағаннан кейiн кемiнде үшiншi жылдан соң облигация шығаруға құқылы."; 
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2) егер жеке капиталының мөлшерi (таза активтерiнiң құны) дивидендтер төлеу нәтижесiнде жарғылық капиталдың мөлшерiнен кем болып қалса, дивидендтердi жария етуге және төлеуге құқығы жоқ"; 
      36) 92-бапта:
      2-тармақтың 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) қоғамды тарату немесе қайта ұйымдастыру, тарату комиссиясын тағайындау, тарату балансын бекiту туралы шешiмдер қабылдау жатады.";
      оныншы абзац "жиналысының" деген сөзден кейiн "айрықша" деген сөзбен толықтырылсын; 
      7-тармақ алып тасталсын; 
      37) 96-баптың 1-тармағындағы "(үлестерiн)" деген сөз алып тасталсын;
      38) 97-баптағы "жарна қосу" деген сөздер "жарналарды енгiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39) 98-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк, егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мүшелерiнiң пайларына олардың жарналарына барабар бөлiнедi."; 
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өндiрiстiк кооператив таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда кооператив мүшесiнiң өз пайын бөлiп алуға құқығы бар."; 
      40) 100-бапта: 
      1-тармақтың екiншi абзацында "қаржы жылы", "бухгалтерлiк балансы" деген сөздер "есептi кезең", "қаржы есебi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi, егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi етiп қабылдануы мүмкiн. Қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мұрагерi кооперативке кiруден бас тартқанда немесе кооператив мұрагердi қабылдаудан бас тартқанда оған мүлiктегi қайтыс болған кооператив мүшесiнiң пайына бара-бар үлес, сондай-ақ кооперативтiң таза табысының қайтыс болған адамға тиесiлi бөлiгi және кооператив қызметiне қосқан жеке еңбегi үшiн сыйақы төленедi."; 
      41) 102-бапта: 
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Мемлекеттiк кәсiпорын уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады."; 
      6-тармақ алып тасталсын;
      42) 103-баптың 2-тармағының үшiншi абзацындағы "осы Кодекстiң 44-бабының 3-тармағында" деген сөздер "осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      43) 106-баптың 2-6-тармақтары алып тасталсын;
      44) 108-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады.";
      45) 109-баптың 2,4-8-тармақтары алып тасталсын; 
      46) 110-баптың 1-тармағы "өзара" деген сөзден кейiн "сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бiрлескен" деген сөздермен толықтырылсын. 
      47) 117-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады."; 
      48) 118-бапта: 
      1-тармақтағы "бiрыңғай мемлекеттiк реестрде" деген сөздер алып тасталсын; 
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады."; 
      49) 119-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 
      "4. Мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорын құрамындағы борыштарды берген кезде несие берушiлердiң құқықтарына осы Кодекстiң 48-бабында көзделген тәртiппен кепiлдiк берiледi."; 
      50) 125-баптың 1-тармағы "Кодексте" деген сөзден кейiн "және өзге де заң актiлерiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 
      51) 132-бапта: 
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Заң актiлерiнде атаулы акциялар бойынша құқықтарды беру көзделуi мүмкiн."; 
      3-тармақта: 
      екiншi абзацта "индоссантқа" деген сөз "(индоссатқа)" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      үшiншi абзац "индоссантқа" деген "индоссатқа" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      52) 139-баптың 2-тармағының бiрiншi абзацындағы "белгiленген проценттерiнде" деген сөздер "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      53) 141-баптың 3-тармағы "құқық бұзған" деген сөздердiң алдынан "егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе" деген сөздермен толықтырылсын; 
      54) 152-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "жиырма бес ең төменгi жалақы" деген сөздер "жүз есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      55) 155-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк немесе өзге де тiркелуге тиiс мәмiлелер, оның iшiнде осы Кодекстiң 118-бабының 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған құқықтарды туындататын, өзгертетiн немесе тоқтататын мәмiлелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, олар тiркелгеннен кейiн жасалған болып есептеледi. 
      Тiркеуден бас тартылу жазбаша түрде ресiмделуге тиiс және заң талаптарының бұзылуына сiлтеме жасалғанда ғана мүмкiн болады."; 
      56) 156-бапта: 
      баптың атауындағы "және трасталық" деген сөздер алып тасталсын; 
      6-тармақ алып тасталсын; 
      57) 159-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күнiлгерi бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн."; 
      58) 162-баптың 1-тармағы алып тасталсын; 
      59) 182-баптың қазақша нұсқасы өзгертiлмесiн; 
      60) 188-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын: 
      "Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық
жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.";
      61) 191-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацында "немесе" деген сөз алып тасталсын;
      1-тармақтың екiншi абзацы алып тасталсын;
      62) 192-баптың 2-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң осы Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды."; 
      63) 193-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "193-бап. Жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншiк 
Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттiк меншiкте болады. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн."; 
      64) 195-бапта: 
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4) осы Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе
осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады."; 
      65) 196-баптың қазақша нұсқасы өзгертiлмесiн; 
      66) 200-бапта: 
      1-тармақта:
      "кәсiпорынның" деген сөзден кейiн "егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдеме немесе кепiлдiк беру."; 
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттiк кәсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, негiзгi қорларға жатпайтын, өзiне шаруашылық жүргiзу құқығымен бекiтiлiп берiлген мүлiкке дербес билiк етедi."; 
      67) 202-бапта "алған" және "жүзеге асырған" деген сөздер тиiсiнше "алушы" және "жүзеге асырушы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      68) 207-бапта: 
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Меншiк иесiнiң қазыналық кәсiпорын мен мекеменiң борыштары бойынша жауаптылығы.";
      1 және 2-тармақтар алып тасталсын;
      3-тармақта "3" деген сан алып тасталсын;
      69) 209-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады. 
      Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз. 
      Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады. 
      Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалуы мүмкiн.";
      70) 221-баптың 2-тармағында "заңмен" деген сөз "заң 
актiлерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      71) 223-баптың 2-тармағында "тиесiлi" деген сөз "тиесiлi болған" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      72) 227-баптың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексiнде" деген сөздер "тұрғын үй қатынастары туралы заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      73) 228-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiнде "шаруашылық" деген сөз алып тасталсын;
      екiншi бөлiгiнде "ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшiн" деген
сөздер "табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармақта "шаруашылық" деген сөз алып тасталсын;
      74) 230-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "егер осы тараудың нормаларында өзгеше көзделмесе, басқа заң актiлерiмен немесе бiрлескен қызмет туралы шартпен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      75) 231-баптың мәтiнiнде "шаруашылық" деген сөз алып тасталсын, "болуы мүмкiн" деген сөздер "пайда болған" деген сөздермен толықтырылсын;
      76) 233-баптың 4-тармағында құрылтай құжаттарында деген сөздер "консорциалдық келiсiмде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      77) 240-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн; 
      78) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "243-бап. Меншiк иесi бар тартқан жылжымалы заттар 
      1. Меншiк иесi тастаған немесе оларға меншiк құқығынан бас тарту мақсатымен өзгеше түрде қалдырып кеткен жылжымалы заттар (тасталған заттар) осы баптың 2-тармағында көзделген тәртiппен басқа адамдардың өз меншiгiне айналдырылуы мүмкiн. 
      2. Меншiгiнде, иелiгiнде немесе пайдалануында құны жиырма айлық есептiк көрсеткiшке сәйкес сомадан көрiнеу төмен тасталған мүлiк не тасталған металл сынықтары, жарамсыз өнiм жатқан жер учаскесi бар адамның ол заттарды пайдалануға кiрiсiп немесе осы заттарды меншiгiне қаратқандығына куә болатын өзге де iс-әрекет жасап, оларды өз меншiгiне айналдыруға құқығы бар.
      Басқа тасталған заттар, егер осы адамның арызы бойынша оларды сот иесiз деп таныса, оларды иеленуге кiрiскен тұлғаның меншiгiне кiредi."; 
      79) 251-баптың 1-тармағындағы "заң құжаттарында немесе" деген сөздер алып тасталсын; 
      80) 253-баптың 1-тармағында "мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары" деген сөздер "мемлекеттiк органдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      81) 261-баптың 3-тармағындағы "бiрiншi бөлiгiнде" деген сөздер 1-тармағында  деген сөздермен ауыстырылсын; 
      82) 269-баптың 1-тармағы алып тасталсын; 
      83) 281-баптың 4-тармақшасындағы "негiзгi" деген сөз "жаңа"  деген сөзбен ауыстырылсын;
      84) 287-баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн; 
      85) 291-бапта:
      1-тармақтағы "нотариаттық кеңсенiң" деген сөздер "нотариустың" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      2-тармақшадағы "нотариаттық кеңсенiң", "Нотариаттық кеңсе" деген сөздер тиiсiнше "нотариустың", "Нотариус" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      86) 293-баптағы "заңмен" деген сөз "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      87) 299-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "заң құжаттарында белгiленген алымдарды шығарып" деген сөздер "осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      88) 301-баптың 5-тармағындағы "шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң" деген сөздер "адамдардың" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      89) 311-баптың 1-тармағындағы "алдындағы кепiл ұстаушылардың талаптарынан" деген сөз тiркесi "...талаптары қанағаттандырғаннан" деп толықтырылсын; 
      90) 325-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 
      91) 328-баптың 5-тармағындағы "кепiлге қойылған мүлiктi сату үшiн белгiленген тәртiп бойынша" деген сөздер алып тасталсын; 
      92) 339-бап мынадай редакцияда 4-тармақпен толықтырылсын: 
      "4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша талап ету құқығын берудiң ерекшелiктерi заң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн."; 
      93) 344-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3) мiндеттеменi оның кепiл болушысы, тапсырушысы немесе осы мiндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепiлге зат берушiнiң орындалуы нәтижесiнде;"; 
      94) 348-бап мынадай редакциядағы 4-тармақпен толықтырылсын: 
      "4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша қарызды аудару ерекшелiктерi заң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн."; 
      95) 350-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "5. Егер мұның өзi мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жалтару мақсатымен жасалғанын дәлелдесе, несие берушi борышқордың, сондай-ақ оның мүлiк иесiнiң кез келген iс-әрекетiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы."; 
      96) 354-баптың 3-тармағындағы "босатпайды" деген сөз "босатады" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      97) 357-баптың 2-тармағындағы "не негiзгi борышқордың есебiнен өндiрiп алу" деген сөздер алып тасталсын; 
      98) 358-баптың 2-тармағындағы "заңмен" деген сөз "заңдармен" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      99) 364-баптың 2-тармағындағы "заң" деген сөз "заң актiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      100) 368-бапта 2-тармақ алып тасталсын; 
      101) 370-бапта: 
      2-тармақтың 5) тармақшасында "заңда" деген сөз "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      3-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа бiрiншi бөлiкпен толықтырылсын: 
      "3. Талап өзгеге өткен жағдайда борышқор жаңа несие берушiнiң талабына қарсы өзiнiң бастапқы несие берушiге керi талабын есепке жатқызуға құқылы."; 
      102) 372-баптың 1-тармағының қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн; 
      103) 390-баптың 7-тармағының қазақша мәтiнi өзгертiлмесiн;   
      104) 401-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту (осы Кодекстiң 404-бабы) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi."; 
      105) 403-баптың 4-тармағындағы "заңда" деген сөз "заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      106) 404-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "404-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту 
                (шарттар бас тарту) 
      1. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда жол берiледi. 
      2. Тараптардың бiрi, атап айтқанда: 
      1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы); 
      2) белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған; 
      3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы. 
      3. Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi. 
      4. Егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс. 
      2. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысында: 
      4-тармақтың бiрiншi абзацы алып тасталсын; 
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Азаматтық кодекстiң (жалпы бөлiм) 240-бабының күшi (сатып алу мерзiмiнiң ескiруi) мүлiктi иелену 1995 жылғы 1 наурызға дейiн басталған және осы Кодекс күшiне енгiзiлгенге дейiн жалғасқан жағдайларға да қолданылады.". 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi