1-бап. 1997 жылға арналған республикалық бюджет қосымшаға сәйкес кiрiстерi бойынша - 186668929 мың теңге, алынған ресми трансферттер бойынша - 922000 мың теңге, шығыстары бойынша - 228877075 мың теңге, таза несие беру бойынша - 22387852 мың теңге республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi - 63673998 мың теңге немесе жалпы iшкi өнiмнiң 3,66 процентi болып бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджеттiң
шығыстарын ведомстволық сыныптамаға сәйкес арнап бөлудi жүзеге
асыратын болсын.
1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң тапшылығын жабудың
көздерi:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң несиесi 2500000 мың
теңге сомасында;
заемдардың негiзгi сомасының өтелуiн ескере отырып олардан
түсетiн түсiм 61173998 мың теңге мөлшерiнде;
ЕСКЕРТУ. 1-бапта өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен.
2-бап. 1997 жылға арналған республикалық бюджетке түсiмдер:
жергiлiктi бюджеттерге аударылатын сомаларды қоспағанда, төлем
көзiнен ұсталатын заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы мен жеке
тұлғалардан алынатын табыс салығы;
бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
қосылған құнға салынатын салық;
шикi мұнай мен бензинге салынатын акциздер;
бонустар, роялти және жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын
үстеме пайдаға салынатын салық;
кеден төлемдерi;
мемлекетке тиесiлi акциялар пакеттерiне дивидендтерден түсетiн
түсiмдер;
бюджет қаражаты есебiнен заемдар мен несиелер берiлгенi үшiн
алынған проценттер;
"Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн алынатын жалгерлiк төлем;
салыққа жатпайтын басқа да түсiмдер;
мемлекеттiк резерв қорларынан тауарлы-материалдық қазыналарды сатудан алынатын қаражат түсiмдерi астық сатудан алынатын қаражат түсiмдерi;
жекешелендiруден алынатын қаражат түсiмдерi есебiнен қалыптасатын болып белгiленсiн.
3-бап. Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн алынатын төлемдер мен Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн салынатын айыппұл санкциялары есебiнен құралатын Республикалық табиғат қорғау қоры олардың түсiмдерi көлемiнiң 30 процентi мөлшерiнде, республикалық және аймақаралық табиғат қорғау шараларын қаржыландыру мақсаттары үшiн республикалық бюджеттiң кiрiстерi құрамына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Республикалық табиғат қорғау қорының мiндеттерiн iске асыру бойынша жұмсалатын шығындарды олардың нақты түсiмдерi көлемiнiң 60 процентi мөлшерiнде қаржыландыруды жүзеге асыратын болсын.
4-бап. Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден 30969898 мың теңге сомасында қаражат түсiмi, сондай-ақ мемлекетке тиесiлi акциялар пакеттерiне 2200000 мың теңге сомасында дивидендтер түсiмi көзделсiн.
ЕСКЕРТУ. 4-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен. Z970129_
5-бап. 1997 жылға жалпы мемлекеттiк салықтардан түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасын облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне мынадай мөлшерде бөлу белгiленсiн:
а) заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша:
Ақмола облысына - 45 процент, Ақтөбе - 50, Атырау - 10, Шығыс Қазақстан облысына - 100, Қарағанды облысына - 65, Қостанай облысына - 100, Маңғыстау - 10, Павлодар - 5 процент, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстiк Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарына - 100 проценттен, Алматы қаласы
бойынша - толығымен республикалық бюджетке;
б) төлем көздерiнен ұсталатын жеке тұлғалардан алынатын табыс
салығы бойынша:
Атырау облысына - 22 процент, Алматы қаласына - 35, Маңғыстау
облысына - 58, ал қалған облыстарға - 100 проценттен бөлiнсiн.
ЕСКЕРТУ. 5-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен.
6-бап. Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiне:
жергiлiктi салықтар мен алымдар;
кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан алынатын
табыс салығы;
республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда, заңды
тұлғалардан алынатын табыс салығы;
республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда, төлем
көздерiнен ұсталатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағандағы
акциздер;
орманды пайдалану ақысы;
су ақысы;
коммуналдық меншiктегi мүлiктi жалға беруден алынатын кiрiс;
әкiмшiлiк айыппұлдар мен санкциялардан түсетiн түсiмдер;
мемлекеттiк баждар;
полигондарды пайдалану үшiн төленетiн жалдау ақысы;
жер учаскелерiн жалға берудi қоса алғанда меншiк құқығын және
жер пайдалану құқығын сатудан түсетiн түсiмдер;
қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлемдердiң
және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн салынатын айыппұл
санкцияларының 70 процентi мөлшерiнде жергiлiктi табиғат қорғау
қорларына түсетiн түсiмдер;
республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда,
салыққа жатпайтын басқа да түсiмдер түседi деп белгiленсiн.
7-бап. 1997 жылы облыстардың бюджеттерiне 25743955 мың теңге
сомасында трансферттер бөлiнсiн, соның iшiнде:
Алматы облысына - 7103483
Жамбыл облысына - 2909825
соның iшiнде:
Қаратау қаласына - 300000
Жаңатас қаласына - 350000
Батыс Қазақстан облысына - 1429305
Қызылорда облысына - 2456339
Солтүстiк Қазақстан облысына - 3527389
Шығыс Қазақстан облысына - 3612458
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 4705156
соның iшiнде:
Кентау қаласына - 127000.
1997 жылы Қарағанды облысы Приозерск қаласының әлеуметтiк
инфрақұрылымын қолдау үшiн 140000 мың теңге сомасында трансферттер
көзделсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстардың Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген көрсеткiштердi орындауына қарай және олардың аумағында жұмыс iстейтiн арнайы экономикалық аймақтарды ескере отырып, облыстардың бюджеттерiне трансферттер беру механизмiн жасайтын болсын.
ЕСКЕРТУ. 7-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен. Z970129_
8-бап. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарналары заңды тұлғалар үшiн (шетел қатысатын заңды тұлғаларды қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке ақы төлеу қорына қатысты бөлiгiнде шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерi үшiн еңбекке ақы төлеу қорының 30 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Мүгедектер ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы үшiн, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражаты есебiнен құрылған, мүгедектер жұмыс iстеушiлердiң жалпы санының кемiнде 50 процентi болатын өндiрiстiк және оқу-өндiрiстiк ұйымдары, зейнеткерлер кәсiпорындарының Республикалық "Ардагер" бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және соның қаражаты есебiнен құрылған, зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдар үшiн, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы кәсiпорындарының Республикалық бiрлестiгi (өндiрiстiк ұйымдарсыз) үшiн, адвокаттар төралқасы, Ауғанстандағы соғыс мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы (өндiрiстiк ұйымдарсыз), "SOS Қазақстанның балалар деревнясы" Балалардың қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы үшiн бұл жарнаның мөлшерi еңбекке ақы төлеу қорының 5 процентi болады.
Заңды тұлғалар құрмай кәсiпкерлiк және басқа да қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға, ай сайын әр қызметкер үшiн алынатын бiр айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде жарна төлейдi.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға төленетiн жарнаның жалпы сомасы мемлекеттiк қорлар арасында мынадай нормативтер бойынша бөлiнсiн: Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына - 85 процент, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына - 10 процент және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына - 5 процент.
Халықтың жұмыс iстемейтiн бөлiгiне сақтандыру төлемдерi түрiнде беру үшiн облыстардың және Алматы қаласының бюджеттерi құрамында Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының облыстық және Алматы қалалық бөлiмшелерiне қаржы бөлу көзделгенi ескерiлсiн.
9-бап. 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыс берушiлердiң (шетел қатысатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақы қоры бөлiгiнде шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiн қоса алғанда) мiндеттi сақтандыру жарналарының есебiнен еңбекке ақы төлеу қорының 2 процентi мөлшерiнде; мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдар үшiн, Ауғанстандағы соғыс мүгедектерi ерiктi: қоғамы (өндiрiстiк ұйымдарсыз), "SOS Қазақстан Балалар деревнясы" Балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы үшiн - еңбекке ақы төлеу қорының 1 процентi мөлшерiнде құрылатын болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Мүгедектер ерiктi қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының, Қазақ зағиптар қоғамының ұйымдары, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражаты есебiнен құрылған, мүгедектер жұмыс iстеушiлердiң жалпы санының кемiнде 50 процентi болатын өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк
ұйымдары Қазақстан Республикасы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына
сақтандыру жарнасын төлеуден босатылсын.
Қоныс аудару шаралары жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру жыл
сайын белгiленетiн иммиграция квотасы бойынша жергiлiктi
бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
10-бап. Жалақының ең төменгi мөлшерi былайша белгiленсiн:
1997 жылғы 1 қаңтардан - 2030 теңге;
1997 жылғы 1 сәуiрден - 2060 теңге;
1997 жылғы 1 шiлдеден - 2085 теңге;
1997 жылғы 1 қазаннан - 2340 теңге.
11-бап. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес зейнетақыларды,
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн,
сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салық және басқа төлемдер
үшiн ай сайынғы есеппен алғанда мынадай мөлшерде есептi көрсеткiш
белгiленсiн:
1997 жылғы 1 қаңтардан - 550 теңге;
1997 жылғы 1 сәуiрден - 565 теңге;
1997 жылғы 1 шiлдеден - 585 теңге;
1997 жылғы 1 қазаннан - 620 теңге.
12-бап. 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк тапсырыстың
негiзiнде өндiрiстен қол үзiп оқитын аспиранттардың ай сайынғы
стипендиясының мөлшерi ғылыми атағы жоқ кiшi ғылыми қызметкердiң
лауазымдық оклады деңгейiнде белгiленсiн.
13-бап. Жоғары оқу орындарында мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде
оқитын студенттерге стипендия мынадай мөлшерде белгiленсiн:
1997 жылғы 1 қаңтардан - 1180 теңге;
1997 жылғы 1 сәуiрден - 1250 теңге;
1997 жылғы 1 қыркүйектен - 1350 теңге.
Арнаулы орта оқу орындарының мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқитын оқушыларына стипендия мемлекеттiк жоғары оқу орындары студенттерi стипендиясы мөлшерiнiң 80 процентi көлемiнде белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi студенттерге стипендия төлеу тәртiбiн жасасын.
14-бап. Республиканың жоғары және арнаулы орта оқу орындарында мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде басқа қалалардан келiп оқитын күндiзгi бөлiм студенттерi мен оқушылары үшiн 1997 жылы каникул кезiнде қалааралық қатынастағы темiр жол, су жолы және автомобиль көлiктерiнде (жылына екi рет барып-қайтуына) жеңiлдiкпен жүру тиiстi бюджеттер қаражаты есебiнен жолақы құнының 50 процентi мөлшерiнде сақталсын.
15-бап. 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап балалары бар отбасыларына берiлетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақының мөлшерi оны тағайындау мен төлеудiң қолданылып жүрген тәртiбi сақталып, есептi көрсеткiштен процент есебiмен былайша белгiленсiн:
балалардың жасына қарай берiлетiн бiрыңғай жәрдемақы: 3 жасқа дейiн - 125 процент, 3 жастан 18 жасқа дейiн - 130 процент;
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына берiлетiн жәрдемақы - 130 процент;
жасанды иммунды тапшылық синдромын жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратын балаларға берiлетiн жәрдемақы - 130 процент;
төрт және одан да көп 7 жасқа толмаған балалары бар, жұмыс iстемейтiн көп балалы аналарға берiлетiн жәрдемақы - 100 процент.
Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға жәрдемақы тоқсан сайын: бiрiншi тоқсанда - 3875 теңге, екiншi тоқсанда - 4070 теңге, үшiншi тоқсанда - 4230 теңге және төртiншi тоқсанда - 4445 теңге төленетiнi ескерiлсiн.
Бала туғанда есептi көрсеткiштiң төрт еселенген мөлшерiнде бiр рет берiлетiн жәрдемақы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен төленедi.
Жерлеуге арналған жәрдем отбасы мүшелерiне немесе жерлеудi ұйымдастырушы адамдарға жұмыс iстеген азаматтар үшiн Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен есептi көрсеткiштiң он есе мөлшерiнде, зейнеткерлер үшiн - Зейнетақы қорының қаражаты есебiнен есептi көрсеткiштiң он есе мөлшерiнде және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн Зейнетақы қорының қаражаты есебiнен есептi көрсеткiштiң отыз бес есе мөлшерiнде төленедi.
16-бап. Экологиялық апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға және асыраушысынан айырылған отбасыларына - "Арал өңiрiндегi экологиялық апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468 Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992, N 13-114, 348-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат) 13-бабының 2-тармағының 5 тармақшасына сәйкес нұқсан үшiн 8 000 мың теңге мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы;
зейнеткерлерге - ядролық сынақтар келтiрген нұқсан үшiн "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 1787 Заңының (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992, N 23, 560-құжат; 1994 ж, N 8, 140-құжат) 12-бабының бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтарына сәйкес және осы Заңның 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетiлген аймақтарда тұрған адамдарға 500 000 мың теңге мөлшерiнде бiр жолғы ақшалай өтемақы төлеуге шығындар көздесiн.
17-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiндегi" 1996 жылғы 17 маусымдағы N 3037 Жарлығына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы төлеуге 42424 мың теңге сомасында қаржы бөлу көзделсiн.
Облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерiнiң шығыстары құрамында нақ осы мақсаттарға тиiстi қаржы бөлу көзделдi деп белгiленсiн.
18-бап. Ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығыстарды 3937824 мың теңге сомасында қаржыландыру, соның iшiнде ғылыми жобаларды сыртқы гранттар есебiнен қаржыландыруға олардың нақты келiп түсуiне қарай бөлiнетiн 922000 мың теңге көзделсiн.
19-бап. 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстық, қалалық және аудандық iшкi iстер басқармаларының (бөлiмдерiнiң) барлық функционалдық және құрылымдық бөлiмшелерiн, сондай-ақ басқа да құқық қорғау органдарының мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн ұстау жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
20-бап. Әскери мүлiктi жалдаудан немесе сатудан алынған қаражат, жалдау қызметiн көрсетуге және мүлiктi сатуға жұмсалған шығыстарды шегерiп тастай отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiппен Қарулы Күштердiң мұқтаждарына пайдаланылатын болып белгiленсiн.
21-бап. Мемлекеттiк телерадио хабарларын тарату жөнiнде көрсетiлетiн байланыс қызметiнiң ақысын төлеуге 2909653 мың теңге сомасында қаржы бөлiнiп, оның 398000 мың теңгесiн телерадио хабарларын таратудың ұлттық спутник жүйесiн енгiзуге бөлу көзделсiн.
22-бап. Газеттерге, журналдарға мемлекеттiк қолдау көрсетуге және әлеуметтiк мәнi бар әдебиет шығаруға 735000 мың теңге сомасында қаржы бөлу көзделсiн.
23-бап. Мұхтар Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуын мерекелеуге 143000 мың теңге және Түркiстан қаласының 1500 жылдығын мерекелеуге әзiрлiк үшiн 270000 мың теңге сомасында қаржы бөлу көзделсiн.
24-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-құжат) бойынша шараларды жүзеге асыру үшiн екiншi деңгейдегi банктерге 2920000 мың теңге сомасында, оның iшiнде мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн қаражат есебiнен 4 процент мөлшерiнде қаржы бөлу көзделсiн.
Мемлекеттiк меншiктiң жекешелендiруден түсетiн қаражатты аудару оның бюджетке келiп түсуiне қарай жүзеге асырылсын.
ЕСКЕРТУ. 24-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен. Z970129_
25-бап. Ұйымдарды санациялау және оңалту жөнiндегi шаралар жүргiзуге 5090690 мың теңге сомасында; мониторингтi жүзеге асыру мен шағын және орта бизнес инфрақұрылымын дамытуға 50000 мың теңге сомасында; Ауыл шаруашылығын қаржы берiп қолдайтын мемлекеттiк қорға 4889000 мың теңге сомасында; басымдық берiлген объектiлердi қаржыландыруға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне тиiмдiлiгi жоғары инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ сырттан тартылатын шетелдiк заемдар жөнiндегi жобаларды бiрлесе отырып қаржыландыруға берiлетiн несиелердi 7406022 мың теңге сомасында; Қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту және конверсиялау бағдарламасын iске асыруға 600000 мың теңге сомасында қаражат бөлу көзделсiн.
ЕСКЕРТУ. 25-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен. Z970129_
26-бап. Мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және жер қойнауын қорғауға 1154000 мың теңге сомасында және Үкiметтiң арнаулы шешiмдерi бойынша жүргiзiлетiн, жер қойнауын пайдаланушылар өтейтiн iздестiру-бағалау жұмыстарына 172000 мың теңге сомасында шығыстарды
қаржыландыру жүзеге асырылсын.
Геологиялық ақпаратты өткiзуден (айырбастаудан, сатудан)
түсетiн қаражат республикалық бюджетке аударылатын болып белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 26-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен.
27-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы нәтижесiнде
пайда болған мемлекеттiк қарызға қызмет көрсетуге жалпы сомасы
13147822 мың теңге қаржы бөлу көзделсiн.
ЕСКЕРТУ. 27-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен.
28-бап. Лизинг операцияларына 800000 мың теңге сомасында несие
ресурстары көзделсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi осы шарттармен техника
әкелудi ұйымдастыруға қаражат бөлу тәртiбiн белгiлейтiн болсын.
ЕСКЕРТУ. 28-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен.
29-бап. Iшкi республикалық есепке алу нәтижелерi және директивалық несиелер бойынша 713900 мың теңге сомасындағы берешектi;
Ауыл шаруашылығын қаржы берiп қолдайтын мемлекеттiк қорға
берiлген несиелер бойынша 3200000 мың теңге сомасындағы берешектi;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген
2700000 мың теңге сомасындағы несиенi өтеуден алынатын қаражат
республикалық бюджетке түсетiн болып белгiленсiн.
30-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1996 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша 60 жасқа толған азаматтардың Қазақстан
Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiндегi салымдарына өтем жасау туралы"
1996 жылғы 20 мамырдағы N 2988 Жарлығын (Қазақстан Республикасы
ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 161-құжат) iске асыруға Қазақстан Акционерлiк
Халықтық Жинақ Банкiне 3300000 мың теңге сомасында қаржы бөлу
көзделсiн.
31-бап. 1997 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қарыз алуы нәтижесiнде пайда болған мемлекеттiк қарыздың
лимитi 228000000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 31-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен.
32-бап. 1997 жылы Қазақстан Республикасының беретiн мемлекеттiк
кепiлдiктер лимитiнiң жалпы сомасы 7740000 мың теңге болып
белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 32-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен.
33-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi өткен жылдарда
алынған несиелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
алдындағы мемлекеттiк iшкi борышты 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап
оларды он жылдық айналыс мерзiмiмен мемлекеттiк бағалы қағаздар етiп
қайта ресiмдесiн.
34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен
бұрын алынған сыртқы несиелердi өтеуге және оларға қызмет көрсетуге
10104399 мың теңге көзделсiн.
ЕСКЕРТУ. 34-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен.
35-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қоры
3260700 мың теңге сомасында, соның iшiнде төтенше жағдайлар мен
шараларды, оған қоса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюды қаржыландыруға 1860700 мың теңге сомасында
бекiтiлсiн.
36-бап. 1998 жылғы 1 қаңтардан республикалық бюджет бойынша нақты ақшаның айналыстағы резервiнiң мөлшерi 500000 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
37-бап. 1997 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару барысында жалақы төлеуге байланысты шығындар, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға төленетiн жарналар, стипендиялар, зейнетақылар және республикалық бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдарда тамақтандыруға жұмсалатын шығындар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн. Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi борыштарды жабуға жұмсалатын ресми трансферттер.
ЕСКЕРТУ. 37-бап. өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен. Z970129_
38-бап. Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi берешектi жабуға жұмсалатын ресми трансферттердiң көлемi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мерзiмде 36000000 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
39-бап. Республикалық бюджетке кiрiстер толық түспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiне республикалық бюджеттiң тапшылығы мен мемлекеттiк борыштың лимитiн қаражатты зейнетақылар төлеу жөнiндегi берешектi өтеуге жұмсай отырып, осы Заңның 1 және 31-баптарында белгiленген мөлшерден тыс, жалпы iшкi өнiмнiң 0,5 процентiне дейiн қосымша өсiруге рұқсат етiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 38 және 39-баптармен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1997.06.18. N 129 Заңымен. Z970129_
Қазақстан Республикасының
Президентi
"1997 жылға арналған
республикалық бюджет туралы"
Қазақстан Республикасының
Заңына қосымша
1997 ж. 31 желтоқсан
N 59 ҚРЗ
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының
1997.06.18. N 129 Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған
республикалық бюджетi
Санаты
Сыныбы
Iшкi сыныбы
Ерекшелiгi
Сомасы
Атауы (мың теңге)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
1. Кiрiстер 186668929
1 Салық түсiмдерi 127656024
1 Кiрiстерге және капитал өсiмiне салынатын табыс 29882045
салығы
1 Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 23418185
1 Резидент-заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 20932077
3 Резидент-заңды тұлғалардан төлем көзiнен 2486108
ұсталатын табыс салығы
2 Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы 6463860
1 Жеке тұлғалардан төлем көзiнен ұсталатын табыс 6463860
салығы
4 Меншiкке салынатын салықтар 553250
2 Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға 553250
салынатын салық
1 Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға 553250
салынатын салық
5 Тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге салынатын 88900729
iшкi салықтар
1 Қосылған құнға салынатын салық 65580000
1 Iшкi өндiрiс тауарларына және жұмыстар мен 56090000
қызметтерге салынатын қосылған құн салығы
2 Қазақстан Республикасының аумағына сырттан 9490000
әкелiнетiн тауарларға салынатын қосылған құн
салығы
2 Акциздер 10412879
19 Бензин 5996435
29 Өңделмеген мұнай 4416444
3 Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн 12907850
түсiмдер
5 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын 2700000
бонустар
6 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын 10207850
роялти
6 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 8320000
салынатын салықтар
1 Кеден төлемдерi 8320000
1 Импорт баждары 7400000
9 Басқа да кеден төлемдерi 920000
2 Салыққа жатпайтын түсiмдер 19920707
1 Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен түсетiн 12735382
кiрiстер
2 Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен 11639529
түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдер
3 Мемлекетке тиесiлi акциялар пакеттерiне 2200000
дивидендтер түсiмi
6 Республика iшiнде берiлген қарыздар мен 1044529
несиелер үшiн алынған проценттер
10 "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн жалгерлiк 8395000
төлем
3 Меншiктен алынатын басқа да кiрiстер 1095853
4 Шетелдiк мемлекеттердiң үкiметтерiне мемлекеттiк 1092153
несиелер берiлгенi үшiн алынған проценттер
9 Меншiктен алынатын басқа да кiрiстер 3700
2 Әкiмшiлiк алымдар мен төлемдер, коммерциялық 1421800
емес және iлеспе сатудан алынатын кiрiстер
1 Әкiмшiлiк алымдар 224800
8 Мемлекеттiк органдар өндiрiп алатын төлем 7800
(айыппұлдардан басқа)
10 Басқа да әкiмшiлiк алымдары 217000
3 Басқа да төлемдер және коммерциялық емес және 1197000
iлеспе сатудан алынатын кiрiстер
1 Мемлекеттiк мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем 540000
9 Басқа да төлемдер және коммерциялық емес және 657000
iлеспе сатудан алынатын кiрiстер
5 Салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер 5763525
1 Салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер 5763525
3 Табиғат қорғау қорына түсiмдер 507450
9 Салыққа жатпайтын басқа да түсiмдер 5256075
3 Капиталмен жасалған операциялардан алынатын 39092198
кiрiстер
1 Негiзгi капиталды сату 30969898
1 Негiзгi капиталды сату 30969898
4 Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiруден 30969898
түсетiн түсiмдер
2 Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату 8122300
1 Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату 8122300
1 Мемлекеттiк материалдық резервтерден тауарлар 6122300
өткiзуден қаражаттың түсуi
2 Астық өткiзуден алынатын түсiм 2000000
II. Алынған ресми трансферттер (гранттар) 922000
4 Алынған ресми трансферттер (гранттар) 922000
2 Сыртқы көздерден 922000
1 Сыртқы көздерден 922000
1 Ағымдағы 922000
Функциялық топ
Функция
Iшкi
функция
Мекеме
Сомасы
Атауы (мың теңге)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
III. Шығыстар 228877075
1 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 31658625
1 Заң шығарушы орган және басқа функцияларға 21929765
енгiзiлмеген өзге де органдар, қаржы және
салық-бюджет саясаты, шет мемлекеттерге
экономикалық көмек көрсетудi қоспағанда
сыртқы экономикалық қызмет
1 Заң шығарушы орган және басқа функцияларға 1652383
енгiзiлмеген өзге де органдар
101 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 481712
Әкiмшiлiгi
102 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 808079
Шаруашылық Басқармасы
104 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 327232
Кеңсесi
637 Қазақстан Республикасының Конституциялық 35360
Кеңесi
2 Қаржы және фискальдық қызмет 14978196
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 13048789
311 Қазақстан Республикасының Инвестициялар 85000
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
406 Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау 38272
жөнiндегi есеп комитетi
412 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден 1782773
комитетi
660 Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 23362
жөнiндегi ұлттық комиссиясы
3 Сыртқы экономикалық қызмет 5299186
204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 3939915
министрлiгi
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 247170
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 701194
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 292000
комитетi
411 Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы 14507
және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық
Кеңесiнiң атқару комитетi
698 Аралды құтқару халықаралық қоры 104400
3 Iргелi зерттеулер 4309657
222 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 4309657
- Ғылым академиясы
4 Жалпы сипаттағы қызметтер 3122555
2 Жалпы жоспарлау және статистикалық қызметтер 149546
228 Қазақстан Республикасының Экономика және 121000
сауда министрлiгi
604 Қазақстан Республикасының Стратегиялық 28546
жоспарлау жөнiндегi агенттiгi
3 Жалпы сипаттағы өзге де қызметтер 2973009
603 Қазақстан Республикасы Президентiнiң архивi 38306
617 Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк 19430
архивi
1 621 Қазақстан Республикасының жоғары және орталық 28062
мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру
жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
646 Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы 16538
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты
680 Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет 1333128
қызметi
694 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс 427892
Басқармасы
696 Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң 1109653
Шаруашылық Басқармасы
5 Басқа санаттарға жатқызылмаған жалпы сипаттағы 2296648
мемлекеттiк қызметтер
676 Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы 2000000
690 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау 296648
комиссиясы
2 Қорғаныс 16314210
1 Әскери мұқтаждармен байланысты қызмет 15190607
1 Әскери мұқтаждар 15190607
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 14573154
министрлiгi
678 Республикалық ұлан 617453
4 Басқа санаттарға жатқызылмаған қорғаныс 1123603
саласындағы қызмет
308 Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар 1123603
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
3 Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк 21643247
1 Iшкi iстер органдары 3277321
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 687389
министрлiгi
624 Iшкi әскерлер бас басқармасы 2589932
2 Соттар және прокуратура 4116087
221 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 2391331
501 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 180500
502 Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 1544256
3 Қылмыстық-атқару жүйесi 2628859
623 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 2628859
министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi бас
басқармасы
4 басқа санаттарға жатқызылмаған қоғамдық 11620980
тәртiп және қауiпсiздiк
303 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара 3929462
күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
402 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу 5633472
комитетi
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 2043879
комитетi
635 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы 14167
Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
техникалық комиссиясы
4 Бiлiм 14774640
1 Мектепке дейiнгi бiлiм беру 667756
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 40159
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 186669
коммуникация министрлiгi
4 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет 402480
министрлiгi
303 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара 3344
күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
696 Қазақстан Республикасының Президентi мен 32262
Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы
697 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс 2842
басқармасының Медициналық орталығы
2 Бастауыш және орта бiлiм беру 705593
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 303370
коммуникация министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет 402223
министрлiгi
4 Арнаулы орта бiлiм беру 785949
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 198208
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 115285
министрлiгi
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 125381
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет 261471
министрлiгi
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 77427
640 Қ.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк 8177
университетi
5 Кадрларды кәсiби даярлау 178886
1 Кадрларды қайта даярлау жөнiндегi оқу орындары 178886
мен курстар
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 79971
министрлiгi
204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 1211
министрлiгi
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 3321
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
221 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 4139
222 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - 16766
Ғылым академиясы
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет 31854
министрлiгi
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1620
641 Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық 16621
университетi
648 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы 23383
мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және
олардың бiлiктiлiгiн көтеру институты
6 Жоғары бiлiм беру 10008296
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 237050
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 1157458
министрлiгi
204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 36279
министрлiгi
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 791841
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет 5983729
министрлiгi
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 37824
402 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу 261413
комитетi
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 141246
комитетi
611 Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы 31287
Ұлттық жоғары мемлекеттiк басқару мектебi
640 Қ.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк 194245
университетi
4 641 Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық 1100000
университетi
645 Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы 35924
Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау
институты
7 Деңгейлерi бойынша айқындалмайтын бiлiм беру 1979453
саласындағы қызметтер
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет 1660644
министрлiгi
299 Басқа ұйымдар 318809
8 Бiлiм саласындағы қосалқы қызметтер 79509
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 855
министрлiгi
315 Қазақстан Республикасының Көлiк және 5114
коммуникация министрлiгi
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет 46380
министрлiгi
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 10551
министрлiгi
228 Қазақстан Республикасының Экономика және сауда 16609
министрлiгi
9 Басқа санаттарға жатқызылмаған бiлiм 369198
саласындағы жұмыс пен қызметтер
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және 369198
мәдениет министрлiгi
5 Денсаулық сақтау 6334615
1 Ауруханалар 3069370
1 Кең профильдi ауруханалар 2782811
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 1692639
министрлiгi
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 200000
коммуникация министрлiгi
697 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс 890172
басқармасының Медициналық орталығы
3 Медициналық орталықтар мен перзентханалар 18923
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 18923
министрлiгi
5 Басқа iшкi топтарға жатқызылмаған аурухана 267636
мекемелерiнiң жұмысы мен қызметi
201 Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi 90842
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 85300
303 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара 81044
күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
678 Республикалық ұлан 10450
2 Емханалар және дәрiгерлер, тiс дәрiгерлерi 125034
мен орта медициналық қызметкерлердiң қызмет
көрсетуi
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 99212
министрлiгi
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 25822
комитетi
3 Халықтың денсаулығын сақтау 1669577
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 76580
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 1453634
министрлiгi
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 15627
402 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу 7952
комитетi
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 11580
комитетi
5 697 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс 104204
басқармасының Медициналық орталығы
4 Дәрi-дәрмектер, медициналық жабдықтар мен 774000
аспаптар және дәрiгердiң нұсқамасы бойынша
пайдаланылатын басқа да өнiмдер
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 774000
министрлiгi
6 Денсаулық сақтау саласындағы басқа санаттарға 696634
жатқызылмаған жұмыс пен қызмет
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 696634
министрлiгi
6 Әлеуметтiк сақтандыру және қамсыздандыру 8943802
1 Әлеуметтiк сақтандыру 8614877
2 Зейнетақы бағдарламалары 5932982
201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 2834800
208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 2294820
303 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара 208421
күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
402 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу 182902
комитетi
410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 412039
комитетi
6 Әлеуметтiк көмектiң басқа да түрлерi 2681895
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 1256476
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 1425419
коммуникация министрлiгi
3 Әлеуметтiк қамсыздандыру 258406
2 Әлеуметтiк қамсыздандыру - интернат үлгiсiндегi 24090
басқа да мекемелер
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 24090
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
5 Интернат үлгiсiндегi мекемелер арқылы 234316
көрсетiлмейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру
қызметтерi
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 234316
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
4 Басқа санаттарға жатқызылмаған әлеуметтiк 70519
сақтандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыру
саласындағы қызмет
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 70519
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
8 Демалысты ұйымдастыру және мәдениет 7311757
саласындағы қызмет
1 Бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру 1092041
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және 1086764
мәдениет министрлiгi
696 Қазақстан Республикасының Президентi мен 5277
Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы
2 Мәдениет саласындағы қызмет 1642153
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және 1642153
мәдениет министрлiгi
8 3 Теледидар және радиохабарлар, баспа 4577563
мекемелерi мен қызметтерi
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 1464540
коммуникация министрлiгi
636 Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi 13200
650 "Қазақстан телевизиясы және радиосы" корпорациясы 1803093
656 "Мир" мемлекетаралық теле-радио компаниясы 31930
664 Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық 788405
ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi
689 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар 476395
агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
9 Отын-энергетика кешенi 1093000
1 Отын 1093000
1 Көмiр және қатты қазба отынның басқа да 1093000
түрлерiн өндiру
699 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк медетшi 1093000
банкi
10 Ауыл, су және орман шаруашылығы, балық аулау, 9827256
аң аулау және табиғат қорғау
1 Ауыл шаруашылығы 8470092
1 Ауыл шаруашылық жерлерi мен су ресурстарын 293350
басқару
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 293350
министрлiгi
2 Жер реформалары және жерге орналастыру 600000
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 600000
министрлiгi
3 Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдау 4889000
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 4889000
министрлiгi
5 Малдәрiгерлiк қызмет көрсету 1451999
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 1451999
министрлiгi
6 Ауылшаруашылық зиянкестерiмен күрес 971033
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 971033
министрлiгi
7 Басқа санаттарға жатқызылмаған ауыл 264710
шаруашылығы саласындағы қызмет
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 264710
министрлiгi
2 Орман шаруашылығы 869914
222 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 2370
- Ғылым академиясы
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 867544
министрлiгi
3 Балық аулау және аң аулау 90000
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 90000
министрлiгi
4 Ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулер және 5580
тәжiрибелер жасау
222 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 5580
- Ғылым академиясы
11 Басқа санаттарға жатқызылмаған ауыл шаруашылығы, 391670
балық аулау, аң аулау және табиғат қорғау
саласындағы жұмыс және қызмет
227 Қазақстан Республикасының Экология және 391670
биоресурстар министрлiгi
11 Кен өндiру өнеркәсiбi және отынды қоспағанда 4241000
пайдалы қазбалар; өңдеу өнеркәсiбi; құрылыс
1 Кен өндiру өнеркәсiбi және отынды қоспағанда 107000
пайдалы қазбалар
222 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 107000
- Ғылым академиясы
3 Құрылыс 2980000
228 Қазақстан Республикасының Экономика және 60000
сауда министрлiгi
667 Екiншi сатыдағы банк 2920000
4 Басқа санаттарға жатқызылмаған кен өндiру 1154000
өнеркәсiбi және пайдалы қазбалар өңдеу
өнеркәсiбi және құрылыс саласындағы жұмыс
пен қызмет
229 Қазақстан Республикасының Энергетика және 1154000
табиғи ресурстар министрлiгi
12 Көлiк және байланыс 261259
2 Су көлiгi 80173
2 Су көлiгiн пайдалану 80173
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 80173
коммуникация министрлiгi
7 Байланыс жүйелерi 117983
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 117983
коммуникация министрлiгi
8 Басқа санаттарға жатқызылмаған көлiк және 63103
байланыс саласындағы қызмет
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 63103
коммуникация министрлiгi
3 Экономикалық қызметпен байланысты басқа да 27941887
қызметтер
3 Көп мақсатты даму жобалары 1904040
104 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң 1849860
Кеңсесi
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 54180
министрлiгi
4 Жалпы еңбектi ұйымдастыруды қоспағанда жалпы 5383134
шаруашылық және коммерциялық қызмет
227 Қазақстан Республикасының Экология және 721182
биоресурстар министрлiгi
228 Қазақстан Республикасының Экономика және 4518298
сауда министрлiгi
229 Қазақстан Республикасының Энергетика және 115108
табиғи ресурстар министрлiгi
605 Қазақстан Республикасының Стратегиялық 28546
ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiгi
5 Жалпы еңбектi ұйымдастыру 572760
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 572760
халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
3 6 Басқа санаттарға жатқызылмаған экономикалық 20081953
қызметпен байланысты өзге де қызметтер
221 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 464400
224 Қазақстан Республикасының Бiлiм және 425211
мәдениет министрлiгi
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 154800
министрлiгi
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 7148500
299 Басқа ұйымдар 11839042
693 Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 50000
Қазақстандық орталығы
4 Негiзгi топтарға жатқызылмаған шығыстар 78531777
1 Мемлекеттiк мiндеттемелермен жасалатын 13147822
операциялар
1 Проценттер төлеу 12743502
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 12743502
2 Мемлекеттiк заемдарды орналастырумен және оларды 404320
қайта қаржыландырумен байланысты шығыстар
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 404320
3 Мемлекеттiк органдардың әртүрлi деңгейлерi 65383955
арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер
105 Әкiмдер аппараты 25743955
132 Қарағанды облысының әкiмi 140000
213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 36000000
әлеуметтiк қорғау министрлiгi
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 3500000
Функциялық топ
Функция
Iшкi
функция
Мекеме
Сомасы
Атауы (мың теңге)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
IV. Несиелендiру мен шегерiлген өтелу 22387852
Несиелендiру 30769083
14 2 Несиелендiру 30769083
1 Iшкi көздерден iшкi несиелендiру 19644195
131 Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 1109142
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 1181124
коммуникация министрлiгi
225 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 874304
министрлiгi
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 10104399
229 Қазақстан Республикасының Энергетика және 172000
табиғи ресурстар министрлiгi
666 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт- 2205536
импорт банкi
699 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi 3997690
банкi
2 Сыртқы көздерден iшкi несиелендiру 10696680
129 Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi 117028,8
130 Алматы қаласының әкiмi 425622,6
131 Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 549540
132 Қарағанды облысының әкiмi 153948,6
203 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 890100
министрлiгi
215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 2917206
коммуникация министрлiгi
225 Қазақстан Республикасының Ауыл 4167216
шаруашылығы министрлiгi
228 Қазақстан Республикасының Экономика және 87462
сауда министрлiгi
229 Қазақстан Республикасының Энергетика және 1210536
табиғи ресурстар министрлiгi
666 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк 178020
экспорт-импорт банкi
3 Сыртқы несиелендiру 428208
226 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 428208
Өтеу -8381231
5 Мемлекеттiк кәсiпорындардың заемдары мен -8381231
қарыздарын өтеу
1 Iшкi несиелендiрудi өтеу -6613900
2 Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiн -3913900
қоспағанда ұйымдардың өтеуi
2 Мерзiмi кешiктiрiлген берешектi және -413900
директивалық несие бойынша проценттердi қайтару
3 Iшкi республикалық есептеме бойынша несие -300000
жөнiнде мерзiмi кешiктiрiлген берешектi
қайтару
4 Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қолдау қорына -3200000
берiлген орталықтандырылған несиелер жөнiндегi
мерзiмi кешiктiрiлген берешектi қайтару
4 Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнiң -2700000
өтеуi
1 Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнiң -2700000
өтеуi
5 2 Сыртқы қарыздар бойынша борыштарды өтеу -1767331
мақсатымен жүргiзiлген iшкi несиелендiрудi
өтеу
2 Ұйымдардың өтеуi -1767331
1 Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк -1767331
берген заемдар бойынша өтеу
V. Бюджет тапшылығы -63673998
VI. Қаржыландыру 63673998
6 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 2500000
2 Басқа да қаржыландыру көздерi 61173998