"1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 18 маусымдағы N 129

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377  Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 69-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi (бұдан әрi - Департамент) туралы ереже бекiтiлсiн. 
      2. Департамент пен оның Алматы, Арқалық, Байқоңыр, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Талдықорған облыстары мен қалаларындағы аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және оның аумақтық комитеттерiнiң мүлiктiк және өзге құқықтары және мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерлерi болып айқындалсын. <*> 
      3. Департамент пен оған тiкелей бағынатын аумақтық органдары мемлекеттiк меншiктi басқаруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының меншiк қатынасында мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi.<*> 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi: 
      Департаментпен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттiк мүлiктi жалға, жалдауға беруге, сыртқы және сенiмдi басқаруға беруге, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiруге байланысты жасалған келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша көрсеткiштермен статистикалық есептiлiктiң нысанын әзiрлесiн және бекiтсiн; 
      Департамент пен оның аумақтық органдары статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың тiзбесiне енгiзiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Департаментпен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын жарық көрген үкiмет актiлерiн осы қаулыға сәйкестiкке келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
       ЕСКЕРТУ. Қаулы 2 және 3-шi жаңа тармақтармен толықтырылды, 2 және 3-тармақтар 4 және 5-тармақтар болып есептелдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.30. N 1034  қаулысымен .

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң       
1997 жылғы 17 маусымдағы  
N 980 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi (бұдан әрi - Департамент) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгiн иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асырушы мемлекеттiк басқару органы болып табылады. 
      2. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 

I. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары 

      3. Департаменттiң қызмет аясындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасы меншiгiнiң қатынастарын реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзiрлеуге қатысу: 
      мемлекеттiк республикалық меншiктiң пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыру; 
      заңдардың қолданылу практикасын талдау және қорытындылау, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысу; 
      шаруашылық серiктестiктерi мен бiрлескен кәсiпорындардың мемлекеттiк үлестерiн, акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн басқару; 
      министрлiктердiң, комитеттердiң, ведомстволардың мемлекеттiк меншiктi басқару жөнiндегi қызметiн салааралық үйлестiру; 
      жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi қызметiн үйлестiру; 
      халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша оларға қол қою; 
      халықаралық ұйымдармен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру; 
      Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнде тысқары жерлерде меншiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру; 
      өз қызметiн жақсарту жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзу; 
      өзiне заңдармен жүктелген өзге де мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру. 
      4. Департамент негiзгi мiндеттерiне сүйене отырып: 
      Қазақстан Республикасы меншiгiнiң қатынастарын реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзiрлеуге қатысады; 
      мемлекеттiк заңды тұлғаларды не мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғаларды құру, оларды қайта ұйымдастыру, тарату, мемлекеттiк меншiк объектiлерiн оңалту шараларын жүргiзу үшiн кепiлге, жалға, жалдауға, сенiмдi басқаруға, жекешелендiруге беруге келiсiм-шарттарға (шарттарға, келiсiмдерге) қол қою туралы шешiмдер қабылдау жолымен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және билiк ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады; 
      ауыл шаруашылықтық мақсаттағы емес мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, соның iшiнде салынып бiтпеген объектiлердi жекешелендiру кезiнде заңды және жеке тұлғаларға жердi пайдалану құқығын не жер учаскелерiн жалға беруге байланысты мәселелердi шешуге қатысады; 
      "алтын акцияны" енгiзу туралы шешiм қабылдайды; 
      шаруашылық серiктестiктерi мен бiрлескен кәсiпорындардың мемлекеттiк үлесiн, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн басқаруды қамтамасыз етедi; 
      мемлекетке тиесiлi акциялар пакетiнiң ұстаушысы болып табылады; 
      шаруашылық серiктестiктерiндегi және бiрлескен кәсiпорындардағы мемлекеттiк үлестерге және акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтердiң есептелуiнiң дұрыстығын бақылайды; 
      мемлекеттiк республикалық меншiктiң пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырады; 
      заңдардың қолданылу практикасына талдау және қорытындылау жүргiзедi, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады; 
      министрлiктердiң, комитеттердiң, ведомстволардың мемлекеттiк меншiктi басқару жөнiнде қызметiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады; 
      жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады; 
      халықаралық ұйымдармен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады; 
      халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша оларға қол қояды; 
      Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тысқары жерлерде меншiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiредi; 
      Департаменттiң қызметiн жақсарту жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi. 

II. Департаменттiң өкiлеттiктерi 

      5. Департамент өзiне жүктелген функцияларды орындау үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құзыретiнiң шегiнде: 
      атқарылуға мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға; 
      министрлiктердiң, комитеттер мен ведомстволардың мемлекеттiк меншiктi басқару, сондай-ақ оның пайдаланылуына бақылау жасау жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыруға; 
      кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң және мемлекеттiң қатысуындағы өзге де заңды тұлғалардың банкроттығының алдын алу жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысуға; 
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, мемлекеттiң қатысуындағы заңды тұлғалардан қаржы және өзге құжаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк меншiктi пайдалануға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұратуға және тегiн негiзде алуға; 
      Департаменттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңдардың атқарылуына бақылау жасауға және тексеруге; 
      мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жалға, жалдауға сырттай және сенiмдi басқаруға беру, сондай-ақ оларды жекешелендiру жөнiндегi келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) атқарылуына бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға; 
      консалтингтiк қызметтердi жүзеге асыру үшiн қазақстандық және шетелдiк заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға; 
      Департаменттiң қызмет саласына жататын проблемалар бойынша ғылыми зерттеулердi жүзеге асыруға және үйлестiруге; 
      аумақтық органдардың ережелерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғыларын бекiтуге құқығы бар. 
      6. Департаменттiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылданған мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және билiк ету жөнiндегi қатынастарды реттейтiн актiлердi орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн атқарылуы мiндеттi болып табылады. 

III. Департамент қызметiн ұйымдастырудың негiзгi мәселелерi 

      7. Департаменттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. 
      8. Департамент директорының орынбасары болады, оны Департамент директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      9. Департамент Директоры: 
      Департаменттiң жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады; 
      Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершiлiкте болады; 
      Департамент директорының орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi; 
      Департаменттiң орталық аппараты қызметкерлерiн қызметке тағайындайды, қызметте жылжытады және қызметтен босатады, оларға қолданылып жүрген заңдарда көзделген ынталандыру шараларын және тәртiптiк жазаларын қолданады; 
      Департамент құзыретiнiң шегiнде Департаменттiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдарының атқаруы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер, бұйрықтар шығарады. 
      Департаменттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастырады және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады. 
      10. Департаменттiң аумақтық органдарының басшыларын Департамент директорының ұсынуы бойынша және тиiстi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi. 
      11. Департамент пен оның аумақтық органдары республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталады. 
      12. Департамент пен оның аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өздерiнiң атауы қазақ, орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, банктерде шоттары бар. 
      13. Департаменттiң құрылымы мен санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, ал штаттық кестесiн бекiтiлген құрылымның, саны мен еңбекақы қорының шегiнде - Департамент директоры бекiтедi. 
      14. Департаменттi тарату және қайта ұйымдастыру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.