Заң күшi бар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 2710. Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге

уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Заңының  

Z933600_

  1-бабына, Қазақстан 
Республикасы Конституциясының  

K951000_

  92-бабының 4-тармағына сәйкес 
және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының 
мәртебесiн, өкiлеттiгiн айқындау мен қызметiн ұйымдастыру мақсатында 
осы Жарлықты шығарамын.

                         I Тарау
                      Жалпы ережелер

     1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының
                       мақсаты
     


      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.

      2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
      1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
      2) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау ақпаратын iздеп табу;
      3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю;
      4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;
      5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
      6) Қазақстан Республикасының Президентiн, елдiң мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету; <*>
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, ұйымдары

мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру болып 
табылады.
<*>
 
     2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына өзге мiндеттер тек заңмен
ғана жүктелуi мүмкiн.
     ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.05.16.
              N 110 Заңымен.  

Z970110_

 

     3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң
                       құқықтық негiзi

     Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
     1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
     2) осы Жарлық;


      3) Қазақстан Республикасының осы Жарлыққа қайшы келмейтiн және

онымен реттелмеген бөлiгiндегi басқа да нормативтiк құқықтық
актiлерi;
     4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де
мiндеттемелерi;
     5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы
Сотының нормативтiк қаулылары;
     6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.

     4-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң
                     негiзгi принциптерi

     Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, дара
басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар
мен өзге де бiрлестiктер қызметiнен тәуелсiздiк принциптерiнде
құрылады.

     5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде
            адамның және азаматтың құқықтары мен
            бостандықтарының сақталуы



      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.
      2. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тiкелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртiппен ғана шектелуi мүмкiн.
      3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгiленген шектерде әрбiр азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      4. Ұлттық қауiпсiздiк органдары мен олардың қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.

      6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың
             мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет
             мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара
             iс-қимылы және ынтымақтастығы

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. Мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ ұйымдардың лауазымды адамдары, әскери құрамалардың қолбасшылығы ұлттық қауiпсiздiк органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдем жасауға мiндеттi.
      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және үкiметтiк байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-баптың 2-абзацы толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1997.05.16. N 110 Заңымен. Z970110_

                               II Тарау
                 Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
                    және олардың қызметiн ұйымдастыру

      7-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі <*>

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі органдарының бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанындағы үкіметтік байланыс органы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары және оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери қарсы барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және өзге де ұйымдар құрайды.
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.05.16.
               N 110 Заңымен. Z970110_
      ЕСКЕРТУ. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_

      8-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

      1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
      1) оны Республика Президентi құрады, таратады және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейдi;
      2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және Республика астанасындағы аумақтық органдарын, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жанындағы үкiметтiк байланыс органын әскери қарсы барлау органдарын, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскерлерiн арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құрып, оларға басшылық жасайды; <*> <*>
      3) өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк актiлер шығарады және ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;
      4) оны Республика Парламентi Сенатының келiсiмi бойынша Республиканың Президентi қызметке тағайындайтын Төраға басқарады; оны Республика Президентi қызметтен босатады;
      5) заңды тұлға болып табылады, оның нақтылы және шартты атауы, өзiнiң рәмiздерi мен айырым белгiлерi тиiстi мөрлерi мен мөртабандары, банктерде шоттары, негiзгi қорлары, әлеуметтiк-мәдени және медициналық мақсаттағы объектiлерi, оқу орындары болады. <*>
      2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрылымы мен қызметiнiң ұйымдастырылуы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен айқындалады.
      2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті ұлттық қауіпсіздік органдарының рәміздерін, айырым белгілері мен ведомостволық наградаларын бекітеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_

       8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жанындағы үкiметтiк
                байланыс органы

      1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жанындағы үкiметтiк байланыс органы ұлттық қауiпсiздiк органдарына үкiметтiк байланысты қамтамасыз ету жөнiнде жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.
      2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жанындағы үкiметтiк байланыс органы заңды тұлға болып табылады, олардың нақты және шартты атаулары, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары, банктерде шоттары, негiзгi қорлары болады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгертiлдi, 8-1-баппен толықтырылды -
               Қазақстан Республикасының 1997.05.16. N 110
               Заңымен. Z970110_

      9-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары

      1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстары, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдері, бөлімшелері) тиісті аумақтарда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін құрылады. <*>
      2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы бойынша аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары, банктерде шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы объектілері болады. <*>
      3. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары оперативтiк қызметтiк жұмысына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз болады.
      ЕСКЕРТУ. 7-баптың 1,2-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан
               Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_

      10-бап. Әскери қарсы барлау органдары

      Әскери қарсы барлау органдары:
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде және өзге де

әскери құрамаларында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген
мiндеттердi шешу үшiн құрылады;
     2) олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлерi мен
мөртабандары болады;
     3) жедел-iздестiру қызметiнде Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнiң және өзге де әскери құрамаларының қолбасшылығынан
тәуелсiз болады.

     10-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi

     Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi бейбiт кезде және соғыс
уақытында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi
орындауға арналған үкiметтiк байланыс әскерлерi мен басқа да
әскерлерден құралады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
              1997.05.16. N 110 Заңымен.  

Z970110_

 

     11-бап. Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер

     Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер террорлық актiлердi және жеке
адамға, қоғам мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн
құрылады.

                             III Тарау
             Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi

     12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi

     Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде:


      1) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкiметiн елдiң қауiпсiздiгiне төнген қауiп туралы хабардар етуге;
      2) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау қызметiн жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған шет мемлекеттер арнаулы қызметтерiнiң, ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу, тыю жөнiнде қарсы барлау жұмысын жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм мен өзге де қызметтi анықтауға, алдын алуға және тыюға;
      5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтауға, тыюға, ашуға;
      6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың, басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және тыюда мемлекеттiк органдарға жәрдем көрсетуге;
      7) мемлекеттiк органдарда, әскери құрамалар мен ұйымдарда мемлекеттiк және әскери құпия болып табылатын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ олардың қызметiн аталған салада бақылауға. Мемлекеттiк және әскери құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексерiс жүргiзуге;
      8) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом энергетикасы, көлiк пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысуға;
      9) Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен өзге де мемлекеттiк ұйымдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар жүргiзуге;
      10) заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;
      11) шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа құзыреттi органдармен бiрлесе отырып шаралар қолдануға;
      12) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауы бойынша басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттерi, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдiң аумағында өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысуға;
      13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуде Шекара әскерлерiне жәрдемдесуге;
      14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргiзуге;
      15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн радиоэлектронды құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;
      16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, арнаулы байланыс түрлерiнiң үкiметтiк және өзге де жүйелерiн пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге; <*>
      17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, соның iшiнде

мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпия болып табылатын ұлттық
қауiпсiздiк органдарының мәлiметтерiне техникалық жолмен кiруге жол
бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
     18) ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын
қамтамасыз етуге;
     19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлауды, оларды
қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға мiндеттi;
     20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұратын 
Қазақстан Республикасы азаматтарына заңдарда белгіленген шекте және 
тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге міндетті.
<*>
     
     ЕСКЕРТУ. 16)-тармақша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
              1997.05.16. N 110 Заңымен.  

z970110_

 
     ЕСКЕРТУ. 20-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 
              1998.12.09. N 307 Заңымен.  

Z980307_

 
     
     13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары

     Ұлттық қауiпсiздiк органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi
орындау үшiн мыналарға құқығы бар:


      1) жалпы және арнаулы жедел-iздестiру шараларын, сараптық-криминалистiк зерттеулер жүргiзу, оларды тергеу заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстардың алдын алу, тыю және ашу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын штаттан тыс оперативтiк қызметкерлер ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту;
      2) мақсаттары мен iс-қимылдары мемлекеттiң қауiпсiздiгiн әлсiретуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, қылмысты топтардың iшiне енудi жүзеге асыру;
      3) өздерiнiң iс-қимылдарымен қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына жiбермеу және аластау жөнiндегi мәселелердi құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шешу;
      4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;
      5) өздерi жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар, құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн түсiру, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелу;
      6) қылмыс жасады деген негiздi сезiк туғызған ретте азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру. Қылмыс жасауына сезiк келтiрiлген адамдарды ұстау, ұсталғандардың құжаттарын қарап, жеке тексеру және олардың көлiк құралдарын тексерудi, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыру;
      7) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегi аумақтарға және өзге де объектiлерге кiруге әрекет жасаған және кiруге байланысты құқық бұзған, шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардан түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексерiп алып қоюды жүзеге асыру;
      8) қылмыстарды болдырмау, қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деген сезiк туғызған адамдарды қуғындау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстайтын жерге жеткiзу, сондай-ақ оқиға болған жерге жету және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне әкелу үшiн ұйымдардың, әскери құрамалардың қарамағындағы байланыс құралдарын, көлiк құралдарын пайдалану, иелерiнiң талап етуi бойынша ұлттық қауiпсiздiк органдары осының салдарынан келтiрiлген нақты залалды өтейдi;
      9) егер кiдiру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызса, елдiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн болса, қылмысты тыю, қылмыс жасады деген сезiк туғызған адамдарды қуғындау мақсатымен ұйымдардың, әскери құрамалардың аумақтары мен үй-жайларына және азаматтардың қарамағындағы тұрғын үй-жайлар мен олардың қарамағындағы жер учаскелерiне кiдiргiсiз кiру. Азаматтардың қарамағындағы тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға басып кiру оқиғалары туралы ұлттық қауiпсiздiк органдары прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етедi;
      10) заңда белгiленген тәртiппен тыю шарасы ретiнде тұтқындау ұйғарылған адамдарды немесе қауiпсiздiк органдары қылмыс жасады деген сезiк келтiрiп ұстаған адамдарды ұстау үшiн тергеу изоляторларын иеленуге, жекелеген жағдайларда оларды ұлттық қауiпсiздiк органдарының келiсiмi бойынша құқық қорғау органдары мен соттар ұсталған және тұтқындағандарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшiн пайдаланады;
      11) мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банк құпияларының және заңмен қорғалатын құпиялардың сақталуын, мемлекеттiк органдардағы, әскери құрамалардағы және ұйымдардағы арнаулы байланыс түрлерiнiң және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
      12) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнген қатердi iске асыруға, тергелуi заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына берiлген қылмыстардың жасалуына мүмкiндiк беретiн себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы мiндеттi ұсыныстарды мемлекеттiк органдарға, әскери құрамалар мен ұйымдарға енгiзу;
      13) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк құпияларды қорғау туралы белгiленген ережелердi немесе заңдарды бұза отырып пайдаланатын радиоэлектрондық хабар беру құралдарының қолданылуына жол бермеу;
      14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан, әскери құрамалар мен ұйымдардан өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алу; <*>
      15) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне енетiн мәселелер жөнiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды хабардар ету;
      16) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне қатысты архивтегi оперативтiк, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыру;
      17) ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жеке басын, олардың бөлiмшелерiнiң, үй-жайлары мен көлiк құралдарының ведомстволық қарастылығын құпиялау мақсатында басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану;
      18) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау және аталған органдардың қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ұйымдар мен бөлiмшелердi заңдарда белгiленген тәртiппен құру;
      19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтау құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және фирмаларымен шарттар, контрактар жасасу;
      20) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу. Автоматтандырылған
ақпараттық-талдау жүйелерi мен арнайы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн
әзiрлеу және жасау;
     21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет
мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi үшiн шарттық негiзде кадрлар
даярлауды жүзеге асыру;
     22)
<*>

     ЕСКЕРТУ. 13-баптың 22)-тармағы алып тасталды - Қазақстан              
              Республикасының 1999.11.16. N 476 Заңымен.  

Z990476_

  
     ЕСКЕРТУ. 13-баптың 14)-тармақшасы өзгерді - Қазақстан              
              Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен.  

Z000042_

  
     
     14-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери
             қызметшiлерiнiң қару, арнайы құралдар
                 мен күш қолдануға құқығы



      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiне табельдiк қаруды, арнайы құралдарды сақтауға және алып жүруге рұқсат етiледi. Олардың мына жағдайларда күш, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, сондай-ақ қару мен арнайы құралдар қолдануға құқығы бар:
      1) азаматтарды қылмыстық қол сұғыдан қорғау, сондай-ақ кепiлдердi босату;
      2) ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiне күзету тапсырылған адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
      3) ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiсiне немесе оның отпасы мүшелерiне жасалған шабуылды тойтару;
      4) ұлттық қауiпсiздiк органдары күзететiн үйлер, үй-жайлар, ғимараттар мен көлiк құралдарына топтасып жасалған шабуылды тойтару;
      5) қылмыс жасау үстiнде көзге түскен немесе қамаудан қашқан адамды ұстау, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау.
      2. Мына жағдайларда:
      1) олар айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткеннен басқа реттерде әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнетiн адамдар мен жас балаларға қарсы арнайы құралдар мен тәсiлдер қолдануға;
      2) олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам алған, көлiк құралдарын, соның iшiнде әуе кемесiн басып алған, топтасып шабуыл жасағаннан басқа реттерде әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы қару қолдануға тыйым салынады.
      3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiсi қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, қару қолданғаны туралы тiкелей

бастығына баяндауға мiндеттi.
     4. Кiсі өлiмiне немесе ауыр зардаптарға әкелiп соққан қару мен
арнайы құралдар қолданудың әрбiр оқиғасы туралы прокурор дереу
хабардар етiледi.

     15-бап. Берiлген құқықтарды iске асыру

     Осы Жарлықта берiлген құқықтар тек ұлттық қауiпсiздiк
органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн ғана пайдаланылады.

                             IV Тарау
               Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлары
                     және олардың құқықтық жағдайы


     16-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары кадрларының құрамы



      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрларын әскери қызметшiлер (қызметкерлер), жұмысшылар мен қызметшiлер құрайды.
      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет етуге өз еркiмен тiлек бiлдiрген, өзiнiң iскерлiк, моральдық қасиеттерi, жасы, бiлiмi және денсаулық жағдайы бойынша жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiсi бола алады.
      3. Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің штат санының лимитін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
      Ұлттық қауіпсіздік органдары, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің штат санын ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі әскери қызметшілері, жұмысшылары мен қызметшілері штат саны лимитінің Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы белгілейді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 16-баптың 3-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан
               Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_
     17-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының
                   әскери қызметшiлерi



      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасының әскери қызмет атқару туралы заңдарында белгiленген тәртiппен әскери қызмет өткередi.
      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызметке жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi бар шақырылушылардың iшiнен Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылуы немесе қабылдануы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi мiндеттi әскери қызметте қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, олардың басшыларының келiсiмiмен, белгiленген тәртiппен iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
      4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының офицерлiк құрамы, прапорщиктерi, мичмандары және солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарына контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерi ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрларында, жұмыс iстейтiн резервiнде немесе запасында болады.

      18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери
              қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi мемлекеттiң қорғауында болады.
      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiне олардың жеке басын және өкiлеттiгiн куәландыру үшiн қызмет куәлiгi берiледi.
      3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптарына бағынбау, қарсылық көрсету, қорлау, қорқыту, күш көрсету және олардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қол сұғу, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкелiп соғады.
      4. Шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындап жүрген (орындалған) ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайды және тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана жария етiлуi мүмкiн.
      5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткеру депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызмет атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органы немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
      6. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да бiр саяси партияны жақтауға тиiс емес.
      7. Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамаған және құқыққа қарсы iс-әрекеттерi үшiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi заңдарға сәйкес тәртiптiк, қылмыстық және өзге де жауапкершiлiкке тартылады.
      8. Мемлекет ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң әлеуметтiк қорғалуына кепiлдiк бередi.

      19-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметшiлерiнiң
              еңбегiне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және
                        өзге де қамсыздандыру

      1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiнiң ақшалай үлесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi. <*>
      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi үшiн көзделген құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады және, заңдарда белгiленген тәртiп бойынша мүлiкпен және азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. <*>
      3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
               1997.06.19. N 134-I Заңымен. Z970134_
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10.
               N 247 Заңымен. Z010247_

      20-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiн
                      әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы тағайындау, әскери атақ беру және лауазымдық айлықақы белгiлеу үшiн жеңiлдiкпен есептеле отырып еңбек өткерген жылдарына саналуға тиiс. <*>
      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдары мамандарының iшiндегi әскери қызметшiлерiне олардың әскери қызметке қабылданғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң стажы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қызмет өткерген жылдарына есептелуi мүмкiн.
      3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерi заңдарда белгiленген тәртiппен медициналық және санаторий-курорттық қызметтi пайдаланады.
      4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiсi қызметтiк мiндетiн немесе кәсiби парызын орындау үстiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасының ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей мемлекеттiк тұрғын үй қорынан заңдарда

белгiленген шарттар мен тәртiп бойынша тұрғын алаң алуға құқығы бар.
     5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қайтыс болған немесе қаза
тапқан әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу Қарулы
Күштердiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылады.
     ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10. 
              N 247 Заңымен.  

Z010247_

 


     21-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының
              жұмысшылары мен қызметшiлерi

     1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң
еңбек жағдайлары еңбек туралы заңдармен реттеледi.
     2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмысшылары мен
қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғау заңдарға сәйкес қамтамасыз етiледi.

     22-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары
                үшiн кадрлар даярлау

     1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау, қайта
даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру заңдарға сәйкес жүзеге
асырылады.
     2. Кадрларды кәсiби даярлауды қамтамасыз ету мақсатында
Республика Президентiнiң шешiмiмен тиiстi оқу орындары құрылады.

     
                              V Тарау
                  Қорытынды және өтпелi ережелер

     23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қаржыландыру,
             материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық
                         қамтамасыз ету



      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. <*>
      2. Темiр жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықталған, соның iшiнде байланыс құралдарымен жабдықталған, қызметтiк үй-жайларымен, олар сол сияқты бұларды қамту мен пайдалану жөнiндегi шығыстарды көтередi, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы

барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай
материалдарымен, қару-жарақпен және тұрмыс-тiршiлiк үшiн қажеттi
басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен Қазақстан Республикасы
әскери құрамаларының есебiнен қамтамасыз етiледi.
     ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының
              1998.12.22. N 327 Заңымен.  

Z980327_

 

     24-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне
                      бақылау жасау

     1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылауды
Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
     2. Ведомстволық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына
жүктеледi.

     25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне
                    прокурорлық қадағалау

     Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және
өзге де нормативтiк актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына,
ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтама, тергеу және жедел
iздестiру қызметiнiң заңдылығына жоғарғы қадағалауды Қазақстан
Республикасының Бас Прокуроры мен ол уәкiлдiк берген прокурорлар
жүзеге асырады.

     26-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне
                      қаржылық бақылау

     Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қаржы-шаруашылық қызметiн
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бақылайды.

     27-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi

     Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.

     28-бап. Осы Жарлық жүзеге асыру жөнiндегi шаралар



      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1992 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 286-құжат; N 24, 591-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын өзi қабылдаған

шешiмдердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
     1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне Қазақстан
Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережеге
өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
     2) өзiнiң актiлерiн осы жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
     3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi
     
     
     Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Нарбаев Е.Ә.