Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 13 қаңтар N 8000

Қолданыстағы
      Осы Заң Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң құқылық негiздерiн, мақсатын, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет принциптерiн, құрылымын, құзыретiн, сондай-ақ олардың қызметiн бақылау мен қадағалау түрлерiн белгiлейдi.

                        I. Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi

      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету және қорғау, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығына қол сұғудан сақтандыру және оған тыйым салу мақсатындағы арнаулы әскерлер. <*>
      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң туы, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi пайдаланатын әскери-теңiз және танымал белгiлерi болады. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң құрамаларында (шекара отрядтары) және басқа жауынгерлiк бөлiмдерiне белгiленген үлгiдегi жауынгерлiк тулар болады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.05.19.
               N 2283 Жарлығымен. U952283_

      2-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi
             қызметiнiң құқылық негiзi

      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi қызметiнiң құқылық негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" заң, осы Заң, Шекара әскерлерiн ұйымдастыру және олардың қызметi мәселелерi жөнiндегi заңдар мен өзге де нормативтiк актiлер, сондай-ақ шекара әскерлерi жөнiнде Қазақстан Республикасы жасасқан немесе таныған халықаралық шарттар мен келiсiмдер болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.05.19.
               N 2283 жарлығымен. U952283_

      3-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi
             қызметiнiң принциптерi

      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң қызметi заңдылыққа, iзгiлiкке, жариялылыққа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құпиялылықты сақтауға, дара басшылыққа, алқалылыққа, мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарымен, қоғамдық бiрлестiктермен, еңбек ұйымдарымен және халықты өзара iс-қимыл жасауға негiзделiп құрылады. Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнде саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметiне тыйым салынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-баптан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң
               1995.05.19. N 2283 жарлығымен. U952283_

      4-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң
                       мiндеттерi

      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын, оның аумақтық тұтастығын және мемлекеттiк шекарадағы экономикалық мүдделерiн күзету және қорғау;
      республиканың мемлекеттiк шекара туралы заңдарының сақталуын және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара тәртiбi мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттар мен келiсiмдерiнен туындайтын мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарадағы қорғанысы мен қауiпсiздiгi мiндеттерiн шешуге қатысу;
      шекара өңiрiнде азаматтарды, табиғи байлықтарды және айналадағы ортаны қорғауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау, табиғат қорғау органдарына жәрдемдесу.
      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiн басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады.

      5-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң
                           құрылымы

      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi: басқару органдарын, шекара құрамаларын (шекара отрядтарын), шекара комендатураларын, шекара заставаларын, жекелеген бақылау-өткiзу пункттерiн (бақылау-өткiзу пункттерiн), авиация, теңiз және арнаулы бөлiмдердi, әскери-оқу орындарын, өзге де мекемелердi, ұйымдар мен кәсiпорындарды, сондай-ақ қамтамасыз ету бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн қамтиды.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк шекара күзетi саласындағы республиканың орталық атқарушы органы болып табылады және Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне басшылық етедi.
      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне тiкелей басшылық жасау Қазақстан Республикасының Шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасына - Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Қолбасшысына жүктеледi.
      Қазақстан Республикасының Шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасын - Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Қолбасшысын Қазақстан Республикасының Премьер-министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Шекара әскерлерiнiң құрамалары, бөлiмдерi мен бөлiмшелерi жұмысының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы мен штат саны осы Заңға сәйкес және Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiн қаржыландыру шегiнде Қазақстан Республикасының Шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы бекiтетiн жарғылармен, нұсқаулармен және ережелермен белгiленедi. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң жалпы саны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

     Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң қызметiн қаржы және
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасының Үкiметiне жүктеледi. Қазақстан Республикасының
Шекара әскерлерiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге
асырылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.05.19.
              N 2283 жарлығымен.  

U952283_

  
     ЕСКЕРТУ. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 
              1996.07.15. N 31-1 Заңымен.  

Z960031_

 

     6-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң
                   қызметiн бақылау

     Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң қызметiнде заңдардың
дәлме-дәл және бiркелкi орындалуын бақылауды Қазақстан
Республикасының Бас прокуроры және ол уәкiлдiк берген прокурорлар
жүзеге асырады.
     Шекара әскерлерiнiң қаржы қызметiне Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi мен Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi жасайды.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.05.19.
              N 2283 жарлығымен.  

U952283_

  

           II. Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң
                     мiндеттерi мен құқықтары

     7-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң
                      мiндеттерi

     Мемлекеттiк шекараны күзете отырып, Қазақстан Республикасының
Шекара әскерлерi мыналарды орындауға мiндеттi:


      Қазақстан Республикасының жер арқылы өтетiн мемлекеттiк шекарасын заңсыз өзгертуге тырысқан кез-келген әрекеттерге тыйым салу;
      Әскери топтар мен бандылардың Қазақстан Республикасының аумағына қару қолданып басып кiруiне тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында қару қолданып және өзге де арандатушылық жасауды тыюға, халықты, мемлекеттiк және азаматтардың жеке меншiгiн аталған қылмысты қол сұғушылықтардан қорғауға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өткiзу пункттерiнен тыс немесе заңсыз әдiстермен адамдардың және көлiк құралдарының өтуiнен сақтандыру және оған жол бермеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын бұзушыларды тауып алу және ұстау;
      Тиiсiнше ресiмделген құжаттар болған жағдайда белгiленген пункттерден Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктi және өзге де мүлiктi өткiзудi жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасына әкелуге және одан әкетуге тыйым салынған жарылғыш, уландырғыш, радиоактивтi, есiрткi заттардың, қаруларды, оқ-дәрiлердi, мүлiктi және басқа заттарды, сондай-ақ контрабанды заттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы әрi-берi белгiленген тәртiппен дербес немесе кеден органдарымен бiрлесiп тыйым салу; <*>
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара тәртiбi мәселелерi бойынша халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;
      Дербес немесе iшкi iстер органдарымен бiрлесе отырып, шекара тәртiбiнiң сақталуын бақылау;
      Дербес немесе iшкi iстер органдарымен халықаралық ұшу сапарлары үшiн ашық әуежайлардың (аэродромдардың), шекаралық темiржол станцияларының, теңiз және өзен порттарының, халықаралық автомобиль тасымалдары қызметiнiң әкiмшiлiктерiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiнде белгiленген тәртiптiң орындалуын бақылау;
      аумақтық теңiзде және шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлiгiндегi iшкi суларда қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң жүзуi мен болуының белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      шекаралық қызмет атқару аудандарында Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлдiк берiлген органдарының айналадағы табиғи ортаны қорғауға бақылау жасау, кәсiпшiлiк қызмет ережелерiн сақтау жөнiндегi қызметiне қажеттi жәрдем көрсету.
      ЕСКЕРТУ. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
               1996.07.15. N 31-1 Заңымен. Z960031_

      8-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң
                       құқықтары

      Шекара аймағы, шекара өңiрi шегiнде, сондай-ақ шекара өңiрi белгiленбейтiн, бiрақ шекара әскерлерi шекара күзету жөнiндегi iс-қимылды жүзеге асыратын поселке, село, ауыл, аудан, қала, қаладағы аудан аумағында, мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде, Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында, шекаралық өзендер мен өзге су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде Шекара әскерлерiнiң құқықтары мыналар:
      шекаралық нарядтар қою, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жолдармен, соқпақтармен және маршруттармен жүрiп-тұруға, құжаттарды тексеру, көлiк құралдарын және оларға тиелген жүктер мен өзге де мүлiктердi тексерiп қарау, көлiк құралдарына еріп жүру және оларға шекаралық нарядтарды отырғызу;
      қажеттi инженерлiк-техникалық ғимараттар салу, байланыс және коммуникация желiлерi құрылысын салу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша техника мен қару-жарақты орналастыру және пайдалану;
      Қазақстан Республикасының қылмыстық iстi жүргiзу заңдарына сәйкес заң бойынша өз қарауына жатқызылған iстер бойынша тергеу жүргiзу;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру, мемлекеттiк шекара тәртiбiн бұзушылар, мемлекеттiк шекара мен шекара тәртiбiн бұзушылар жөнiнде хаттамалар жасау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу;
      әкiмшiлiк жолымен ұсталған адамдарды осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда ұстау;
      мемлекеттiк шекараны бұзудың немесе оның, шекара өңiрi шекаралық сулар тәртiбiн немесе мемлекеттiк шекара арқылы өту пункттерiнде тәртiп бұзудың мән-жайын анықтау үшiн Шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiне адамдарды шақыру және қажет болған жағдайларда әкелу, қажет болған жағдайларда аталған бұзушылықтардың мән-жайын анықтау өзге жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкiн; <*>
      қарсы күрес жүргiзу Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң құзыретiне жататын құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыру; <*>
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету мүдделерi үшiн жедел-iздестiру жұмысын жүргiзуге, шекара аудандарындағы құқық қорғау органдарының, ұйымдардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылықтардың анықтамалық деректерiн пайдалану;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өтiп бара жатқан адамдардың Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретiн құжаттарын тексеру, оларға тиiстi белгiлер соғу және қажет болған жағдайда оларды алып қою; Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретiн шын құжаттары жоқ адамдарды мемлекеттiк шекарадан өткiзбеу; шетелде болған кезiнде құжаттарын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдарды өткiзбей, оларды кiм екенi анықталғанға дейiн тәртiп аумағында немесе арнайы бөлiнген өзге де жерлерде қалдыру;
      мемлекеттiк шекара арқылы өтiп бара жатқан адамдардың көлiк құралдарын, олармен тасылып бара жатқан жүктердi және өзге де мүлiктi, заттар мен басқа да нәрселердi дербес немесе кеден органдарымен бiрлесе отырып қарап шығуды жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн, Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе әкелуге тыйым салынған заттарды, сондай-ақ контрабанда бұйымдарын белгiленген тәртiп бойынша алып қою;
      шетелге бара жатқан көлiк құралдарының мемлекеттiк шекара арқылы өту пункттерiнде тоқтау (аялдау) орны мен ұзақтығын мүдделi кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен бiрлесе отырып анықтау;
      Қазақстан Республикасының шекаралық суларында жүзу кезiнде немесе кемелер Қазақстан порттарында тұрған кезде құқық бұзуға жол берген шетелдiк әскери емес кемелер экипаждары мүшелерiнiң және олардағы адамдардың жағаға шығуына және жағада болуына тыйым салу;
      Қазақстан Республикасының мүдделерiне қатер төнген жағдайда, азаматтардың болуын, көлiктiң, жүрiсiн және түрлi жұмыстар жүргiзудi уақытша шектеу, бұған қорғаныстық маңызы бар жұмыстар, халықаралық мiндеттемелердi орындауға және дүлей апат зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар қосылмайды;
      мемлекеттiк шекараны бұзушыларды қуған кезде кез-келген жер учаскелерiмен жүру, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мекен-жайларына және азаматтардың тұрғын (тұрмайтын) жайларына кiру;
      байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалану, ал Қазақстан Республикасының аумағына басып кiруге тойтарыс берген кезде, мемлекеттiк шекарадағы түрлi арандату әрекеттерiне тыйым салу кезiнде кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ал қажет болған жағдайда жасалған шығындарды кейiн өтейтiн болып азаматтардың көлiк құралдарын пайдалану;
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Заңда көзделген тәртiп пен реттерде қаруды, ұрыс техникасын, арнаулы құралдар мен қызмет иттерiн пайдалану;
      шекара аудандарының елдi мекендерiнде және мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк шекараны күзетуге қатысу үшiн жергiлiктi тұрғындардан ерiктi құрамалар құру;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, Шекара әскерлерiнiң құрамалары мен бөлiмдерiнiң қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетiн қамтамасыз ету мақсатында арнаулы техника сатып алу;
      Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiнде басқа да iс-қимылдарды жүзеге асыру.
      Аумақтық теңiз бен iшкi суларда, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде әскери емес кемелер жөнiнде Шекара әскерлерiнiң құқықтары мыналар:
      - егер кеме сұрау салу дабылына жауап бермесе, жүзуге тыйым салынған ауданда жүрсе, Қазақстан Республикасының суларына кiру, оларда жүзу және болу тәртiбiн бұзса, ол кеменi тоқтату және оны қарап шығу. Кеменi қарап шығу кеме және жүзу құжаттарын, экипаж мүшелерi мен жолаушылардың құжаттарын, жүк құжаттарын, ал қажет болған жағдайда кеменiң iшiн тексерудi қамтиды. Кеменi қарап шығу нәтижелерi бойынша оған белгiленген ережелердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының суларында жүзудi (тұруды) жалғастыруға рұқсат берiлуi немесе Қазақстан Республикасының суларынан кету ұсынылуы мүмкiн, немесе ол қылмыстық iстер жүргiзу және әкiмшiлiк заңдарына сәйкес ұсталуы мүмкiн;
      - кеме тексерiлген нәтижесi бойынша әрi қарай Қазақстан Республикасы суларында жүзуi (келуi) қойылған тәртiбi бойынша немесе Қазақстан Республикасының суларынан кетуiн ұсынып, немесе Заң жобасында қылмысты және административтiк түрiнде ұсталуы;
      - қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының заңдары бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдарды кемеден түсiрiп, ұстау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, ол адамдарды алдын ала тексеру және тергеу органдарына беру;
      - егер iзiне түсу кеменiң дабылы көруiне немесе естуiне мүмкiндiк беретiн қашықтықтан көру немесе дыбыс дабылы берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының шекаралық суларында басталып, үздiксiз жүргiзiлген болса, Қазақстан Республикасының шекаралық суларында Заңдарды немесе жүзу (тұру) ережелерiн бұзған кеменi ол кеме өз елiнiң немесе үшiншi бiр мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн қуу және ұстау.
      ЕСКЕРТУ. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi, жаңа 8-абзацпен
               толықтырылды, 8-20-абзацтар тиiсiнше 9-21-абзацтар
               болып саналсын - Қазақстан Республикасының 1996.07.15.
               N 31-1 Заңымен. Z960031_

           III. Қазақстан Республикасының шекара әскерлерiнде
                шарт бойынша қызмет атқару және жұмыс iстеу

      9-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң
                          адам құрамы

      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң адам құрамы әскери қызметшiлерден (нақты әскери қызметте және контрактiлiк негiзде тұратын командалық және қатардағы құрам) және еңбек шарты бойынша жалданған қызметкерлерден тұрады. Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнде қызметтен өтетiн адамдар әскери қызметшiлер болып табылады, ант қабылдайды, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерi үшiн бiрыңғай әскери атақтары мен айырым белгiлерi болады. Шекара әскерлерi әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм үлгiсi мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*> Шекара әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiне - белгiленген үлгiдегi куәлiктер, мерзiмдi әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлерге әскери билеттер берiледi. Шекара әскерлерiнде қызметтен өту қолданылып жүрген Заңдарға, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актiлерiне және әскери жарғыларға сәйкес жүзеге асырылады.
      Шекара әскерлерi үшiн кадрлар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, орта арнаулы және әскери-оқу орындарында, сондай-ақ келiсiм (шарт) бойынша басқа мемлекеттерде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнде нақты мерзiмдi әскери қызмет атқаруға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ екi жақты келiсiмдерге сәйкес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң азаматтары шақырылады.
      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнде қызмет атқару

мемлекеттiк қызметтiң ерекше түрi болып табылады. Қазақстан
Республикасы Шекара әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi қызмет
мiндеттерiн атқарған кезде өкiмет өкiлдерi болып табылады және
мемлекеттiң қорғауында болады: заң бойынша уәкiлдiк берiлген
лауазымды адамдардан басқа ешкiмнiң де Шекара әскерлерi қызметiне
араласуға қақысы жоқ.
     ЕСКЕРТУ. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1996.07.15. N 31-1 Заңымен.  

Z960031_

 

     10-бап. Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнде
             қызметкерлердiң шарт бойынша жұмыс iстеуi

     Шекара әскерлерiндегi жұмысшылар мен қызметшiлердiң шарт
бойынша жұмыс iстеуi Қазақстан Республикасының еңбек туралы
заңдарымен реттеледi.

         IV. Қазақстан Республикасы шекара әскерлерi әскери
             қызметшiлерiнiң әлеуметтiк қорғалуы және
             жауапкершiлiгi

     11-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi әскери
             қызметшiлерiнiң құқылық жағдайы және әлеуметтiк
                               қорғалуы



      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi әскери қызметшiлерiнiң құқылық жағдайы және әлеуметтiк қорғалуы "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне қатысты басқа да заң және нормативтiк актiлерiмен реттеледi. <*>

     ЕСКЕРТУ. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
              1995.05.19. N 2283 жарлығымен.  

U952283_

  

     12-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi әскери
             қызметшiлерiнiң жауапкершiлiгi
     Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi
осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен
белгiленген өз өкiлеттiгi шегiнде өз бетiнше шешiмдер қабылдайды.
Құқыққа қарсы әрекетi үшiн олар Қазақстан Республикасының қолданылып
жүрген заңдарына көзделген тәртiппен жауап бередi.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi