саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. <*> Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. <*> Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 жарлығымен. U952477_ 1-тарау Жалпы ережелер 1-бап. Азамат және мемлекет
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттар өкілдерінің тіліне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдар
Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актілерімен реттеледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу
Мына адамдар:
осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды. <*>
Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды. <*>
Ескерту. 3-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477
жарлығымен. U952477_
4-бап. Азаматтық туралы құжат
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы олардың туу туралы куәліктерімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады. <*>
Ескерту. 4-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477
жарлығымен. U952477_
5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық
жағдайы <*>
Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.10.03. N
2477 жарлығымен. U952477_
6-бап. Басқа мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың
құқылық жағдайы
Қазақстан Республикасы территориясындағы және оның азаматтары емес адамдар барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады, бұған олардың Қазақстан Республикасының шарттары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленіп алып тасталғандары қосылмайды.
7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы
Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды. 8-бап. Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке беруге болмайтындығы <*> Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 жарлығымен. U952477_ 9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi азаматтарды қорғау <*> Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi. Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 жарлығымен. U952477_
2-тарау.
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу
10-бап. Азаматтық алу негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша; <*>
4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
Ескерту. 10-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477
жарлығымен. U952477_
11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
балалардың азаматтығы
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Егер бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқан болса, баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.
12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы
балалардың азаматтығы
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.
13-бап. Ата-анасы белгісіз балалардың азаматтығы
Ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
14-бап. Азаматтығы жоқ адамдар балаларының Қазақстан Республикасы
азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау
Басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау
шарттары <*>
Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында кемiнде бес жыл тұрақты тұрып келген адамдар, не болмаса Қазақстан Республикасы азаматтарымен некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабiлетiн жоғалтқан адамдардан және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан саяси себептермен кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретiнде тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасына қайтып оралған болса, олардан осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын
болады. Мiндеттi әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi. Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 жарлығымен. U952477_ 17-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздері Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам: 1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса; 2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса; 3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса; 4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса; 6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса; 7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды. <*> Ескерту. 17-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 жарлығымен. U952477_ 18-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша осы Заң талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін. 3-тарау Азаматтықты тоқтату 19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады. 20-бап. Азаматтықтан шығу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
21-бап. Азаматтықтан айырылу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; <*>
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен бес жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе айырылады. <*>
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, басқа
мемлекеттердің азаматтары асырап алған бала, егер олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын болса, сондай-ақ баланың бірге тұратын ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, тұрақты тұруға Республикадан тыс жерлерге кетіп қалса, асырап алушылардың өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыға алады. Ескерту. 21-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 жарлығымен. U952477_ 4-тарау Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы балалардың азаматтығы 22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда балалар азаматтығының өзгеруі
Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған балаларының азаматтығы да өзгереді.
Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.
23-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алған
ретте балалардың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алып, ал екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата-анасының бұған жазбаша келісіміне негізделген өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы мүмкін.
24-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан
шыққан ретте балалардың Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, ал екіншісі Қазақстан Республикасының азаматы болып қала берсе, 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-анасының бұған жазбаша келісіміне негізделген өтініші бойынша, мұндай баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін.
25-бап. Асырап алған ретте балалардың Қазақстан Республикасы
азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасының азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматы болады.
Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы болады.
26-бап. Қамқоршы белгіленген баланың Қазақстан Республикасы
азаматтығының сақталуы
Егер Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі баланың ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, бұл орайда ата-ана болу құқынан айырылса, бала қамқоршысының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады.
27-бап. Асырап алған ретте балалардың Қазақстан Республикасы
азаматтығының сақталуы
Басқа мемлекеттің азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар асырап
алған, не біреуі - Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі - басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын ерлі-зайыптылар асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасы территориясында тұрған ретте ол Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Асырап алушылардың өтініші бойынша мұндай баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін. 28-бап. Балалардың азаматтығын өзгерткен кезде олармен келісудің қажеттілігі 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ата-анасы азаматтығын өзгерткен ретте, сондай-ақ асырап алған ретте олардың азаматтығын осы Заңның 33-бабында көзделген тәртіп бойынша балалардың келісуімен ғана өзгертуге болады. 5-тарау Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк органдарының азаматтық мәселелер жөнiндегi өкiлеттiгi Ескерту. 5-тараудың тақырыбы өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 жарлығымен. U952477_ 29-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан Республикасы территориясында және оның шегінен тыс жерлерде тұратын басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;
Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы; <*>
осы Заңда көзделген реттерде Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтау туралы;
<*>
Ескерту. 29-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477
жарлығымен. U952477_
30-бап. Iшкі iстер органдарының өкiлеттiгi <*>
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, облыстардың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың iшкi iстер басқармалары, бөлiмдерi:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiнде арыздар қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделгендей Қазақстан Республикасының азаматтығына алынғандығын және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығын тiркеудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тiркейдi.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477
жарлығымен. U952477_
31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан
Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің
өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттердегі өкілетті өкілдіктері:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.
Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады.
6-тарау
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі
арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу
32-бап. Азаматтық мәселелер жөнінде арыз беру тәртібі
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар осы Заңның 30 және 31-баптарында көрсетілген органдар арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі.
Арызды немесе ұсынысты қарау мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
33-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар түрі
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру немесе одан шығу туралы өтініштер арыз берушінің жазбаша өтініші бойынша қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қабілетсіз деп танылған адамдар жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі, консулдық мекемесі немесе өкілетті өкілдігі куәландырған өтініш бойынша қаралады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, олардың Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру және одан шығару туралы арыз берген кезде олардың келісімі болуы міндетті, келісім жазбаша түрде білдіріліп, оны нотариат куәландыруға, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі, консулдық мекемесі немесе өкілетті өкілдігі куәландыруға тиіс.
Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып қалатын 14 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы туралы өтініш берген кезде сол ата-атасының арызы да табыс етілуге, онда баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына көзқарасы көрсетілуге тиіс. Мұндай арызды - нотариат, ал басқа мемлекеттерде Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі, консулдық мекемесі немесе өкілетті өкілдігі куәландырады.
Егер арыз беруші арызға сауатсыз болғандықтан немесе дене кемістігі салдарынан қол қоя алмайтын болса, арызға оның өтініші бойынша басқа адам қол қояды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нотариусы, дипломатиялық өкілдігі, консулдық мекемесі немесе өкілетті өкілдігі арызға тиісті жазба жасайды.
Азаматтыққа қабылдау туралы арызға арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
34-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар бойынша қорытындылар
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері не өкілетті өкілдіктері өздерінің арыздар бойынша қорытындылары немесе азаматтық мәселелер жөніндегі ұсыныстарын азаматтыққа қабылдау туралы өтініш жасаушы адамның осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы жазбаша міндеттемесімен бірге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына жібереді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi және Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қон мәселелерiн жүргiзушi органы Қазақстан Республикасы территориясынан тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің дұрыстығы туралы, соның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзгелеріне орналастыру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне дәлелді қорытынды береді. <*>
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы арыздар жөніндегі қорытындыларда арыз берушінің мемлекет алдындағы міндеттемелерінің немесе оның мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары, олармен азаматтардың немесе кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделерінің байланысты екені туралы, оның айыпкер ретінде қылмыстық жауапқа тартылуы, не оның заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы, не ол адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер хабарланады.
Ескерту. 34-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477
жарлығымен. U952477_
35-бап. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы азаматтық
мәселелер жөніндегі комиссия
Осы Заңның 29-бабында көрсетілген азаматтық мәселелерді алдын ала қарау үшін Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық мәселелер жөнінде комиссия құрады.
Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қараған кезде Комиссия арыз берушінің дәлелдеріне, ұсыныс мазмұнына, мемлекеттік органдар қорытындыларына, өзге де құжаттарға және куәлардың тиісті түрде ресімделген айғақтарына жан-жақты баға береді.
Комиссия өзі жүргізіп отырған іс жөнінде тиісті мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден құжаттар мен материалдар талап етуге қақылы, олар қажетті ақпаратты комиссия белгілеген мерзімде табыс етеді.
Комиссия әрбір арыз немесе ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізеді.
Егер Комиссия мәжілісіне оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды болады. Комиссия шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.
Комиссия шешімі комиссияның мәжіліске қатысқан барлық мүшелері қол қоятын протоколмен ресімделеді.
36-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі актілер
Азаматтыққа қабылдау, оны өзгерту мәселелерi жөнiнде және өтiнiш қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы шығарылады. <*>
Азаматтық мәселе жөнінде қайталап берілген арыз бұл мәселе жөніндегі осының алдындағы шешімнен кейін бір жыл өткен соң қаралады. Іс үшін арыз берушіге мәлім болмаған және мәлім болуы мүмкін болмаған елеулі мән-жайлар туған ретте қайталап жасалған өтініш ертерек те қаралуы мүмкін.
Ескерту. 36-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477
жарлығымен. U952477_
37-бап. Азаматтық алу және одан айырылу мерзімінің есептелуі
Қазақстан Республикасы азаматтығына:
- азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күні;
- кәмелетке толмағандардың ата-анасын Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
- мемлекетаралық шарттарында көзделгендей тәртiп бойынша тiркелген күннен бастап ие болады. <*>
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтықтан шығару туралы Жарлығы шыққан күнi;
- осы Заңда көзделген тәртiппен мемлекеттiк органдардың одан айырылғанын тiркеген күнi;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы тiркелген күнi тоқталады. <*>
Ескерту. 37-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477
жарлығымен. U952477_
38-бап. Республика территориясында тұру мерзімінің есептелуі
Осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көрсетілген республика территориясында тұру мерзіміне:
егер адам армияға дейін Республика территориясында тұрып, армиядан босатылған күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, армияда қызмет еткен уақыты;
егер оқуды бітірген немесе оқу орнынан шығарылған күні мен Қазақстан Республикасына келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерде оқыған уақыты;
егер командировканың аяқталуы мен Қазақстан Республикасына келген күнінің арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерге командировкаға барған уақыты есептеледі.
Науқастанып қалған, дүлей апат болған ретте немесе басқа да дәлелді себептер бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген үш айлық мерзімді есептеу тоқтатылады.
Басқа мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика территориясында командировкада болған, емделген мерзімі және басқа да уақытша тұрған реттер Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзіміне есептелмейді.
Қазақстан Республикасының азаматы болып саналуының күші жойылғаннан бұрынғы кезең Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзіміне есептелмейді.
7-тарау
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуы
39-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері
жөніндегі шешімдерді орындайтын органдар
Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдар орайында - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, облыстардың, қалалардың, аудандардың және қалалардағы аудандардың ішкі істер басқармаларына, бөлімдеріне, басқа мемлекетте тұратын адамдар орайында - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының тиісті дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелері мен өкілетті өкілдіктеріне жүктеледі. <*>
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарға ішкі істер органдары, не дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер Қазақстан Республикасы азаматының паспортын тапсырады. 16 жасқа толмаған балалар құжаттарына олардың Қазақстан Республикасының азаматы екендігі туралы жазба жасалады.
Қазақстан Республикасында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адамдарға ішкі істер органдары бір жерде тұруға белгі қағаз береді. Ескерту. 39-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.03. N 2477 жарлығымен. U952477_ 40-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылау Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия жүзеге асырады. 8-тарау Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру 41-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің қайта қарауы мүмкін.
Азамат болу және азаматтығынан айырылу туралы мәселелер жөніндегі
шешімге шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздарды қабылдаудан орынсыз бас тартуға, арыздардың қаралу мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істің қаралу тәртібін және азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен бағыныштылық реті бойынша жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым берілуі мүмкін. 9-тарау Мемлекетаралық шарттар 42-бап. Мемлекетаралық шарттардың қолданылуы Егер Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шартында осы Заңда айтылғандарынан өзгеше ережелер белгіленген болса, мемлекетаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Икебаева А.Ж. Омарбекова А.Т.