ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 37-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес көмірсутектерді барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы берілген жер қойнауын пайдаланушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бөліктерін) басқа жер қойнауын пайдаланушыға "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабына сәйкес бірлескен аумақта операцияларды жүргізу тәртібі туралы өздерінің арасында жасалған келісім болған кезде көмірсутектерді барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы.";
2) 94-баптың 2-тармағында:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдау үшін мерзім бір жыл болып немесе топырақтың құнарсыздануы және тозуы анықталған кезде осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бонитет балдарының мынадай көрсеткіштері бойынша топырақтың құнарсыздануы және тозуы анықталған кезде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдаудың мынадай мерзімдері белгіленеді:
1) бонитет балы жиырмаға дейін болған кезде – бес жыл;
2) бонитет балы жиырмадан қырыққа дейін болған кезде – төрт жыл;
3) бонитет балы қырықтан алпысқа дейін болған кезде – үш жыл;
4) бонитет балы алпыстан сексенге дейін болған кезде – екі жыл;
5) бонитет балы сексен және одан жоғары болған кезде – бір жыл.";
алтыншы бөліктегі "бесінші" деген сөз "алтыншы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
1) 1-баптың 2-тармағындағы "мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен" деген сөздер ", мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін және Париж келісімінің нарықтық тетіктерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 3-тармағы "офсеттері" деген сөзден кейін "және Париж келісімінің нарықтық тетіктері" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 9-1-бапта:
1-тармақ "қағидаларына" деген сөзден кейін "немесе Париж келісімінің 6-бабының нарықтық тетіктерін іске асыру қағидаларына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Париж келісімінің нарықтық тетігі арқылы мемлекеттік орман қоры аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген парниктік газдарды сіңірудің жалпы көлемінің бір бөлігі климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін орындау мақсаттары үшін есепке жатқызылады.".
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 129-бапта:
2-тармақ "8-2," деген цифрлардан кейін "8-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-3-тармақпен толықтырылсын:
"8-3. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген I және II санаттағы объектілердің операторларына қатысты қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.";
17-тармақтың бірінші бөлігі "8-2," деген цифрлардан кейін "8-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
19-тармақтың бірінші бөлігі "8-2," деген цифрлардан кейін "8-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
2) 193-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шектеулер мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторға қолданылмайды.".
4. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.";
2) 22-баптың 10-тармағындағы "ластағыштардың шығарылуы мен көшірілу тіркелімінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қалдықтарды игеру ұлттық орталығының функцияларын жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;";
4) 27-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеп, бекіту;";
мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
"12-2) Қалдықтарды игеру ұлттық орталығының функцияларын әзірлеп, бекіту;";
5) 36-бапта:
1-тармақ "нормативтері деп" деген сөздерден кейін "табиғи экологиялық жүйелерді, өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің генетикалық қорын сақтау мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтағы "табиғи ортаға әсер ету тұрғысынан нақты аумаққа немесе акваторияға тән табиғи факторлардың әсерінен қалыптасқан табиғи жағдайларды, сондай-ақ осындай аумақтарды немесе акваторияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген пайдалану мақсаты ескеріле отырып" деген сөздер "нақты аумаққа немесе акваторияға тән табиғи факторлардың әсерінен қалыптасқан табиғи экологиялық жүйелер мен объектілер, сондай-ақ осындай аумақтарды немесе акваторияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген пайдалану мақсаты үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 37-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде мүдделі жұртшылықтың қатысуы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.";
7-тармақтың 8) тармақшасы:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"жинау, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және жою (құрту және (немесе) көму)" деген сөздер "жинаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, қайта өңдеудің, кәдеге жаратудың, оның ішінде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың және жоюдың (құртудың және (немесе) көмудің), сондай-ақ қалдықтарды игеру кезінде қосалқы операциялар жүргізілгеннен кейін қайталама ресурстар мәртебесіне ауыстырылған қалдықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 41-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "қайта пайдалануға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға дайындауға" деген сөздер "қалпына келтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 65-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау кезеңінде техникалық жобалау құжаттарының (бұдан әрі – техникалық жобалау құжаттары) негізінде жүзеге асырылатын қызмет үшін қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу міндетті болмайды.";
9) 68-бапта:
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі "осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі" деген сөздер "осы Кодекстің 73-бабының 7-тармағында көрсетілген мерзім" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурстарда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен" деген сөздер "осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша және теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш орналастырылған күннен бастап алты жұмыс күні ішінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын ұсынуға құқылы.";
үшінші бөліктегі "екінші бөлігінде көрсетілген ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін алынған ескертпелері мен ұсыныстарын қарауға қабылдамайды" деген сөздер "екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін алынған ескертулері мен ұсыныстарын ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын қарау және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру кезінде ескеруге тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша және теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнін құрайды.";
екінші бөліктегі "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және екінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 69-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "осы Кодекске 1-қосымшаның 2-бөлімінде санамаланған белгіленіп отырған қызмет" деген сөздер "теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызметтен басқа, көмірсутектерді барлау кезеңінде техникалық жобалау құжаттары негізінде жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, осы Кодекске 1-қосымшаның 2-бөлімінде санамаланған белгіленіп отырған қызмет түрлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша және теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.";
11) 72-баптың 10-тармағында:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын жіберген күннен бастап алты жұмыс күнін құрайды.";
үшінші бөліктегі "екінші бөлігінде" деген сөздер "екінші және үшінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 73-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар басталған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай мен соғыс жағдайы енгізілген кезде хаттаманың қолданылу мерзімі көрсетілген оқиғалар болатын кезеңге тоқтатыла тұрады.";
2-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацындағы "қоршаған" деген сөз "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесіне орналастыру үшін қоршаған" деген сөздермен, "тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына ресми интернет-ресурстарда орналастыру үшін" деген сөздер "ресми интернет-ресурстарда орналастыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі "кемінде күнтізбелік отыз күн" деген сөздер "– кемінде күнтізбелік отыз күн, теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызмет түрлері бойынша кемінде он бес жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бастамашы жергілікті атқарушы органдармен немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының өкілімен келіскеннен кейін қоғамдық тыңдауларды өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгерткен жағдайда, мұндай өзгерістер туралы хабарламаны бастамашы қоғамдық тыңдауларды өткізу басталған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени, жеке және өзге де сипаттағы ескертулер мен ұсыныстар, олардың белгіленіп отырған немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің қоршаған ортаға әсерімен байланысы негізделген жағдайда, есепке алынуға жатады.";
17-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "егер қоғамдық" деген сөздер "қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қоюдың осы баптың 14-тармағында белгіленген мерзімінің бұзылуын қоспағанда, бұл ретте мұндай бұзушылық хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығына әсер етпесе, қоғамдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың үшінші бөлігі "өткізу кезінде" деген сөздерден кейін "осы баптың 14-тармағында көзделген мерзімнің бұзылуын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
13) 76-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
"Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуге арналған өтініш тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына ескертулерді бастамашы ескертулер жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоюға тиіс.";
"Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген мерзім қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуге арналған өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.";
14) 87-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңіндегі жобалау құжаттарын қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңінде бұрын келісілген жобалау құжаттарында көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдері өзгерген жағдайда, жобалық шешімдер өзгермеген және осы Кодекстің 76-бабы 7-тармағының талаптары сақталған жағдайда, қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту талап етілмейді;";
15) 96-бапта:
бірінші бөліктегі "Мемлекеттік" деген сөз "Теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызметтен басқа, көмірсутектерді барлау кезеңінде қызметті жүзеге асыру кезіндегі техникалық жобалау құжаттарын қоспағанда, мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік "органға" деген сөзден кейін "немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар басталған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай мен соғыс жағдайы енгізілген кезде хаттаманың қолданылу мерзімі көрсетілген оқиғалар болатын кезеңге тоқтатыла тұрады.";
2-тармақ "сәйкес" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабы 8-тармағының ережелері ескеріле отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац "органға" деген сөзден кейін "немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "егер қоғамдық" деген сөздер "қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қоюдың осы Кодекстің 73-бабының 14-тармағында белгіленген мерзімінің бұзылуын қоспағанда, бұл ретте мұндай бұзушылық хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығына әсер етпесе, қоғамдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 106-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Экологиялық рұқсат:
1) І және ІІ санаттағы әрбір жекелеген объектіні пайдалануға;
2) І және ІІ санаттағы объектілерді салуға (құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге);
3) І және ІІ санаттағы объектілерді рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарға беріледі.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. І санатқа жатқызылған жаңа өнеркәсіптік объектілерді салуға арналған экологиялық рұқсат осындай объектіні пайдалану кезінде ең үздік қолжетімді техникаларды қолдану ескеріле отырып беріледі.";
17) 110-баптың 7-тармағында:
"және (немесе)" деген сөздер "немесе уақтылы ұсынбағаны," деген сөздермен ауыстырылсын;
"ақпаратты бергені" деген сөздерден кейін ", сол сияқты ластағыш заттар шығарындыларының, төгінділерінің, қалдықтардың декларацияланатын көлемін сақтамағаны" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 111-баптың 1-тармағындағы "объектілер үшін" деген сөздер "объектілерді пайдалану кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 112-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші абзацындағы "қызметті" деген сөз "пайдалану кезінде қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 113-бапта:
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жарияланған ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарда сипатталған" деген сөздер "ең үздік қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларда келтірілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
"төмен болмайтындай" деген сөздер "жоғары болмайтындай" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 114-бапта:
4) тармақшадағы "салу, реконструкциялау және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшадағы "салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезеңдеріне қатысты" деген сөздер "пайдалану кезіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы "салу және пайдалану жөніндегі" деген сөздер "пайдалану кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "объектілерді салу және (немесе) пайдалану" деген сөздер "объектілерді салудан немесе реконструкциялаудан кейін пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы.";
4-тармақтағы "құрылысы және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;
22) 115-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацындағы "салу және (немесе) пайдалану жөніндегі" деген сөздер "пайдалану бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 120-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың болуы мыналар:
1) І және ІІ санаттағы объектілерді салу;
2) ІІ санаттағы объектілерді пайдалану;
3) осы Кодекстің 418-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда І санаттағы объектілерді пайдалану үшін міндетті.";
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "объектілер үшін" деген сөздер "объектілерді пайдалану кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Әсер етуге" деген сөздер "Пайдалану кезінде әсер етуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 122-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы "және (немесе)" деген сөздер "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақша "объектіні" деген сөзден кейін "салу және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы.";
25) 123-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, жиырма жұмыс күнін құрайды.
Жергілікті атқарушы орган үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңіндегі техникалық жобалау құжаттары жағдайында, он жұмыс күнін құрайды.";
бірінші бөліктің үшінші абзацындағы "ішінде жібереді." деген сөздер "ішінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда – өтініш қарауға қабылданған күннен бастап он үш жұмыс күні ішінде, теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңіндегі техникалық жобалау құжаттары жағдайында, өтініш қарауға қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.";
екінші бөлік үшінші абзацындағы "ішінде жоюға тиіс." деген сөздер "ішінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам) бойынша белгіленіп отырған қызмет іске асырылған, сондай-ақ теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңіндегі техникалық жобалау құжаттары жағдайында, ескертулер жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жоюға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Оператор жобалау құжаттамасының басқа көрсеткіштерін өзгертпей, көмірсутектерді барлау кезеңінде қызметті жүзеге асыру мерзімдерін өзгерткен жағдайда, әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беруге өтініш тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралып, соның нәтижелері бойынша әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беріледі.";
26) 130-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы "кәдеге жарату" деген сөздер "қалдықтарды жинау – тасу – сұрыптау – қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы "өндірістік және тұтыну қалдықтарын" деген сөздер "қайталама ресурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың үшінші бөлігіндегі "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 145-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жою оларды жою (прогрессивті жою) жөніндегі жұмыстар көлемін азайту мақсатында осындай объектілерді пайдалану аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.";
28) 147-бапта:
4-тармақтың 4) тармақшасындағы "сақтандыру түрінде беріледі." деген сөздер "сақтандыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) депозиттік шот түрінде беріледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қаржылық қамтамасыз ету I санаттағы объект операторының таңдауы бойынша, осы баптың 4-тармағында көзделген қаржылық қамтамасыз етудің бірнеше түрінің бірімен немесе олар үйлестіріле отырып беріледі.";
7-тармақтағы "осы баптың 6-тармағының талаптары сақталған жағдайда," деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақтағы "І санаттағы" деген сөздер "Осы Кодекстің 150-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, І санаттағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) пайдалану аяқталғаннан кейін қоршаған орта құрамдастарына ықтимал жағымсыз әсер ететін жабдықты залалсыздандыруға, бөлшектеуге және құрылысжайлар объектілерін бұзуға;";
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қалдықтарды игеруге;";
10-1 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1. I санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес күрделі құрылыстарды (ғимараттарды, құрылысжайларды, кешендерді) қайта бейіндеу және (немесе) өзге де пайдалану жөніндегі жоспарларды жасайды.";
"13. I санаттағы объектіге меншік құқығының немесе өзге де заттай құқықтың өтуімен жаңа операторға қаржылық қамтамасыз етуді беру жөніндегі міндеттеме өтеді және алдыңғы оператор осы бапқа сәйкес осындай жаңа оператор қаржылық қамтамасыз етуді бергенге дейін олар шартта ортақ жауапкершілікті белгілеген жағдайды қоспағанда, осы объектіге тиісті құқық берілген күннен бастап осы міндеттемеден және I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемеден босатылады.";
29) 149-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Банктік салым кепілі түріндегі қаржылық қамтамасыз ету үлесі:
1) объект пайдалануға берілген күннен бастап он жыл өткен соң – қаржылық қамтамасыз етудің жалпы сомасының кемінде елу пайызын;
2) объект пайдалануға берілген күннен бастап жиырма жыл өткен соң қаржылық қамтамасыз етудің жалпы сомасының жүз пайызын құрауға тиіс.";
30) 150-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мүлік кепілі кезінде кепіл нысанасы кепіл берушіде қалады.
Кепіл нысанасы (немесе оның бір бөлігі) жойылған, бүлінген немесе жоғалған не оған меншік құқығы басқа тұлғаға өткен жағдайларда, оның ішінде кепіл беруші кепіл нысанасына (немесе оның бір бөлігіне) билік еткен жағдайда, кепіл беруші күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде кепіл нысанасын (немесе оның тиісті бөлігін) қалпына келтіруге немесе оны басқа тең бағалы мүлікпен ауыстыруға міндетті.";
31) 7-бөлім мынадай мазмұндағы 151-1-баппен толықтырылсын:
"151-1-бап. Депозиттік шотты қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану
1. І санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жоюды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында депозиттік шот қалыптастыруға құқылы.
2. Депозиттік шот І санаттағы объектінің операторы жүзеге асыратын жыл сайынғы аударымдар есебінен қалыптастырылады.
Аударымдар Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегi депозиттiк шотқа жүргiзiледi.
3. Депозиттік шотқа жыл сайынғы аударымдардың мөлшері I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жоюға арналған шығындардың осы кезең аяқталғаннан кейін объект жойылатын кезеңге (жылдар санына) есептегендегі жалпы сметалық құнына тікелей пропорционалды болады және оны I санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындайды.
4. Егер І санаттағы объектіні пайдалану салдарын жоюға арналған нақты шығындар депозиттік шоттың мөлшерінен асып кетсе, онда І санаттағы объектінің операторы осындай объектіні пайдалану салдарын жоюға қосымша қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Егер таратуға арналған нақты шығындар депозиттік шот мөлшерінен аз болса, онда қалған ақша І санаттағы объект операторының ағымдағы шотына қайтарылады.
5. І санаттағы объектінің операторы жою (прогрессивті жою) жөніндегі жұмыстардың көлемін азайту мақсатында барлық қызмет тоқтатылғанға дейін І санаттағы объектіні ішінара жоюды жүргізуге құқылы.
Прогрессивті жою жүргізілген кезде қаржыландыру депозиттік шоттағы қаражат есебінен жүргізіледі.
Депозиттік шотқа аударымдар сомасы I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жоюға оператор пайдаланған сомаға азайтылады.
6. I санаттағы объектiге меншiк құқығын беру қалыптастырылған депозиттiк шотты жаңа меншiк иесiне қайта ресiмдеуге (беруге) сөзсiз негiз болады.";
32) 155-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.";
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі;";
10) тармақшадағы "тізілімі деректерін интеграциялау мен автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз етуге тиіс." деген сөздер "тізілімі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) өндірістік экологиялық бақылау бойынша есепке алу мен есептілік;
12) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі;
13) қоғамдық тыңдаулар деректерін қамтиды және оларды интеграциялау мен автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз етуге тиіс.";
33) 159-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы "166-бабы 6-тармағының" деген сөздер "166-1-бабы 4-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 166-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"166-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметі
1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар, арнаулы мақсаттағы қызметтер көрсетеді, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы арнаулы ақпаратты береді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыстарды жүзеге асырады.
Жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер – халық пен мемлекеттің қауіпсіздігі, экономика мен әлеуметтік саланың орнықты жұмыс істеуі үшін маңызды мәні бар, мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып көрсетілетін метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметтер.
Арнаулы мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтерге жатпайтын және мемлекеттік байқау желісінің деректерін немесе мониторинг түрлерін пайдалана отырып, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары бойынша көрсетілетін метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметтер.
Арнаулы ақпарат – жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтерге жатпайтын, арнаулы мақсаттағы қызметтер көрсету нәтижесінде немесе мемлекеттік байқау желісінің деректерін өңдеу, есептеу және талдау нәтижесінде алынатын нысаналы ақпарат.
Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыстар – зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, гидрология, метеорология және экология саласында жаңа білім алуға әрі оны қолдануға және міндеттерді шешуге, оның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде орындалатын гидрологиялық, метеорологиялық есептеулер бойынша жобалау жұмыстарын орындауға, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жобалау жөніндегі жұмыстарды орындауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыстарды жүзеге асыру – жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтерге жатпайтын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде орындалатын метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы көрсетілетін қызметтер.
2. Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг пен қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бекітетін мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, өз қызметін метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер көрсету бөлігінде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастырады және мемлекеттік байқау желісінің қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітеді.
Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг пен қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдармен, шетелдік ұйымдармен және басқа мемлекеттердің гидрометеорологиялық қызметтерімен өзара іс-қимыл кезінде гидрологиялық, метеорологиялық қызмет және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді.
6. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің құрамына кіреді және өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырады.";
35) мынадай мазмұндағы 166-1-баппен толықтырылсын:
"166-1-бап. Метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг пен қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік монополияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға – Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асыратын, мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер көрсету бөлігінде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг пен қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет жатады.
2. Метеорологиялық мониторинг саласындағы жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер:
1) жерге жақын метеорологиялық, актинометриялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық, радиолокациялық, озонометриялық байқаулар, алынған метеорологиялық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, талдау және дауылдық метеорологиялық ақпаратты, метеорологиялық және агрометеорологиялық болжамдарды дайындау, анықтамалықтарды, бюллетеньдерді, анықтама-консультацияларды қамтитын жалпы мақсаттағы метеорологиялық ақпаратты, режимдік ақпаратты және басқа метеорологиялық ақпаратты дайындау, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды осындай ақпаратпен белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік климаттық кадастрды және мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу;
3) халықаралық алмасу үшін метеорологиялық ақпарат беру;
4) климаттың өзгеруін қоса алғанда, оның мониторингі.
Мемлекеттік климаттық кадастр – ауа температурасын, бұлттылықты, атмосфералық құбылыстарды, желдің бағыты мен жылдамдығын, жауын-шашын мөлшерін және белгілі бір аумақтарға тән атмосфераның және төсеніш қабатының басқа да сипаттамаларын қамтитын атмосфералық жағдайлардың жиынтығы туралы метеорологиялық ақпаратқа негізделген және көп жылдық кезеңдегі метеорологиялық деректердің климаттық базасы негізінде қалыптастырылған деректердің жүйеленген жиынтығы.
Мемлекеттік климаттық кадастрды жүргізу қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік климаттық кадастр деректерінің құрамын және мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның деректерін беру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік гидрометеорологиялық қор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану мақсатында сақталуға жататын, құжатталған гидрологиялық және метеорологиялық ақпараттың жиынтығы.
Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Гидрологиялық мониторинг саласындағы жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер:
1) өзендердегі, көлдердегі (теңіздердегі), су қоймаларындағы, каналдардағы және өзге де жерүсті су объектілеріндегі байқаулар, алынған гидрологиялық деректерді жинау, өңдеу, талдау және гидрологиялық қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болжамдарды, оның ішінде алдын ала бес – жеті тәулікке дейін және көктемгі кезеңде әрбір үш күн сайын нақтылау мүмкіндігімен дайындау және қауіпті әрі дүлей гидрологиялық құбылыстардың туындау мүмкіндігі мен фактісі туралы дауылдық ескертулер беру;
2) анықтамалықтарды, бюллетеньдерді, анықтама-консультацияларды қамтитын жалпы мақсаттағы гидрологиялық ақпаратты дайындау, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды осындай ақпаратпен белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету;
3) гидрологиялық мониторинг нәтижелерінің негізінде "Жерүсті сулары" бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу үшін деректер дайындау;
4) белгіленген тәртіппен халықаралық алмасу үшін гидрологиялық ақпарат беру.
4. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер:
1) осы тармақтың 2) – 8) тармақшаларында көзделген қоршаған ортаны қорғау объектілерінің ластану жай-күйін байқау, ол туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау, бюллетеньдер мен анықтамалық ақпаратты қамтитын қоршаған ортаның ластану жай-күйі туралы жалпы мақсаттағы ақпаратты дайындау, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларды осындай ақпаратпен белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету;
2) атмосфералық ауаның ластану мониторингі – қоныстану аумақтарындағы атмосфералық ауаның жай-күйін байқау жүйесі;
3) атмосфералық жауын-шашынның ластану мониторингі – қоныстану аумақтарындағы атмосфералық жауын-шашын мен қар жамылғысының химиялық құрамын байқау жүйесі;
4) судың ластану мониторингі – жағалау маңы аймақтарындағы жерүсті суларының ластануын байқау жүйесі;
5) топырақтың ластану мониторингі – қоныстану аумақтарының топырақтарындағы ластағыш заттардың концентрациясын байқау жүйесі;
6) радиациялық мониторинг – қоныстану аумақтарындағы техногендік және табиғи радиоактивті ластануды байқау жүйесі;
7) трансшекаралық ластану мониторингі – шекара маңындағы мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын, трансшекаралық жерүсті сулары мен трансшекаралық өзендердің жағалау маңындағы топырақтың ластануын байқау жүйесі;
8) фондық мониторинг – қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының арнаулы желісін пайдалана отырып, атмосфера мен басқа ортаның биосферамен өзара әрекеттесуінің жай-күйін байқау жүйесі;
9) белгіленген тәртіппен халықаралық алмасу үшін қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат беру.";
36) 167-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Күзет аймақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік байқау желісінің стационарлық байқау пункттері мен атмосфераның ластану жай-күйін байқау пункттерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.";
6-тармақтың бірінші бөлігі "органдармен" деген сөзден кейін ", жер пайдаланушылармен немесе жер учаскелерінің меншік иелерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
37) 169-баптың 1-тармағында:
"ақпаратты және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты" деген сөздер "ақпараттың және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттың тізбесі және оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Метеорологиялық, гидрологиялық ақпараттың және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттың құрамына, мазмұнына және жариялануына қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";
38) 173-бапта:
1-тармақтағы "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздер "I, ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер операторларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) біліктілік талаптарының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті жүзеге асыру қағидаларының сақталуы;
3) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген экологиялық талаптардың сақталуы бағыттары бойынша жүзеге асырылады.";
4), 5), 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. I және II санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
III және IV санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.";
39) 174-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"174-бап. I және II санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылаудың нысандары
1. I және II санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау;
2) тексерулер;
3) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерімен бақылау.
2. I және II санаттағы объектілердің операторларына қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу және (немесе) мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы әкімшілік рәсімді жүзеге асырудың барысы мен нәтижелерін тіркеп-белгілейтін әкімшілік істер бойынша шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің ережелерімен реттеледі. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қамтылған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамасының нормаларында олқылықтар немесе осы Кодекстің ережелеріне қайшылықтар анықталған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау жергілікті жерге бармай, спутниктік деректерді, фото- және бейнематериалдарды, онлайн-платформаларды мониторингтеу нәтижелерін, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарын зерделеу, бақылау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған мәліметтерді және бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылаудың мақсаттары – Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру.
4. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бақылау органы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының экология заңнамасы талаптарын сақтауы бойынша жүргізетін кешенді тексерулер;
2) нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша бақылау органы тағайындайтын жоспардан тыс тексерулер.
Тексерулер жүргізудің мақсаттары – қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін қатерді анықтау және (немесе) жою.
5. Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерімен бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін, қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерінен алынатын қоршаған ортаға эмиссиялардың саны, концентрациясы және жүзеге асырылу уақыты туралы деректерді "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесіне нақты уақыт режимінде үздіксіз тіркеп-белгілеу және беру негізінде жүргізіледі.";
40) мынадай мазмұндағы 174-1 және 174-2-баптармен толықтырылсын:
"174-1-бап. I және II санаттағы объектілер операторларына қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) қашықтан бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау осы Кодекске сәйкес мынадай шарттар бір мезгілде сақтала отырып жүзеге асырылады:
1) бақылау органдарының бақылау субъектілеріне (объектілеріне) баруына тыйым салынады;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеу және бақылау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының экология заңнамасын болмашы және елеулі бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады;
4) бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының экология заңнамасын өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, қашықтан бақылау нәтижелері туралы акт жасалады және бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілгенінен кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеру тағайындалады, оған бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нәтижелері туралы акт негіз болады;
5) бақылау субъектілерін (объектілерін) қашықтан бақылау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайды.
2. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нәтижелері туралы акт немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бұзушылық (бұзушылықтар) анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесі арқылы бақылау субъектісіне жіберіледі.
3. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нәтижелері туралы акт немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама мынадай жағдайларда да:
1) қолма-қол – алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) пошта не курьерлік пошта байланысы арқылы – табыс етілгені туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен – бақылау органының сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына, сондай-ақ интернет-ресурстарға жөнелтілген күннен бастап бақылау субъектісіне табыс етілді деп есептеледі.
4. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нәтижелері туралы актіде және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау субъектісі мұндай актіні және (немесе) нұсқаманы алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау органына бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нәтижелері туралы актіге және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қарсылық ұсынуға құқылы.
Бақылау субъектісі қарсылықта бақылау органына жіберілетін ескертулерді және (немесе) дәлелдерді жазуға міндетті.
Қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органы қарсылықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ескертулерді және (немесе) дәлелдерді ескере отырып, қарсылықты қабылдау туралы немесе уәжді негіздемемен қарсылықты қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органының қарсылықты қабылдаудан бас тарту туралы шешімі жоғары тұрған уәкілетті органға, лауазымды адамға қашықтан бақылау нәтижелеріне шағым жасауға негіз болады.
5. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтармен келіскен жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.
6. Анықталған бұзушылықтарды нұсқамада көрсетілген мерзімде жоймау осы Кодекске сәйкес бақылау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болады.
7. Бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылау нәтижелері "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде есепке алынады.
"Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде бақылау субъектісін (объектісін) қашықтан бақылауды есепке алуды жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.
174-2-бап. Тексерулерді жүргізу тәртібі
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде орналастырылатын тексеру парақтарын бекітеді.
Тексеру парағы бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметіне қойылатын міндетті талаптардың тізбесін қамтиды, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келеді.
Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексерілуге жатады.
Тексеру парағына енгізілетін талаптар бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) экономикалық қауіпсіздікті, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, адамдардың өміріне, денсаулығына, олардың мүлкін қорғауға, қоршаған ортаның қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей (тура) әсер ететін қызметпен (процеспен, әрекетпен) байланысты болу;
2) талаптардың сақталуын зертханалық зерттеу, қарап тексеру және (немесе) жете тексеру, растайтын құжаттардың бар-жоғын тексеру арқылы тексеруге болады;
3) талаптар жалпы сипатта болмауы және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сілтемені қамтымауы керек.
2. Кешенді тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары қолданыла отырып жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісін (объектісін) іріктеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.
3. Кешенді тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалады, бірақ:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің салалары үшін – жылына бір реттен жиілетпей;
2) тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің салалары үшін – екі жылда бір реттен жиілетпей;
3) тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің салалары үшін – үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
4. Кешенді тексеру тағайындалған бақылау субъектісі (объектісі) міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты жыл сайынғы негізде автоматты режимде "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде қалыптастырылатын график кешенді тексеруді тағайындауға негіз болады.
Кешенді тексерулерді жүргізу графигі тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде жарияланады.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде графикті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
Кешенді тексерулерді жүргізу графиктерін бір кезеңге қалыптастыруға тыйым салынады.
5. Бақылау органы бақылау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) кешенді тексеру жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Бақылау субъектісі кешенді тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама алған, бірақ тексеру кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен жағдайда, тексеру жүргізудің басталуы туралы қайта хабардар ету талап етілмейді.
6. Кешенді тексеруді жүргізу кезеңі алдыңғы кешенді тексеру аяқталған күннен бастап айқындалады және кешенді тексеруді жүргізу мерзімімен аяқталады.
Кешенді тексеруді жүргізу кезеңі күнтізбелік үш жылдан аспауға тиіс.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеруді тағайындауға мыналар негіз болады:
1) егер бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жоймаса, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) адам шығынына, адамдардың денсаулығына және (немесе) қоршаған ортаға зиян келтіруге, адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына алып келуі мүмкін немесе алып келген аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың салдарынан қалыптасқан жағдай;
3) қашықтан бақылау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының экология заңнамасын өрескел бұзушылықтардың анықталуы;
4) растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
5) адамның денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурордың талабы;
6) адамның денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
7) бақылау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;
8) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы.
8. Жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіздерде өзге кезең көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезеңі жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіздер келіп түскен күннен немесе төтенше жағдай туындаған күннен бастап айқындалады және жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімімен аяқталады.
9. Анонимді жолданымдар берілген жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
10. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексерудің басталғаны туралы бақылау субъектісін хабардар ету талап етілмейді.
11. Тексерулер тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі, аумақ учаскесі;
6) тексеру нысанасы;
7) тексеруді жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізудің негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
9) тексеруді жүргізу кезеңі;
10) бақылау субъектісінің осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) бақылау органы басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) қолтаңбасы;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
12. Тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда міндетті түрде тіркеледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт бақылау субъектісі (объектісі) міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тіркеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру және жетілдіру үшін пайдаланылады.
Бақылау органы тексеруді тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тексеру басталғанға дейін оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі аумақтық органына ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркейді.
Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау органы тексерілуге жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парақтарын ұсынады.
Тексеруді тағайындау туралы актілерді, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және олардың күшін жоюдың, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, тексеру мерзімдерін ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламалардың және тексеру мен оның нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсынудың тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексеру қажеттігі адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына алып келуі мүмкін немесе алып келген аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың салдарынан қалыптасқан ахуалға байланысты туындаса, сондай-ақ бұзушылықтардың тікелей жасалуы кезінде олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін әрекеттер жасау қажеттігіне орай тексеруді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізу кезінде тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
13. Тексеру үшін объектіге келген мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар бақылау субъектісіне:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын көрсетуге міндетті.
Бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға заңды тұлғаның хат-хабарды қабылдауға уәкілеттік берілген құрылымдық бөлімшесіне) тексерілуге жататын талаптардың тармақтарын көрсетілген тексеру парағымен бірге тексеруді тағайындау туралы актінің табыс етілген күні тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Тексеруді жүзеге асыратын органның лауазымды адамының тексеруді жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Хаттамаға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам және заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.
Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы, бұл ретте бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме береді.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексерудің күшін жоюға негіз болмайды.
Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (лауазымды адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
Бұл ретте мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құрамы бақылау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау субъектісі және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган ауыстыру себебі көрсетіле отырып, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабардар етіледі.
Бір мәселелердің аясында бірнеше бақылау субъектісіне (объектісіне) тексеруді бір мезгілде жүргізу қажет болған кезде бақылау органы әрбір бақылау субъектісіне (объектісіне) тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеуге міндетті.
14. Тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және:
1) кешенді тексерулер – он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға;
2) жоспардан тыс тексерулер – он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
15. Тексеруді жүргізу мерзімін бақылау органының басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) осы баптың 14-тармағында айқындалған мерзімдерге тек бір рет ұзартуы мүмкін.
16. Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда бақылау органы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген нөмірі мен күні және тексерудің себебі көрсетіледі.
Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда бақылау органы бұл туралы бақылау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) тексеру аяқталғанға дейін міндетті түрде хабардар етеді.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны бақылау органы тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер осы субъект бұрын электрондық поштасының мекенжайын бақылау органына ұсынған болса, бақылау субъектісінің осындай мекенжайына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жібереді.
Тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның оны алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер болуға тиіс.
17. Тексеру кезінде өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу мынадай талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады:
1) іріктелетін өнім үлгілерінің, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларының саны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттарының өнімге және өнімді сынау әдістеріне қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады;
2) өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеуді бақылау субъектісі басшысының немесе өкілінің және бақылау субъектісі уәкілетті адамының қатысуымен мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам жүргізеді және ол үлгілерді іріктеу актісімен куәландырылады.
Іріктелген өнім үлгілері, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамалары жинақталған, қапталған және пломбаланған (мөрленген) болуға тиіс;
3) өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық данасына өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеп алған мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам, бақылау субъектісінің басшысы не өкілі және (немесе) бақылау субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды.
Өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен және тиісті түрде іріктеп алынған өнім үлгілерімен, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларымен бірге сараптама (талдау, сынақ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген ұйымға жіберіледі.
Өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу актісінің екінші данасы бақылау субъектісінде қалады.
Өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу актісінің үшінші данасы бақылау органында сақталады.
Үлгілерді іріктеу актісінде мыналар көрсетіледі:
жасалған орны мен күні;
бақылау органы басшысының өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеуді жүзеге асыруға негіз болған шешімінің нөмірі мен күні;
мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын, өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеуді жүргізетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын іріктеу жүргізілетін бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы және тұрған жері;
бақылау субъектісі басшысының не өкілінің және (немесе) бақылау субъектісі уәкілетті адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
өндіруші, өндірілу күні, партия сериясы (нөмірі), үлгілердің жалпы құны көрсетілген іріктелген өнім үлгілерінің, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларының тізбесі мен саны;
қаптаманың түрі мен мөрдің (пломбаның) нөмірі.
18. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеруді жүргізу кезінде:
1) тексеру парақтарында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар осы лауазымды адамдар атынан әрекет ететін мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, олардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамалары тексеру объектілері болып саналмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;
3) өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау сынамаларын зерттеуді, сынауды, өлшеуді жүргізу үшін белгіленген нысан бойынша және (немесе) көрсетілген үлгілерді, сынамаларды ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енген күнге дейін қолданылатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидалары мен әдістерінде белгіленген нормалардан асатын мөлшерде іріктеу туралы актіні ресімдеместен, оларды іріктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асыруға;
6) бір кезең ішінде бір мәселе бойынша жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган бұрын тексерулер жүргізген бақылау субъектісін (объектісін) кешенді тексеруді жүргізуге;
7) бақылау субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.
19. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі:
1) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасайды;
2) тексеру нәтижелері туралы актіде:
актінің жасалған күні, уақыты және орны;
мемлекеттік органның атауы;
тексеру жүргізуге негіз болған, тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
бақылау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі;
3) тексеру нәтижелері туралы актіге:
бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
өнім үлгілерін іріктеу, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп қарау актілері, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (бар болса) қоса беріледі;
4) жүргізілуі барысында тексеру парақтары талаптарының тармақтарын бұзушылықтар анықталған тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы бір ғана нұсқама берілуі мүмкін;
5) тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітеді;
6) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
бақылау органының атауы;
тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағы талаптарының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген оларды жою бойынша нұсқаулар;
бақылау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ тексеру кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
20. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнді құрайды.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;
2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.
Анықталған бұзушылықтарды жоюға қосымша уақыт қажет болған жағдайда бақылау субъектісі өзіне тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеру жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Өтініште бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін жазуға міндетті.
Тексеру жүргізген бақылау органы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште жазылған дәйектерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі ішінде бақылау субъектісі тексеруді жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі мен тәсілдерін мұқият сипаттап, бұзушылықтарды жою туралы толық ақпарат беруге міндетті.
Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.
Бақылау органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген, анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
22. Тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.
Бақылау органы тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, заңды тұлғаның хат-хабарды қабылдауға уәкілеттік берілген құрылымдық бөлімшесіне, жеке тұлғаға) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшіншісі бақылау органында қалады.
Бақылау субъектісінің таңдауы бойынша электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама "цифрлық үкімет" веб-порталы немесе өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның цифрлық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
23. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік және өзге де құжаттардың төлнұсқасын алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
24. Тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
25. Тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей, тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау субъектісіне табыс еткен күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
26. Егер тексеруді жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің (объектісінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталатын болса, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өкілеттіктер шегінде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, мемлекетке ықтимал зиян келтіруді болғызбау бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнiндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдау кезінде прокурорды хабардар етеді.
Прокурормен келісу бойынша бақылау органы инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты:
субъектінің (объектінің не оның жекелеген учаскесінің) қызметін, әрекетті, процесті тоқтата тұру;
рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу) мәселелері бойынша тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдайды.
Бақылау органы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды прокурордың келісімінсіз қабылдауға құқылы емес.
Бақылау органы инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторды прокурормен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Қашықтан бақылау қорытындысы бойынша анықталған және жойылған Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзу фактілері бойынша шаралар қабылдауға жол берілмейді.
27. Егер бақылау органы тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып, тексерулерді жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
Өрескел бұзушылықтарға:
1) тексеру негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) кешенді тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабарлама мерзімдерін сақтамау;
4) осы баптың 26-тармағының талаптарын бұзу;
5) тексеру жүргізудің кезеңділігін бұзу;
6) тексеруді тағайындау туралы актіні бақылау субъектісіне ұсынбау;
7) бақылау органдарының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексеруді тағайындауы;
8) тексеруді тағайындау туралы актіні өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей тексеруді жүргізу;
9) тексеруді жүргізу мерзімін бұзу.
28. Бақылау субъектісін (объектісін) тексеру нәтижелері "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде есепке алынады.
"Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде бақылау субъектілерін (объектілерін) тексерулерді есепке алуды жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.
29. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, осы Кодекстің 179-бабында белгіленген тәртіппен олар бойынша шағым жасауға құқылы.
30. Осы Кодексте белгіленбеген тексерулердің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады.";
41) 175-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"175-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу кезінде нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз ету
1. Бақылау субъектісінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау жөніндегі міндеттемесі мемлекет кірісіне есепке жазылатын өсімпұлмен қамтамасыз етіледі.
Өсімпұл әрбір жұмыс күні үшін I санаттағы объектінің операторлары болып саналатын заңды тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке жазылады.
Өсімпұл анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн өткен кезден бастап есепке жазылады.
2. Өсімпұлды төлеу туралы талапты уәкілетті органның лауазымды адамдары анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімі өткен жағдайда ғана жібереді. Бақылау субъектісі есепке жазылған өсімпұлды тиісті талап жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда лауазымды адамдардың есепке жазылған өсімпұлды өндіріп алуы сот тәртібімен жүзеге асырылады.";
42) 178-бапта:
1) тармақшадағы "бару арқылы профилактикалық бақылау немесе тексеру" деген сөздер "бару арқылы тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) тексеру нысанасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділікті сұратуға және алуға;";
"2-1) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
2-2) техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның тексеруге қатысты жазбаларын пайдалануға;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) тексеруді осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеруді жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) бақылау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің тексеруді жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексерудің нысанасына жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) бақылау субъектісіне тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
7) бақылау субъектісіне – тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтар анықталған жағдайда, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы тексерулер аяқталған күні табыс етуге;
8) тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюына тыйым салынады.";
43) мынадай мазмұндағы 178-1-баппен толықтырылсын:
"178-1-бап. Бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті өкілінің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау субъектілері немесе олардың уәкілетті өкілдері тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) тексеру жүргізу үшін объектіге келген мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды:
тексеруді жүргізу жиілігі сақталмаған;
тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, осы Кодексте белгіленген мерзімге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен немесе өтіп кеткен;
бақылау органы бір кезең ішінде бір мәселе бойынша бұрын кешенді тексеру жүргізілген бақылау субъектісіне (объектісіне) кешенді тексеруді тағайындаған;
тексеру парағы және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт (тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша акт) болмаған;
жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезеңге тексеру тағайындалған;
тексеруді жүргізу тиісті өкілеттігі жоқ адамдарға тапсырылған;
тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеру жүргізілетін бірнеше бақылау субъектісі көрсетілген;
тексеру мерзімі осы Кодексте белгіленген мерзімнен асыра ұзартылған;
тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптар өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;
3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижесі туралы актіге, тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) бақылау органдарының немесе мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио-, фото- және бейнетүсірілім құралдары арқылы тіркеп-белгілеуге;
6) өз мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге қатысу үшін тартуға құқылы.
2. Бақылау органдары тексеруді жүргізген кезде бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:
1) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес цифрлық жүйелерге, техникалық бақылау құралдарына, байқау және тіркеп-белгілеу, фото- және бейнеаппаратура аспаптарына қолжетімділік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актінің, тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
6) кешенді тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабарлама алған жағдайда кешенді тексерудің белгіленген мерзімдерінде бақылау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.";
44) 179-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"179-бап. Бақылау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа дейін шағым жасау тәртібі
1. Бақылау субъектісі сотқа жүгінгенге дейін мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру құқығы бар жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым жасауға құқылы.
2. Мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижесіне шағым мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелерін алған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беріледі.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, шағым беретін бақылау субъектісінің өтінішхаты бойынша бұл мерзімді мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру құқығы бар жоғары тұрған орган (лауазымды адам) қалпына келтіруі мүмкін.
4. Шағым жасау үшін өткізіп алынған мерзім шағымды қарайтын органның (лауазымды адамның) шағымды қабылдаудан бас тартуына негіз болмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болуы мүмкін.
5. Шағымда:
1) шағымды қарайтын органның (лауазымды адамның) атауы (аты-жөні);
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) жеке тұлғаның нақты тұратын мекенжайы және заңды тұлғаның тұрған жері;
4) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтылып отырған бақылау органының атауы, лауазымды адамның аты-жөні;
5) бақылау субъектісі өз талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;
6) шағым берілген күн;
7) бақылау субъектісінің қолтаңбасы;
8) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
9) өзге де мәліметтер көрсетіледі.
6. Шағымды қарайтын жоғары тұрған орган (лауазымды адам), егер:
1) шағымды қарайтын органның бақылау субъектісіне қатысты шағымды қарау нәтижелері бойынша шағымда көрсетілген бір нысана туралы және бір негіздер бойынша қабылданған шешімі болса;
2) бір тұлғаға қатысты бір нысана туралы және бір негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот актісі болса;
3) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша бір мезгілде сотқа және жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым жасалған болса;
4) шағымды қарайтын орган (лауазымды адам) өтініш берушіден шағымды кері қайтарып алуды қабылдаған болса, шағымды қараусыз қалдырады.
Шағымды қарайтын орган шағымды қараусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне хабарланады.
Өтініш берушінің шағымды кері қайтарып алуы шағымды қайта беруге кедергі келтірмейді.
7. Шағым беру мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалған, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын тоқтата тұрады.
Тексеруді тағайындау туралы актіге және (немесе) тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіге шағым беру тексеру жүргізуді тоқтата тұрмайды. Бұл ретте тексеруді тағайындау туралы актіні және (немесе) тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні заңсыз деп тану тексеру нәтижелерінің күшін жоюға алып келеді.
8. Шағымды қарайтын жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті.
Нақты мән-жайларды зерттеудің нысанасы мен шектерін шағымды қарайтын жоғары тұрған орган (лауазымды адам) айқындайды.
Шағымды қарайтын жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылып отырған лауазымды адам мен шағым берген адамды тыңдайды.
Тыңдау тараптардың өз ұстанымын баяндауына мүмкіндік беретін кез келген жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
9. Шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
10. Шағымды қарап, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) шағымды қанағаттандыру туралы;
2) шағымның бір бөлігін қанағаттандыру туралы;
3) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы.
Шағымды мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін жазбаша түрде шешім шығарылады, ол бақылау субъектісіне жіберіледі.
Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиіс.
Тексеру нәтижесіне шағымды қарау кезінде істе бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған тексерудің нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Жоғары тұрған лауазымды адам жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.
11. Шағымды қараған жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шешімімен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі шешім бойынша сотқа шағым жасауға құқылы.";
45) 186-баптың 4-тармағының үшінші бөлігіндегі "Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің", "қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі", "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 196-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы "қайта өңдеу мен кәдеге жарату" деген сөздер "қалпына келтіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 200-бапта:
4-тармақтағы "293.15" деген цифрлар "273.15" деген цифрлармен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "атмосфералық ауа сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін" деген сөздер "қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нысаналы көрсеткіштерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 202-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"202-бап. Жол берілетін шығарындылар нормативтері және шығарындылардың технологиялық нормативтері. Нормативтен жоғары шығарындыларды жүзеге асыру кезеңі";
5-тармақтың екінші бөлігіндегі "293.15" деген цифрлар "273.15" деген цифрлармен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. I және II санаттағы объектілер үшін нормативтен жоғары шығарындыларды жүзеге асыру кезеңі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі орнатылған көздерді қоспағанда, өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі соңғы есеп "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесіне берілген күннен бастап айқындалады.
IIІ санаттағы объектілер үшін нормативтен жоғары шығарындыларды жүзеге асыру кезеңі тексерілетін кезең үшін айқындалады.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алауларды пайдалану кезінде атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын азайту мақсатында ең үздік қолжетімді техника бойынша тиісті қорытындыда көзделген бір немесе бірнеше ең үздік қолжетімді техника қолданылады.";
49) 206-баптың 3-тармағындағы "атмосфералық ауа сапасының белгіленген экологиялық нормативтері" деген сөздер "қоршаған орта сапасының белгіленген нысаналы көрсеткіштері" деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 209-баптың 2-тармағындағы "қайта өңделетін, кәдеге жаратылатын" деген сөздер "қалпына келтірілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 213-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) теңіз кемелерінің оқшауланған жүйелерінен теңіз суларын ағызып жіберу;
6) кемедегі минералдануы жоғары теңіз суларын ағызып жіберу.";
52) 214-баптың 9-тармағындағы "су сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін" деген сөздер "қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нысаналы көрсеткіштерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 216-бапта:
тақырып "және нормативтен жоғары шығарындыларды жүзеге асыру кезеңі" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мынадай:
1) жерасты сулары ауызсу, бальнеологиялық, техникалық мұқтаждықтар, ирригация және мал шаруашылығы мұқтаждықтары үшін пайдаланылмайтын оқшауланған суландырылмаған жерасты белдеулеріне және жерасты су тұтқыш белдеулеріне тазартылған сарқынды суларды айдау;
2) карьердегі және (немесе) шахтадағы қазылған кеңістіктерге карьер суларын бұру жағдайларын қоспағанда, сарқынды суларды жер қойнауына төгуге тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сарқынды суларды тазарту мұнай өнімдері, қалқымалы заттар және күкіртсутек бойынша бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сарқынды суларды тазарту мұнай өнімдері бойынша бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Сарқынды суларды жер қойнауына айдау және бұру кезінде осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілмеген өзге де ластағыш заттарды төгу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес ластағыш заттар концентрациясының ең жоғары көрсеткіштері бойынша нормаланады. Ластағыш заттар концентрациясының ең жоғары көрсеткіштері қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде немесе ластағыш заттардың жол берілетін төгінділері нормативтерінің жобасында негізделеді. Осындай заттарды ластағыш заттар концентрациясының белгіленген ең жоғары көрсеткіштерінен асырып төгу нормативтен жоғары эмиссия болып есептелмейді.
Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес мұнай өнімдері, қалқымалы заттар мен күкіртсутек бойынша тазартылмаған сарқынды суларды жерасты белдеулеріне айдауға тыйым салынады.
Жол берілетін төгінділер нормативтері белгіленбеген ластағыш заттар болған кезде және осы тармақтың талаптары сақталмаған кезде карьердегі және (немесе) шахтадағы қазылған кеңістіктерге карьер суларын бұруға тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Егер сарқынды сулардағы ластағыш заттың не ластағыш заттар қоспасының мөлшері (массасы) экологиялық рұқсатта белгіленген экологиялық нормативтерден асып кетсе, төгінділер нормативтен жоғары деп есептеледі.
I және II санаттағы объектілер үшін нормативтен жоғары төгінділерді жүзеге асыру кезеңі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі орнатылған көздерді қоспағанда, өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі соңғы есеп "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесіне берілген күннен бастап айқындалады.
IIІ санаттағы объектілер үшін нормативтен жоғары төгінділерді жүзеге асыру кезеңі тексерілетін кезең үшін айқындалады.";
54) 222-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мынадай:
1) тау-кен металлургия кәсіпорындарының шахта және карьер суларын жинақтағыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға төгуді;
2) жер қойнауын (көмірсутектер мен ураннан басқа) пайдалану жөніндегі операциялармен ластанбаған, су деңгейін төмендететін және құрғататын ұңғымаларды қолдану арқылы алынған, осындай операцияларды жүргізу кезінде ілесіп алынған жерасты суларын ағызу салдарынан су объектісінің сапалық жай-күйі нашарламаған жағдайда, мұндай ағызуды қоспағанда, алдын ала тазартпай сарқынды суларды ағызуға тыйым салынады. Бұл ретте мұндай суларды ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектілеріне төгуге тыйым салынады;
3) сумен салқындату үшін пайдаланылатын суларды тұйықталған (айналмалы) сумен жабдықтау жүйесінде орналасқан жинақтағыштарға төгуді қоспағанда, алдын ала тазартпай сарқынды суларды төгуге тыйым салынады.";
55) 229-баптың 5-тармағындағы "топырақ сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін" деген сөздер "қоршаған орта сапасының неғұрлым қатаң нысаналы көрсеткіштерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
56) 16-тарау мынадай мазмұндағы 259-1-баппен толықтырылсын:
"259-1-бап. Киік дериваттарымен сауда жасау жүйесінің операторы
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, акцияларының жүз пайызы тiкелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғам киiк дериваттарымен сауда жасау жүйесiнiң операторы болып саналады.
2. Киік дериваттарымен сауда жасау жүйесі операторының киік дериваттары бағасын айқындау әдістемесін және оларды өткізу тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеп, бекітеді.
3. Киік дериваттарын өткізуден түскен ақша киік дериваттарымен сауда жасау жүйесі операторының банктік шотына түседі.
4. Киік дериваттарымен сауда жасау жүйесінің операторы киік дериваттарын өткізуден оның банктік шотына түскен ақшаны жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен және шарттарда Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес іс-шараларды қаржыландыруға бағыттайды.";
57) 273-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында:
"салқындату және өрт сөндіру жүйелері суының," деген сөздер алып тасталсын;
", балласт сулардың" деген сөздер алып тасталсын;
58) 278-баптың 10-тармағындағы "Кемелерден мұнайды, ластағыш заттарды және құрамында ластағыш заттар бар сарқынды суларды, тазартылмаған балласт суларды, тамақ қалдықтарын, тұрмыстық қоқысты және пластмассалардың барлық түрін" деген сөздер "Кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі халықаралық конвенцияның (МАРПОЛ 73/78) белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін мұнайды, ластағыш заттарды және құрамында ластағыш заттар бар сарқынды суларды, тазартылмаған балласт суларды, тамақ қалдықтарын, тұрмыстық қоқысты және пластмассалардың барлық түрін кемелерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 283-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының ұлттық үлестерінің (бұдан әрі – ұлттық үлес) негізінде Қазақстан Республикасының көміртегі балансының төмендетілуін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы өзіне мақсат етіп қояды.
Қазақстан Республикасының көміртегі балансы парниктік газдардың нақты сіңірілу көлемін алып тастағандағы және басқа елдердің ұлттық үлестері ретінде есепке алынатын не климаттың өзгеруін болғызбау жөніндегі басқа да халықаралық мақсаттарда пайдаланылатын Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерінің үлесін қосқандағы парниктік газдардың нақты шығарылу көлемі ретінде айқындалады.
Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде климаттың өзгеруі салдарын жеңілдетудің берілетін нәтижелері деп Париж келісімінің 6-бабы 2 және 4-тармақтарының талаптары негізінде бір елден екінші елге берілетін, парниктік газдардың шығарылуын азайту немесе олардың сіңірілуін ұлғайту көлемі түсініледі.
Қазақстан Республикасы басқа елдердің ұлттық үлестері ретінде есепке алу үшін Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін осы Кодексте көзделген жағдайларда және шарттарда беруді жүзеге асырады.";
бірінші бөліктегі "келесі" деген сөз алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
"және осы Кодекске сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының ұлттық үлестеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында осы Кодекске сәйкес парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады" деген сөздер алып тасталсын;
"уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "осы Кодекске сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының ұлттық үлестеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін басқа елдерге беру көзделетін жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органы болып саналады" деген сөздермен толықтырылсын;
60) 285-бап:
3) тармақшадағы "әкімшілендіру пайдаланыла отырып жүзеге асырылады." деген сөздер "әкімшілендіру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын және Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін беру көзделетін жобаларды әкімшілендіру пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін беру жөніндегі жобаларды әкімшілендіру – экологиялық біртұтастықты, ашықтықты қамтамасыз ету және қосарланған есепке жатқызуды болғызбау мақсатында уәкілетті халықаралық органдар, оның ішінде Париж келісімі 6-бабының 4-тармағы шеңберінде әрекет ететін қадағалау органы белгілеген қағидалар, әдіснамалар мен талаптар сақталып, Париж келісімі 6-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес жобаларды іске асыру шеңберінде алынған, климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін үйлестіруді, бақылауды, мониторингтеуді, верификациялауды, тіркеуді және халықаралық деңгейде беруді қамтамасыз ететін рәсімдердің жиынтығы.";
61) 288-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде халықаралық тізілімді жүргізу;
3-2) Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдету нәтижелерін айналысқа шығару, сақтау, резервке қою, буферлік шотта ұстап тұру, айналысқа шығарылғандарды шетелдік және халықаралық тізілімдерге беру, бұғаттау, күшін жою және айналыстан алып тастау;";
5) тармақшадағы "сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асырады." деген сөздер "сатып алу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға, Париж келісімінің 6-бабы бойынша техникалық топқа, тиісті жобаларға қатысушыларға Париж келісімінің нарықтық тетіктері мәселелері бойынша ақпараттық, әдіснамалық және сараптамалық қолдау көрсету;
7) көміртегі нарығын тұрақтандыру резервін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.";
62) мынадай мазмұндағы 288-1-баппен толықтырылсын:
"288-1-бап. Париж келісімінің нарықтық тетіктері және оларға қатысу тәртібі
1. Париж келісімінің нарықтық тетіктері деп климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін тартылатын халықаралық инвестицияларға айырбастау үшін халықаралық деңгейде бере отырып, парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға немесе олардың сіңірілуін ұлғайтуға бағытталған жобаларды және Париж келісімінің 6-бабы 2 және 4-тармақтарының талаптары негізінде іске асырылатын жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілдер мен тетіктер түсініледі.
2. Париж келісімінің 6-бабы 2-тармағының талаптары негізінде нарықтық тетіктерге қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады және мыналарға:
1) жобаға қатысушыларды тіркеуге және көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесі операторының климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету бойынша ұсынылатын іс-қимылдардың қолайлылығын қарауына;
2) жобаға қатысушылардың жобалау құжаттамасын әзірлеуіне;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесі операторының сараптамалық қорытындысы негізінде жобалау құжаттамасын бекітуіне және ұсынылған жобаны тіркеуіне;
4) жобаға қатысушылардың климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелері бойынша мониторинг жүргізуіне, есептілікті дайындау мен ұсынуына;
5) климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін айналысқа енгізуге және халықаралық деңгейде беруге;
6) ішкі пайдалану үшін резервке қойылған, климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерінің жоспарлы көлемін айқындауға;
7) климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдету нәтижелерінің халықаралық деңгейде берілуі ескеріле отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының көміртегі балансын түзетуіне қатысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін, Париж келісімі 6-бабының нарықтық тетіктерін іске асыру қағидаларымен реттеледі.
3. Париж келісімінің 6-бабы 4-тармағының талаптары негізінде нарықтық тетіктерге қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады және мыналарға:
1) Париж келісімі Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін және Париж келісімінің 6.4-бабы бойынша нарықтық тетіктің іске асырылуын қадағалайтын Тараптар Конференциясына бағынысты халықаралық органмен осы тетікті Қазақстан Республикасының аумағында іске асыру және тиісті жобаларға қатысушыларды тіркеу мүмкіндіктерін келісуге;
2) жобаларға қатысушыларды тіркеуге және климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету бойынша ұсынылатын іс-қимылдардың қолайлылығын қарауға;
3) басқа елдердің ұлттық үлестерін іске асыру не климаттың өзгеруін болғызбаумен байланысты басқа да мақсаттар үшін климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін пайдалану мүмкіндігін растауға қатысты Париж келісімі 6-бабының нарықтық тетіктерін іске асыру қағидаларымен реттеледі.
4. Париж келісімінің 6-бабы 2-тармағының талаптары негізінде нарықтық тетіктер ретінде іске асыру үшін қызметтің қолайлылығын бағалау және мақұлдау Париж келісімі 6-бабының нарықтық тетіктерін іске асыру қағидаларында көрсетілген қызмет түрлерінің өлшемшарттары мен тізбелері негізінде жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының парниктік газдардың шығарылуын азайту бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын үлесінің есебіне жатқызу үшін резервке қойылған, климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерінің жоспарлы көлемі Париж келісімі 6-бабының нарықтық тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленеді.
Халықаралық деңгейде берілетін, парниктік газдардың сіңірілуі жөніндегі жобалар шеңберінде қол жеткізілген, климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін ықтимал жоғалтуды өтеуге арналған көміртегі бірліктерінен қалыптастырылатын буферлік шоттың мөлшері Париж келісімі 6-бабының нарықтық тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленеді.
Буферлік шот деп Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде халықаралық тізілімде қалыптастырылатын шот түсініледі, ол парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобалардың климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін ықтимал жоғалтуды өтеуге арналған көміртегі бірліктерін қамтиды.
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган экологиялық біртұтастықты сақтау және ұлттық үлесті орындау үшін Париж келісімінің нарықтық тетіктері негізінде жобалардың іске асырылуын мақұлдайды және іске асырылған жобадан түзілген парниктік газдардың шығарындылары азаюының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын және (немесе) сіңірілуі жалпы көлемінің кемінде он пайызын ұлттық үлесті орындау мақсаттары үшін есепке жатқызады.
7. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық деңгейде берілетін климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерінің есептік бірлігі көміртегі диоксиді баламасының бір тоннасына тең.
8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Париж келісімінің нарықтық тетіктері шеңберінде қол жеткізілген климаттың өзгеруі салдарын жеңілдету нәтижелерін халықаралық деңгейде беруді және алуды қамтамасыз етеді.";
63) 289-бапта:
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Квоталау субъектісі көміртегі квотасының өтелмеген бірліктерін парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларында көзделген тәртіппен бір Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарынан кейінгісіне ауыстыруға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Париж келісімінің нарықтық тетіктері ретінде танылатын қызмет квоталанатын қондырғыдағы квоталанатын парниктік газдардың шығарындылары бойынша жүзеге асырылмайды.";
64) 290-баптың 11-тармағында:
"Резервтен" деген сөз "Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары резервінен және көміртегі нарығын тұрақтандыру резервінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қаражат" деген сөзден кейін "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен климаттық қаржыландыру қағидаларына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
65) 291-бапта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көміртегі квотасының пайдаланылмаған (өтелмеген) бірліктері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен көміртегі нарығын тұрақтандыру резервін басқару тәртібіне сәйкес Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының резервінен көміртегі нарығын тұрақтандыру резервіне ауыстырылады.";
8-тармақтағы "Көміртегі" деген сөз "Кейінгі Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарына немесе көміртегі нарығын тұрақтандыру резервіне ауыстырылған көміртегі квотасының бірліктерін қоспағанда, көміртегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 295-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі "олар" деген сөзден кейін "тиісті Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының тегін бөлінген көміртегі квотасын төмендету пайызына азайтылған мөлшерде" деген сөздермен толықтырылсын;
67) 298-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға бағытталған көміртегі офсеттеріне нәтижесінде парниктік газдардың шығарындылары азаятын, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қызметтің кез келген түрі жатады.
1-2. Парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайтуға бағытталған көміртегі офсеттеріне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде, елді мекендердің жерлерінде, мемлекеттік орман қорының жерлерінде және босалқы жерлерде іске асырылатын және жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған жерлерді қалпына келтіруге бағытталған көміртегі офсеттері жатады.
Мемлекеттік орман қорының жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттері инвестор мен орман иесі арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Көміртегі офсетінің қағидаларында:
парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірілуін есептеу тәртібі;
парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірілуін есептеудің қолданыстағы ұлттық әдістемелерінің қабылданған халықаралық әдістемелерге сәйкестігін тексеру тәртібі;
көміртегі офсетін әзірлеу тәртібі;
көміртегі офсеттерін қарау, мақұлдау және есепке алу тәртібі;
көміртегі офсеттерін іске асыру, мониторингтеу, олар бойынша есептілік беру тәртібі;
офсеттік бірліктерді көміртегі квоталарының бірліктеріне айырбастау тәртібі;
жобалардың өтініш берушілері ұсынатын құжаттардың нысандары;
ерікті көміртегі нарықтары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында іске асыруға жоспарланған жобаларды қарау және келісу көзделеді.";
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Жобалар ерікті көміртегі нарықтарында іске асырылған жағдайда жобаны іске асыру нәтижесінде алынған бірліктердің бір бөлігі парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуін мемлекеттік түгендеуде ұлттық үлесті орындау мақсаттары үшін есепке жатқызылады.
Ұлттық үлес есебіне жатқызылуға тиіс үлес көміртегі офсеті қағидаларына сәйкес айқындалады.
Ерікті көміртегі нарығы деп жеке және заңды тұлғалар өз парниктік газдар шығарындыларын өтеу мақсатында көміртегі бірліктерін сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын тетік түсініледі.
Ерікті көміртегі нарығы шеңберінде сатып алынған көміртегі бірліктерін көміртегі бірліктері саудасының жүйесі шеңберінде пайдалануға болмайды.
4-2. Толықтырмалық – жоба шеңберінде қол жеткізілген парниктік газдардың антропогендік шығарындыларының азаюы осы жоба шеңберінде жүзеге асырылған нақты іс-қимылдардың нәтижесі болып саналатынын және бұл осы қызметсіз болмайтынын растайтын өлшемшарт.
4-3. Базалық сценарий – ұсынылатын көміртегі офсеті болмаған жағдайда парниктік газдар шығарындыларының деңгейін және (немесе) парниктік газдардың сіңірілу деңгейін көрсететін сценарий, сол арқылы парниктік газдардың шығарындыларын азайтудың немесе олардың сіңірілуінің қол жеткізілген көлемі салыстырмалы түрде бағаланады.
4-4. Қосарланған есепке алу – парниктік газдар шығарындыларын бір мәрте азайту немесе жою олардың салдарын жеңілдету мақсаттарына қол жеткізу үшін бір реттен артық есепке алынатын жағдай. Қосарланған есепке алу қосарланған беру, қосарланған пайдалану және (немесе) қосарланған талап ету нәтижесінде болуы мүмкін.";
68) 299-бапта:
екінші бөлік "санатынан" деген сөзден кейін "және (немесе) көміртегі нарығын тұрақтандыру резервінен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Көміртегі нарығын тұрақтандыру резерві деп көміртегі нарығындағы көміртегі бірліктерінің артық немесе жеткіліксіз ұсынысын реттеуге арналған, көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін көміртегі нарығын тұрақтандыру резервін басқару қағидаларында айқындалған тәртіппен басқаратын көміртегі квотасы бірліктері көлемінің резерві түсініледі.";
үшінші бөліктегі "тауар биржасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын тауар биржасы және (немесе) қор биржалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бастапқы және қайталама нарықтарда көміртегі бірліктерінің саудасы Қазақстан Республикасының тауар биржалары және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына, сондай-ақ көміртегі бірліктерінің саудасы қағидаларына сәйкес және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.";
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақтағы "тауар биржасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың екінші бөлігіндегі "тауар биржасында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын тауар және (немесе) қор биржаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
69) 304-тармақта:
2-тармақ "жобаларды" деген сөзден кейін ", Париж келісімінің нарықтық тетіктері жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "органдарды" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасындағы көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесі үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарды Париж келісімінің нарықтық тетіктері үшін тану климаттың өзгеруін болғызбау нәтижелерін халықаралық деңгейде беру жөніндегі шарттардың талаптарына сәйкес және (немесе) Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және (немесе) Париж келісімінің органдары танитын стандарттар негізінде халықаралық аккредиттеу арқылы жүзеге асырылады.";
5-тармақ "операторының" деген сөзден кейін ", парниктік газдардың шығарылуын азайту немесе сіңірілуін ұлғайту жөніндегі жобаның өтініш берушісінің, Париж келісімінің нарықтық тетігі жобасының өтініш берушісінің" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "жобаны" деген сөзден кейін ", көміртегі офсетін" деген сөздермен толықтырылсын;
70) 310-бапта:
9-тармақтың екінші бөлігіндегі "озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" деген сөздермен толықтырылсын;
71) 316-бапта:
"2-тармағында" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық жоспарда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган климаттың өзгеруіне бейімделу үшін мемлекеттік басқарудың басым салаларындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша Климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
"шеңберінде" деген сөзден кейін "астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар деңгейіндегі климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі жоспарда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар деңгейіндегі климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі жоспарды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әзірлеп, бекітеді.";
72) мынадай мазмұндағы 319-1-баппен толықтырылсын:
"319-1-бап. Қалдықтарды игеру жөніндегі ұлттық орталық
Қалдықтарды игеру жөніндегі ұлттық орталық радиоактивті қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды игеру саласында ақпараттық-талдамалық, әдіснамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйым болып саналады және деректерді жинау мен талдауды қоса алғанда, қалдықтарды есепке алу мен мониторингтеудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";
73) 321-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
74) 322-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жергілікті атқарушы органдар осы Кодекстің 365-бабының 6-тармағында көрсетілген қалдықтар фракциялары бойынша бөлек жиналған қалдықтарды бөлек тасуды ұйымдастырады.";
75) 323-баптың 3-тармағында:
"(дайындауда)" деген сөз "(дайындауда, өсіруде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жарамды болатын пайдалы құрамдастарды, шикізатты және (немесе) өзге де материалдарды" деген сөздер "қайталама ресурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
76) 324-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақмен толықтырылсын:
"2-1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері қалдықтармен жұмыс істеген кезде осы Кодекс талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.";
77) 325-бапта:
"операция" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ кездейсоқ қоқыстарды жою" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Кездейсоқ қоқыстарды жою деп мамандандырылған ұйымдардың оларды жинақтауға немесе көмуге арналған, арнайы белгіленген орындардан тыс орналастырылған қалдықтарды сұрыптау, залалсыздандыру, қайта өңдеу, кәдеге жарату немесе көму үшін жинауы, тасуы және беруі түсініледі.
Кездейсоқ қоқыстарды жоюды астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қалдықтарды игеру мақсатында оларды мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалау құжаттарына сәйкес қалдықтар көмілген жерден алуға жол беріледі.";
78) 331-баптағы "осы Кодекстің 339-бабының 3-тармағына сәйкес лицензия негізінде қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне" деген сөздер "қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды осы Кодекстің 336 немесе 337-бабына сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне осы Кодекстің 339-бабының 3-тармағына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
79) 333-бапта:
"қатысты" деген сөзден кейін "қосалқы операциялар және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
"өлшемшарттарға" деген сөздерден кейін "және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке" деген сөздермен толықтырылсын;
"дайын өнім немесе" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қалдықтар мәртебесін жоғалтатын және қайталама ресурсқа (материалдық немесе энергетикалық) айналатын қалдықтардың түрлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша айқындалады.";
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 1-тармағында аталған өлшемшарттар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:";
екінші бөлік алып тасталсын;
80) 336-бапта:
1-тармақтағы "қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) құрту" деген сөздер "жинау, тасу, қалпына келтіру, залалсыздандыру және (немесе) жою" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өндірістік объект (ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар және (немесе) қауіпті қалдықтар полигоны) және өндірістік кешен (қондырғылар, жабдық пен көлік) қауіпті қалдықтармен жасалатын операциялар жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінің меншігінде болуға тиіс.";
81) 337-бапта:
1-тармақтағы "Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту" деген сөздер "Қауіпті емес қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, сондай-ақ қалпына келтіру және (немесе) жою" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту" деген сөздер "Қауіпті емес қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, сондай-ақ қалпына келтіру және (немесе) жою" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "меншікті қалдықтарды жинақтау және сұрыптау; меншікті" деген сөздер "өз қалдықтарын жинақтау және сұрыптау, өзінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 339-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қалдықтарды түзуші, қалдықтардың қазіргі және бұрынғы меншік иелері мұндай қалдықтарды осы Кодекстің 336 немесе 337-бабына сәйкес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне берген кезге дейін "Ластаушы төлейді" қағидатына сәйкес қалдықтарды игеру жөніндегі экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапты болады.
Жиынтығында қалдықтарды жинау, тасу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды орындауға құқығы жоқ тұлғаларға қалдықтар берілген жағдайда, қызметінің нәтижесінде осындай қалдықтар түзілетін тұлғаларға жауапкершілік жүктеледі.
Коммуналдық қалдықтарды түзушілер қалдықтар түзілген кезден бастап олар қалдықтарды жинау, сұрыптау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға берілген кезге дейін қалдықтарды игеру жөніндегі экологиялық талаптардың сақталуы үшін жауапты болады.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қалдықтарды жинау және тасу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар қалдықтарды иелігіне алған кезден бастап мұндай қалдықтарды осы Кодекстің 336 немесе 337-бабына сәйкес қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаға берген кезге дейін қалдықтарды игеру жөніндегі экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапты болады.";
83) 343-баптың 1-тармағы "Қауіпті" деген сөз "Тұрмыстық қатты қалдықтарды игерудің орталықтандырылған жүйесіне коммуналдық қалдықтарды тапсыратын жеке тұлғалар осындай қалдықтардың қауіпті құрамдастарын түзетін жағдайларды қоспағанда, қауіпті" деген сөздермен ауыстырылсын;
84) 347-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
85) 348-бап "сәйкес келетін" деген сөздерден кейін ", осы Кодекстің 325-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
86) 349-баптың 3-тармағы мынадай редакция жазылсын:
"3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштарын (электрондық және электр жабдық, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) қалпына келтіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, 2-сыныпты (қауіпті емес қалдықтар) және 3-сыныпты (тұрмыстық қатты қалдықтар) полигондардың аумағында қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларға тыйым салынады.";
87) 350-бап мынадай мазмұндағы 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын:
"18. Осы баптың 5, 8, 9, 10, 11, 12 және 16-тармақтарында белгіленген талаптар ауылдық елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына қолданылмайды.
19. Осы баптың талаптары ауылдық елді мекендердегі жұмыс істеп тұрған тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына қолданылмайды.
Ауылдық елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) ауылдық елді мекеннен кемінде бір мың метр қашықтықта болу;
2) жергілікті атқарушы орган белгілеген су қорғау аймақтарына, белдеулеріне және оларды шаруашылықта пайдалану режиміне сәйкес келу;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегінен тыс орналасу;
4) басқа ауылдық елді мекендерден қалдықтарды қабылдау мүмкіндігі беріле отырып, бір ауылдық елді мекенде тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының біреуден артық болмауы;
5) полигонның әлеуетті қуаттылығы бес – он жыл.
Ауылдық елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын ресімдеу тәртібін және оларға қойылатын ең төмен талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
88) 351-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "және кәдеге жарату" деген сөздер ", кәдеге жарату" деген сөздермен ауыстырылсын;
89) 359-баптың 1-тармағының екінші бөлігі "ұзақ мерзімді сақтау" деген сөздерден кейін "осы Кодекстің 325-бабының 2-тармағына сәйкес қалдықтарды алу ескеріле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
90) 360-баптың 2-тармағындағы "ақпараттық-техникалық" деген сөздер алып тасталсын;
91) 365-бапта:
2) тармақшадағы "есептеудің үлгілік" деген сөздер "есептеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) коммуналдық қалдықтарды игеру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлеп, бекіту;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) кездейсоқ қоқыстарды жою қағидаларын бекіту арқылы іске асырады.";
3-тармақтың 3) тармақшасындағы "халық үшін" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақша "нормаларын" деген сөзден кейін "үш жылда бір реттен сиретпей" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "қайталама шикізатты" деген сөздер "қайталама ресурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
"халық үшін" деген сөздер алып тасталсын;
"тарифтерді" деген сөзден кейін "үш жылда бір реттен сиретпей" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы "тұрмыстық" деген сөз "осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген әдістемеге сәйкес тұрмыстық" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ 4) тармақшасындағы "жолын кесу арқылы іске асырады." деген сөздер "жолын кесу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және көму орындарын ұйымдастыру арқылы іске асырады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау мынадай фракциялар бойынша жүзеге асырылады:
1) "құрғақ" (қағаз, картон, металл, пластик және шыны);
2) "дымқыл" (тамақ қалдықтары, органика және өзгесі);
3) "коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары".
Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, медициналық қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және қалпына келтіру үшін мамандандырылған ұйымдарға берілуге тиіс.";
92) 366-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
"жаңғырту мен пайдалану" деген сөздер "жаңғырту, пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
", кездейсоқ қоқыстарды жою" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасындағы "әзірлеу" деген сөз "қалыптастыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және" деген сөздер "астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы әзірлеп, бекітеді және бұл мөлшер" деген сөздермен ауыстырылсын;
93) 367-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"367-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды игерудің орталықтандырылған жүйесі";
"Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі" деген сөздер "Тұрмыстық қатты қалдықтарды игерудің орталықтандырылған жүйесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау" деген сөздер "тұрмыстық қатты қалдықтарды игеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Орталықтандырылған жүйе шеңберінде коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштарын жинау орындарын коммуналдық қалдықтарды игеру қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.";
бірінші бөліктегі "қалдықтарды тасымалдағаны" деген сөздер "тұрмыстық қатты қалдықтарды жинағаны, тасымалдағаны, сұрыптағаны және көмгені" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктердегі "тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға" деген сөздер "тұрмыстық қатты қалдықтарды игеруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуді және (немесе) көмуді" деген сөздер "тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "қалпына келтіруді" деген сөздер "сұрыптауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері осы Кодекстің талаптарына сәйкес қалдықтарды қалпына келтіруге жібереді, ал қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілеріне және (немесе) тұрмыстық қатты қалдықтарды көму полигондарына қалған қалдықтарды жібереді.";
8-тармақтағы "тұрмыстық қатты қалдықтарды қалпына келтіруді" деген сөздер "тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
94) 382-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі "орналастыру" деген сөз "игеру" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Объектілердің операторлары өздерінің қызметі процесінде қалдықтарды тұрақты есепке алуды (түрі, саны, қасиеттері) жүргізуге міндетті. Қалдықтарды тұрақты есепке алу нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";
95) 384-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасында:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші абзацтағы "қалдықтарды жинап қоюға және жоюға арналған" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жер пайдалану құқығына арналған актіні;";
төртінші абзац "және (немесе) уәкілетті органдармен келісілген жобалау-сметалық құжаттаманы" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қалдықтарды жинақтау және (немесе) қалдықтарды көму объектілерін құру жобасына мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысын қамтитын қалдықтарды жинақтау және (немесе) қалдықтарды көму объектісі бойынша кадастрлық іс.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мәліметтеріне сәйкес ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы қалдықтарды игеруді жүзеге асыратын тұлғалар ұсынатын қалдықтарды игеру саласындағы әкімшілік деректер негізінде, осы баптың 1-тармағында айқындалатын тәртіппен қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жібереді.";
"есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз жеткізгіште және (немесе) оны" деген сөздер "есепті кезеңнен кейінгі кезеңнің 1-ші күніндегі жағдай бойынша есепті кезеңнен кейінгі кезеңнің үшінші айының 1-ші күніне дейінгі мерзімде оны" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қалдықтардың мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда жыл сайын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесінде толтыру және объект операторының ақпаратты беруге жауапты лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы электрондық нысанда әрбір жартыжылдықта" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ол қағаз жеткізгіште және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;
"қалдықтардың мемлекеттік кадастрының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
96) 386-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі "жасалатын" деген сөзден кейін ", нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар осы Кодекстің 388-бабы бірінші бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы жүзеге асыратын маркетингтік көрсетілетін қызметтер негізінде қалдықтардың әрбір түрі бойынша қайта өңдеудің пайыздық мәндерін көздейді.";
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақшада аталған өндірушілер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен растайтын құжаттарды ұсынады;";
2) тармақшадағы "тыс жерде" деген сөздер "тысқары жерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "тыс жерде" деген сөздер "тысқары жерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
97) 388-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацта:
"кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен ақшаны" деген сөздер "келіп түскен ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мыналарға бағыттайды" деген сөздер "мыналарға жіберу арқылы ғана өз міндеттемелерін орындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы ", кездейсоқ қоқыстарды жоюды" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшаның екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
6) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
7) тармақша "іс-шараларды" деген сөзден кейін "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қалдықтарды жинау, тасу, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тәжірибелік-конструкторлық және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қаржыландыру;
10) тұрмыстық қатты қалдықтарды және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинаудың, тасудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің және (немесе) кәдеге жаратудың жаңа объектілерін құру және (немесе) бұрыннан барларын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау) жөніндегі жобаларды іске асыру және (немесе) олармен байланысты технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықты және (немесе) арнайы бейімделген көлікті сатып алу үшін берілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен субсидиялау;";
11) тармақша алып тасталсын;
12) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"12) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының функциясын жүзеге асыратын ұйымның қызметін қаржыландыру;";
"14) осы Кодекстің 340-бабына сәйкес сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды жинауды, тасуды, сақтауды, қауіпті қасиеттерін зерделеуді, қоршаған ортаға әсерін айқындауды, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды, жоюды ұйымдастыру, оның ішінде құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды жинауды, тасуды, сақтауды және жоюды осы Кодекстің 340-бабының 5-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда ұйымдастыру;";
мынадай редакциядағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің, табиғат қорғау ұйымдарының және орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыру мен орман өсіруді қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін өрт техникасын және арнайы бейімделген техника мен жабдықтарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сатып алу;
17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және шарттарда қалдықтарды игеру саласындағы жобаларды қаржыландыру;
18) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және шарттарда материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін қаржыландыру.";
5-тармақта:
"есебінен" деген сөзден кейін "осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшалары шеңберінде" деген сөздермен толықтырылсын;
"Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы төлемдердің мөлшерін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес есептейді" деген сөздер "Төлемдердің мөлшері қалдықтарды жинау, тасу, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату саласындағы маркетингтік көрсетілетін қызметтер нәтижелерінің негізінде осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес бекітіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
98) 389-баптың 1-тармағында:
10) тармақша алып тасталсын;
"жеңілдіктер" деген сөз "жеңілдікті сертификаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"құжатты" деген сөзден кейін "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда" деген сөздермен толықтырылсын;
14) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) қалдықтарды жинау, тасу, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату бойынша өз жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) ұсынатын құжаттарды қарау;
18) қалдықтарды жинау, тасу, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату бойынша өз жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындауын растау не уәжді түрде бас тарту жөнінде шешім қабылдау.";
99) 392-баптың 2-тармағындағы "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға" деген сөздер "өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына" деген сөздермен ауыстырылсын;
100) 418-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "2024" деген цифрлар "2030" деген цифрлармен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі "Кодекстің" деген сөзден кейін "I санаттағы объектілерді пайдалануға" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "2023 жылғы 1 шілдеге дейін ең үздік қолжетімді техникаларды қолданудың барлық саласы бойынша" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтар жобаларының тізбесіне және оларды әзірлеу графигіне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 21, 22, 23 және 24 тармақтармен толықтырылсын:
"21. Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңестерінің шешімімен айқындалатын стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалар бойынша (құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу мың еселенген мөлшерінен астам) белгіленіп отырған қызмет іске асырылған жағдайда, қорытындылар мен рұқсаттарды берудің осы Кодексте белгіленген мерзімдері 2025 жылғы 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
22. 2022 – 2025 жылдарға арналған көміртегі квоталарының ұлттық жоспары резервіндегі көміртегі квотасының пайдаланылмаған (өтелмеген) бірліктері көміртегі нарығын тұрақтандыру резервіне ауыстырылады.
23. Қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру, залалсыздандыру және (немесе) жою жөніндегі қызметті, қауіпті қалдықтарды жинау, тасу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін өз қызметін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін біліктік талаптарына, осы Кодекстің 336-бабының 1-тармағында көрсетілген лицензияның кіші түріне сәйкес келтіруге міндетті.
Осы Кодекстің 336-бабының 1-тармағында көрсетілген лицензияның кіші түріне қойылатын біліктік талаптарына сәйкес келмеген немесе кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін тоқтату туралы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін ерікті түрде өтініш жасамаған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады немесе лицензияның (хабарламаның) қолданысы тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
24. Өндірушінің (импорттаушының) қалдықтарды жинайтын, таситын, қайта пайдалануға дайындайтын, сұрыптайтын, өңдейтін, қайта өңдейтін, залалсыздандыратын және (немесе) кәдеге жарататын өз жүйесін қолдану арқылы кеңейтілген міндеттемелерін 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін орындауы өндіруші (импорттаушы) есепті жартыжылдықта өткізілген өнімдердің (тауарлардың) немесе импортталған кездегі массасының кемінде отыз пайызы көлемінде қалдықтарды қайта өңдеуді Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырған жағдайда расталады.";
101) 1-қосымшада:
1.5-тармақтағы "жылу қуаттылығы" деген сөздер "белгіленген қуаттылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4.2-тармақпен толықтырылсын:
"4.2. өнімділік қуаттылығы сағатына 40 тонна және одан көп асфальтбетон қоспалары мен битум өнімдерін өндіретін стационарлық зауыттар.";
1-тармақта:
1.3-тармақтағы "жылу қуаттылығы" деген сөздер "белгіленген қуаттылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1.9-тармақпен толықтырылсын:
"1.9. ағаш көмірін өндіру.";
3.2.2-тармақтағы "жылу" деген сөз "электр" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4.7, 4.7.1 және 4.7.2-тармақтармен толықтырылсын:
"4.7. асфальтбетон қоспалары мен битум өнімдерін өндіру:
4.7.1. өнімділігі қуаттылығы сағатына 40 тоннаға дейінгі стационарлық зауыттар;
4.7.2. мобильдік қондырғылар.";
102) 2-қосымшада:
1-тармақта:
1.1-тармақтағы "номиналды жылу қуаттылығы" деген сөздер "белгіленген қуаттылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1.3. теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелеріндегі көмірсутектерді барлау, көмірсутектерді өндіру және көмірсутектерді қайта өңдеу;";
1.5.2-тармақтағы "номиналды жылу қуаттылығы" деген сөздер "белгіленген қуаттылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.3.2-тармақтағы "жылу" деген сөз "электр" деген сөзбен ауыстырылсын;
3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3. асбест өндіру, сондай-ақ асбест негізіндегі нәзік өнімдерді өндіру;";
1-бөлім мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Асбест негізіндегі нәзік өнім деп құрамында асбест бар, құралдар мен жабдықтар пайдаланылмай механикалық әсер ету кезінде бөлшектенетін, ұсақталатын не ұнтақ тәрізді күйге айналатын материал түсініледі.";
1-тармақта:
1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1.1. жалпы белгіленген электр қуаттылығы 5 мегаватт (МВт) және одан көп станцияларда және (немесе) жалпы жобалық жылу қуаттылығы сағатына 4 Гкал және одан көп жабдықты пайдаланып электр, жылу энергиясымен, газбен, ыстық сумен және (немесе) бумен қамтамасыз ету мақсатында газды қоспағанда, отынды жағу;";
1.2-тармақтағы "номиналды жылу" деген сөздер "белгіленген" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1.4-тармақпен толықтырылсын:
"1.4. теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау.";
мынадай мазмұндағы 3.1.8 және 3.1.9-тармақтармен толықтырылсын:
"3.1.8. асбест негізіндегі нәзік емес өнімдерге жатқызылған асбест негізіндегі өнімдер;
3.1.9. жол құрылысына арналған асфальтбетон қоспалары мен битум өнімдері.";
7.11-тармақта:
"өндіру және" деген сөздер "өндіру және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(ұсақтау-сұрыптау қондырғыларын қоса алғанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7.20-тармақпен толықтырылсын:
"7.20. ағаш көмірін өндіру.";
3-бөлімнің 1-тармағының 37) және 73) тармақшалары алып тасталсын;
103) 3-қосымшаның 1-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) қалдықтарды қалпына келтіру;";
10) тармақшадағы "негізгі" деген сөз алып тасталсын:
11) тармақша алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) шыны талшығын, керамикалық бұйымдарды және минералды заттарды балқытуды қоса алғанда, шыны өндіру;";
мынадай мазмұндағы 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
"29) асбест пен одан жасалған бұйымдарды өндіру;
30) ірі қара мал өсіру;
31) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, қайта өңдеу;
32) атмосфералық ауаға және су объектілеріне шығарылатын ластағыш заттар эмиссияларын мониторингтеу;
33) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі энергетикалық тиімділік;
34) уран кендерін өндіру және қайта өңдеу.";
104) 4-қосымшада:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қоршаған ортаның жай-күйін сапалы экологиялық мониторингтеу мен тиімді экологиялық бақылауды қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу және пайдалану.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Экологиялық мәдениет, экологиялық білім беру және ағарту:
1) қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыруға, орнықты даму қағидаттарына негізделген экологиялық білім беру мен ағартуды дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу;
2) халықты қоршаған ортаны сақтауға тарту;
3) қоршаған ортаның жай-күйі және экологиялық қауіпсіздік, экологиялық ақпарат туралы хабар беру жөніндегі жұмыстарды жүргізу.".
5. 2025 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
1) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) астананың су шаруашылығы құрылысжайларының салынуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған бюджеттік субсидиялар төлемдері (төлеу) қағидаларын бекітеді;
12-2) астананың су шаруашылығы құрылысжайларының салынуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған бюджеттік субсидиялар төлемдері (төлеу) қағидаларына сәйкес төлемдерді (төлемақыларды) жүзеге асырады;";
2) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Астананың жергілікті атқарушы органы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін астананың су шаруашылығы құрылысжайларының салынуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған бюджеттік субсидиялар төлемдері (төлеу) қағидаларына сәйкес бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асырады.";
3) 86-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға" деген сөздер "жер қойнауын (көмірсутектер мен ураннан басқа) пайдалану жөніндегі операциялармен ластанбаған, су деңгейін төмендететін және құрғататын ұңғымаларды қолдану арқылы алынған, осындай операцияларды жүргізу кезінде ілесіп алынған жерасты суларын ағызу салдарынан су объектісінің сапалық жай-күйі нашарламаған жағдайда, мұндай ағызуды қоспағанда, жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға тыйым салынады. Бұл ретте мұндай суларды ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектілеріне төгуге тыйым салынады" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 62-3) тармақшамен толықтырылсын:
"62-3) киік дериваттарының айналымы – киік дериваттары саудасы жүйесінің операторы жүзеге асыратын, киік дериваттарын өткізуді қоспағанда, оларды мекендеу ортасынан алу, жинау (өлген киіктердің өлекселерінен дериваттар жинауды қоса алғанда), сақтау, есепке алу;";
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 77-19) тармақшамен толықтырылсын:
"77-19) киік дериваттарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын әзірлеп, бекітеді;";
3) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:
"11-2-бап. Киік дериваттарының айналымы және оларды өткізу
1. Киік дериваттары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сәйкестендіру құралдарымен таңбаланады.
Киік дериваттарында сәйкестендіру құралдары болмаса, жеке және заңды тұлғалардың оларды алып өтуіне, сақтауына және өткізуіне тыйым салынады.
Киік дериваттарын таңбалау және олардың айналымын бақылау мақсаттары үшін киік дериваттары деп киіктің мүйіздері және солардан және (немесе) олардың туынды түрінен өндірілген өнім түсініледі.
2. Осы Заңның 22-бабына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін алуды қоспағанда, табиғи мекендеу ортасынан алынған киік дериваттарын өткізу жөніндегі қызметті тек қана киік дериваттарымен сауда жүйесінің операторы жүзеге асырады.";
4) 23-баптың 3-тармағындағы "және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн" деген сөздер ", олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн және жануарлар дериваттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 24-баптың 5) тармақшасындағы "және тiршiлiк ету өнiмдерiн" деген сөздер ", тiршiлiк ету өнiмдерiн және киік дериваттарының айналымын қоса алғанда, жануарлар дериваттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 47-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Киік дериваттарымен сауда жүйесінің операторы өзінің банктік шотына киік дериваттарын өткізуден түскен ақшаны:
1) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қаржыландыруға;
2) жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға;
3) уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомствосының мамандарын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қаржыландыруға бағыттайды.
Осы тармақта көзделген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.".
7. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі мақсаты, міндеттері және қағидаттары
1. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі мақсаты – шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық тұрғыдан қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария салдарынан табиғи орта құрамдастарына келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету.
2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі міндеттері:
1) экологиялық ластанулардан зардап шеккен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырылушылардың) заңды мүдделерін қорғау;
2) міндетті экологиялық сақтандыру саласындағы заңдылықты нығайту.
3. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі қағидаттары:
1) осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен экологиялық залалды өтеу;
2) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету;
3) экологиялық залал келтіруді болғызбауды экономикалық ынталандыру.".
8. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 84-жолы 3-бағанының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қауіпті қалдықтарды жинау, тасу, қалпына келтіру, залалсыздандыру және (немесе) жою".
9. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. АЭС ұлттық операторының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде АЭС ұлттық операторына тиесілі заңды тұлғалардың атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
Әкімшілік, шаруашылық, кеңселік, көліктік және өзге де жалпы мақсаттағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
2) мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2 және 12-3-баптармен толықтырылсын:
"6-1-бап. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімі
1. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімі уәкілетті орган бекітетін, АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын, АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің білікті әлеуетті өнім берушілерінің тізбесін білдіреді.
2. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
6-2-бап. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі
1. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін (бұдан әрі – жосықсыз қатысушылардың тізілімі) уәкілетті орган қалыптастырады.
2. Жосықсыз қатысушылардың тізілімі тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілерінің немесе өнім берушілерінің тізбесін білдіреді, оған:
1) сатып алу процесінде анық емес ақпарат беру;
2) сатып алу жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы немесе бас тартуы;
3) өнім берушінің тауарларды беру, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау бөлігінде сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындауы жағдайларын қоспағанда, тендер тәсілімен өткізілген сатып алулар бойынша сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта белгіленген мерзімде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің соңғы мерзімі өткенге дейін енгізбеу;
4) сатып алу туралы шарттың орындалмау немесе тиісінше орындалмау фактісін анықтаған, заңды күшіне енген сот шешімінің (қаулысының) болуы негізінде енгізіледі.
3. Жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
1) осы баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шешімінің;
2) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда заңды күшіне енген сот шешімінің (қаулысының) негізінде қалыптастырылады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіз бойынша жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер оларды сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай бойы сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
Осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер осындай әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сот шешімі (қаулысы) заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуға жосықсыз қатысушыларының тізіліміне немесе Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілер және (немесе) өнім берушілер АЭС ұлттық операторының сатып алуына қатысуға жіберілмейді.
6. Жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығаруға мыналар негіз болады:
1) осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзімдердің аяқталуы;
2) әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
3) әлеуетті өнім берушінің оны жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы жолданымын келісім комиссиясының қарау қорытындысы бойынша қабылданған уәкілетті органның шешімі.
Келісім комиссиясының ережесі мен жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
7. Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.";
"12-3-бап. АЭС ұлттық операторының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде АЭС ұлттық операторына тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы
1. АЭС ұлттық операторының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде АЭС ұлттық операторына тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы уәкілетті орган бекітетін АЭС ұлттық операторының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде АЭС ұлттық операторына тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. АЭС жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу туралы шарттарды орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мынадай қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
1) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздіктің басымдығы;
2) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
3) өнім берушілердің коммерциялық құпияға құқықтары және (немесе) заңды мүдделері сақтала отырып, сатып алу процесінің ашықтығы және айқындығы;
4) қазақстандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өнім берушілеріне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
5) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасындағы сөз байласуға жол бермеу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
7) сатып алынатын тауарлардағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың сақталуы.".
10. "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың сегізінші абзацындағы "2026" деген цифрлар "2031" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 2-баптағы "2026" деген цифрлар "2031" деген цифрлармен ауыстырылсын.
11. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 9) тармақшасы "білім беру" деген сөздерден кейін ", азаматтық қорғау" деген сөздермен толықтырылсын.
12. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 9-тармағы 4) тармақшасының он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтары алып тасталсын;
2) 2-баптың 3) тармақшасындағы "4) тармақшасының он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын," деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын, 4-тармағының 56) тармақшасын, 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 4), 5) және 6) тармақшаларын, 11 және 12-тармақтарын;
2) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 48) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 96) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;
3) 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 67) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он жетінші және он сегізінші абзацтарын;
4) Атом электр станциялары ұлттық операторының қызметіне қатысты нормалар қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |