Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 12 маусымдағы № 311-VIIІ ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      1) 26-баптың 2-тармағында:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер адам еңбек қызметін тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның мүддесін қозғайтын шешім қабылдаған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі оның лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес аталған адаммен тікелей байланысты болса, мемлекеттік қызметті немесе мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты өзге де қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл бойы осы адамды, квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын ұйымды қоспағанда, осы коммерциялық ұйымға басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымға;

      2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі лауазымына;

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына;

      мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға, сондай-ақ аталған ұйымдарда сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруға не мемлекеттік бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуді немесе қаржыландыруды немесе іске асыруды немесе мониторингтеуді жүзеге асыруға байланысты дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымдарға;

      мемлекеттік қызметтердің тікелей көрсетілуін көздейтін немесе мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты не жеке тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа қол жеткізуді көздейтін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясындағы лауазымдарға;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жұмысқа орналасқанға дейінгі үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адамды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымға;";

      2) 32-баптың 3-тармағында:

      "азаматтық қызметтің мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымына немесе квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі жұмысқа" деген сөздер "осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген лауазымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қылмыс" деген сөз "құқық бұзушылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 52-бапта:

      1-тармақтың 23) тармақшасындағы "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі аудит қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды атқаратын жұмыскер сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуға тиіс.";

      4) 53-баптың 12-тармағы 2) тармақшасындағы "қаулысы негізінде жүргізіледі." деген сөздер "қаулысы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген қаулысы негізінде жүргізіледі.";

      5) 139-бапта:

      3-тармақ "қабылдау" деген сөзден кейін "осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар мен қойылатын шектеулер сақтала отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      6) 140-бапта:

      тақырып "ішкі аудит қызметі" деген сөздерден кейін ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ "ішкі аудит қызметі", "ішкі аудит қызметі," деген сөздерден кейін тиісінше ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ "ішкі аудит қызметінің" деген сөздерден кейін ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ "ішкі аудит қызметінің" деген сөздерден кейін ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 2-бөлім мынадай мазмұндағы 12-1-тараумен толықтырылсын:

      "12-1-тарау. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу ерекшеліктері

      146-3-бап. Цифрлық кадр жүйесі туралы жалпы ережелер

      1. Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кадр процестері – ауыстыруды, көтермелеуді, тәртіптік жауаптылыққа тартуды, еңбек қатынастарын тоқтатуды құжаттандыруды қоса алғанда, жұмысқа қабылдауға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыруға және өзге де кадр рәсімдеріне байланысты құжаттарды ресімдеу, жүргізу, есепке алу және сақтау жөніндегі әрекеттердің жиынтығы;

      2) цифрлық кадр жүйесі – мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кадр процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ онда қамтылатын ақпаратты жинауға, сақтауға, беруге және өңдеуге арналған цифрлық жүйе.

      2. Осы тараудың ережелері:

      1) өзге цифрлық кадр жүйелері бар мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерге;

      2) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

      146-4-бап. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу тәртібі

      1. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.

      2. Цифрлық кадр жүйесіне жұмыскер туралы деректер, жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналатын жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ бар болған кезде – жұмыскер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері) және жұмысқа қабылдауға, еңбек қызметін жүзеге асыруға және еңбек шартын тоқтатуға байланысты өзге де мәліметтер енгізіледі.

      Жұмыскердің жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлерін, сондай-ақ бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін) ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында тиісті деректерді цифрлық жүйелерден алады.

      3. Цифрлық кадр жүйесінің толықтырылуын мониторингтеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық кадр жүйесінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауын мониторингтеуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.

      146-5-бап. Цифрлық кадр жүйесін жүргізу және оған қолжетімділік

      1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган цифрлық кадр жүйесін қалыптастыру мен жүргізу бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асырады және онда қамтылған дербес деректердің тұтастығын, құпиялылығы мен қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      2. Тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдар цифрлық кадр жүйесінен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары енгізген мәліметтерді алуға құқылы.";

      8) 159-баптың 4-1-тармағының бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктеріндегі "іс-қимыл жөніндегі уәкілетті" деген сөздер "саясат жөніндегі уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 13-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеден органдарының құқықтары:";

      14) тармақша "құқық қорғау органдары" деген сөздерден кейін ", ұлттық қауіпсіздік органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 18-1-баптың 1-тармағы төртінші бөлігінің 5) тармақшасы "құқық қорғау органдарынан," деген сөздерден кейін "ұлттық қауіпсіздік органдарынан," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 291-баптың 7-1-тармағының үшінші бөлігіндегі "немесе құқық қорғау органының" деген сөздер ", құқық қорғау органының немесе ұлттық қауіпсіздік органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 12-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "245 (бірінші және екінші бөліктері)," деген сөздерден кейін "247 (үшінші бөліктің 2-тармағы)," деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 20-2-баптың үшінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "заңда белгiленген тәртiппен", "танылған" деген сөздер тиісінше "сот", "таныған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      2) 20-3-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;";

      3) 20-4-бапта:

      2-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өздеріне мәлім болған жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;";

      4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып саналатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары (зайыптары) және (немесе) олармен байланысы бар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар;

      2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары (зайыптары) және (немесе) олармен байланысы бар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар;".

      5. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;";

      2) 13-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру;".

      6. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      мынадай мазмұндағы 58-1-баппен толықтырылсын:

      "58-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

      1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын серіктестік пен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналмайтын серіктестік сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құруға құқылы.

      2. Серіктестіктің байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындайды, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындайды.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам осы серіктестіктің байқау кеңесінің (ол болған кезде) немесе өзге тәуелсіз басқару органының және атқарушы органының мүшелері болып сайлана алмайды.

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін серіктестіктің атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе өзге тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.

      5. Серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамының құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі – оның ішкі актісінде, ал квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын серіктестік жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде ішкі актіде айқындалады.

      6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.".

      7. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      22-баптың 1-тармағындағы "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте," деген сөздер алып тасталсын.

      8. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-баптың 14) тармақшасындағы "және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің" деген сөздер ", ұлттық қауіпсіздік органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 30-баптың 1-тармағының жетінші абзацындағы "лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын.

      9. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацындағы "әділет органдарының қызметкерлері" деген сөздер "әділет органдарының жұмыскерлері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіндегі ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке" деген сөздер алып тасталсын.

      11. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      20-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мәслихат депутаты ретінде тіркелген адам өзіне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамаса;";

      4-тармақтың бірінші бөлігі "1)," деген цифрдан кейін "1-1)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      6-тармақ алып тасталсын.

      12. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 53-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындау, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;";

      2) 57-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің;";

      3) 60-баптың 4) тармақшасындағы "атқарушы орган мен қоғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді" деген сөздер "қоғамның атқарушы органының, ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын орындайтын жауапты адамын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:

      "61-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

      1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын қоғам мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналмайтын қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құруға құқылы.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам осы қоғамның директорлар кеңесі мен атқарушы органының құрамына сайлана алмайды.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін қоғамның атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.

      4. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамының құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі – қоғамның ішкі актісінде, ал квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын қоғам жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде ішкі актіде айқындалады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.".

      13. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 15-11-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның қызметшісі лауазымына:

      1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      2) лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;

      3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      4) уәкілетті органның қызметшісі лауазымына орналасу уақытында заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      5) міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адам тағайындала алмайды.";

      2) 15-12-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;";

      3) 15-13-бапта:

      2-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өздеріне мәлім болған жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;";

      4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып саналатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары (зайыптары) және (немесе) олармен байланысы бар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар;

      2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары (зайыптары) және (немесе) олармен байланысы бар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар;".

      14. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 3-3) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "халықаралық шарттар негізінде мемлекеттер құрған халықаралық ұйымдарда басшылық лауазымды атқаратын адам;".

      15. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 42-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы "өзге де құқық қорғау органдары" деген сөздер "қылмыстық қудалау органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 45-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет," деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет," деген сөздер алып тасталсын.

      16. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 16-2) тармақшасындағы "мен оның орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және авиация инспекторларының лауазымдарын атқаратын қызметкерлері" деген сөздер ", оның орынбасарлары, авиация инспекторлары лауазымдарын атқаратын қызметкерлері, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атқарушы органының басшысы және (немесе) мүшелері ретінде сайланған (тағайындалған) адамдар, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыру өкілеттіктері берілген басшылары, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген өзге де қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 16-13-бапта:

      тақырыптағы "бірінші басшысы" деген сөздер "қызметшілері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына:

      1) сот әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған;

      2) лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;

      3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      4) лауазымға орналасу уақытында заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      5) осы Заңның 16-6-бабы 1-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтамағаны үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жұмысқа орналасар алдындағы бір жыл ішінде жұмыстан шығарылған адам тағайындала алмайды.

      4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздерде жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген негіздер;

      2) осы Заңның 16-6-бабы 1-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес міндетті арнаулы тексерудің теріс нәтижелері;

      3) кірістері мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;

      4) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;

      6) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жұмысқа кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтерді ұсыну;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.";

      3) 2-2-тарау мынадай мазмұндағы 16-16-баппен толықтырылсын:

      "16-16-бап. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның қызметшілері

      1. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына:

      1) сот әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған;

      2) лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;

      3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      4) лауазымға орналасу уақытында заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      5) авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымға жұмысқа орналасар алдындағы бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған адам тағайындала алмайды.

      2. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның қызметшісімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген негіздер;

      2) кірістері мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;

      3) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;

      5) авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымға жұмысқа кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтерді ұсыну;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.".

      17. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 12-2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 3-баптағы ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 6-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      4) 7-баптың 2-1-тармағының екінші бөлігіндегі ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 11-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 17-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көрсетілген жағдайларда, жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және онымен байланысы бар басқа да адамдармен бірлескен қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.";

      7) 20-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне және" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 22-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;

      9) 42-бапта:

      1-тармақтағы "қызмет әрекеттері мен құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы" деген сөздер "еңбек қызметі мен құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы мәліметтерді және құқық қорғау органының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, құқық қорғау қызметіне кіруге, оны өткеруге және құқық қорғау қызметінен шығарылуына байланысты өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында қызметкердің жеке ісіне жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ бар болған кезде – қызметкер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері) енгізіледі.".

      18. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 149-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындайды, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындайды;";

      2) мынадай мазмұндағы 150-3-баппен толықтырылсын:

      "150-3-бап. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

      1. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам осы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің, атқарушы органы мен өзге де алқалы органдарының құрамына сайлана алмайды.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, байқау кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі актісінде айқындалады.

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.";

      3) 216-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған адам қызметін жүзеге асырып жүрген мемлекеттік заңды тұлға немесе осындай адамның қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүліктің құрамына келіп түскен, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне хаттамалық немесе басқа да ресми іс-шара кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз алуға құқылы.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырлсын:

      "Бұл ретте осы баптың 1-тармағында аталған адамға немесе оның отбасы мүшелеріне хаттамалық немесе басқа да ресми іс-шара кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықты осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлға оны талап етпеген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен сатып алынуы мүмкін.";

      3-тармақтағы "сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет," деген сөздер алып тасталсын;

      2) 15-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша "барлау қызметін," деген сөздерден кейін "сыбайлас жемқорлықа қарсы күресті," деген сөздермен толықтырылсын;

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;".

      20. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындау, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;";

      2) 9-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;

      3) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:

      "11-2-бап. Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

      1. Қор мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам Қордың директорлар кеңесі мен атқарушы органының құрамына сайлана алмайды.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін Қордың атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, Қордың директорлар кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде Қордың ішкі актісінде айқындалады.

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.";

      4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің әсерін талдау тәртібі

      1. Қордың директорлар кеңесі Қордың басқарма төрағасына Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының дамуына әсер етуіне талдау (бұдан әрі – талдау) жүргізу жөніндегі ревизия тобын құруға не Қордың бюджетіне салынған қаражат шегінде Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитін жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы.

      2. Қордың тобына кіретін ұйымды талдау нәтижелері Қордың директорлар кеңесіне ұсынылатын актімен ресімделеді.

      3. Қордың тобына кіретін ұйымның тиімсіз қызмет жасау жағдайлары анықталған кезде Қордың органдары осындай ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар қабылдайды.";

      5) 24-баптың 3-тармағы 7) тармақшасындағы "айқындау мәселелері қосылмайды." деген сөздер "айқындау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындау, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау мәселелері қосылмайды.".

      21. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      2) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көрсетілген жағдайларда, жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және онымен байланысы бар басқа да адамдармен бірлескен қызметті жүзеге асыруға;";

      3) 24-баптың 2-тармағында:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамына қатысты олардың дербес деректерін, осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың еңбек қызметі мен арнаулы мемлекеттік органдағы қызмет (жұмыс) өтілі туралы мәліметтерді және арнаулы мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, қызметке кіруге (жұмысқа қабылдануға), оны өткеруге және қызметтен (жұмыстан) шығарылуына байланысты өзге де мәліметтерді қамтитын жеке істер жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында осы баптың 1-тармағында аталған адамның жеке ісіне жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ бар болған кезде, осы баптың 1-тармағында аталған адам бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері) енгізіледі.

      Жеке істерді ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.";

      4) 30-баптың 8-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тағайындау осы Заңның 19-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген шектеу сақталған кезде жүргізіледі.";

      5) 65-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын.

      22. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көрсетілген жағдайларда, жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және онымен байланысы бар басқа да адамдармен бірлескен қызметті жүзеге асыруға;";

      2) мынадай мазмұндағы 22-2-баппен толықтырылсын:

      "22-2-бап. Жеке істі жүргізу

      Әскери қызметшілерге қатысты олардың дербес деректерін, еңбек қызметі туралы мәліметтерді және әскери бөлімнің (мекеменің) қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, әскери қызметке кіруге, оны өткеруге және әскери қызметтен шығарылуына байланысты өзге де мәліметтерді қамтитын жеке істер жүргізіледі.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген немесе резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген не осы Заңның 32-бабына сәйкес әскери қызметке шақырылған әскери қызметшінің жеке ісіне жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ бар болған кезде, әскери қызметші бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері) енгізіледі.

      Жеке істерді ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау тәртібін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайды.";

      3) 38-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      4) 40-2-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "мемлекеттік қызметші ретінде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын.

      23. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      9-бап мынадай мазмұндағы 9-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау жүзеге асырылған, сондай-ақ цифрлық кадр жүйесі жүргізілген;".

      24. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 12-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы "құқық қорғау органдарының" деген сөздерден кейін ", ұлттық қауіпсіздік органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 38-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік аудитор осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайларды, сондай-ақ өз міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды анықтаған кезде бұл жөнінде мемлекеттік аудитті тағайындаған басшыға дереу жазбаша түрде хабарлауға тиіс.

      3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды.".

      25. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) жеке мүдде – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның, лауазымды адамның өзі, өзінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) онымен байланысы бар басқа да адамдар үшін мүліктік және (немесе) мүліктік емес сипаттағы игіліктерді, пайданы немесе артықшылықтарды иемденудегі, алудағы немесе табудағы мүдделілігі.

      Осы Заңның мақсаттары үшін:

      осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жақын туыстары – ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері;

      осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жекжаттары – жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары мен балалары;

      осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адаммен байланысы бар басқа да адамдар мыналар:

      асырап алынған балаларының жұбайы (зайыбы);

      ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) жұбайы (зайыбы) және балалары;

      ата-аналарының ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және олардың балалары;

      онымен бірлескен шаруашылық жүргізетін адамдар;

      оның асырауындағы адамдар;

      бұрынғы жұбайы (бұрынғы зайыбы);

      акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамға және (немесе) оның жақын туыстарына, жұбайына (зайыбына), жекжаттарына тиесілі заңды тұлға;

      осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адам және (немесе) оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары басқаруға қатысатын заңды тұлға;";

      4) тармақшада:

      "бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты" деген сөздер "бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге немесе қаржыландыруға немесе іске асыруға немесе мониторингтеуге қатысатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелері;" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келеді немесе алып келуі мүмкін.

      Мүдделер қақтығысының түрлері:

      ықтимал мүдделер қақтығысы – осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жеке мүдделері оның лауазымдық өкілеттіктеріне қайшы келуі мүмкін жағдай;

      нақты мүдделер қақтығысы – осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жеке мүдделері оның лауазымдық өкілеттіктеріне қайшы келетін жағдай;

      орын алған мүдделер қақтығысы – осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жеке мүдделері оның лауазымдық өкілеттіктеріне қайшы келген, соның салдарынан шарттар немесе мәмілелер жасалған, актілер немесе басқа да шешімдер қабылданған жағдай;";

      6) тармақша "лауазымды адамдардың" деген сөздерден кейін ", шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі қызмет;

      6-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары;";

      8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарын жою жөніндегі қызметі;";

      13) тармақшадағы "сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу" деген сөздер "қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-бапта:

      8) тармақшадағы "шешуді" деген сөз "реттеуді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) тармақша "құқық бұзушылықтардың" деген сөздерден кейін "және мүдделер қақтығысының" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.";

      4) 8-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын" деген сөздер "сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоймағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіптік жауаптылықта болады.";

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бекітетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістеменің негізінде жұртшылықтың қатысуымен әзірленеді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар құқық қолдану практикасында ескеріледі және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістері ескеріле отырып жаңартылып отыруға тиіс.";

      6) 11-бапта:

      9-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақтағы "және 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларының" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Осы баптың ережелері автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдарға және мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелеріне (мемлекеттік лауазымды не мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымды атқаратын адамдарды қоспағанда) қолданылмайды.";

      7) 12-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1, 15, 15-1, 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:";

      2) тармақшадағы "жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының" деген сөздер "жұбайларының (зайыптарының), жекжаттарының және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "артықшылықтар" деген сөз "артықшылықтарды өзіне және (немесе) басқа да адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;";

      6) тармақшадағы "бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды." деген сөздер "бәс тігуге қатысу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) лауазымдық өкілеттіктерін жеке мүддесі үшін пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.";

      4-тармақ "қабылдамауы" деген сөзден кейін ", егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері осы адамның материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды алуға құқылы емес.";

      6-тармақта:

      екінші бөлікте:

      "көрсетілген қызметтерге" деген сөздер "ұсынылған жеңілдіктерге, қызметтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қызмет көрсетілген" деген сөздер "жеңілдіктер, қызметтер ұсынылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қызметтің көрсетілгені" деген сөздер "жеңілдіктің, қызметтің ұсынылғаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам мұндай сыйлықты "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Осы баптың 1, 3 және 4-тармақтарының ережелері автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдарға және мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелеріне (мемлекеттік лауазымды не мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымды атқаратын адамдарды қоспағанда) қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындаған кезде осы Заңның 15, 15-1, 15-2, 15-3 және 15-4-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, мынадай:

      1) өзі және (немесе) басқа да адамдар үшін мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

      2) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар өзінің жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;

      3) өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға міндетті.

      Мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне осы баптың 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылады.";

      8) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның" деген сөздер "авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың, жекжаттардың және (немесе) байланысы бар басқа да адамдардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу

      1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың (өз қызметін тұрақты емес немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихаттардың депутаттарын қоспағанда), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдар олардың тікелей бағынысында бола алмайды, сондай-ақ олар мұндай адамдардың тікелей бағынысында бола алмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар жетекшілік ететін және басқаратын мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық және өңірлік даму институттарының, олардың еншілес ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдар лауазымдарды атқара алмайды.

      Ескертпелер:

      1. Осы тармақтың мақсаттары үшін мемлекеттік орган деп дербес заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттік орган түсініледі.

      2. Осы тармақтың талаптары:

      1) жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдармен тікелей бағынысты болмаған кезде ауылдық елді мекендерде, шекара бөлімшелерінде, сондай-ақ жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда және өзге де жабық объектілерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін, осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға;

      2) осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың бірге жүретін отбасы мүшелерімен тікелей бағынысты болмаған кезде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, бірге жүретін отбасы мүшелерімен бірге қызмет (жұмыс) істеу жағдайына қолданылмайды.

      3. Мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің дербес құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының лауазымдарын мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысының не тиісті мемлекеттік органда, ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде лауазымға тағайындау құқығы бар өзге де лауазымды адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдар атқара алмайды.

      4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны өз еркімен жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің (жұмыскерлердің) біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.

      5. Егер осы баптың 1-тармағында аталған адам мемлекеттік органда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің), меншікті (ішкі) қауіпсіздік қызметінің, ішкі аудит қызметінің немесе мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардың қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыратын өзге де дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы лауазымын атқарса, онда оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) онымен байланысы бар басқа да адамдар:

      1) аталған адамның бақылауындағы мемлекеттік органның көрсетілген аумақтық бөлімшелеріндегі немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардағы дербес құрылымдық бөлімшелердің басшылары;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің жұмысына жетекшілік ететін мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары;

      3) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардың басшылары лауазымдарын атқара алмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны өз еркімен жоймаса, осындай бақылауда болуды болғызбайтын лауазымдарға ауысуға тиіс, ал мұндай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің (жұмыскерлердің) біреуі лауазымынан шығарылуға немесе атқаратын лауазымынан өзгедей босатылуға тиіс.

      6. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде), атқарушы органында осы Заңның 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған өзінің жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдармен лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны өз еркімен жоймаса, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде), атқарушы органында бірге қызмет (жұмыс) істеуді болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал мұндай ауысу мүмкін болмаған кезде осы жұмыскерлердің біреуі лауазымнан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.

      Ескертпелер:

      1. Осы бапта тікелей бағынысты деп, егер лауазымдық нұсқаулықта немесе бағынысты адамның лауазымдық өкілеттіктерін айқындайтын өзге де құжатта өзгеше көзделмесе, бір адамның келесі жоғары тұрған лауазымды атқаратын, бағынысты адамға нұсқаулар, тапсырмалар беру жөніндегі, олардың орындалуын бақылау және (немесе) бағынысты адамның қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген басқа адамға тікелей бағынысты болуы түсініледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың бұрынғы жұбайымен (зайыбымен) бірге қызмет (жұмыс) істеуіне осы бапта көзделген шектеулер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап бір жыл ішінде қолданылады.";

      "15-бап. Лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдалануға жол бермеу

      1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке мүддесі үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға:

      1) жеке мүдделері болған кезде шешімдерді қарауға, талқылауға, дайындауға немесе қабылдауға қатысуға не шешімдерге өзге де тәсілмен ықпал етуге;

      2) осы Заңның 15-3-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруға;

      3) мемлекеттік органда, ұйымда немесе өзі қызметте тұрған (жұмыс істейтін) не оған тікелей бағынатын немесе бақылауындағы квазимемлекеттік сектор субъектісінде үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

      4) атқаратын (бұрын атқарған) лауазымының артықшылықтарын жеке мүддесі үшін пайдалануға тыйым салынады.";

      10) мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-баптармен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу

      1. Мүдделер қақтығысын болғызбау:

      1) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдардың осы Заңның 14-бабында және 15-бабының 2-тармағында көзделген тыйым салулар мен талаптарды сақтауынан;

      2) жеке мүдделерін декларациялаудан;

      3) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдарға мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу мәселелерін регламенттейтін құқықтық актілердің ережелерін түсіндіруден;

      4) ықтимал мүдделер қақтығысын анықтаудан және реттеуден;

      5) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдардың қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) мәлімдеуінен көрінеді.

      2. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру, мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы қорытындылар шығару, сондай-ақ осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдардың мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету – этика жөніндегі уәкілге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке, ал олар болмаған жағдайда персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) немесе мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы айқындайтын адамға жүктеледі.

      3. Мүдделер қақтығысын анықтау:

      1) жеке мүдделер туралы декларацияларды талдау;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;

      3) мүдделер қақтығысы туралы жолданымдарды, хабарларды, хабарламаларды немесе өзге ақпаратты қарау;

      4) тексеру, ревизия немесе аудит жүргізу;

      5) цифрлық кадр жүйесін (ол болған кезде) мониторингтеу арқылы жүзеге асырылады.

      Мүдделер қақтығысы қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот ісін жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу нәтижелері бойынша анықталуы мүмкін.

      Жүргізілген тексеру, ревизия, аудит, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот ісін жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу нәтижелері бойынша мүдделер қақтығысы жағдайында шарттар немесе мәмілелер жасасу, актілер немесе басқа да шешімдер қабылдау фактілері анықталған жағдайда, тиісті уәкілетті орган немесе ұйым осы Заңда көзделген шараларды қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға растаушы материалдарды жібереді.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін мән-жайлар болған кезде осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы жазбаша мәлімдеуге міндетті.

      Мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы орган мүшесі жеке мүдделері, сондай-ақ алқалы органның тиісті мәселені қарауы кезінде объективтілікке, тәуелсіздікке немесе бейтараптыққа әсер ететін өзге де мән-жайлар болған жағдайда алқалы органға өздігінен бас тартуын мәлімдеуге міндетті.

      Автомобиль жолдарында техникалық қадағалауды жүзеге асыратын адам, егер осы адам және (немесе) оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) онымен байланысы бар басқа да адамдар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға және (немесе) техникалық қадағалау жүргізілетін автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тікелей немесе жанама түрде қатысқан болса, тапсырыс берушіге өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті.

      Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде аталған адамдардың өздігінен бас тартуы уәжді болуға және мәселені қарау басталғанға дейін (техникалық қадағалау жүзеге асырылғанға дейін) жазбаша түрде мәлімделуге тиіс. Егер өздігінен бас тартудың негізі өздігінен бас тартуды мәлімдейтін адамға мәселені қарау барысында (техникалық қадағалауды жүзеге асыру барысында) белгілі болса, өздігінен бас тарту туралы мәлімдеме мәселені қарау барысында (техникалық қадағалауды жүзеге асыру барысында) берілуі мүмкін.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше тәртіп белгіленбесе, ықтимал немесе нақты мүдделер қақтығысын реттеу осы Заңның 15-2 және 15-3-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      6. Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген орын алған мүдделер қақтығысы жағдайында осы Заңның 26-бабының 3-тармағында көзделген шаралар қабылданады.

      15-2-бап. Ықтимал мүдделер қақтығысын реттеу

      1. Осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдар ықтимал мүдделер қақтығысын жою бойынша шараларды өз бетінше қабылдайды.

      2. Ықтимал мүдделер қақтығысының болуын немесе болмауын анықтауда қиындықтар туындаған жағдайда, осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдар осы Заңның 15-1-бабының 2-тармағында аталған адамдарға немесе қызметтерге жазбаша сұрау салу жіберуге құқылы.

      3. Осы Заңның 15-1-бабының 2-тармағында аталған адамдар мен қызметтер дереу, бірақ ықтимал мүдделер қақтығысы туралы сұрау салу немесе өзге де ақпарат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ықтимал мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы қорытынды шығарады.

      Ықтимал мүдделер қақтығысы болған жағдайда оны реттеу жөніндегі ұсынымдары бар қорытынды ықтимал мүдделер қақтығысы туындаған адам, оның тікелей басшысы және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалар бір мезгілде хабардар етіле отырып, осы баптың 4-тармағында көзделген шараларды қабылдау жөніндегі өкілеттігі бар адамға ұсынылады.

      Ықтимал мүдделер қақтығысы болмаған жағдайда, қорытынды сұрау салуды жіберген тұлғаға немесе өзге де мүдделі тұлғаларға ұсынылады.

      4. Шешім қабылдауға құқығы бар адам ықтимал мүдделер қақтығысының болуы туралы қорытындыны алған күннен бастап дереу, бірақ он жұмыс күнінен кешіктірмей, өз құзыреті шегінде оны реттеу жөніндегі мынадай шаралардың қандай да бірін қабылдауға:

      1) мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін мәселе бойынша жұмыскердің (қызметшінің) лауазымдық өкілеттіктерін орындауды басқа жұмыскерге (қызметшіге) тапсыруға;

      2) мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін жұмыскердің (қызметшінің) лауазымдық өкілеттіктерін өзгертуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі актілерінде көзделген өзге де шараларды қабылдауға міндетті.

      5. Мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін мәселе бойынша объективті шешім қабылдау үшін өкілеттіктерді өз орынбасарына немесе өзге де уәкілетті адамға уақтылы беруге міндетті.

      15-3-бап. Нақты мүдделер қақтығысын реттеу

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында мүдделер қақтығысы туралы хабардар етудің өзгеше тәртібі белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдар өздерінде мүдделер қақтығысының туындағаны туралы өздеріне белгілі болған кезден бастап дереу, бірақ екі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы өзінің тікелей басшысын (ол болған кезде) бір мезгілде хабардар ете отырып, осы Заңның 15-1-бабының 2-тармағында аталған адамдарды немесе қызметтерді жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

      2. Осы Заңның 15-1-бабының 2-тармағында аталған адамдар мен қызметтер мүдделер қақтығысының туындағаны туралы хабарламаны немесе өзге де ақпаратты қарау қорытындылары бойынша дереу, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, нақты мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы қорытынды шығарады.

      Нақты мүдделер қақтығысы болған жағдайда оны реттеу жөніндегі ұсынымдары бар қорытынды нақты мүдделер қақтығысы туындаған адам, оның тікелей басшысы немесе өзге де мүдделі тұлғалар бір мезгілде хабардар етіле отырып, осы баптың 3-тармағында көзделген шараларды қабылдау жөніндегі өкілеттігі бар адамға ұсынылады.

      Нақты мүдделер қақтығысы болмаған жағдайда, қорытынды мүдделер қақтығысының туындағаны туралы хабарлама жіберген адамға, оның тікелей басшысына немесе өзге де мүдделі тұлғаларға ұсынылады.

      3. Шешім қабылдауға құқығы бар адам нақты мүдделер қақтығысының болуы туралы қорытындыны алған күннен бастап дереу, бірақ он жұмыс күнінен кешіктірмей, өз құзыреті шегінде оны реттеу жөніндегі мынадай шаралардың қандай да бірін қабылдауға:

      1) мүдделер қақтығысы туындаған мәселе бойынша жұмыскердің (қызметшінің) лауазымдық өкілеттіктерін орындауды басқа жұмыскерге (қызметшіге) тапсыруға;

      2) мүдделер қақтығысы туындаған жұмыскердің (қызметшінің) лауазымдық өкілеттіктерін өзгертуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі актілерінде көзделген өзге де шараларды қабылдауға міндетті.

      4. Мүдделер қақтығысы туындаған адам бұл жөнінде өзіне белгілі болған кезде мүдделер қақтығысына байланысты мәселе бойынша лауазымдық өкілеттіктерін орындауды осы баптың 3-тармағында көзделген шараларды қабылдауға өкілеттігі бар адамнан нұсқаулар алғанға дейін, бірақ он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге уақытша тоқтата тұруға міндетті.

      Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін одан арғы әрекет туралы нұсқаулар алмаған адам тиісті мәселе бойынша өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындауды жалғастырады.

      5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімде нақты мүдделер қақтығысын реттеу мүмкін болмаған жағдайда, нақты мүдделер қақтығысы туындаған адам тиісті қорытындыны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей, мүдделер қақтығысын болғызбайтын тең дәрежелі лауазымға тағайындалады, ал мұндай тағайындау мүмкін болмаған кезде бұл адамға белгіленген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда сол мемлекеттік органда, ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде өзге лауазым ұсынылуы мүмкін.

      Ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда, нақты мүдделер қақтығысы туындаған адам жұмыстан шығарылуға немесе атқаратын лауазымынан өзгедей босатылуға тиіс, сол сияқты оның өкілеттігі осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде тоқтатылады.

      6. Мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы мүдделер қақтығысы туындаған мәселе бойынша объективті шешім қабылдау үшін өкілеттіктерді өз орынбасарына немесе өзге де уәкілетті тұлғаға уақтылы беруге міндетті.

      15-4-бап. Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны немесе уақтылы қабылдамағаны үшін жауаптылық

      1. Осы Заңның 15, 15-1, 15-2 және 15-3-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамау немесе уақтылы қабылдамау, соның ішінде жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келмеген мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдардың, сондай-ақ осы Заңның 15-1-бабының 2-тармағында аталған адамдардың (қызметтер жұмыскерлерінің) тәртіптік жауаптылығына алып келеді.

      2. Осы баптың 3-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдар, сондай-ақ осы Заңның 15-1-бабының 2-тармағында аталған адамдар (қызметтер жұмыскерлері) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген, соның салдарынан шарттар немесе мәмілелер жасалған, актілер немесе басқа да шешімдер қабылданған өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны немесе уақтылы қабылдамағаны, оның ішінде мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асырғаны үшін, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік жауаптылықта болады.

      3. Осы Заңның 15-1-бабының 2-тармағында аталған, мемлекеттік лауазымды не мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымды атқармайтын адамдар (қызметтер жұмыскерлері) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген, соның салдарынан шарттар немесе мәмілелер жасалған, актілер немесе басқа да шешімдер қабылданған өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны немесе уақтылы қабылдамағаны үшін жұмыстан шығарылуға немесе атқаратын лауазымынан өзгедей босатылуға тиіс.

      Ескертпе. Осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысы туралы хабардар еткен немесе осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдеген жағдайда, осы бапта көзделген жауаптылыққа тартылмайды.

      15-5-бап. Жеке мүдделерді декларациялау

      1. Осы Заңның 12-бабы 7-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдар мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға орналасқан немесе қызмет (жұмыс) бабымен ауыстырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және нысан бойынша жеке мүдделер туралы декларацияны толтыруға міндетті.

      2. Жеке мүдделер туралы декларация жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жазбаша түрде беріледі.

      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жеке мүдделер туралы декларациядан алынған мәліметтерді цифрлық кадр жүйесіне (ол болған кезде) енгізеді.

      3. Жеке мүдделер туралы декларацияда толық емес, анық емес мәліметтер көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар декларация берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеке мүдделер туралы қосымша декларация беруге құқылы.

      4. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері қатарынан жеке мүдделер туралы декларацияларды жинауға жауапты адамдар тағайындалады.

      5. Жеке мүдделер туралы декларация осы баптың 1-тармағында аталған адамның жеке ісіне қоса тіркеледі.

      6. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар қосымша декларацияны беру мерзімі ескеріле отырып, жеке мүдделер туралы декларацияны ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуға тиіс.";

      11) 16-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "қақтығыстарын болғызбау" деген сөздер "қақтығысын болғызбау және реттеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі актісінде айқындалады.";

      үшінші бөліктегі "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережеде көзделген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.";

      12) 17-бапта:

      2-тармақтағы "іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын" деген сөздер "саясат жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер "саясат жөніндегі уәкілетті орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 18 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне мыналар жатады:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган мен оның ведомствосы;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері – мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар.

      19-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өкілеттіктерге ие болады.";

      14) 20-бапта:

      тақырыптағы және бірінші абзацтағы "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді және бекітуді;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесуді, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды;

      2-2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында үйлестіруді;";

      4) тармақшадағы "жыл сайын" деген сөздер алып тасталсын;

      4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіруді, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақшадағы "іс-қимыл жөніндегі" деген сөздер "саясат жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу және бекіту;

      2) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

      3) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның негізгі қызмет бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу, шет мемлекеттердің тиісті органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін осы уәкілетті органның құзыреті шегінде жүзеге асырады.";

      16) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде:

      1) мыналарға:

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратуға;

      құжаттарды немесе өзге мүлікті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес алып қоюға құқылы;

      2) мыналарға:

      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      17) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде:

      1) мыналарға:

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан ақпарат пен материалдарды, оның ішінде цифрлық ресурстардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратуға;

      іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақыртуға келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуге;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге мүлікті алып қоюға немесе тінту мен алуды жүргізуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;

      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға немесе оларда басқару функцияларын орындайтын адамдарға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынуларды Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап етуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерді құруға және пайдалануға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыруға;

      ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге;

      сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасына талдау жүргізуге құқылы;

      2) мыналарға:

      сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтауға, олардың жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге;

      сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіруге, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      18) 22-бапта:

      1-1-тармақтағы "бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу" деген сөздер "бағынысты адамдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті" деген сөздер "өз құзыреті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" деген сөздер алып тасталсын;

      19) 23-баптың 4) тармақшасындағы "іс-қимылдық", "іс-қимыл" деген сөздер тиісінше "іс-қимылдың", "саясат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 24-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам, лауазымды адам бұл туралы жоғары тұрған басшыны және (немесе) өзі жұмыскері болып саналатын мемлекеттік органның, ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығын және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде дереу хабардар етуге тиіс.

      Өзге жеке тұлғалар дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар мен органдарға хабарлауға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамның жоғары тұрған басшысы, мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша шаралар қабылдауға міндетті.";

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "іс-қимыл" деген сөз "күрес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 24-2-бапта:

      1-тармақтың бірінші және үшінші бөліктеріндегі "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, егер мемлекеттік органның немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген басқа ұйым мен уәкілетті мемлекеттік органның арасында осы Заңның 24-3-бабының 3-тармағында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалса, онда келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысына қатысуға шақыру және осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша материалдар тиісті уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша келісімі алынғаннан кейін осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелерді осы бапта белгіленген тәртіппен қарау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.";

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 24-3-бапта:

      4-тармақтағы "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "іс-қимыл" деген сөз "күрес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      23) 24-4-бапта:

      1-тармақта:

      3) тармақшадағы ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктеріндегі "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24) 4-тараудың тақырыбы "құқық бұзушылықтардың" деген сөздерден кейін "және мүдделер қақтығысының" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 25-бапта:

      тақырыптағы "көрсетілген қызметтердің" деген сөздер "ұсынылған жеңілдіктердің, көрсетілетін қызметтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      "немесе заңсыз алынған" деген сөздерден кейін "жеңілдіктердің," деген сөзбен толықтырылсын;

      "Көрсетілген органдар" деген сөздер "Аталған органдар мен лауазымды адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ "(немесе) заңсыз алынған" деген сөздерден кейін "жеңілдіктердің," деген сөзбен толықтырылсын;

      3-тармақтағы "заңсыз көрсетілген қызметтің" деген сөздер "заңсыз ұсынылған жеңілдіктердің, көрсетілген қызметтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 26-бапта:

      тақырыптағы "бұзушылықтар нәтижесінде" деген сөздер "бұзушылықтардың немесе орын алған мүдделер қақтығысының салдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен, жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген мүдделер қақтығысы жағдайында қабылданған немесе жасалған актілердің, шарттардың, мәмілелердің немесе басқа да шешімдердің күші жойылуы немесе олар жарамсыз деп танылуы мүмкін.";

      27) 27-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын.

      26. "Қарсы барлау қызметі туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-баптың бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацындағы "заңсыз айналымымен байланысты акциялардың алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу" деген сөздер "заңсыз айналымымен" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "сыбайлас жемқорлықпен байланысты акциялардың алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу;".

      27. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-бап:

      4-тармақтың 2) тармақшасы "құқық қорғау органдарының" деген сөздерден кейін ", ұлттық қауіпсіздік органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ "құқық қорғау органдарына" деген сөздерден кейін ", ұлттық қауіпсіздік органдарына" деген сөздермен толықтырылсын.

      28. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы, 4) тармақшасының үшінші абзацы, 5) және 6) тармақшалары, 8) тармақшасының үшінші абзацындағы "қылмыс жасаған;" деген сөздер "қылмыс жасаған адам қабылдана алмайды." деген сөздермен ауыстырылып, төртінші абзацы, 7-тармағы, 8-тармағының 2) тармақшасы, 10-тармағының 4) тармақшасы, 11-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 4) тармақшасының үшінші, төртінші және жетінші абзацтары алып тасталсын;

      2) 2-баптың 1) тармақшасындағы "алтыншы абзацтарын;" деген сөздер "алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын.

      29. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      34-баптың 1-тармағы "құқық қорғау органдарына" деген сөздерден кейін ", ұлттық қауіпсіздік органдарына" деген сөздермен толықтырылсын.

      30. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      23-бапта:

      3-тармақтың 2) тармақшасы "құқық қорғау органдарының" деген сөздерден кейін ", ұлттық қауіпсіздік органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ "құқық қорғау органдарына" деген сөздерден кейін ", ұлттық қауіпсіздік органдарына" деген сөздермен толықтырылсын.

      31. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      22-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мүдделер қақтығысы болған кезде ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде өздігінен бас тарту туралы мәлімдеуге міндетті.".

      32. "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 69) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары алып тасталсын;

      2) 2-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын.

      33. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының сегізінші абзацы, 5-тармағы 5) тармақшасының он бірінші абзацы, 7-тармағы 2) тармақшасының он жетінші абзацы және 6) тармақшасының он жетінші абзацы алып тасталсын;

      2) 2-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы "төртінші абзацтарын;" деген сөздер "төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі." деген сөздермен ауыстырылып, үшінші абзацы және 2-тармағы алып тасталсын.

      34. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 13-тармағы 19) тармақшасының отыз үшінші абзацы алып тасталсын;

      2) 2-баптың екінші абзацындағы "12-тармақтарын;" деген сөздер "12-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі." деген сөздермен ауыстырылып, үшінші абзацы алып тасталсын.

      35. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      14-бапта:

      тақырыптағы және бірінші абзацтағы "іс-қимыл" деген сөз "саясат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырады және іске асырады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіреді;";

      6) тармақшадағы "іс-қимыл жөніндегі" деген сөздер "саясат жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын, 2-тармағын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 5 және 7-тармақтарын, 8-тармағының 1) тармақшасын, 9, 10 және 15-тармақтарын, 17-тармағының 1), 2), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларын, 19-тармағын, 24-тармағының 1) тармақшасын, 25-тармағы 1) тармақшасының жиырма алтыншы – отыз үшінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші және сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының алтыншы абзацын, 12)17) тармақшаларын, 18) тармақшасының үшінші – бесінші абзацтарын, 19) тармақшасын, 20) тармақшасының алтыншы абзацын, 21)23) тармақшаларын, 27, 29, 30 және 35-тармақтарын;

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының он төртінші абзацын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 4-тармағы 3) тармақшасының бесінші – тоғызыншы абзацтарын, 13-тармағы 3) тармақшасының бесінші – тоғызыншы абзацтарын, 17-тармағының 6) тармақшасын, 9) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 21-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының бесінші абзацын және 4) тармақшасын, 22-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының төртінші абзацын, 23-тармағын, 24-тармағының 2) тармақшасын, 25-тармағы 1) тармақшасының екінші – он бесінші, он тоғызыншы – жиырма төртінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 7) тармақшасының үшінші – алтыншы, тоғызыншы – он бірінші, жиырма үшінші – жиырма алтыншы абзацтарын, 9) және 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының екінші абзацын, 24) және 26) тармақшаларын және 31-тармағын;

      3) алғаш ресми жарияланған күнінен кейін үш жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 2) тармақшасын, 17-тармағының 3) тармақшасын, 21-тармағының 1) тармақшасын, 22-тармағының 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін:

      1) 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы оныншы абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2-1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, жұмысқа орналасқанға дейінгі үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адамды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымға;";

      2) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2) жұмыскер активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды атқаратын жұмыскер сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуға тиіс.";

      3) 1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "4) 53-баптың 12-тармағы 2) тармақшасындағы "қаулысы негізінде жүргізіледі." деген сөздер "қаулысы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) жұмыскер активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген қаулысы негізінде жүргізіледі.";";

      4) 1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;";

      5) 1-баптың 13-тармағының 1) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;";

      6) 1-баптың 16-тармағының 2) тармақшасы алтыншы абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;";

      7) 1-баптың 16-тармағының 3) тармақшасы бесінші абзацының қолданысы үш жылға тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;".

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ